Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Салықтық әкімшілендірудің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 13.12.2024
Просмотры: 18 Печать страницы

 

 
 

 

 

 

 

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Салықтық әкімшілендірудің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит бойынша

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арна ауылы 2024 ЖЫЛ

 

 

 

Алматы облысы

бойынша тексеру комиссиясы төрағасы

М. Мұсаевқа

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Кіріспе бөлік
    1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Салықтық әкімшілендірудің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу.
    2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің  тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу.

1.3.Мемлекеттік аудиттің объектілері:

  1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
  2. «Алматы облысы білімі басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  3. «Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Іле су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
    1. .Мемлекеттік аудитпен  қамтылған         кезең: 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсаны аралығы.

II.Негізгі (талдамалық) бөлік

  1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Салық органдарының алдына қойылған міндеттерді іске асыру мемлекет пен салық төлеушілер мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізуге, Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жағдайлар жасауға арналған Қазақстан Республикасының салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған бірыңғай салық саясатын жүргізу кезінде ғана мүмкін болады, бұл ретте салық төлеушілердің өз міндеттерін ерікті және саналы түрде орындауы негізінде салықтарды барынша жинауды қамтамасыз етеді.

Қазіргі салық жүйесі қарқынды дамып келеді. Сонымен бірге салық механизмі жетілдірілуде. Экономиканың нақты секторының экономикалық өсуін ынталандыру салық салу тәртібін жеңілдету, сондай-ақ салық жүктемесін азайту арқылы жүзеге асырылады. Соңғы жылдары қазіргі уақытта белсенді қолданылатын ақпараттық технологияларды дамытуға айтарлықтай қадамдар жасалды. Салық төлеушілердің 95% - дан астамы электронды есеп беру нысандарын пайдаланады. Салық қызметтерін көрсету стандарттарын енгізуді қоса алғанда, салық органдарының жұмысын басқарудың ашықтығын жақсартуға және тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар қабылданды.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті реттеуші орган болып табылады.

Салық органдарының міндеттері мен өкілеттіктері 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Салық кодексінде және басқа да нормативтік-құқықтық актілерде айқындалған.

Басқарма өз қызметінде Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, 2022 жылғы 12 шілдедегі № 496 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі №522 бұйрығымен бекітілген басқару туралы Ережені басшылыққа алады.

Департаментттің негізгі міндеттеріне мыналар жатады: салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету; өкілеттіктер шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

Департаментттің негізгі функцияларына: салықтық бақылауды жүзеге асыру, салық заңнамасының сақталуын бақылау, Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру, жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналым, активтер,міндеттемелер, айналым) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау жатады. шығындар, шығыстар), есепке алуды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, Әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қарау. Осы органның қарауына жатқызылған, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар.

                 Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер болжамының орындалуын талдау. Салықтар мемлекет өзіне заңмен бекітілген функцияларды орындау үшін орталықтандыратын бюджеттік жүйе кірістерінің негізгі көздері болып табылады. Салық саясаты салықтардың құрамын, салық ставкаларының мөлшерін, жеңілдіктердің құрамын және салықтың әр түрі бойынша санкциялардың түрлерін анықтайды. Мемлекеттік салық саясаты мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық мүдделері арасында белгілі бір тепе-теңдікті құруға бағытталған. Салық саясатының мақсаты мемлекетті Шығыс міндеттемелерін орындау үшін жеткілікті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Салық түсімдері аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі және жеке көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджет жоспары 104,3% - ға орындалды немесе 11 737,5 млн.теңгеге асыра орындалған, жоспар бойынша 272 104,6 млн. теңге 283 842,0 млн. теңге түсті.

Өсу қарқыны 125,6% құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 5 755,8 млн.теңгеге артық түсті.

Департамент жергілікті бюджет жоспарын толық орындау мақсатында салықтық әкімшілендіру бағыттары бойынша қосымша резервтерді іздеу бойынша жұмыс жүргізілген. Нәтижесінде 2020 жылы 7 101,5 млн. теңге сомасына қосымша резервтер көздерінен келесі бағыттар бойынша:

- камералдық мониторинг бойынша - 6 086,9 млн. тг.,

- салықтық тексерулердің қорытындысы бойынша -291,9 млн. теңге.,

- берешекті төмендету бойынша -722,7 млн. теңге көлемінде бюджеттің кірістер бөлігіне түскен.

