Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Аудиторлық қорытынды Көксу ауданы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 02.12.2020
Просмотры: 501 Печать страницы

Алматы облысы бойынша

тексеру комиссиясының

Төрағасы

М. Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуінің тиімділік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы, өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1.  «Көксу аудандық мәслихаттың аппараты» мемлекеттік мекемесі;

2.  «Көксу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

3. «Көксу ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

4. «Көксу аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

5. «Көксу аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6.  «Көксу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

7.  «Көксу ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

8. «Көксу ауданының әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

9. «Көксу аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

10. «Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

11. «Көксу ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

12. «Көксу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

13. «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

14. «Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

15. «Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көксу аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

16.  «Көксу ауданы әкімдігінің Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

17. «Көксу ауданы әкімдігінің Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

18. «Көксу ауданы әкімдігінің Қабылиса ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

19. «Көксу ауданы әкімдігінің Лабасы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

20. «Көксу ауданының Мұканшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

21. «Көксу ауданының Мұкыры ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

22. «Көксу ауданы ауданы әкімдігінің Мұсабек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

23. «Көксу ауданы ауданы әкімдігінің Жарлыозек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

24. «Көксу ауданы ауданы әкімдігінің Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

25. «Көксу ауданының Айнабұлак ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2019 жылдың 31 желтоқсаны аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

2018-2019 жылдары жалпы аудиттелетін сала Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдарына Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру, ақпарат мемлекеттілікті нығайту және азаматтарды әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру, білім беру, тілдерді және мәдениетті дамыту, дене шынықтыру және спортты дамыту, экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту, бюджетің орындалуы және коммуналдық меншікті басқару, жер қатынастарын реттеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй қоры, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және жалпы ауданды дамыту мақсатында бюджет шығындары және игерілуі келесідей болған;

2018 жыл бойынша бюджеттің шығындары 99,9 % құрады, нақтыланған жоспар 6 092 410,0  мың теңге, игерілгені 6084388,1  мың теңге. Орындалмаған қаражат 8021,9 мың теңге. Оның ішінде:

-175,6 мың теңге еңбек ақы бойынша үнемделген қаражат;

-580,1 мың теңге әлеуметтік төлемдер бойынша сұранысқа сәйкес қалдық;

-6045,4 мың теңге ОБ бюджет есебінен аудан бойынша қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік объектілерін салу бойынша игерілмеген қаражат, оның ішінде 2415,3 үнемделген қаражат, 3630,1 мың теңге келісім шарт бойынша жұмыс көлемінің болмауына байланысты;

-1220,8 мың теңге мемлекеттік мекемелер бойынша үнемделген қаражат қалдықтары.

2019 жыл бюджетінің шығыс бөлігі 99,9% игерілді. Қаржыландыру жоспарындағы 10 210 066,0 мың теңгенің нақты жұмсалғаны 10 204 123,2  мың теңгені құрап 5 942,8 мың теңге игерілмей қалды, оның ішінде:

353,7 мың  теңге -  еңбек ақыдан үнемделген қаражат, оның ішінде РБ есебінен 175,8 мың теңге;

1135,3 мың теңге ОБ есебінен Балпық би ауылындағы 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы бойынша жұмыс көлемінің болмауына  байланысты 5% қалдық қаражат;

2204,8-РБ ҰҚ есебінен жумыспен қамту бағдарламасы бойынша   қысқамерзімді оқу бойынша сұраныс түспеуіне байланысты; 

324,9-әлеуметтік төлемдер бойынша үнем;

645,0- ОБ  Қазақстанның 10 жылдығы ауылындағы орта мектептің құрылысына ЖСҚ сараптамасының келісім шарттың тіркелмеуіне байланысты;

253,2- мың теңге "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша үнем;

209,5-мың теңге «Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру» бағдарламасы бойынша үнемделген қаражат;

816,4-мекемелер бойынша еркешеліктерден қалдық қаражат.  

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Жалпы Көксу ауданы бойынша бюджет қаражаты есебінен салалар бойынша бөлінген 16 302 476,0 мың теңгенің 12 271 499,6 мың теңгесі немесе 75,3% осы мемлекеттік аудитпен қамтылды.

173 449,6 мың теңге қаржылық бұзушылықтар (169 165,2 мың теңге қалпына келтірілетін, 4 284,4 мың теңге өндірілетін);

84 610,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау;

1 678,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілері анықтылды.

