Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Алматы облысының ішкі саясат басқармасы
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 18.11.2024 | |
Просмотры: 14 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Алматы облысының ішкі саясат басқармасының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті
Арна ауылы 2024 жыл
Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М. Мұсаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлік.
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Алматы облысының ішкі саясат басқармасының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Алматы облысының ішкі саясат басқармасының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:
1. «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі, оның бағынысты мекемелері;
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2023 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау
«Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі – облыс аумағында ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша мемлекеттік мекемеде жоспарланып, жұмсалған қаражаттың, жүргізілген шығыстардың Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының талаптарынан ауытқуы және мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшелігіне және көрсеткіштер санатына қарай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес ең жоғары жол берілетін мөлшері айқындалатын, қабылданатын шешімдерге ықпал ететін өзге де қателердің көлемі аудиторлық бақылау кезінде қарастырылып, жалпы мекемеде нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қанағаттанарлық қызмет атқарған деген пікір қалыптасты.
Аудит бағдарламасында көрсетілген сұрақтар бойынша аудитпен қамтылған бюджет қаражаттарының жұмсалу анықтығы мен дұрыстығына ішінара аудит жүргізілді. Аудит бағдарламасының басқада мәселелері бойынша жоспарланып, жұмсалған қаражаттардың, жүргізілген шығыстардың белгіленген күтілетін кезеңге, қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес игерілгені анықталды. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде мекемеге бөлінген бюджет қаражаты мен теңгеріміндегі мүлік жалпы алғанда қанағаттанарлық дәрежеде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес игерілген және пайдаланылған деп бағалауға болады.
Жалпы алғанда, «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі бюджетінің атқарылуын бағалау нәтижелері бюджеттің атқарылуы негізінен Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына және мемлекеттік және бюджеттік бағдарламаларда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражатының нысаналы сипатына сәйкес келетінін көрсетті.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:
Алматы облысының ішкі саясат басқармасының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитімен 1 мемлекеттік мекеме және үстеме тексерумен 2 коммуналдық мемлекеттік мекеме, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша 5112998,0 мың теңге қамтылды және жүргізілген аудитпен жалпы сомасы 232911,2 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- 21143,2 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталып, қалпына келтірілуге жататын 20508,4 мың теңге аудит барысында толық қалпына келтірілді және 634,8 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары өтелуге жатады, аудит барысында ол бұзушылықтар толық бюджетке өтелді.
Сонымен қатар аудитпен 211768,0 мың теңгенің қаражаты тиімсіз пайдаланғандығы анықталды.
1. «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша бухгалтерлік есеп бойынша кемшіліктер сомасы 328,4 мың теңгеге, іс сапар шығыны бойынша артық есептелініп, төленген қаражат сомасы 165,5 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты сомасы 48196,8 мың теңгеге анықталды.
2. «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдау және болжау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша іс сапар шығындарының есептелініп, төленуінің дұрыстығын бақылағанда сомасы барлығы 110,4 мың теңгеге артық төленген.
3. «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық келісім және даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша сый ақының дұрыс есептелініп, төленуін бақылағанда сомасы 358,9 мың теңге сый ақы негізсіз төленген.
4. «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша барлығы 183751,2 мың теңгеге кемшіліктер анықталды. Оның ішінде қаржылық кемшілік 20180,0 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған мемлекеттік тапсырыс қаражаты 163571,2 мың теңге.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): _______________________________________________________
(болған жағдайда)
III. Қорытынды бөлім
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар бойынша аудит объектілерімен 20508,4 мың теңге тиісті бухгалтерлік жазбалармен қалпына келтіріліп, түзетілді және 634,8 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өтелді.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қорытындылар
1. Жоғарыда көрсетілгендей, Алматы облысының ішкі саясат басқармасының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитімен жалпы сомасы 5112998,0 мың теңге қамтылды.
Жүргізілген аудитпен жалпы сомасы 232911,2 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- 21143,2 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталып, қалпына келтірілуге жататын 20508,4 мың теңге аудит барысында толық қалпына келтірілді және 634,8 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары өтелуге жатады, аудит барысында ол бұзушылықтар толық бюджетке өтелді.
Сонымен қатар аудитпен 211768,0 мың теңгенің қаражаты тиімсіз пайдаланғандығы анықталды.
2. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы заңы, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іс-сапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы талаптарын сақтамау салдарынан орын алған.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар
Алматы облысының ішкі саясат басқармасының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Алматы облысының ішкі саясат басқармасының және оның ведомствовалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
3.4. Қосымша: анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (6 парақта).
Тексеру комиссиясының мүшесі Қ.Есенаманов
Аудит тобының жетекшісі,
№2 мемлекеттік аудит бөлімінің
басшысы-мемлекеттік аудитор А. Сәді
Талдау, жоспарлау және сапаны
бақылау бөлімінің
- С.Елубаева
Әкімшілік-құқықтық бөлімінің
бөлімінің басшысы А.Құлмұхамбетова