 Түсімдердің 101201,101202,103101,104102 және 104302 бюджеттік сыныптама кодтары боынша өсуі салық салу объектілерінің жыл сайынғы өсуімен, өткен жылдардағы берешекті өтеумен және ірі салық төлеушілерден түсетін түсімдердің ұлғаюымен салық базасының ұлғаюы есебінен қалыптасты.

2021 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджет жоспары 107,8% - ға орындалды немесе 27 367,5 млн.теңгеге асыра орындалды.. жоспар бойынша 349 328,9 млн. теңге 376 696,4 млн. теңге түсті.

Өсу қарқыны 132,7% құрады, 2020 жылмен салыстырғанда 92 854,3 млн. теңгеге артық түсті.

2021 жылы 7 660,6 млн. теңге сомасына қосымша резервтер іздестірілді. келесі бағыттар бойынша:

- камералдық бақылау бағыттары бойынша-8 184,0 млн. тг.,

- салықтық тексерулердің қорытындысы бойынша-190,1 млн. теңге.,

- берешекті төмендету бойынша-523,4 млн. теңге көлемінде бюджеттің кірістер бөлігіне түскен.

Түсімдердің 101201,101202,103101,104102 және 104302 бюджеттік сыныптама кодтары боынша өсуі салық салу объектілерінің жыл сайынғы өсуімен, өткен жылдардағы берешекті өтеумен және ірі салық төлеушілерден түсетін түсімдердің ұлғаюымен салық базасының ұлғаюы есебінен қалыптасты. Жоспарланбаған тоғыз бюджеттік сыныптама кодтары бойынша түсімдер бюджет кірістерінің орындалуын артырып, түсімдердің көрсеткіштерін пайыздық көлемде ұлғайтылғаны көрініп отыр.

2022 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджет жоспары 108,3 % - ға орындалды немесе 32 844,8 млн.теңгеге асыра орындалды.. жоспар бойынша 396 842,1 млн. теңге 429 686,9 млн. теңге түсті. Өсу қарқыны 134,0% құрады, 2021 жылмен салыстырғанда 108 999,4 млн.теңгеге артық түсті.

2022 жылы 4 246,3 млн. теңге сомасына қосымша резервтер іздестірілді. келесі бағыттар бойынша:

- камералдық бақылау бағыттары бойынша-3 112,9 млн.теңге.,

- салықтық тексерулердің қорытындысы бойынша-807,7 млн. тг.,

- берешекті төмендету бойынша-325,6 млн. теңге көлемінде бюджеттің кірістер бөлігіне түскен.

2023 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті бюджет жоспары 104,7% - ға орындалды немесе 19 723,9 млн.теңгеге асыра орындалған жоспар бойынша 417 645,5 млн. теңге 437 369,4 млн. теңге түсті.

Өсу қарқыны 101,8% құрады, 2021 жылмен салыстырғанда 7 682,4 млн. теңгеге артық түсті.

2023 жылы 18 935,1 млн. теңге сомасына қосымша резервтер іздестірілді. келесі бағыттар бойынша:

- камералдық бақылау бағыттары бойынша-12 237,7 млн.теңге.,

- салықтық тексерулердің қорытындысы бойынша-809,4 млн. теңге.,

- берешекті төмендету бойынша - 5 887,9 млн. теңге көлемінде бюджеттің кірістер бөлігіне түскен.

2021 жылы болған пандемия кезінде кәсіпорындардың көпшілігінде сату айналымы күрт төмендегені байланысты салық түсімдері де  азайғаны байқалады.

2.2.Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері.

Аудит нәтижелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша  нысанда     ұсынылады: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша 50 840,6 мың теңге сомасында қаражат бюджетке түскен кезде қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде жергілікті бюджетке 24 345,1 мың теңге аудит барысында қайтарылды. Сонымен бірге 2374 бірлік рәсімдік бұзушылық құрады.

Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі-өз қызметінің нақты бағытын іске асыру мақсатында мемлекеттік органның белгілі бір міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері жүктелетін мемлекеттік органның құрамдас бөлігі. Жеке табыс салығы (101201 БСК).Әлеуметтік салық (КБК 103101).

Аудитпен іріктеп бақылау барысында  төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын, сондай-ақ 101201, 103101 кодтары бойынша әлеуметтік салықты есептеудің және төлеудің уақтылығы мен толықтығының нөлдік мәндермен және мынадай салық төлеушілер бойынша салықтарды толық есептеумен 200.00 салық есептілігінің кезекті нысанын табыс ету фактілері анықталды:

 1. Қарасай ауданының жер қатынастары бөлімі ММ 2023 жылдың 4 тоқсанына 101201 және 103101, 200 нысаны бойынша декларация тапсырылмаған, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бюджет кірісіне есептелмеген.

Салық төлеушіге аудит барысында 08.10.2024ж. № 17000130461, № 17000130459, № 17000130458 анықталған кемшіліктерді орындауға хабарламалар жолданды.

Салық төлеуші 2024 жылыдың 29 қазанында 200 нысаны бойынша қосымша салық декларациясын  2023 жылдың 4 тоқсанына  тапсырып, 467,2 мың теңге сомасында жеке табыс салығы және 372,1 мың теңге сомасында әлеуметтік салық есептелді.

 2. «Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 2021 жылдың 4 тоқсанына және 2022 жылдың 2 тоқсанына Ф.200 бойынша 101201 және 103101 коды бойынша, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бюджет кірісіне есептелмегені анықталды.

2021 жылдың 4 тоқсанына камералдық бақылау жүргізіліп 2022 жылдың 13 сәуірінде № 09042X700396 және 2022 жылдың  2 тоқсанына  камералдық бақылау  жүргізіліп 2022 жылдың 5 қазанында 09042X700477 хабарламалар жасақталып салық төлеушігі табысталған, камералдық бақылау кезінде анықталғаан бұзушылықтар бүгінгі күнге дейін орындалмағаны анықталды.

Аудит барысында салық төлеуші 2024 жылдың 23 қазанында 650,8 мың теңге сомасында жеке табыс салығына және 513,8 мың теңге сомасында әлеуметтік салық 2021 жылдың 4 тоқсанына қосымша салық декларациясын тапсырды.

Аудит барысында салық төлеуші 2024 жылдың 23 қазанында 751,9 мың теңге сомасында жеке табыс салығына және 556,6 мың теңге сомасында әлеуметтік салық 2022 жылдың 2 тоқсанына қосымша салық декларациясын тапсырды.

  3. Алматы облысының білім басқармасы ММ «Көлсай кәсіптік-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны БСН/ 051140003633 2023 жылдың 2 тоқсанына Ф.200 бойынша 101201 және 103101 кодтары бойынша декларация тапсырмалғаны анықталды.

Аудит барысында салық төлеуші  2024 жылдың 08 қазанында қосымша салық декларациясымен жеке табыс салығы  1 267,4 мың теңге және әлеуметтік салық 1 219,9 мың теңге сомасында табыс етілді.

 4. Қонаев қаласы әкімдігінің «Жылу Орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2023 жылдың 2,3 тоқсанына 101201 және 103101 кодтары бойынша Ф.200 декларация тапсырмалғаны анықталды.

Салық төлеушілерге 2024 жылдың10 қазанында № 09132Х7000990, № 09132Х700099, аудит барысында анықталған кемшіліктерді орындауға хабарламалар жолданды.      

Салық төлеуші 2024 жылдың 29 қазанында 2 427,6 мың теңге сомасында жеке табыс салығы  және 2 170,6 мың теңге сомасында әлеуметтік салық есептеліп, салық төлуші қосымша салық декларациясын тапсырды.

