| Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
![]() |
| Президент Республики Казахстан | |
Новости
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымд
| Категория: Новости | |
| Дата: 24.04.2026 | |
| Просмотры: 72 | Печать страницы |
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы
Төрағалық етуші - Есенаманов Қуаныш Бекмұратұлы
Хатшы - Ұзақова Жанара Қасымалықызы
Қатысқандар:
Комиссия мүшелері, тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері
КҮН ТӘРТІБІ
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдаманы талқылап, іс-шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялау туралы
ТЫҢДАЛДЫ:
- Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аяқталуда.
Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамалық тапсырмасына (2025 жылғы 6 қазандағы) сәйкес Агенттік жаңа бағдарламалық құжатты (бұдан әрі-жаңа Тұжырымдама) әзірлеуді бастады.
Бұл жұмыста барлық мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарын шоғырландыру талап етіледі.
Ашықтықты қамтамасыз ету және жаңа Тұжырымдаманы әзірлеуге жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалық құжатты әзірлеу тәсілдерін талқылап, іс-шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануын қамтамасыз етуіміз қажет.
Тексеру комиссиясының мүшелері және тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері, яғни барлығы Тұжырымдаманы қолдады.
- Тексеру комиссиясының мүшелері және тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері үнемі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша әрбір аудиторлық іс-шараларға баратын кезде, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша, Тұжырымдамадағы тиесілі тармақтарды орындау барысында техникалық сабақтар өткізіліп тұратыны туралы, түсіндірме жұмыстары жүргізілетіндігі және де өтізілген іс-шараларды ресми интернет –ресурстарды кеңінен жарияланып тұратыны айтылды.
Іс-шара форматына қойылатын талаптар
1. Кездесу тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында бағдарламалық құжатты әзірлеу тәсілдерін талқылау.
2. Қатысушылар: мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары, мәслихат депутаттары, жеке сектордың, мемлекеттік емес ұйымдардың, сараптамалық қоғамдастықтың, ғылыми ортаның өкілдері, жастар және жұртшылық.
3. Өзара әрекеттесу форматы: диалог алаңы.
4. Ұйымдастырушылық аспект: іс-шараға сапалы дайындалу үшін жеткілікті қатысушыларды уақтылы жариялау және хабардар ету.
5. Кері байланыс: іс-шараны хаттамалау, келіп түскен барлық ұсыныстарды жинау, жинақтау, талдау (кездесу барысында айтылған ұсыныстарды міндетті түрде тіркеу).
5. Іс-шараны (іс-шараларды) БАҚ-та кеңінен жариялау: баспасөз релиздері, ресми сайттардағы, интернет-ресурстардағы, әлеуметтік желілердегі сюжеттер және т. б.
6. Іс-шара нәтижелері: өткізілген кездесулер мен іс-шара барысында айтылған ұсыныстар туралы ақпараттарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне жолдау.
