Сонымен қатар 10 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және 4 жүйелі олқылықтар мен кемшіліктер орын алған.

1. «Көксу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасының 273 тармағының талаптары сақталмай 2019 жылғы қаржылық есептілігінде Асан Тажи көшесінде орналасқан №6 қызметтік үйді ағымдағы жөндеуге жұмсалынған 7 481,9 мың теңге шығындар қызметтік үйдің алғашқы құны өсірген.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» № 434-V ҚРЗ Заңының 4 бабының 1 тармақшасының және 2018 жылғы 24 тамызындағы №131 келісім-шарттың 6.1 тармағының 2 тармақшасының талаптары сақталмай 1 678,0 мың теңге тиімсіз жұмсалған.

2. «Көксу ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылдың 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» қаулысының 3 тармағы, 4 тармақшасының талаптары басшылыққа алынбай 138,1 мың теңге сыйақы төленген.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60-бап 1-тармағының талаптары сақталмай, «Ауылдық мекенде қызметтік тұрғын үймен қосарланған учаскелік полиция пунктін салу» жобалары бойынша уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген 100,7 мың теңге қаражатты қайтару қамтамасыз етілмеген.

2018 жылы Көксу ауданының 8 елді мекенінде қызметтік тұрғын үймен қосарланған учаскелік полиция пункті салынған, алайда аудит жүргізу мерзіміне 2020 жылдың қазан айына аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау және оларды пайдаланушы ұйымдардың балансына беру жұмыстары аяқталмаған. Немесе бүгінгі күнге дейін  аталған қызметтік тұрғын үймен, қосарланған учаскелік полиция пунктері құрылыс бөлімінің теңгерімінде тіркелген немесе салынып біткеніне 2 жыл уақыт өткеніне қарамастан тиісті баланс ұстаушыға өткізіліп берілмеген.

3. «Көксу ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысының 4 тармағының талаптары сақталмай 56,7 мың теңге  сыйақы есептеліп төленген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» Қаулысының 4 қосымшасының талаптары сақталмай 2 мұғалімге қосымша ақы төлеуге негіз болатын біліктілік сертификаттарының уақыты өтіп кеткені ескерілмей жалақыларына қосымша жалпы сомасы 254,0 теңге артық есептеліп төленген.

Сала бойынша жоғары немесе орта кәсіптік білімі жоқ Бесқайнар, Жеңіс, Гимназия және Мұқаншы орта мектептерінің кітапханашыларына жалпы сомасы 658,1 мың теңге жалақы артық есептеліп төленген.

Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» № 228-V  Заңының талаптары сақталмай білім бөлімінің тиісті бұйрығына спорт жарысына қатысуға енгізілмеген 6 бала үшін жалпы сомасы 28,0 мың теңге шығысталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 қаулысымен бекітілген автомобиль шиналары жүрісінің пайдалану нормалары сақталмай жалпы құны 889,1 мың теңгені құрайтын 42 дана автомобиль шиналары бухгалтерлік есеп бойынша мерзімінен бұрын есептен шығарылған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  қағиданың»  152 тармақшасының талаптары сақталмай, күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв құрылмаған және 272 тармағының талаптары сақталмай 159 930,4 мың теңгенің ғимараты мен негізгі құралдары қаржылық есетілікте толығымен көрсетілмеген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағиданың 49 тармағының 2 және 3 тармақшаларының талаптары сақталмай бөлімді құрылған тиісті түгендеу комиссиясымен түгендеу тізімдемесі бойынша мерзімі өткен дебиторлық берешектерге және кредиторлық қарыздар сомаларының негіздігі мен дұрыстығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілмеген.

Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №163 Коммуналдық меншік нысандарын жалға беру Қағидасының 10 тармағының  талаптары сақталмай, мектеп асханаларын жалға алушылардың 2018-2019 жылдары аралығында қолданған коммуналдық шығындары үшін 1146,8 мың теңгенің бюджет қаражаты есебінен төленгені анықталды.  

4. «Көксу  ауданының  әкімдігінің «Мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік  мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің талаптары сақталмай бухгалтерлік есептілік бойынша жалпы сомасы 83,6 мың теңге бұзушылық анықталды.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру» Қағидасының талаптары сақталмағандығы анықталған.

5. «Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 8 тармағының талаптары сақталмай бюджетті нақтылау және түзету кезінде бюджеттік өтінімдер ұсынылмаған.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4 бабының 9, 12 тармақтарының талаптары басшылыққа алынбау себебінен республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 58 000,0 мың теңге сомасында мемлекеттік атаулы көмекке бөлінген бюджет қаражатының артық жоспарлануына жол берілген.

Сонымен қатар 2 бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 26 610,0 мың теңге қаражат іс жүзінде пайдаланбай ұзақ кезеңнен кейін бюджетке қайтарылғанын, соның салдарынан осы қаражатты бюджет процесіне қатысудан алшақтауға,  бюджет қаражатын пайдалану кезінде нәтижелілік және тиімділік принциптерінің бұзылуына жол беріліп тиімсіз жоспарланған.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 111 бабы 2 тармағының 3 тармақшасының талаптары сақталмай 127,4 мың теңге, 103 бабының 1 тармағының талаптары сақталмай 98,2 мың теңге, 115 бабының 2 тармағының 3 тармақшасының талаптары сақталмай 40,4 мың теңге артық есептеліп төленген.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік атаулы көмекті тағайындау және төлеу қағидаларының 24 тармағы талаптары сақталмай, аз қамтылған отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан бас тартқан.

Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 185 тармағы бұзыла отырып, берілген аванс есепті жылдың соңында жалақы есебінен ұсталынбаған.

6. «Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген нұсқаулықтың 215 тармағы 7 тармақшасының талаптары сақталмай, 65,0 мың теңге алынбаған кеңсе заттарына аударылған.

7. «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметтері туралы» Заңының 60-бабының 1-тармағының талаптары сақталмай Еңбекшіқазақ ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жобасы бойынша 537,6 мың теңге,  Балпық би ауылын сумен қамтамасыз етуді арттыру үшін су таратқышты қайта жаңғырту және құрылысын салу жобасы бойынша 281,9 мың теңге, жалпы сомасы 819,5 мың теңге уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген қаражаттарды жергілікті бюджет есебіне қайтаруды қамтамасыз етпеген.

8. «Көксу ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу Ереженің 236 тармағының талаптары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген Ереженің 19 тармағының талаптары басшылыққа алынбай 2019 жылы сәуір айында 250,0 мың теңгеге алынған көшеттер бухгалтерлік есепке биологиялық активтер ретінде қойылмаған.

9. «Көксу ауданы Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларының» 8 тармағының талабы сақталмай 126,1 мың теңгенің 795,5 литр жанар жағар майы есептен артық шығарылған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің талаптары сақталмай бухгалтерлік есептілік бойынша жалпы сомасы 530,1 мың теңге бұзушылық анықталды.

10. «Көксу ауданының «Мұқыры ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 60 бабының 1 тармағының талапраты  сақталмай Мұқыры ауылындағы саябақты абаттандыру жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамада көзделген уақытша ғимараттар мен құрылыстардан қайтарылуға жататын 206,0 мың теңге қаражат қайтарылмағаны анықталды.

11. Коксу ауданының «Лабасы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы» Ережесінің 13 тармағының талаптары сақталмай 89,0 мың теңге сый ақы есептеліп төленген.

12. Көксу ауданының «Қабылиса ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысы «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, ҚР Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары ереженi бекiту туралы» қаулысының 2 тармағы 4 тармақшасы сақталмай, 43,0 мың теңге іс-сапар шығындары есептеліп төленген.

13. «Көксу ауданының Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу туралы» Ережесінің 13 тармағының талаптары сақталмай, 78,0 мың теңге сыйақы есептеліп төленген.

14. «Көксу ауданы әкімдігінің Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 17-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының талаптары сақталмай жұмыстың уақтылы басталуын, олардың қалыпты жүруін және мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етілмеген және заңнамада белгіленген таңдау мен беруден (пайдалануға рұқсат) ауытқу, сондай-ақ мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты қала құрылысы мақсатында жер учаскелерін алып қою жұмыстары жүргізілмеген.

15. «Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарына қаралған қаржының үннемделуіне сыйақы,  материалдық көмек көрсету және косымша ақы төлеудің бірынғай ережесін бекіту тұралы»   қағидаларының 4-тармағының 1-тармақшасының талабы сақталмай, 188,9 мың теңге сыйақы есептеліп төленген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы» қағидалардының 2-тармағының талабы сақталмай 20,2 мың теңге мөлшерінде іссапар шығыны есептеліп төленген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қағидалардының 6 тармағының талабы сақталмай 7 жағдайда іссапар шығыстары белгіленген мерзімдерде төленбеген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» қағидаларының 14-тармағының талабы сақталмай, бас бухгалтерді жұмыстан босатқан, тағайындаған және ауыстырған кезде бухгалтерлік қызмет істерін қабылдау және тапсыру жүргізілген жоқ.

Өңірде жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер телімдерін беру бойынша талдау:

Көксу ауданы бойынша 10 ауылдық округтер бойынша жалпы аудитпен қамтылған кезеңде жеке тұрғын үй салу мақсатында жер телімдеріне кезекте тұрған азаматтардың саны 2 510 адамды құраған.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 50-бабы 2-тармағы 2 тармақшасына сәйкес Көксу ауданы бойынша 8 ауылдық округі бойынша (2 ауылдық округ бойынша кезекке тіркелген тұрғындар болмаған)  351 тұрғынға жеке тұрғын үй құрылысына 0,10 гектардан жер телімі берілген. Дегенмен берілген жерлердің басым бөлігінде бүгінгі күнге дейін учаскесінде тұрғын үй құрылысы мүлдем жүргізілмеген. Алайда, игерілмеген жер учаскелері бойынша осы күнге дейін мәжбүрлеп алып қою шаралары қолданбаған, себебі Жер кодексінің 92-бабы 2-тармағына сәйкес, егер жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесі дайын емес алаңдарда жер пайдалану құқығында берілген жағдайларда, мұндай жер учаскесін игеру мерзімі оны тиісті инженерлік (коммуналдық) инфрақұрылыммен қамтамасыз еткен кезден бастап есептеледі.

Тек, Балпық би ауылдық округі бойынша тиісті инженерлік (коммуналдық) инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген алайда 3 жыл мерзімінде тұрғын үй құрылысы басталмаған 4 жер телімі анықталып олар бойынша мәжбірлеп алып қою шараларын жүргізу мақсатында Көксу ауданының жер қатынастары бөліміне, Балпық Би ауылдық округі арқылы тиісті хат жолданды.

Қаблиса ауылдық округі бойынша 2 азамат бұрын алған жер телімдерінен бас тартқан.

Қалған кезекте тұрған 2157 азаматқа жеке тұрғын үй салуға жер телімдері Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 44-бабы 5-3 тармағына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн жер учаскелерiн беруге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген алаңдарда жол берілуіне байланысты ұсынылмауда.

Көксу ауданы бойынша мемлекеттік аудитпен қамтылған мерзім аралығында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына қаражаттар қарастырылмаған.

Өңірде коммуналдық меншіктен бөлінетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және оларға тұрғын үйлерді беру:

Көксу ауданы бойынша 9 санатта 848 азамат тұрғын үй алу кезегіне тіркелген. Олар: Ұлы отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар – 5 адам, көп балалы жанұя – 111 адам, Жанұясында мүгедек бала асыраушы отбасылар – 41 адам, Зейнеткер және жалғыз басты ана – 273 адам, «Ардақты ана» атағы бар «Алтын алқа» белгісімен марапатталған – 20 адам, І-ІІ топтағы мүгедектер – 128 адам, Жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 74 адам, мемлекеттік және бюджеттік қызметкер – 196 адам.

2018 жылы жаңадан салынып біткен көпқабатты 20 пәтерлі тұрғын үй тұрғын үй алу есебінде тұрған халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына тізім бойынша берілген, олар: Зейнеткер және жалғыз басты аналар – 5 жанұя, Жанұясында мүгедек бала асыраушы отбасылар – 3 жанұя, «Ардақты ана» атағы бар «Алтын алқа» белгісімен марапатталған – 1 жанұя, І-ІІ топтағы мүгедектер – 3 жанұя, Көп балалы отбасылар – 3 жанұя, Ұлы отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар – 1 жанұя, Ата-анасыз жетім қалған бала – 4 жанұя тұрғын үймен қамтамасыз етілген.

