| Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
![]() |
| Президент Республики Казахстан | |
Итоги государственного аудита
Балқаш ауданы
| Категория: Итоги государственного аудита | |
| Дата: 04.09.2025 | |
| Просмотры: 76 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Балқаш ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
Қонаев қаласы
2025 жыл
Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М.Мұсаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлім
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Балқаш ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Балқаш ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:
1. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2. «Балқаш ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
3. «Балқаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
4. «Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
4.1. «Балқаш ауданының Әкімінің «Аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік комуналдық қазынашылық кәсіпорны;
5. «Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балқаш ауданының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6. «Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балқаш ауданының кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7. «Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
8. «Балқаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
9. «Балқаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
10. «Балқаш ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
11. «Балқаш ауданының Бақанас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
12. «Балқаш ауданы Ақдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
13. «Балқаш ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
14. «Балқаш ауданы Бақбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
15. «Балқаш ауданы Қарой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
16. «Балқаш ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
17. «Балқаш ауданы Құйған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2024 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру негізгі міндет болып табылады.
Балқаш ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері:
Салық жинау және басқа да бюджетке төлемдер бойынша 2024 жылы 11,4
млрд. теңге (өсу қарқыны 265,1 пайызға, 2023 ж -4,3 млрд.теңге, 2023 ж жоспар
10,8 млрд. теңге, 105,5 пайызға орындалды) түсті. Оның ішінде республикалық
бюджетке 9,3 млрд. теңге және жергілікті бюджетке 2,1 млрд. теңге.
Облыс бюджетіне түскен түсімдердің 55,2 пайызы ауданның үлесінде.
Бюджетке мезгілінде төленбеген берешек жыл басынан 514,7 млн.теңгеге азайып 1 012,0 млн.теңгені құрады (01.01.2023 ж.-1524,7 млн.теңге). Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 6,4 млрд.теңгені құрап, қаржы игеру 94,9%-ды құрады.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 41,9 млрд.теңгені, нақты көлем индикаторы 100,2%-ды құрады.
Мал шаруашылығында ет 15,1 мың тонна өндіріліп, 2023 жылға қарағанда 105,4% (0,8 мың тоннаға артық) құрады, сүт 13,4 мың тонна (114,8%), жұмыртқа 533 мың дананы құрады. (106,9%, 34,2 мың данаға артық). Ірі қара малының саны 105,8 мың бас (145,6%), қой мен ешкі 98,5 мың бас (140,5%), жылқы – 30,1 мың бас (161,2%), түйе 115 бас (105,5%) және құс 14,2 мың бас (5,6 есе) құрады.
Ауыл шаруашылығында егілген 28,8 мың га дәнді дақылдардан (өнімділігі 38,5 цн) 74,9 мың тонна астық бастырылды. оның ішінде: 4,0 мың га бидайдан (өнімділігі 18,1 цн) 73,0 мың тонна, 3,6 мың га арпадан (өнімділігі 21,0 цн.) 75,7 мың тонна, 6,9 мың га күріштен (өнімділігі 43,6 цн) 301,6 мың тонна, 0,4 мың гектар жүгеріден (өнімділігі 159,2 цн) 65,3 мың тонна жүгері дәні бастырылды. Сондай-ақ, 0,208 мың га алқаптан (өнімділігі 177,8 цн) 37,0 мың тонна көкөніс, 0,223 мың га алқаптан (өнімділігі 178,1 цн)39,8 мың тонна картоп, 0,181 мың га алқаптан (өнімділігі 248,2 цн) 26,7 мың тоннаны құрайтын бақша дақылдары өнімі жиналды. Ал 10,2 мың. га алқаптан (өнімділігі 11,8 цн) 12,0 мың тонна майлы дақыл өнімі жиналды.
Өнеркәсіп саласында 3,4 млрд.теңгеге өнім өндіріліп (2023 жылы -2,9 млрд. теңге), 2023 жылмен салыстырғанда 529,5 млн.теңгеге артты, нақты көлем индексі 100,2%.
Ауданның шағын және орта кәсіпкерлігінің субъектілер саны 2 674 бірлікті құрады (2023 ж-2702). Бұл салада жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 6,1 мың адамнан астам. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2024 жылы 2,9 млрд. тенгенің өнімін шығарып (2023жылы - 2,9 млрд.теңге), барлық бюджет түсімдерінің 24,6 % - ын құрап, 0,6 млрд. теңге салық түсірді.
Негізгі капиталға көлемі 9,0 млрд.теңге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі 156,3 %, облыс көлемінде ауданның үлесі 0,9% болды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,5 млрд.теңгені, нақты көлем индикаторы 102,0% құрады (2023 ж 4,9 млрд.теңге). 2024 жылы 8,0 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді (2023 жылы 7,3 мың шаршы метр) немесе 2024 жылға нақты көлем индексі 130,2% құрады.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамалары нормалары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің актілері бойынша анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:
Балқаш ауданының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен барлығы 8 756 996,9 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 1 427 697,5 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:
- қаржылық бұзушылықтар 1 131 694,8 мың теңге, оның ішінде: қаражат бюджетке түскен кезде 3 181,6 мың теңге; бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану кезінде 1 128 513,2 мың теңге (бюджет есебіне өтелуге жататыны – 18 059,2 мың теңге және қалпына келтірілуге тиіс бұзушылықтар сомасы – 1 110 454,0 мың теңге);
- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жағдайларда тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары 275 630,7 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары 20 372,0 мың теңге.
Сонымен қатар 12 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
Жеке аудит объектілері бойынша анықталған бұзушылықтар төмендегідей:
1. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1-тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының 2 тарау 3 тармағы 2 тармақшасының талаптары сақталмай мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормасы ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс, сонымен бірге И.Тынышбалаевқа 22,9 мың теңге, А. Бертлеуге 22,9 мың теңге, Д.Советке 22,9 мың теңге, А.Молдаханға 22,9 мың теңге, жалпы 91,4 мың теңге іссапар шығындары артық төленген, артық төленген іссапар шығыны жергілікті бюджет есебіне өндірілуі тиіс.
2-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 47-тармағын, Бюджет Кодесінің 3 бабының 12-4 тармағын және осы Кодекстің 4 бабының 9 тармағын бұза отырып, Мекеме автокөлік сатып алуға 2 прайс-парақшасы тігілген. Аудит барысында автокөлік сатып алуға жұмсалатын шығын көлемін есептеу кезінде 24830,4 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарланған болып табылады.
2. «Балқаш ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 мамырындағы №256 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарлары туралы ережесінің 2-тарауының 3-тармағының 1,2) тармақшасының талаптарын бұза отырып, 2023 жылдың желтоқсан айында «Балхаш ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне іссапар шығындарын өтеуде тәулікақы мен тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығындарына 2 күнге барлығы 124,2 мың теңге бюджет қаражаттары негізсіз артық төленген, атап айтқанда: Б.Мырзақасымовқа тәулікақы бойынша шығындарға (20 700-6900=13800), тұрғын үй-жайды жалдау бойынша 27 600 теңге барлығы 41 400 теңге артық төленген, сондай ақ А.Өтешбаеваға 41 400 теңге және П.Нурлыбаеваға 41 400 теңге артық төленген.
3. «Балқаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1-тармақ: 2024 жылдың шілдесінде Мекеме мен «Ұмтылыс Q» ҚБ-сі арасында 2 189 700 теңгеге жастар саясаты, отбасылық- демографиялық және гендерлік мәселелер бағытында іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін №10 (веб-порталда №120140002826/240010/00) келісім-шарты жасалған.
Міндеттемелердің орындалу мерзімі келісім шарттың №1 қосымшасына сәйкес 2024 жылдың шілде-қараша айы деп белгіленген.
Мекемемен аталған мемлекеттік сатып алу бойынша ұсынылған құжаттарын, немесе орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) актілерін қарау барысында атқарылған жұмыстар кешіктіріліп орындалғаны анықталды.
Атап айтқанда, 2 189 700 тенге құрайтын жұмыстар 24 күнге кешіктіріліп 2024 жылдың 09 шілдесінде №10 орындалған жұмыс көрсетілген қызмет актісімен тапсырылғандығы анықталды.
Аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының (әрі қарай - Заң) 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 7.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.
Өз кезегінде, «Ұмтылыс Q» қоғамдық бірлестігіне есептелінетін тұрақсыздық айыбы 2 189 700 теңге*0,1%= 2 189,7*24 күн = 52,5 мың теңгені құрап отыр.
