Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
|
Президент Республики Казахстан |
Конкурсы
внутренний конкурс
Категория: Конкурсы | |
Дата: 26.02.2024 | |
Просмотры: 990 | Печать страницы |
«Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымына жалпы конкурс жариялайды
Алматы облысы, Қонаев қаласы, Заречный ауылдық округі, Арна ауылы, Школьная көшесі, №6/1 ғимараты, индекс 040800 ЖСН: 110840018688, анықтама телефоны/ факс: 8 (72772) 30056, 30097; revkomalmobl11@mail.ru.
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының талдау, жоспарлау және сапаны бақылау бөлімінің бас маман-сарапшысы, D-4 санаты, индекс (№ОАПИКК-3). Еңбек ақысының көлемi: 263131 теңгеден бастап 302255 теңгеге дейін айлық есеп ақысын құрайды.
Білімі: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе мемлекеттік аудит және/немесе құқық және/немесе қаржы және/немесе экономика және/немесе есеп жəне аудит).
Мемлекеттік аудитор сертификатының болуы талап етіледі.
Функционалдық міндеттері:
Бөлімнің уәкілеттілігіне қатысты барлық бұйрықтар мен өзге де құжаттарды, тексеру комиссиясының ішкі құжаттарын қарастырады; бөлімнің жұмыс жоспарын құрып, оның орындалуын қадағалауды қамтамасыз етеді; бөлімнің қызметіне қатысты тексеру комиссиясының ішкі құжаттарының жасалуына әдістемелік ұсыныстармен және өзге де құжаттармен қамтамасыз етеді; бөлімнің қызметіне қатысты құжат айналымының тәртіпке сай жүргізілуін қамтамасыз етеді; кезең бойынша сонымен қатар мақсатына қарай бөлім жұмысшылары міндеттер ротацияларының жүргізілуін қамтамасыз етеді; бөлімнің қызметіне қатысты барлық мәселелерге шешім қабылдауға қатысады; тексеру комиссиясының мүшесіне жүктелген облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері, салалық бағдарламалар, аудандар және қалалар бойынша Алдын ала зерделеу нәтижелері Аудит жоспарларының және Аудит бағдарламаларының жобалары, барлық қосымшаларымен бірге Аудиторлық қорытындылар мен Нұсқамалардың жобалары, бұзушылықтардың жиынтық тізілімі, аудиторлық есептерге, сондай-ақ Тексеру комиссиясы Нұсқамаларының тармақтарын іске асыру және орындау туралы ақпаратқа сапа бақылауын жүргізу. Функционалдық блогы «А».
D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Құжаттарды қабылдау мерзiмі:
7 жұмыс күні, жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға осы Қағидалардың 76 және 79-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қолма-қол, пошта арқылы немесе олардың электрондық көшірмелерін конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері, электрондық пошта мекенжайлары арқылы ұсынады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариат куәландырған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат электрондық түрде құжат ұсынылған электрондық пошта мекенжайларына, ақпараттандыру объектілерімен жіберіледі.
Әңгiмелесу өткізудің орны: Алматы облысы, Қонаев қаласы, Заречный ауылдық округі, Арна ауылы, Школьная көшесі, №6/1 ғимараты.
Әңгiмелесу мерзімі: Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Байқаушы және сарапшыларды шақыру туралы мәлімет:
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтарының, оның ішінде уәкілетті орган қызметкерлерінің қатысуына жол беріледі.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.
|
Б" корпусының мемлекеттік |
Нысан
|
__________________________ |
Өтініш
Мені___________________________________________________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға
және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. "___"_______________
|
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
Нысан |
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
________________________________________ |
|
|||
_______________________________________ |
||||
_______________________________________ |
||||
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||
1. |
Туған күні және жері / |
|
||
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / |
|
||
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / |
|
||
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / |
|
||
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / |
|
||
6. |
Шетел тілдерін білуі / |
|
||
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / |
|
||
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / |
|
||
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / |
|
||
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / |
|
||
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / |
||
|
қабылданған / |
босатылған / |
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________ |
_______________ |
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады