| Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
![]() |
| Президент Республики Казахстан | |
Новости
мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері
| Категория: Новости | |
| Дата: 17.07.2026 | |
| Просмотры: 38 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясында мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері талқыланды
2026 жылғы 16 шілдеде Қонаев қаласында Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға Тексеру комиссиясының қызметкерлері мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кездесуді Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Қуаныш Бекмұратұлы Есенаманов ашып, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру, құқықтық мәдениетті нығайту және заң талаптарын сақтау мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрсұлтан Ақылбекұлы Сейдалиев мемлекеттік қызмет туралы жаңа Заңның негізгі жаңашылдықтарын таныстырса, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының директоры Қазбек Нұрсейітұлы Дауталиев конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына тоқталды.
Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Айзада Ерланқызы мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртуға бағытталған өзгерістерді түсіндірді. Ал Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Айдана Ержанқызы Нұрғалиева Әдеп кодексінің талаптары, қызметтік әдеп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметтің беделін сақтау мәселелерін баяндады.
Алматы облысы Дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының» бөлім маманы Әділет Нұрланұлы Балтабек дін саласындағы заңнаманың талаптарын түсіндіріп, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып діни көзқарастарын таңуына жол берілмейтінін атап өтті.
Кездесу қорытындысында қатысушылар мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, Әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен қоғам сенімін арттырудың негізгі кепілі екені айтылды.
