2-тармақ: Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге қатысты Мемлекеттiк сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес шаралар қолданбаған, «Балқаш ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
4. «Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1-тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсанындағы №95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабының 1-тармағы, 12-4) тармақшасы және 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай 2023 жылы 895,0 мың теңге тиімсіз пайдаланылған.
2-тармақ. Мекеме тарапынан №393 Бухгалтерлік есеп қағидасының 272-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылғы 26, 27 желтоқсанда объектіні пайдалануға қабылдау актісіне сәйкес пайдалануға берілген Ақжар ауылының Мәдениет үйі мен Жиделі ауылының мәдениет үйін күрделі жөндеуге жұмсалған 664 158,9 мың теңге көлеміндегі шығындар сомасы 2024 жылдың 31-желтоқсанына жасақталған Бухгалтерлік баланстың 115-«Аяқталмаған құрылыс» жолына есепке алынған.
3-тармақ. Мекеме тарапынан №468 қағиданың 27, 79-тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылғы 27 желтоқсанда пайдалануға берілген Ақжар ауылының Мәдениет үйі мен Жиделі ауылының мәдениет үйін күрделі жөндеуге жұмсалған 664 158,9 мың теңге көлеміндегі шығындар сомасы 2024 жылдың 31-желтоқсанына жасақталған Бухгалтерлік баланстың 115-«Аяқталмаған құрылыс» жолына есепке алынуы Бухгалтерлік баланстың 114-жолы мен 5-қосымшасының деректерін бұрмалауға әкелген.
4.1. «Балқаш ауданының Әкімінің «Аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік комуналдық қазынашылық кәсіпорны бойынша:
1-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары»-ның 1 тарауының 3 тармағы мен Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңының 4,5,6,20-бабын сақтамаған, «Балқаш ауданының Әкімінің «Аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік комуналдық қазынашылық кәсіпорнының бухгалтерлік есебінде жалпы сомасы 16 732,1 мың теңгеге жерлер көрсетілмеген, ол 2025 жылғы 09 шілдедегі Дт-2411, Кт-6330 бухгалтерлік жазбасымен қазыналық бухгалтерлік есепте көрсетілген кәсіпорындар 2411 «жер» шоты бойынша көрсетілген.
2-тармақ. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 1202 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» 1-қосымшасының 9 тарауы талаптарын сақтамау салдарынан Кәсіпорын өзіне қарасты 14 филиалдары туралы мәліметтерді Жарғыға еңгізбегені анықталды.
5. «Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балқаш ауданының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
1-тармақ. Аудит жүргізу барысында мекеме қызметкерлеріне іс сапар шығындарын төлену дұрыстығын тексергенде келесідей бұзушылық анықталды: Мекеменің 21.11.2024 жылғы № 103 аванстық есебіне негізінде, 21.11.2024 жылғы № 247 төлем шотына сәйкес Б.Б.Берікбайға сомасы 66,5 мың теңге және мекеменің 21.11.2024 жылғы № 104 аванстық есебіне негізінде, 21.11.2024 жылғы № 246 төлем шотына сәйкес С.С.Қуанышбекке сомасы 66,4 мың теңге іс сапар шығыны төленген. Бірақ та, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іс сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» 1-тарау, 2-тармағының талабы бойынша іссапар жұмыс берушінің бұйрығы немесе өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу болып табылады. Бұл жағдайда қызметкерлерге іс сапар шығынын төлеуге негіз болатын өкім немесе бұйрықтар шығырылмаған және аудит кезінде ол құжаттар табылған жоқ. Артық төленген қаражат көлемі барлығы 132,9 мың теңге аудит кезінде толық бюджетке өндірілді.
6. «Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балқаш ауданының кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:
1-тармақ. Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4-тармақшасын, 4-бабы 12-тармақшасын бұза отырып, мекеме 006-015 бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 6 040,0 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған, оның ішінде: ерекшелігі бойынша (414) 3 000,0 мың теңге сомасында және ерекшелігі бойынша (158) 3 040,0 мың теңге.
2-тармақ. №1193 қаулының 5-тармағының 1) тармақшасының талаптарын бұза отырып, Н.Т. Капсалановаға 2023 жылғы 13 наурыздағы №11-ж/қ бұйрығының негізінде 91,4 мың теңге сомасында сыйлықақы негізсіз аударылды.
3-тармақ. №1193 қаулының 5-тармағының 1) тармақшасының талаптарын бұза отырып, 2024 жылғы 13 қазандағы №41-ж/қ бұйрығының негізінде К.М. Жұмаділоваға кітапханашы күніне орай 270,1 мың теңге сомасында сыйлықақы негізсіз аударылды.
7. «Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 41-тармағын, Бюджет Кодесінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасы және осы Кодекстің 4 бабының 9 тармақшасын бұза отырып, Мекеме «ауылдық округтердің аумақтарын аймақтарға бөлу» алуда бюджеттік өтінімдерге прайс-парақшасы тіркелмеген. Яғни 9968,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны анықталды.
8. «Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1-тармақ. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 103 бабының 1,1-1 тармақары және ҚР Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулысының дұрыс қолданбай әлеуметтік қызметші Б.А. Жумашеваға 219,1 мың тенге жалақы негізсіз артық төленген.
2-тармақ. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 103 бабының 1,1-1 тармақары және ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы дұрыс қолданбай мекеменің бас маман- есепшісі А.Т.Тулековаға негізсіз сыйақы 225,2 мың тенге артық төленген.
3-тармақ. Еңбекақы төлем қорынан төленетін, әлеуметтік салығы (код 103101) бойынша 2023 жылы 4- тоқсаныны қараша айында 287,5 мың тенге, желтоқсан айында 1703,7 тенге, жалпы соммасы 1991,3 мың тенге салық декларациясында кем тапсырылғаны және бюджетке төленбегені анықталды. Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 487-489- баптарына қайшы келеді.
4-тармақ. Еңбек ақыдан ұсталатын жеке тұлға табыс салығы бойынша 2023 жылы 4- тоқсанының қараша айында 282,2 мың тенге, желтоқсан айында 908,1 тенге, жалпы соммасы 1190,3 мың тенге салық декларациясында кем тапсырылған және бюджетке төленбегені анықталды. Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI) РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 350-351-355 бабына қайшы келеді.
9. «Балқаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1-тармақ. Мекемемен аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, 001 «Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігіне 2023 жылдың қараша айында Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы жалдамалы 20 жеке тұрғын үйдің және 5 қабатты 20 пәтерлі тұрғын үйдің құжаттарын рәсімдеуге 7505,0 мың теңге сұратылған, нақтысында 3478,0 мың теңге берілген, алайда, тиісті құжаттардың әзірлену уақытының ұзаруына байланысты аталған қаражаттар жыл аяғына дейін басқа да ерекшеліктерге жылжыту арқылы басқа шығындарға игерілген.
Осы бағдарлама бойынша 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігіне қараша айында бөлінген 1000,0 мың теңге «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде елді мекен тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру үшін жоспарланған. Аталған шаралар келесі жылдың көктем айына қалдырылуына байланысты қаражаттар басқа да ерекшеліктерге жылжыту арқылы игерілген.
Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген тиімділік – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару қағидатының сақталмағанды болып табылады.
Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.
Демек, жоғарыда көрсетілгендей, 2023 жылға барлығы 4478,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз пайдаланған болып табылады.
2-тармақ. Сондай-ақ, 2023 жыл қорытындысы бойынша қазынашылық басқармасының 4-20 «31.12.2023 жылға арналған шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысанында жоспарланған бюджет қаражаттарының қалдығын немесе игерілмеген қаражаттарды бюджеттік бағдарламалар бөлінісінде талдау барысында барлығы 215 204,4 мың теңге қаражаттары түрлі себептермен иегірлмегендігі анықталған, оның ішінде міндеттемелердің уақытылы орындалмауы, жұмыстар немесе қызметтер қажеттілігінің болмай қалуы, құрылыс-монтаждық жұмыстардың тоқтатылуына байланысты қосымша шығындардың (авторлық және техникалық қадағалау қызметтері) игерілмеуі және т.б.
Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 9) тармақшасымен белгіленген негізділік - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану принципінің және 12) тармақшасымен белгіленген тиімділік – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару қағидатының сақталмағанды болып табылады.
Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.
Демек, жоғарыда көрсетілгендей, 2024 жылға барлығы 215 204,4 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.
3-тармақ. Аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, Балқаш ауданы Әкімінің 16 ақпан 2023 жылғы № 24-ө өкімімен «Балқаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Манат Ришат Манатұлына «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылған.
Сонымен қатар, қазынашылық басқармасының 5-15 «Ақша алушылардың тиісті шоттарына жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірме» нысандарына сәйкес, аталған қызметкерге Наурыз мерекесі қарсаңында 315 091 теңге, мамыр айындағы мереке қарсаңында 631 219 теңге және маусым айында 315 091 теңге көлемінде сый ақы төленгені анықталды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 66-бабы 4 тармағына сәйкес, осы Кодексте көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзуды қоспағанда, тәртіптік жаза қолдану мерзімі ол қолданылған күннен бастап алты айдан аспайды.
Аудит барысында тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы актілер ұсынылмады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеу туралы» бірыңғай Ережесінің 4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Қызметкерге оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде сыйлық берілмейді, яғни көрсетілген барлығы 1 261,4 мың теңге көлеміндегі төлемдер негізсіз болып табылады.
4-тармақ. 2024 жылдың 21 қарашасында Мекеме мен «Ер-Аудит» ЖШС-гі арасында Қаңтар 2021 - қыркүйек 2024 ж. аралығындағы ведомстволық бағынысты ұйымның қаржылық есептілігіне аудит жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге келісім-шарт жасалып, аталған қызметтерге 001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігінен 589,0 мың теңге төленген.
«Балқаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес Бөлімнің ведомстволары жоқ және де Бөлімнің миссиясы, функциялары, құқықытары және міндеттерінде қарамағындағы ұйымның қаржылық есептілігіне аудитін жүргізу міндеті қаралмаған.
Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 9) тармақшасымен белгіленген негізділік - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану принципінің сақталмағанды болып табылады.
Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.
Демек, жоғарыда көрсетілгендей, 2024 жылға барлығы 589,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз пайдаланған болып табылады.
5-тармақ. Аудитке ұсынылған қазынашылық басқармасының 5-20 «Қолма-қол ақшаны бақылау шотынан үзінді көшірме» нысанына сәйкес қазіргі уақытта 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» шотында 13 750,4 мың теңге көлемінде ақша қаражаттарының тұрғаны анықталды.
Мекеме маманының түсініктемесіне сәйкес, бұл – мемлекеттік сатып алулар бойынша Мердігерлер тарапынан түскен әлеуетті өнім берушілердің шарттарға сәйкес міндеттемелерді тиісінше орындауына кепілдік ретінде салған, сонымен қатар кейбір себептермен Мердігерлерге қайтарылмаған соммалардан қалыптасқан, сонымен қатар Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді электрондық әмиян арқылы енгізу әдісі шыққанға дейінгі, яғни 2022 жылға дейінгі өткізілген мемлекеттік сатып алулар кезінде қалыптасқан қаражаттар.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 43-бабы 12-тармағына сәйкес, Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, сондай-ақ өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданылу кезеңінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету тәсілін ауыстыруды ұсынған жағдайда, тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасын (болған кезде) өнім берушіге қайтарады, яғни мемлекеттік сатып алу туралы шартына сәйкес мiндеттемелерін толық орындаған жағдайда қайтарылуға тиіс болған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну туралы» қағидаларының 20-тармағына сәйкес, дебиторлық берешек сомаларын өндіріп алу, ал кредиторлық берешек – өтелуі керек. Дебиторлармен және кредиторлармен аяқталмаған есеп айырысулар тексерілуі және расталуы қажет.
Алайда, аталған заңнама нормаларының талаптары орындалмай, Мекеме тарапынан шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын қайтару немесе бюджет есебіне аудару, кредиторлық берешекті өтеу (есептен шығару) жөнінде шаралар қолданылмаған.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII Азаматтық Кодексінің 178-бабына сәйкес, талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi.
6-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы» Қағидаларының 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.
Аудит барысында Мекемемен ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2024 жыл қорытындысына сәйкес Мекеме бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 1 056,9 мың теңге және әлеуметтік салық бойынша 706,3 мың теңге, барлығы 1 763,2 мың теңге көлемінде дебиторлық қарыздар қалыптасқаны анықталды.
Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (2024 жылға бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.
7-тармақ. 2023 жылдың 08 ақпанында Мекеме мен «Игілік Стройпроект» ЖШС-гі арасында «Алматы облысы Балқаш ауданы Көктал ауылындағы Аққайыр өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы үшін ЖСҚ әзірлеп және мемлекеттік сараптамаға сүйемелдеу жасау» жұмыстарын жүргізу үшін 6 917 995 теңгеге № 01 (веб порталда 050340006995/230001/00) келісім-шарты түзілген. Келісім-шарттың 1 қосымшасына сәйкес, жұмыстардың атқарылу мерзімі «Келісім-шарт аумақтық қазынашылық органдарында тіркелген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде» деп белгіленген. Веб-портал мәліметіне сәйкес келісім-шарт қазынашылық басқармасында 2023 жылдың 08 ақпанында тіркелген, яғни міндеттемелердің орындалу мерзімі 2023 жылдың 08 тамызын білдіреді.
Орындаушының (Мердігердің) жұмыстардың атқарылуы туралы актілеріне сәйкес 4 842 500 теңгесіне міндеттемелер 2023 жылдың 01 қарашасында немесе 84 күнге кешіктіріліп, 2 075 495 теңгесіне міндеттемелер 2023 жылдың 13 желтоқсанында немесе 126 күнге кешіктіріліп атқарылғаны анықталды.
Мемлекеттiк сатып алу Заңының 43 бабының 24 тармағына және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағына сәйкес Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.
Алайда, аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты жоғарыда көрсетілген шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталды.
Бөлініп атқарылған жұмыстар сомасы мен кешіктірілген күндерін ескере отырып, «Игілік Стройпроект» ЖШС-гіне тұрақсыздық айыбы төмендегідей есептелінді:
4 842 500 теңге х 0,1% х 84 = 406 770 теңге;
2 075 495 теңге х 0,1% х 126 = 261 512 теңге.
Сонымен, «Игілік Стройпроект» ЖШС-не есептелінетін тұрақсыздық айыбының жалпы сомасы 668,3 мың теңгені құрап отыр.
8-тармақ. Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге қатысты Мемлекеттiк сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасына қайшы, «Қонаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне Өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
10. «Балқаш ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1-тармақ. Мекеме тарапынан №1127 қағиданың 4-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан бас маман Н.Мұсаевқа 2023 жылы Астана күні құрметіне 220,8 мың теңге көлеміндегі сыйақы мөлшерін негізсіз берілгені анықталды.
2 тармақ. Мекеменің Бюджет кодексінің 3-бабы 12-4) және 4-бабы 12)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 004 (015 және 028 кіші бағдарламалары) «Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен «Мөлдір Бұлақ Суы» ЖШС-імен 2024 жылдың 4-қыркүйегінде түзілген №10 келісім шарты (түзетулер мен қосымшаларын қоса алғанда) 6 823,5 мың теңгеге артық (бастапқы сома 27 720,2 мың теңге – нақты сома 20 896,7 мың теңге) түзілгені, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға әкеліп соққан болып табылады.
3 тармақ. Мекемемен Мемлекеттік сатып алу Заңының 43-бабы 24-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан №10 келісім шарт бойынша 2024 жылдың 29-қарашасынан бастап 2024 жылдың 31-желтоқсанын қоса алған мерзімде «Мөлдір Бұлақ Суы» ЖШС-і тарапынан 3 191,0 мың теңгенің жұмыстарын орындауды 33 күнтізбелік күнге кешіктірілгені үшін 88,0 мың теңгеге (жалпы айыппұл 105,3 мың теңге – өтелген айыппұл 17,3 мың теңге) айыппұлды өндіріп алу қамтамасыз етілмеген.
4 тармақ. Мекеме Мемлекеттік сатып алу Заңының 12-бабы 4-тармағы 3-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан №10 келісім шарт бойынша 2024 жылдың 29-қарашасынан бастап 2024 жылдың 31-желтоқсанын қоса алған мерзімде 3 191,0 мың теңгенің жұмыстарын орындау 33 күнтізбелік күнге кешіктірілгені үшін «Мөлдір Бұлақ Суы» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа кешіктіріліп жүгінген.
