Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Итоги государственного аудита
Алматы облысының жұмыспен қамту
Категория: Итоги государственного аудита | |
Дата: 22.11.2024 | |
Просмотры: 15 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және оның ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті
Арна ауылы 2024 жыл
Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М.Мұсаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлім
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және оның ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және оның ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:
1. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ;
2. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің «Еңбек ресурстарын талдау орталығы» КММ;
3. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ;
4. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ;
5. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің «Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ;
6. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2022-2023 жыл.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
Алматы облысы бюджетінің 2023 жылы атқарылуы туралы есебіне сәйкес, Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарын ұсынуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 1 875 000,0 мың теңге ағымдағы шығыстарға жұмсалды.
«Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы аясында 2023 жылға жергілікті бюджеттен 12 784 100,0 мың теңге бөлінді. 35 жасқа дейінгі жастарды микрокредиттеу шеңберінде (2,5% - бен 5 млн.теңгеге дейін) 2023 жылға жас кәсіпкерлерді қолдауға 11 875 000,0 мың теңге сомасына 387 жастарға микрокредит берілді.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және оның ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен 7 317 307,0 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 740 373,8 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:
- Қаржылық бұзушылықтар 36 189,5 мың теңге, оның ішінде: бюджет есебіне өтелуге жататыны – 1491,6 мың теңге (негізсіз төленген енңбек ақы, сый ақылар, негізсіз өтелген іс-сапар шығындары, негізсіз есептен шығарылған жанар-жағар май соммалары, мемлекеттік сатып алулар бойынша Орындаушылар есебінен ұсталынбаған тұрақсыздық айып соммалары) және бухгалтерлік есептілікте қалпына келтірілуі тиіс бұзушылықтар сомасы – 34 697,9 мың теңге;
- 704 184,3 мың теңге – Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жағдайларда тиімсіз жоспарланған және пайдаланылған бюджет қаражаттары.
Сонымен қатар 8 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған, оның ішінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының талаптарына қайшы тауарды қабылдау-тапсыру актісін веб-порталда орналастырмау, міндеттемелерін тиісті түрде орындамағаны үшін Орындаушыларды жосықсыз деп тану туралы сотқа жүгінбеу, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидалары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 01 тамыздағы №468 бұйрығына қайшы, қаржылық есептілікте қызметкерлердің пайдаланылмаған демалыстары бойынша резервті көрсетпеу, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің және ҚР Қаржы министрінің 24.11.2014 жылғы №511 бұйрығының талаптары сақталмай, бюджеттік өтінімде шығыстардың түрлерi бойынша есептеулер мен қосымша құжаттардың жасалмауы, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің талаптарын сақтамай еңбек шарттардың жасалмауы, сондай-ақ оларға тиісті өзгерістердің уақытылы енгізілмеуі фактілері.
Көрсетілген заңбұзушылықтар түрлеріне қарай келесі аудит объектілерінде анықталған:
1. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша:
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік принципі сақталмай, барлығы 672 334,0 мың теңге көлеміндегі шығындар тиімсіз жоспарланған;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз № 1127 қаулысымен бектіліген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу туралы» қағидаларының 4-тармағы 1) тармақшасына қайшы, қолданған тәртіптік жазалары алынбай, қызметкерлерге 362,6 мың теңге көлемінде негізсіз сыйақы төленген;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының талаптарына қайшы, барлығы 737,4 мың теңге көлеміндегі дебиторлық қарыздарды бухгалтерлік есепке алмау арқылы қаржылық есептілікті бұрмалау фактілері орын алған.
2. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Еңбек ресурстарын талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
- «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысының 1-тарауы, 2-тармағы талаптары сақталмай, барлығы 52,2 мың теңгеге пәтер ақы, тәулік ақы шығындары және жол жүру шығындары артық төленген;
- Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты сақталмай, Мекеменің қаржыландыру жоспарында қаралған бұл бағдарлама қаражатының 3255,7 мың теңгесі игерілмей қалып, өзінің тікелей және түпкілікті нәтижесіне жетпеген, немесе тиімсіз пайдаланылған.
3. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
- «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығының 2-тармағы 6-тармақшасының талаптары сақталмай, қызметкерлерге 17,0 мың теңге мөлшерінде демалыс ақысы негізсіз төленген;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз № 1127 қаулысымен бектіліген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу туралы» қағидаларының талаптарына қайшы, Мекеме қызметкерлеріне 42,0 мың теңге көлемінде сыйақы негізсіз төленген;
- «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету есік орталығы» КММ басшысының 05.01.2022 жылғы «Жанар-жағармай материалдары шығысының нормасын және қызметтік жеңіл және арнайы автомобильдерге тиесілілік нормативін бекіту туралы» №16-Н бұйрығының 1-тармағына қайшы, Мекемемен 2022 жылы нормадан тыс жалпы сомасы 24 848 теңгені құрайтын 113 литр мөлшерінде АИ-92 бензин есептен шығарылған .
4. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережесі»-нің 2 тармағының талаптары толық сақталмай, 38,0 мың теңге іс-сапар шығындары негізсіз өтелген;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары»-ның талаптары сақталмай, 365,0 мың теңгеге орнатылған стендтер қаржы ұзақ мерзімді активтерді 2370 шотына есепке көрсетілмеген және 8500,0 мың теңгенің сахнасы алғашқы тануда дұрыс шотта көрсетілмеген.
5. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
- Мекеме Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 67 бап 6-тармағының және ҚР Қаржы министрінің 24.11.2014 жылғы №511 бұйрығының 8 тармағының талаптарын сақтамай, 2021 жылға жасалған бюджеттік өтінімде бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептеулер мен қосымша құжаттар жасалмаған;
- Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 3-бабы 14-2) тармақшасының, 4-бабы 12 тармақшасы басшылыққа алынбай, 2021 жылы 12 765,6 мың теңге, 2022 жылы 15 829,0 мың теңге тиімсіз жоспарланып, тиімсіз пайдаланылған. Яғни, жалпы сомасы 28 594,6 мың теңге мекеменің басқа да шығындарына жұмсалған;
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің 107 бап 3-тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 қаулысының 6-тармағының, Қызметкерлер мен жұмыскерлерге сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесі туралы жұмыс берушінің актісінің 2-тарау 7-тармақ 1-тармақшасының талаптары сақталмай, 2022 жылы мекеменің шаруа бикесі Т.Юнганың тәртіптік жазасы алынбай, жалпы сомасы 46,9 мың теңге сыйақы негізсіз төленген.
- Мекеме Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларынның 181 тармағын басшылыққа алмай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 01 тамыздағы №468 бұйрығының 31 тармағының талаптарын сақтамай, 2021 жылдың қаржылық есептілігінің 1-нысаны бойынша 218 жолында қызметкерлердің пайдаланылмаған демалыстары бойынша резервті көрсетпеген.
6. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шарапат «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының талаптарына қайшы тауарды қабылдау-тапсыру актісін веб-порталда орналастырмау, міндеттемелерін тиісті түрде орындамағаны үшін Орындаушылардан 172,2 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айппұлы үсталынбаған және оларды жосықсыз деп тану туралы сотқа жүгінбеген;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысының 6 және 18-қосымшаларының 2-тармағының 4) тармақшасының талаптарына қайшы, Мекеме басшысына ерекше еңбек жағдайлары үшін 735,8 мың теңге көлемінде қосымша ақылар негізсіз артық есептеліп төленген;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының талаптарына қайшы, барлығы 25 095,5 мың теңге көлеміндегі дебиторлық қарыздарды және бейнебақылауды жөндеу және орнату шығындарын бухгалтерлік есепке алмау арқылы қаржылық есептілікті бұрмалау фактілері орын алған;
- Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің талаптарын сақтамай еңбек шарттардың жасалмауы, сондай-ақ оларға тиісті өзгерістердің уақытылы енгізілмеуі фактілері орын алған.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): Бағалау жүргізілмеді.
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Жоғарыда көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін жалпы сомасы 583,6 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өтелді, сонымен қатар бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілуге тиіс 34 697,9 мың теңге толығымен есептіліктерге қалпына келтірілді.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, қаржыландыру және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы М.Н.Баимбетова 2024 жыл 09 қазандағы №124к бұйрығымен «Ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің «Еңбек ресурстарын талдау орталығы» КММ-сі бойынша кадр жөніндегі инспекторы Л.Б.Себекова 2024 жылдың 11 қазанындағы № 22 н/қ бұйрығымен «Ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2024 жылдың 02 қазанындағы №130-ж бұйрық негізінде мекеменің қадр бөлімінің маманы Г.Калдыкабакова «Ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2024 жылдың 24 қазанындағы № 247-ө бұйрығымен бас есепші Р.Утегенов «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды;
- «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің «Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» және «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-лері бойынша аудит барысында анықталған заңбұзушылықтарға жауапты тұлғалардың қазіргі уақытта атқарып отырған қызметінен босатылуына байланысты тәртіптік жауапкершілікке тарту мүмкіндігі болмаған.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабына сәйкес 4 материал және 207 бабының 10 тармағына сәйкес 2 материал әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін жолданып, қазіргі уақытта 5 материал қаралуда.
Бүгінгі күнге Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлерімен 1 материал қаралған. Заңбұзушылыққа жауапты лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 184,6 мың теңге көлемінде салынған айыппұл сомасы төленген.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 7 317 307,0 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 740 373,8 мың теңге көлемінде заңбұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:
- Қаржылық бұзушылықтар 36 189,5 мың теңге, оның ішінде: бюджет есебіне өтелуге жататыны – 1491,6 мың теңге және бухгалтерлік есептілікте қалпына келтірілуі тиіс бұзушылықтар сомасы – 34 697,9 мың теңге;
- 704 184,3 мың теңге – Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жағдайларда тиімсіз жоспарланған және пайдаланылған бюджет қаражаттары.
Сонымен қатар 7 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған
2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі» кодексінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының талаптарының сақталмауынан орын алған.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және оның ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Жүргізілген аудит нәтижелерінің Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.
2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрмалануына жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында тиісті бюджет есебіне өтелген 583,6 мың теңге, есептілік бойынша қалпына келтірілген 34 697,9 мың теңге назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуін.
3. Аудит барысында анықталған заңбұзушылықтарды толық жою мақсатында «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не 908,0 мың теңгенің бюджет есебіне өтелуін қамтамсыз ету туралы Нұсқама жолдансын.
3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.
Тексеру комиссиясының мүшесі Қ.Есенаманов
Аудит жүргізуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Сәді
Сапа бақылауына жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева
Құқықтық сүйемелдеуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Құлмұхамбетова
Аудит тобының жетекшісі А.Сәді