2019 жылы аудан бойынша тұрғын үй алу кезегіне «Көп балалы ана» санаты бойынша тіркелген азаматшаларға Балпық би ауылдық округі бойынша 2 жалдамалы тұрғын үй, Жарлыөзек ауылдық округі бойынша 1 жалдамалы тұрғын үй, Мұқаншы ауылдық округі бойынша 2 жалдамалы тұрғын үйлер берілген.

2019 жылы жаңадан салынып біткен көпқабатты 50 пәтерлі тұрғын үй тұрғын үй алу есебінде тұрған халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына тізім бойынша берілген, олар: Зейнеткер және жалғыз басты аналар – 10 жанұя, Жанұясында мүгедек бала асыраушы отбасылар – 4 жанұя, «Ардақты ана» атағы бар «Алтын алқа» белгісімен марапатталған – 3 жанұя, І-ІІ топтағы мүгедек – 6 жанұя, Көп балалы отбасылар – 11 жанұя, Ата-анасыз жетім қалған бала – 10 жанұя және 3 пәтер қызметтік пайдалануға орталық аурухана қызметкерлеріне берілген.

Жалпы алғанда Көксу ауданы бойынша 9 санатта 848 азамат тұрғын үй алу кезегіне тіркелген ал бюджет қаражаты есебінен салынған және коммуналдық меншікке сатып алынған тұрғын үйлерді жалпы алғанда 2018-2019 жылдар аралығында тек 75 тұрғын үй немесе жалпы кезекте тұрған адамдардың 8,8% құрайған.

Өңірлердегі су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуі.

Көксу ауданы бойынша осы күнге дейін атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде, оның ішінде «Ақ-Бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының нәтижелі жүзеге асырылып 2011-2017 жылдар аралығында орталықтандырылған су жүйесімен қамтылмаған 11 .

Аудан бойынша 34 елді мекенінің 34 елді мекені Балпық би ауылдық округі (Балпық би, Ақшатоған, Теректі), Айнабұлақ ауылдық округі (Айнабұлақ, Подхоз ПЧ-45, Көпір разъезді, Тауарасы разъезді), Алғабас ауылдық округі (Алғабас, Қызылтоған), Еңбекші ауылдық округі (Зылиха Тамшыбай, Бесқайнар, Кеңарал, Қаратал), Қабылиса ауылдық округі (Ақтекше, Көкбастау), Лабасы ауылдық округі (Мәмбет, Талапты, Жамбыл, Еңбекшіқазақ), Мұқаншы ауылдық округі (Көксу бекеті, Жетіжал, Қазақстанның 50 жылдығы ауылы, Мұқаншы, Нәдірізбек), Мұқыры ауылдық округі (Мұқыры, Қазақстанның 10 жылдығы ауылы), Мұсабек ауылдық округі (Мұсабек, Мәулімбай, Быжы, Бақша, Мойынқұм) Жарлыөзек ауылдық округі (Жарлыөзек, Мұқаншы, Бозтоған) орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған ол 100,0 пайызды құрайды.

2011-2017 жылдары «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында атқарылған жұ-мыстардың нәтижесінде қосымша 11 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылған.

2011 жылы Алғабас ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту объектісіне облыстық бюджеттен 80 830,0 мың теңге қаражат бөлініп, толық игеріліп, жұмыстарды уақытылы аяқтап, объекті іске қосылған.

2011 жылы «50 жыл Қазақстан» ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту нысаны құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілген.

2012 жылы Көксу ауданының Теректі ауылында  ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту объектісіне құрылысын жүргізуге 127 933,2 мың теңгеге келісім шарт жасалынып. Құрылыс жұмыстары 2012 жылдың                               30 қарашасында толық аяқталып, объекті іске қосылған. 12,559 шақырым ауыз су жүйелері тартылып, 320 үйге ауыз су кіргізілген.

2012 жылы Мәмбет ауылының сумен жабдықтау жүйелерін күрделі жөндеу құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген.

2012 жылы Мұқыры ауылында қайта жаңғырту объектісіне құрылысын жүргізуге 114 600,0 мың теңгеге келісім шарт жасалынды. Жұмыстар уақытылы аяқталды, объекті іске қосылып, 15,594 шақырым ауыз су жүйелері тартылып, 457 үйге ауыз су кіргізілген.

2013 жылы облыстық бюджеттен 190 831,9 мың теңге бөлініп, Жамбыл ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары жасалынып, объекті іске қосылған, 8,388 шақырым ауыз су жүйелері тартылып, 153 үйге ауыз су кіргізілген.

