Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Полиция Басқармасы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 23.10.2025
Просмотры: 64 Печать страницы

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Алматы облысының полиция департаментіне бөлінген бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланылу тиімділігінің  мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Алматы облысының полиция департаментіне бөлінген бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Алматы облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Департамент).

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2022 жылдың 1-қаңтарынан бастап 2024 жылдың 31 желтоқсаны аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Алматы облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) облыс аумағындағы полиция органдары мен бөліністеріне басшылық етуді жүзеге асыратын аумақтық бөлінісі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 9-қосымшасына сәйкес Департаменттің Ережесі бекітілген (бұдан қарай - Ереже).

Ереженің 13-тармағына сәйкес Департаменттің міндеттері:

1) құқық бұзушылықтар профилактикасы;

2) қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3) қылмысқа қарсы күрес;

4) әкімшілік жазаны орындау;

5) Департаментке Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де міндеттер.

Ереженің 14.тармағына сәйкес Департаменттің функциялары:

1) Департаменттің арнайы мақсаттағы бөліністеріне басшылық жасауды жүзеге асырады, сондай-ақ олардың ұдайы жауынгерлік және жедел әзірлігін қамтамасыз етеді;

2) Департаменттің құрылымдық бөліністері қызметін үйлестіруді, ведомстволық бақылауды және жоспарлауды жүзеге асырады;

3) Ішкі істер министрлігін және мемлекеттік органдарды қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтаудың және өңірдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жай-күйі туралы ақпараттандырады;

4) қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы республикалық ақпараттық жүйелерді құруға және жұмысына қатысады;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық тәртіпті сақтауды жетілдіруге, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың профилактикасына бағытталған шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

6) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылауды жүзеге асырады және шаралар қабылдайды, орындау үшін міндетті нұсқамалар береді;

7) құқық бұзушылықты және қылмысты анықтау, жолын кесу және алдын алу бойынша профилактикалық қызметті қамтамасыз етеді;

8) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялау және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады; - және тағы да басқа аталған Ережемен бекітілген функцияларды жүзеге асырады.

Департамент қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, облыс аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін атқару мүмкін болмайды. Сондықтан, осы салада жүйелі жұмыс атқарылуда. Атап айтқанда, полиция қызметін цифрландыру, мамандарды жарақтандыру және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары ұдайы назарда болуы тиіс.

Аудит бағдарламасында көрсетілген сұрақтар бойынша аудитпен қамтылған бюджет қаражаттарының жұмсалу анықтығы мен дұрыстығына аудит жүргізілді.

Аудит бағдарламасының мәселелері бойынша жоспарланып, жұмсалған қаражаттардың, жүргізілген шығыстардың белгіленген күтілетін кезеңге, қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес игерілгені анықталды.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері.

Алматы облысының полиция департаментіне бөлінген бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен 44 442 472,0 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаты қамтылды және ведомствалық бағыныстағы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына бақылаулар жүргізіліп, қорытындысымен Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау бойынша жалпы сомасы 5 302 299,7 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:

  • 1 124,7 мың теңге бюджетке өндірілетін,
  • 3 027,7 мың теңге қалпына келтірілетін,
  •    5 270 107,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары,
  •    28 040,3 мың теңге тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары, - түріндегі бұзушылықтар.

Мемлекеттік аудит барысында бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі орын алған бұзушылықтар бойынша аудит объектілерімен 3 027,7 мың теңгеге тиісті бухгалтерлік жазбалармен қалпына келтіру арқылы түзетілді, 1 124,7 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өтелді.

Бұдан басқа, 1 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

«Алматы облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі бойынша бұзушылықтардың сипаттамасы:

         1-Тармақ. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №524 «Ішкі істер органдары қызметкерлерін қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін, тағайындалуын, қайта есептелуін, жүзеге асырылуын, тоқтатылуын, тоқтатыла тұруын және қайта басталуын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдарының санаттарын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 4-тарауының 28-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерін жалдау шарттарының тізілімінен жалға алушы туралы мәліметтер Мекеменің қызметкерлері Жексенов И.Е., Серік Ж.С., Даутов Д.М. рапорттары тіркелген күннен кейін алынған.

2-Тармақ. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасының және 4-бабы 12-тармақшасының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары» бұйрығының 46-1-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2023 жылға 5 270 107,0 мың теңге сомасында қаражат тиімсіз жоспарланған, өйткені әлеуетті өнім берушілерден коммерциялық ұсыныстардың үш данасы кем берілген.

3-Тармақ. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасының және 4-бабы 12-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 28 040,3 мың теңге қаражат тиімсіз пайдаланылған, өйткені 3 жылдан аса уақыт өтіп кеткен Жобалық сметалық құжаттамалардың сомалары Мекеменің теңгерімінде тіркелімде болуы.

4-Тармақ. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178-бабының 1-тармағы және Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 43-бабының 12-тармағы сақтамау салдарынан 1 124,7 мың теңге сомасында мерзімі өткен кредиторлық берешек (шарттардың орындалуын қамтамасыз ету және өнім берушілерге белгіленген мерзімде қайтарылмаған конкурстық өтінімдерді қамтамасыз ету сомасы) бюджетке қайтарылмаған. Аудит барысында 2025 жылғы 29-тамыздағы №152814301, №152807599, №152807597,  №152807602, №152819835, №152807601, №152807598, №152821732,   №152807603,  №152807600 төлем шоттарымен бюджетке өндірілді.

5-Тармақ. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Заңының 6-бабы 3-тармағы 1-тармақшасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Бұйрығының 283-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан, тиісті емес бухгалтерлік есеп шоттарында жалпы сомасы 3 027,7 мың теңгені құрайтын негізгі құралдар көрсетілген.

Сонымен қатар, Аудиторлық барысында 2024 жылдың бухгалтерлік есебі деректеріне сәйкес жалпы сомасы 28 040,3 мың теңгенің қолдану уақыты өткен және құрылыс жұмыстары басталмаған жобалық-сметалық құжаттамалардың Департамент теңгерімінде есепте тұрғаны анықталды, оның ішінде:

-         2014 жылдан келе жатқан 11 103.3 мың теңгенің келесі жобалық-сметалық құжаттамалар есепте тұрғаны анықталған: 1927,1 мың теңгенің  «Талғар АІІБ №2 әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу», 3500,0 мың теңгенің «Талғар АІІБ №1 әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу», 3506,2 мың теңгенің «Қарсай ІІБ әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу», 2170,0 мың теңгенің «Еңбекшіқазақ ІІБ әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу»;

-         2021 жылғы 30 желтоқсанда есепке алынған 16 937,0 мың теңгенің  келесі жобалық-сметалық құжаттамалары: 8468,5 мың теңгенің «Жамбыл ПОП (150 камера) үшін бейнебақылау жүйесіннің» және  8468,5 мың теңгенің «Іле Поп (150 камера) үшін бейнебақылау жүйесінің».

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): Алматы облысы полиция департаментінің түпкі нәтижеге қол жеткізудегі мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қорғау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес, әкімшілік жазалардың орындалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен Департаментке жүктелген басқа да міндеттер болып табылады.

Алматы облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы 2020 жылғы 15 қаңтарда №1-11 шешімімен(облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 27 қарашадағы № 29-153 шешімімен енгізілген өзгерістермен) қабылданды.

Бағдарламада қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсаты қарастырылған.

Мақсатты көрсеткіштер

өлшемі

Нақты

2021

Нақты 2022

Нақты 2023

Нақты2024

Нақты2025

  1. 1.

10 000 халыққа шаққандағы қылмыс деңгейі

%

70

81

65

64

58

  1.  

Көшеде жасалған қылмыстардың үлесі

%

11,8

10,6

10,4

11,2

22,5

          2024 жылдың 31-желтоқсаны жағдайына екі көрсеткіш те жоспарланған нәтижеге қол жеткізілген.