5-тармақ. Мекеме тарапынан №393 Есеп қағидасының 243-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2023 жылдың 31-желтоқсан жағдайына жасақталатын қаржылық есептілікке 30 жалгерлік тұрғын үй нысаны бойынша жұмсалған шығындар 288 712,8 мың теңгеге кем танылған.
6-тармақ. Мекеме тарапынан №468 қағиданың 27, 79-тармақтарының талаптарын сақтамау салдарынан 30 жалгерлік тұрғын үй нысанын баланстық құнын кем тануы 2023 жылдың 31-желтоқсан жағдайына жасақталатын қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеліп соққан.
7-тармақ. Мекеме тарапынан №393 Ереже 118-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылдың 31-желтоқсаны жағдайына 2022 жылдың 4-тамызындағы №26 келісім шарт бойынша Мекеме тарапынан «Жаңарту» ЖШС-інің алдында қалыптасқан 5 818,4 мың теңге көлеміндегі кредиторлық берешекті 2024 жылдың қорытындысымен жасақталатын қаржылық есептілікте кредиторлық берешек ретінде танылмаған.
8-тармақ. Мекеме тарапынан №468 қағиданың 31, 79-тармақтарының талаптарын сақтамау салдарынан Мекеме тарапынан «Жаңарту» ЖШС-інің алдында қалыптасқан 5 818,4 мың теңге көлеміндегі берешекті кредиторлық берешек ретінде танымауы 2024 жылдың 31-желтоқсан жағдайына жасақталатын қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеліп соққан.
9-тармақ. Мекеме тарапынан №393 Есеп қағидасының 243-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан «Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы 5 қабатты 40 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйді абаттандыру және инженерлік коммуникациялық желілерін салу» нысанына жұмсалған 133 268,6 мың теңге көлеміндегі шығындар 2024 жылдың 31-желтоқсан жағдайына жасақталатын қаржылық есептілікке танылмаған.
10-тармақ. Мекеме тарапынан №468 қағиданың 27, 79-тармақтарының талаптарын сақтамау салдарынан Жалгерлік 5/40 тұрғын үй желілері нысаны бойынша жұмсалған шығындардың қаржылық есептілік нысандарында көрсетілмеуі 2024 жылдың 31-желтоқсан жағдайына жасақталатын қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеліп соққан.
11. «Балқаш ауданының Бақанас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1-тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің 103-бабы 1-тармағының талаптары сақталмай, 2023 жылы мекеме басшысы Қ. Күлтебаевты жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алу кезінде оның орташа еңбекақы (демалысы) 231,5 мың теңге сомасында қайта есептелініп ұсталынбаған. Аталған анықталған қаржылық бұзушылық жергілікті бюджет есебіне қайтаруға жатады.
2-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларының 8 тармағының талаптары сақталмай, бас маман-бухгалтерге негізсіз 215,9 мың теңге сомасында материалдық көмек көрсетіліп, төленгені анықталды, өйткені қызметкерге материалдық көмек көрсету ережелері бойынша мерейтойлық күндеріне (50 жыл) байланысты жүзеге асырыла алмайды. Аталған анықталған қаржылық бұзушылық жергілікті бюджет есебіне қайтаруға жатады.
3-тармақ. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлігі) 1999 жылғы 01 шілдедегі №409 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік туралы 2011 жылғы 01 наурыздағы №412-IV Заңының 76-бабының 604-бабының талаптары сақталмай, Мекеме тарапынан аудитпен қамтылған кезеңде мүлікті өтеусіз пайдалану шарттарын жасау бойынша шаралар қолданбағаны анықталды.
4-тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 34-бабы 1-тармағының және және "шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына 1-қосымшаның талаптары сақталмай, Мекеме негізгі құралдарды сатып алуды 2023 жылы - 889,0 мың теңге сомасында, 2024 жылы - 292,0 мың теңге сомасында 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды, яғни, мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыруға және олардан туындайтын, олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстарды қамтитын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бағытталған шығындардан жүзеге асырылған.