2014 жылы облыстық бюджеттен 98 672,0 мың теңге бөлініп, Айнабұлақ ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары жасалынып, объекті іске қосылған, 13,076 шақырым ауыз су жүйелері тартылып, 274 үйге ауыз су кіргізілген.

Балпық би ауылында 2013 жылы 1 343 292,8 мың теңгеге бөлінген қаражат 2014-2015 жылдары толық игерілген. 2016 жылы 29 тамыз күні қабылдап алу актісіне сәйкес 44 885 шақырым ауыз су құбыры толық тартылған.

2015 жылы 02 наурыз күні Қызылтоған ауылының сумен жабдықтау жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстарын 17 920,7 мың теңгеге жұмыстары жүргізілген.

2015 жылы Талапты ауылының сумен жабдықтау жүйелерін күрделі жөндеу құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген.

2015 жылы 02 наурыз күні «Қазақстан 10 жылдығы» ауылының сумен жабдықтау жүйелерін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 35 929,9 мың теңгеге жұмыстары жасалған.

2015 жылы 03 сәуір күні Нәдірізбек ауылының сумен жабдықтау жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 27 805,9 мың теңгеге жүргізілген.

2015 жылы 02 сәуірінен бастап Ақшатоған ауылының ауыз су жүйелеріне жаңғырту жұмыстарына 104 547,9 мың теңгеге жұмыстары жүргізіліп, 2015 жылы 16 қыркүйек айында нысан толық аяқталған, 5,5 шақырым құбырлар жүргізіліп, 45 дана бетон колодецтар орнатылған.

2017 жылы Көксу ауданы Қаратал ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту нысанына 144 623,9 мың теңгеге жасалынып, ауыз су жүйесінің ұзындығы 4,4 шақырым тартылып, 2017 жылы нысан толығымен қабылданып алынған.

Сонымен қатар 2017 жылы Көксу ауданы Жарлыөзек ауылының ауыз су жүйелерінің құрылысы және қайта жаңғырту нысаны 192 640,0 мың теңгеге жасалған, ауыз су жүйесінің ұзындығы 9,3 шақырым тартылып, 2017 жылы нысан толығымен қабылданып алынған.

Су жүйелерінің ұзындығы 271,9 шақырымды құрайды.

Аудан аумағында 47 394 адам тұрады, оның бүгінгі күнге 45 446 адам (немесе 95,9%) орталықтандырылған ауыз су жүйесін қолданылады, ал 1948 адам жеке ұнғыма немесе жер асты суларын қолданады.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Құрылыс жұмыстарының көлемі 7938 млн. теңгені құрап, нақты көлемінің индексі 66,1 пайызға орындалды.

2019 жылы жалпы 9587 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде бюджет есебінен - 5486 ш.м. іске қосылса тұрғындар есебінен - 4131 ш.м. қосылды. (2018 жылы тұрғындар есебінен - 4371 ш.м. қосылды). 

Республикалық бюджет 247,6 млн. теңге қарастырылып  көпбалалы отбасыларға 41 тұрғын үй сатып алынды.

Жеке инвестордың қаражаты есебінен Балпық би ауылында 30 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

2019 жылы негізгі капиталға тартылған инвестицияның көлемі               8764 млн. теңгені құрады нақты индекс көрсеткіші 100,7 % пайызды көрсетті.

Инвестиция құрылымында 5385 млн. теңге немесе 61,4 % кәсіпорындардың, ұйымдар мен тұрғындардың қаражаты, 3379 млн. теңге бюджеттік инвестициялар құрады.

Әлеуметтік салада  халықты жұмыспен қамту шаралары аясында жұмысқа орналасуға ниет білдірген 2138 жұмыссыздың 1150-і жұмысқа орналастырылды.

Халықты жұмыспен қамту шаралары аясында 1551 жұмыс орны ашылды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында кешенді жоспарына сәйкес 2019 жылға 1850 адамды қамту жоспарланып, 3061 адам қамтылды.

Мемлекеттік атаулы көмек  1529 отбасына немесе 5381 адамға 845 млн. теңге сомасында тағайындалды.

Білім беру саласында 2018-2019 оқу жылының  қорытындысы бойынша білім сапасы 63,2 пайызды құрады.