Қазіргі уақытта облыс аумағында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

Жалпы Мекемеге жүктелген функциялар орындалуда, штат жасақталған, бөлінетін бюджет қаражаты мемлекеттік органның толыққанды жұмыс істеуі үшін жеткілікті.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде бөлінген бюджет қаражаты мен теңгеріміндегі мүлік жалпы алғанда қанағаттанарлық дәрежеде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес игерілген және пайдаланылған деп бағалауға болады.

III. Қорытынды бөлік.

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

Мемлекеттік аудит барысында бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі орын алған бұзушылықтар бойынша аудит объектілерімен 3 027,7 мың теңгеге тиісті бухгалтерлік жазбалармен қалпына келтіру арқылы түзетілді, 1 124,7 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өтелді..

Аудит барысында, аудит нәтижесі бойынша орын кемшіліктер бойынша  Мекеменің 2025 жылғы 3-қыркүйектегі №682-ж/қ бұйрығымен төмендегідей тәртіптік жазалар қолданылған:

1. Бухгалтерлік есеп регистірлерінде көрсеткіштер дұрыс көрсетілмегені үшін ПД ҚҚЕБ инспекторы полиция лейтенанты Нариман Шахмұрат Нұрметұлына «Ескерту» жарияланған.

2. Жобалық-сметалық құжаттаманы уақытылы пайдаланбағаны және бюджетті тиімсіз жоспарлағаны үшін ПД ҚҚЕБ инспекторы Таубалдиева Бота Бақытқызына «Ескерту» жарияланған.

3. Тұрғын үй төлемдері бойынша құжаттарды қабылдау мерзімін бұзғаны үшін ПД ҚҚЕБ инспекторы полиция аға лейтенанты Есбаева Ляззат Омырзаққызына «Ескерту» жарияланған.

4. Мердігерлердің коммерциялық ұсынымдарының көшірмелерін қабылдағаны үшін ПД ҚҚЕБ жетекші маман Есенаманова Назым Асқарқызына қателіктерді түзеу бойынша қатаң ескертілсін.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 5 302 299,7 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде: 4 152,4 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 5 270 107,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары, 28 040,3 мың теңге тиімсіз пайдаланған бюджет қаражаттары және 1 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы №234 Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік Заңының,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №524 «Ішкі істер органдары қызметкерлерін қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін, тағайындалуын, қайта есептелуін, жүзеге асырылуын, тоқтатылуын, тоқтатыла тұруын және қайта басталуын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдарының санаттарын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Бұйрығының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары» бұйрығының талаптарының сақталмауынан орын алған.

3. Бюджет қаражаты шығындарын пайдалану кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануы мен пайдалануына жол берілген.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

Алматы облысының полиция департаментіне бөлінген бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. Алматы облысының полиция департаментіне бөлінген бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланылу тиімділігі аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.

2. Мемлекеттік аудит объектілері басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған, аудиторлық іс-шара барысында жергілікті бюджет есебіне өндірілген 1 124,7 мың теңге, қалпына келтірілген 3 027,7 мың теңге, тиімсіз жоспарланған 5 270 107,0 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған 28 040,3 мың теңге көлеміндегі бұзушылықтар назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуін.

3. Департаментің теңгеріміндегі 28 040,3 мың теңгеге қолданылу уақыттары өткен жобалық-сметалық құжаттамаларға Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес іс шаралар қабылдансын және қабылданған іс шаралар туралы ақпаратты растайтын құжаттармен қоса Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясына 2026 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жіберілсін.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар  мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі Б.Есжанов

 

№1 мемлекеттік аудит

бөлімінің басшысы Б. Орманов

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы М. Сканов 

 

Аудит тобының жетекшісі  Ж. Үсенбаев

 

№1 мемлекеттік аудит бөлімінің

бас маман -мемлекеттік аудиторы                           Ж. Үсенбаев

 

№1 мемлекеттік аудит бөлімінің

бас маман -мемлекеттік аудиторы                            Ж. Даурембекова

 

№1 мемлекеттік аудит бөлімінің

бас маман -мемлекеттік аудиторы                            А. Турсунбекова

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