| Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
![]() |
| Президент Республики Казахстан | |
Новости
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ СӘЛЕМДЕСУ ӘДЕБІ
| Категория: Новости | |
| Дата: 27.08.2026 | |
| Просмотры: 37 | Печать страницы |
Сәлемдесу – мемлекеттік қызметшінің мәдениеті, тәрбиесі мен қызметтік әдептілігінің алғашқы көрінісі.
Мемлекеттік қызметші қызметтік ортада әріптестерімен, басшыларымен, азаматтармен және келушілермен қарым-қатынас барысында сыпайылық пен өзара құрмет қағидаларын ұстануы қажет.
Сәлемдесудің үлгісі:
- Кездескен адамға жылы жүзбен, ізетпен сәлем беріңіз.
- Ресми және қызметтік ортада амандасудың ең қолайлы түрі – қол беріп амандасу.
- Амандасу кезінде оң қолды кеуде тұсына қою – құрмет пен ізеттіліктің көрінісі.
- Жасы үлкен адамға бірінші болып сәлем беру – ұлттық әдептің дәстүрлі үлгісі.
- Азаматпен кездескенде оны елемей өтпей, амандасып, назар аудару қажет.
- Сәлемдескен кезде дауыс ырғағыңызға, бет әлпетіңізге және жалпы қимыл-қозғалысыңызға мән беріңіз.
- Қызметтік ортада шектен тыс еркіндік танытып, құшақтасып немесе орынсыз жақындықпен амандасудан аулақ болған жөн.
- Сәлемдесу адамның лауазымы мен мәртебесіне емес, ең алдымен адамға деген құрметке негізделуі тиіс.
Ұлттық әдеп – мемлекеттік қызметшінің мәдениеті!
Мемлекеттік қызметші өзінің күнделікті мәдениетімен мемлекеттік органның беделін қалыптастырады. Сәлемдесу мәдениетін сақтау – ұлттық құндылықты құрметтеу және мемлекеттік қызметтің жоғары мәдениетін қалыптастыру.
Әдеп жөніндегі уәкіл























