Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Новости

Іле ауданы бойынша жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысын

Категория: Новости
Дата: 10.06.2021
Просмотры: 363 Печать страницы
Іле ауданы бойынша жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысын

Тексеру комиссиясы отырысының төрағасы:

Мейрам Мырзанұлы Мұсаев

Қатысқандар Тексеру комиссиясының мүшелері:

                                               Қуаныш Мұсаұлы Сағымбаев

                                               Бақытжан Әбділдаұлы Мұхамеджанов

                                               Жарқынбек Орынбасарұлы Үсенбаев

                                               Қанат Манамұратұлы Манамұратов

                                         

                                              

Аппарат басшысы: Жаншабай А.К.

 

Бөлім басшылары: Есенаманов Қ.Б., Кадир А.К., Токтабаев А.Б., Базарбаев Д.Т., Қалқаев Н.К.

 

Күн тәртібі:       

  Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2021  жылға  арналған аудит обьектілерінің  тізбесіне сәйкес, Іле ауданының жергілікті бюджетті жоспарлауы және орындауы, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыруы, жергілікті бюджет қаражатының және мемлекет активтерін пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы туралы.

Алғашқы болып сөз алған:

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мейрам Мырзанұлы Мұсаев жиналысты ашық деп жариялап, күн тәртібіндегі мәселелерді назарға ала отырып, жиналысқа қатысушы Тексеру комиссиясының мүшелері, қызметкерлері, облыстық мәслихаттың депутаттары Сүлейменов Асқар Фазылұлы, Ахметова Гульмира Асқарқызы, Ерубаева Гүлжан Жұбайқызы және Іле аудандық мәслихатының депутаты Омаров  Төлеген Әнуарбекұлы, Іле ауданы әкімінің орынбасары Ибраев Сержан Берікұлы және мекеме басшыларын таныстырып, Іле ауданы бойынша жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысын баяндау үшін сөз кезегін  Тексеру комиссиясының мүшесі Қуаныш Мұсаұлы Сағымбаевқа берді. 

  Қ. Сағымбаев:   Іле ауданы бойынша жалпы 21 мемлекеттік мекемеде мемлекеттік аудит жүргізіліп, 2019 жылдың қаңтарынан бастап, 2020 жылдың  желтоқсаны аралығындағы кезең қамтылды. Мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 42 838 276,9 мың теңге қаражат қамтылып, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 13 648 207,2 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

- 119 354,3 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (оның қалпына келтірілуге жататыны 115 103,9 мың теңге, бюджет есебіне өндірілуге жататыны 4 250,4 мың теңге);

- 13 500 000,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты;

- 21 750,5 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты;

- 7 102,9 мың теңге мемлекет активтерін пайдаланудан ықтимал шығындар және жіберіп алған пайда.

Сонымен қатар 26 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудан бойынша орын алған негізгі кемшіліктер мен бұзушылықтар  мынадай:

  • Жалпы баланстық құны 8 487,5 мың теңгені құрайтын 4 автокөлік лимиттен артық берілген;

- Аудан көлемінде 9 келісім шарт бойынша жұмыстар белгіленген уақытынан кешіктіріліп тапсырылған, аудит барысында жалпы сомасы 2 775,7 мың теңге тұрақсыздық айыппұл есептелді, негізсіз сыйақы төлеуде сомасы 333,0 мың теңгеге және іссапар шығындары бойынша жалпы сомасы 78,1 мың теңгеге кемшіліктер анықталды;

- Іле ауданының Междуреченск, Боралдай және Көкқайнар ауылдырында 1500 орындық мектептер салу құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен 13 500 000,0 мың теңге қаражаты бөлінген.

Аталған қаражаттар есепті жыл бойы игерілмей, толығымен тиісті бюджет есебіне қайтарылғаны анықталды. Яғни, аталған екі мектептің құрылысына қаржы бөлмес бұрын оған тиісті құжаттар әзірленбеген, облыстық бюджеттің ішкі көздерінің қаражатынан берілетін кредиттер есебінен 13 500 000,0 мың теңге қаражат негізсіз және тиімсіз жоспарланып бөлінген;

- Сонымен қатар,  «Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік  мекемесі мен  Іле ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік  мекемесінің  «Іле  коммуналдық шаруашылығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналды кәсіпорны арасында Іле ауданы Көшені жарықтандыруға арналған электр беружелілеріндегі тарату пункттері мен фидерлердің көліктік қосалқы станцияларына қызмет көрсету жұмыстарына жалпы сомасы 15 000,0 мың теңгеге келісім шарт жасалып, төленген. Алайда, аталған жұмыстардың  орындалуы туралы актілер Мердігер тарапынан Тапсырыс берушіге берілмеген, жұмыстар орындалмаған.  «Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік  мекемесі нақты орындалмаған жұмыстарға 15 000,0 теңге қаржы төлеген.

Жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша келесі іс-шаралар атқарылды:

1. Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» тиісті баптарымен барлығы  11 мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғаларына әкімшілік жаза қолдану мақсатында материалдар жіберіліп, 11 мемлекеттік мекеме бойынша 12 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды, 1 материал бойынша қарастырылуда.

2. Мемлекеттік аудит қорытындысымен мемлекеттік мекемелер тарапынан 6 лауазымды тұлғаларға тиісті тәртіптік жазалар қолданылды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша «Іле ауданы құрылыс бөлімі», «Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі», «Іле ауданының КазЦИК ауылдық округі әкімінің аппараты», «Іле ауданының Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты», «Іле ауданының Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты»,  «Іле ауданының  Жетіген ауылдық округі әкімінінің аппараты», «Іле ауданының Энергетический  ауылдық округі әкімі аппараты», «Іле ауданының Боралдай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелеріне мемлекеттік аудит нәтижелерінің қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының нұсқамаларын жіберуді және «Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінда анықталған заң бұзушылық бойынша құқықтық баға беру мақсатында және процессуалдық шешім қабылдау үшін аудит обьектісінің материалдарын құқық қорғау органына жолдауды ұсынды.

  А. Фазылұлы: 119 354, 3 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (оның қалпына келтіруге жататыны 115 103,9 мың теңге, бюджет есебіне өндірілуге жататыны 4250,4 мың теңге және  13 500 000,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты туралы сұрақ қойды.

  С.Ибраев: 13 500 000,0 мың теңге қаражат бөлініп жыл бойы игерілмегендіктен негізсіз жоспарланған болып табылатындығын және ақшаның мемлекетке қайтарылғандығын айтты. Сондай-ақ барлық бағыт бойынша   анықталған кемшіліктерді жою мақсатында жұмыстар атқарылып, жіберуші мамандарға, бөлім басшыларына ескерту жарияланғандығын атап өтті.

М. Мұсаев: Төрт автокөліктің лимиттен артық пайдаланылуы туралы қандай шаралар қолданылып жатқандығын сұрап, қазіргі пандемия жағдайында қаражаттың жетіспеушілігін, соған қарамастан осындай бұзушылықтарға жол беріп отырғандықтарын, 13 500 000, 0 мың теңге аз ақша емес екендігін және келешекте осыны болдырмау жөнінде түпкілікті іс-шара қолданумен қатар, мердігерлерге, бөлім басшыларына  тиісті шараны уақытылы қолдану керек екендігін айтып, ескертті.

 Асқар Фазылұлы: Көрсетілген кемшіліктер бойынша комиссия құрылып, жеке қарастыру керек деген ұсыныс жасады.

С.Ибраев: Шешім шығарылып берілгеннен кейін барлық жерде отчет, баяндама беруге дайын екендігін, кемшіліктерді жойып, болашақта қайталамауға тырысатындығын айтты.

М.Мұсаев: Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысы бір ауыздан қабылданды. Сөз соңында, аудит материалдарымен таныстыңыздар, келешекте бұндай жағдайларды болдырмас үшін қажетті шараларды қолданып, қаражатты үнемді әрі тиімді пайдалану үшін дұрыс жоспар құрып, нұсқамаларға уақытылы жауап беру керек екендігін айтып, жиналысты аяқтады. 

 

 

Тексеру комиссиясы

отырысының төрағасы:                                  М. Мұсаев

 

         Комиссия мүшелері:                                           Қ. Сағымбаев

                                                                                      Б.Мұхамеджанов

                                                                                     Ж.Үсенбаев

                                                                                      Қ. Манамұратов

                                                                                          

 

                                                                                                

                                                                                                                                  

                                                                                                      

       

             Хатшы:                                                      Ш. Бектенова

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