Жоғары тармақтарда көрсетілген кемшіліктер, Салық кодексінің 18-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 94-бабы 1-тармағын, 95-бабы 1 және 2-тармақтарын, 322, 351, 354, 355, 482, 486, 488, 489-баптарын бұза отырып, Дерпартамент салық есептілігі нысандарының толық табыс етілуіне камералдық бақылауды толық көлемде жүігзеге асырмағаны анықталды. Заңды тұлғалардың 101201 БЖК коды бойынша жеке табыс салығын, 103101 БЖК коды бойынша әлеуметтік салықтарды толық есептемеу немесе нөлдік есептілікті табыс ету нәтижесінде, жалпы сомасы 14863,3 мың теңге салығын бюджет кірісіне есептеу жүргізілмеген.

Жіберілген бұзушылықтың себебі салық есептілігі нысандарына камералдық бақылау жүргізудің жеткіліксіздігінен болған.

5. Салық кодексінің 96-бабы 1-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы мүлікті сатуы кезіндегі құн өсімінен түсетін жалпы сомасы 4 487 249, 8 мың теңге көлеміндегі кірістерді түсіруге 2306 хабарлама уақытынан кешіктіріліп 2024 жылы сәуір-қазан айларында ұсынылған.

Осылайша, жоғарыда аталған фактілерге сүйене отырып, Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы мүлікті сатуы кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістерге Департамент тарапынан тиісті деңгейде мониторинг жүргізілмейтінін және осы мәселе бойынша Комитетпен өзара іс-қимыл жасамайтынын атап өткен жөн.

6. Салық кодексінің 96-бабы 1-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2021-2023 жылдары Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы мүлікті сатуы кезіндегі құн өсімінен түсетін жалпы сомасы 147 457,9 мың теңге көлеміндегі кірістерді түсіруге БДҚ ХБРА жүйесінен 68  хабарлама жіберілмеген.   

Аудит барысында мүлікті сату кезінде құн өсімінен түсетін                                   147 457,9 мың теңге көлеміндегі бұзушылықтар сомаларына 68 хабарлама жіберілді.

Тексеру нәтижелерін бағалау, сондай-ақ тексеру барысында анықталған қателерді талдау және олардың тексерілетін кезеңдегі салықтық әкімшілендіру тиімділігінің сенімділігі бойынша тексерілетін кезеңде Мемлекеттік кірістер басқармасының және ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің, Іле ауданы, Қарасай ауданы және Қонаев қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының Салық кодексінің 96-баптың 1-тармағы бойынша талаптарын сақтамауы Жеке тұлғаның 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан Республикасындағы мүлікті сатуы кезіндегі құн өсімінен түсетін 4 487 249,8 мың тенге көлеміндегі түсімдерді түсіруге 2306 хабарлама кешіктіріліп жіберілуіне және Жеке тұлғалардың 2021-2023 жылдары аралығында Қазақстан Республикасындағы мүлікті сатуы кезіндегі құн өсімінен түсетін 147 457,9 мың теңге көлеміндегі кірістерді түсіруге 68 хабарлама жіберілмеуіне әкеліп соққан.

7. Үстеме тексерудің қысқаша нәтижелері: Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен аударудың уақтылығы мен толықтығы.

 «Алматы облысы білімі басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша: Әлеуметтік салығы бойынша 2021 жылы жалпы соммасы 3054,6 мың тенге, 2022 жылды жалпы соммасы 3393,0 мың тенге, 2023 жылы жалпы соммасы 3034,2 мың тенге салық декларациясында кем тапсырған және бюджетке төленбегені анықталған. (Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 486,487,489 баптарына қайшы келеді. (Жоғарыда көрсетілген жалпы соммасы 9 481,8  мың тенгенні 200 форма қосымша салық декларациясына тапсырып бюджетке код (103101) өндірілді).

«Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Іле су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бойынша:                                                                                                                                           

Еңбек ақы төлем қорынан Әлеуметтік салығы бойынша, 2021 жылы жалпы соммасы 8 110,8 мың тенге, 2022 жылы жалпы соммасы 4603,1 мың тенге, 2023 жылы жалпы соммасы 3 628, 2 мың тенге салық декларациясында кем тапсырған және бюджетке төленбегені анықталды. Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 486,487,489 баптарына қайшы келеді. (Жоғарыда көрсетілген жалпы соммасы 16 342,2 мың тенгеннің 200 форма қосымша салық декларациясын тапсырып, бюджетке код бойынша (103101) өндіруге жатады).