Биылғы жылы мектеп бітірушілердің Ұлттық бірыңғай тестілеудегі аудан бойынша көрсеткіші –78,8 баллды құрады (2018 ж. -81,1 балл).         

Бүгінгі таңда 1800 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, қамту деңгейі 98,4 пайызды құрайды.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайту, ана мен бала өлімін азайту, сәбилердің тууын көбейту, халықтың демографиялық ахуалын жақсарту мақсатында аудан көлемінде біршама іс-шаралар атқарылды. 2019 жылы 928 нәресте дүниеге келіп, өкінішке орай, 5 нәресте өлімі тіркелді.

Инфрақұрымды дамыту бойынша Балпық би ауылын ауыз сумен қамтамасыз етуді арттыру үшін су таратқышты қайта қалпына келтіру және салу үшін 93,9 млн.теңге бөлініп жұмыстар аяқталды. 

Балпық би ауылындағы орталық жылыту қазандығы 2019 жылы толығымен табиғи газға ауыстырылды.

Балпық би ауылындағы құны 120 млн.теңгені құраған көп қабатты тұрғын үйлердің алаңдарын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Балпық би ауылындағы М.Сенгірбаев атындағы орталық саябақта және Алғабас  ауылында спорт алаңдары қолданысқа берілді.

Балпық би ауылын газдандыру жұмыстары жалғастырылып, 16,1 шақырым орта қысымды, 43 шақырым төменгі қысымды  газ құбыры тартылып бүгінгі күнге  2000 тұрғын үйдің алдына жеткізілді.  Қазіргі таңда 267 абонент табиғи газ жүйесіне қосылды.

Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге және қалыпта ұстау мақсатында Балпық би аулының 2 көшелеріне және Көксу бекетінің 1 көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары және 7 елді мекендеріндегі жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы  аясында 2019 жылы 34,5 млн. теңгеге 10 жоба іске асырылды.

         Салық және басқа да бюджетке түсетін міндетті төлемдерді жинау болжамы 108,3 пайызға орындалып, 2 млрд. 86 млн. теңге түсті. Былтырғы жылмен салыстырғанда түсім 753 млн. теңгеге артық түсті.

Бюджеттің шығыс бөлігі 10 млрд. 162 млн.теңгеге игеріліп,  99,9  пайызға орындалды.

         III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 1 524,9 мың теңге өндірілді, 169 165,2 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, Олар;

- «Көксу ауданы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 7 481,9 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді.

-  «Көксу ауданының құрылыс бөлімі»  мемлекеттік мекемесі бойынша артық есептеліп төленген 138,1 мың теңге сыйақы №0011 түбіртек бойынша бюджет есебіне өндірілген. Уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген 100,7 мың теңге №972, 974, 975, 976 төлем тапсырмалары бойынша бюджет есебіне аударылды.

- «Көксу ауданының білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 160 819,5 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді, өндірілуге жататын 2 143,8 мың теңгенің 338,8 мың теңгесі  №0030, 0012, 0032, 0016 түбіртектері негізінде бюджет есебіне өндірілген.

- «Көксу ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 83,6 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді.

-  «Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  мемлекеттік мекемесі бойынша артық есептеліп төленген 266,0 мың теңге еңбек ақы және қосымша төлемдер №0017, 0046, 0007 түбіртек бойынша бюджет есебіне өндірілген.

-  «Көксу ауданының ішкі саясат бөлімі»  мемлекеттік мекемесі бойынша кеңсе тауарлары үшін төленген 65,0 мың теңге №0048 түбіртек бойынша бюджет есебіне өндірілген.

- «Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 250,0 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді.

- «Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуі тиіс 530,2 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді, өндірілуге жататын 126,1 мың теңге  №0012, түбіртегі негізінде бюджет есебіне өндірілген.

-  «Мұқыры ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша уақытша ғимараттар мен құрылыстардан жобалау-сметалық құжаттамада көзделген 206,0 мың теңге №277 төлем тапсырмасы бойынша бюджет есебіне аударылды.

-  «Лабасы ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша артық есептеліп төленген 89,0 мың теңге сыйақы №0007 түбіртек бойынша бюджет есебіне өндірілген.

-  «Қабылиса ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша артық есептеліп төленген 43,0 мың теңге іс-сапар шығыны №0026 түбіртек бойынша бюджет есебіне өндірілген.

