| Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
![]() |
| Президент Республики Казахстан | |
Новости
Балқаш ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау
| Категория: Новости | |
| Дата: 09.09.2025 | |
| Просмотры: 79 | Печать страницы |
Балқаш ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті бойынша
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Балқаш ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті жүргізілген. Аудитпен 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2024 жылдың 31 желтоқсан аралығындағы кезең қамтылды.
Балқаш ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен барлығы 8 756 996,9 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 1 427 697,5 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:
- қаражат бюджетке түскен кезде 3 181,6 мың теңге;
- қаржылық бұзушылықтар 1 128 513,2 мың теңге, оның ішінде: бюджет есебіне өтелуге жататыны –18 059,2 мың теңге және қалпына келтірілуге тиіс бұзушылықтар сомасы – 1 110 454,0 мың теңге;
- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жағдайларда тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары 275 630,7 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары 20372,0 мың теңге.
Сонымен қатар 12 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 6 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабы бойынша 3 материал, 238 бабы бойынша 6 материал, барлығы 9 материал әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін жолданып, қазіргі уақытта 8 материал қаралуда, ал тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабымен «Балқаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 3 материал қаралып, 314,6 мың теңге айыппұл төленді.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша «Балқаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтелмеген 15 680,1 мың теңгені жергілікті бюджет есебіне өндіру және 1 763,2 мың теңгені қалпына келтіру туралы, «Балқаш ауданының Бақанас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне өтелмеген 447,4 мың теңгені жергілікті бюджет есебіне өндіру туралы нұсқамалар жолданып.
«Балқаш ауданының Әкімінің «Аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік комуналдық қазынашылық кәсіпорнының Жарғысына өзгерістер енгізілуін ұсыным жіберілді.
Алматы облысы бойынша
тексеру комиссисының
№1 бөлім басшысы-
мемлекеттік аудиторы
Б.Орманов