4.Еңбек ақы және басқада табыстардан ұсталатын жеке тұлға табыс салығы бойынша 2022 жылы жалпы соммасы 10 153,3 мың тенгені салық декларациясында кем тапсырылған және бюджетке төленбегені анықталды.  Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық кодексінің 350,351,355  бабтарына қайшы келеді. (Жоғарыда көрсетілген жалпы соммасы 10153,3 мың тенгеннің 200 форма қосымша салық декларациясына тапсырып бюджетке код (101201) өндіруге жатады.)

III.Қорытынды бөлік

3.1.Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін жалпы сомасы 24 345,1 мың теңге тиісті бюджет есебіне өтелді.

3.2.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1.Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша, жалпы сомасы 4 685 548,3 мың теңгеге бұзушылықтар: (соның ішінде 50840,6 мың тенге қаржылық бұзушылықтар, 4634707,7 мың тенгенің 2374 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары құрағаны анықталды).

2.Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 350,351,355  бабтары, 486,487,489 баптары, Салық кодексінің 18-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 94-бабы 1-тармағын, 95-бабы 1 және 2-тармақтарын, 96-бабы 1-тармағы, 322, 351, 354, 355, 482, -баптарын бұза қайшы келеді, талаптарының сақталмауынан орын алған.

3.Аудит барысында мүлікті сату кезінде құн өсімінен түсетін                                   147 457,9 мың теңге көлеміндегі бұзушылықтар сомаларына 68 хабарлама жіберілді.

4.Тексеру нәтижелерін бағалау, сондай-ақ тексеру барысында анықталған қателерді талдау және олардың тексерілетін кезеңдегі салықтық әкімшілендіру тиімділігінің сенімділігі бойынша тексерілетін кезеңде Мемлекеттік кірістер басқармасының және ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің, Іле ауданы, Қарасай ауданы және Қонаев қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының Салық кодексінің 96-баптың 1-тармағы бойынша талаптарын сақтамауы Жеке тұлғаның 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Қазақстан Республикасындағы мүлікті сатуы кезіндегі құн өсімінен түсетін 4 487 249,8 мың тенге көлеміндегі түсімдерді түсіруге 2306 хабарлама кешіктіріліп жіберілуіне және  Жеке тұлғалардың 2021-2023 жылдары аралығында Қазақстан Республикасындағы мүлікті сатуы кезіндегі құн өсімінен түсетін 147 457,9 мың теңге көлеміндегі кірістерді түсіруге 68 хабарлама жіберілмеуіне әкеліп соққан.

3.3.Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің тиімділігіне мемлекеттік аудит нәтижелерінің Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының  отырысында қаралсын.

2. Аудит барысында анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында  үстеме бақылау жүргізілген «Іле ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Іле су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бюджет есебіне 26 495,5 мың теңге (оның ішінде әлеуметтік салығы 16 342,2  мың теңге (103101) кодына және еңбек ақы және басқада табыстардан ұсталатын жеке тұлға табыс салығы 10 153,3 мың теңге (101201) кодына) қаражатының өндірілуі туралы нұсқама жолдансын.

3. Аудит барысында анықталған бұзушылықтарға жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігі қаралуы туралы нұсқама жолдансын.

3.4.Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

Тексеру комиссиясының мүшесі                                  Қ. Есенаманов

 

Аудит жүргізуге жауапты

1 мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы                    Ж. Үсенбаев

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімінің басшысы                                С. Елубаева

 

Әкімшілік-құқықтық

бөлімінің бас маман-заңгері                                          Ж.Ұзақова

 

Аудит тобының жетекшісі                                              Надпись: Подписано
29.05.2023 16:18 Есенаманов Қуаныш Бекмұратұлы
Н. Нұрғалық

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