-  «Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша артық есептеліп төленген 78,0 мың теңге сыйақы №0025 түбіртек бойынша бюджет есебіне өндірілген.

- «Көксу ауданының жұмыспен қамту орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 209,1 мың теңгенің 74,2 мың теңгесі  №0063, 0062 түбіртектері негізінде бюджет есебіне өндірілген.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 2 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

- Еңбекші ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 қарашадағы №45-ө ж/қ өкіміне сәйкес, ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы М.Егізбаеваға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

- Д.Қожатайға ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 қарашадағы №31-ө ж/қ өкіміне сәйкес, ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Д.Қожатайға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жылпы саны 4 материал жолданды, Олар бойынша;

- «Көксу ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі А.Пастуховаға №569 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 бөлігі 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Көксу ауданының Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.Сағымбековаға №567 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 бөлігі 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;

- «Көксу ауданының Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы А.Бабылжановаға Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 бөлігі 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған

- «Көксу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша жолданған материал уәкілетті органмен қаралуда.

Сонымен бірге «Алматы облысының сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің» тиісті баптарымен әкімшілік жаза қолдану мақсатында  «Көксу ауданының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша - 1 материал жіберілді. Нәтижесі бойынша көрсетілген бөлімнің лауазымды тұлғаларының әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталмаған.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 173 449,6 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 84 610,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 1 678,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және 10 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен 4 жүйелі олқылықтар мен кемшіліктер анықталды.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарын сақтамаудан орын алған.

3. Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануына және пайдаланылуына жол берілген.

4. Қазақстан Республикасы Заңнамаларының талаптарын тиісті сақтамау салдарынан бюджет қаражатын артық және негізсіз шығысталуларына жол берілген.

5. Коммуналдық меншікті пайдалану кезінде жіберілген кемшіліктердің салдарынан бюджет қаражатының жеке кәсіпкерлер пайдаланған коммуналдық шығындарға жұмсалуына жол берілген.

6. Мемлекеттік мүлік туралы Заңының талаптары сақталмау нәтижесінде 2018 жылы бюджет қаражаты есебінен салынған полиция қызметкерлеріне арналған учаскелік пункт-қызметтік тұрғын үйлер Құрылыс бөлімінің теңгерімінен нақты баланс ұстаушының теңгеріміне өткізіліп берілмеген.

7. 2019 жылы 50 пәтерлі және 2020 жылы 20 пәтерлі жалдамалы көпқабатты тұрғын үйлер салынып бүгінгі күнге Құрылыс бөлімінің теңгерімінен нақты баланс ұстаушының теңгеріміне өткізіліп берілмеген.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар

Жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуінің тиімділік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. Көксу ауданында жергілікті бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамаларына сәйкес пайдаланылуы және өңірлердегі жеке тұрғын үй құрылысының және су ресурстарын басқарудың және халықтың ауыз суға қол жеткізуінің тиімділік аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

2. Көксу ауданының әкімі келесі шараларды қабылдасын:

1) 2021 жылдың 18 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарасын.

2) 2021 жылдың 18 қаңтарына дейін бюджет есебіне өндірілуге жататын 2 759,5 мың теңгенің жергілікті бюджет есебіне өндірілуін қамтамасыз етсін.

3. Көксу ауданының қаржы бөлімі, Құрылыс бөлімімен бірлесе отырып құрылысы аяқталған объектілердің түпкілікті баланс ұстаушысына берілуі бойынша тиісті жұмыстар атқарсын.

4. Көксу ауданының білім бөлімі (мектептер бойынша) коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беру барысында, бюджет қаражаты есебінен жеке кәсіпкерлердің шығындарын төлемеу мақсатында коммуналдық төлемдер бойынша жеке баланс ұстаушылардың тиісті келісім шартқа отыруларын қадағаласын.

  1. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларының бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірген 1 524,9 мың теңгесі және есептілік бойынша қалпына келтірілген 169 165,2 мың теңге назарға алынсын.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі, қалпына келтірілген және мемлекеттік аудит объектілері қалпына келтірген және өтеген қаражат (жұмыстар, тауарлар, көрсетілетін қызметтер) жөніндегі ақпарат.

Тексеру комиссиясының мүшесі                              Б.Мұхамеджанов

 

 

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2024. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