12. «Балқаш ауданының Ақдала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1-тармақ. Мекемемен аудитке ұсынылған бюджеттік өтінімдерге сәйкес, 2024 жылы 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты» бағдарламасы 414 «Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу» ерекшелігіне түрлі-түсті принтер, бейнекамера, кондиционер, ноутбук сатып алу үшін 1000,0 мың теңге жоспарланып берілсе, жыл бойы оның 229,0 мың теңгесіне түрлі-түсті принтер сатып алынып, қалған 771,0 мың теңгесі қараша айында басқа да ерекшеліктерге жылжытылып игерілген.
008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасына бюджеттік өтінімге сәйкес көше жарықтандыру үшін шамдарды орнату, оларды жөндеу жұмыстарын жүргізу, электроэнергиясына төлем жүргізу және басқа да шығындарына 7750,0 мың теңге жоспарланса, нақтысында 2024 жылдың басында 3017,0 мың теңге, қараша айында 6200,0 мың теңге, яғни жоспардан артығымен берілген. Желтоқсан айында 2684,0 мың теңгесі бюджет есебіне игерусіз қайтарылған.
009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасына бюджеттік өтінімге сәйкес Ақдала ауылдық округінің аумағын (көшелерін) санитарлық тазалауға 790,0 мың теңге, Ақдала ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының шығындарына 41747,0 мың теңге жоспарланса, нақтысында жыл басында 3360,0 мың теңге берілген. Оның 827,0 мың теңгесі игеріліп, 2533,0 мың теңгесі пайдаланусыз бюджет есебіне қайтарылған.
011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасына Ақдала ауылдық округі аумағындағы биік ағаштарды кесуге және аралау, бильборд және баннерлер жасау, Ақдала саябағын күтіп ұстау жұмыстарына бюджеттік өтінімге сәйкес 13 938,0 мың теңге сұратылса, нақтысында жыл бойы 11045,0 мың теңге беріліп, оның 8358,0 мың теңгесіне міндеттемелер қабылданып игерілген, 2687,0 мың теңгесі желтоқсан айында игерілусіз бюджет есебіне қайтарылған.
Аудит объектісі басшысының түсініктемесіне сәйкес, жоғарыда аталған жұмыстарға сметалық есептерінің уақытылы әзірленбеуіне байланысты толық игерілмеген.
Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген тиімділік – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару қағидатының сақталмағанды болып табылады.
Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.
Демек, жоғарыда көрсетілгендей, 2024 жылға барлығы 8 675,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.
2-тармақ. Аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, Балқаш ауданы Әкімінің 03 наурыз 2023 жылғы № 38-ө өкімімен Ақдала ауылдық округінің әкімі Н.Нарбаевқа «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылғаны анықталды.
Сонымен қатар, Балқаш ауданы Әкімінің 15 наурыз 2023 жылғы «Аудандық мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру туралы» № 10-ө н/қ өкімі негізінде 2023 жылдың 17 наурызында шығарылған Ақдала ауылдық округі әкімінің № 24-ө өкімімен 2023 жылдың 14 сәуірінде жоғарыда аталған қызметкерге Наурыз мерекесіне 312,6 мың теңге көлемінде сый ақы төленгені анықталды.
Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеу туралы» бірыңғай Ережесінің 4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Қызметкерге оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде сыйлық берілмейді, яғни көрсетілген төлем негізсіз болып табылады.
13. «Балқаш ауданының Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1-тармақ. Аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 1 547,0 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған. Демек, мекемеге Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бағдарламасы бойынша жоғарыда аталған қаражаттың қажеттілігі туындалмаған.
Сонымен ҚР Бюджет Кодексінің 3-бабы 12-4) тармақшаларының талаптары бұзылды-бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін бюджет қаражатын жоспарлауға және (немесе) пайдалануға сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау (немесе) тиімсіз пайдалану, 4-баптың 9) тармақшасы-бюджетті нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттардың негізінде жоспарлау. кез-келген түсімдер мен шығыстардың бюджетінің жобасы және олардың көлемінің негізділігі негізділік қағидаты ретінде. 3 - баптың 12) тармақшасында тиімділік қағидаты да көзделген, оған сәйкес-бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең жақсы тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалана отырып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару болып табылады.
14. «Балқаш ауданы Бақбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 47-тармағын, Бюджет Кодесінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасы және осы Кодекстің 4 бабының 9 тармақшасын бұза отырып, Мекеме бюджеттік өтінімдерінде ресімдеу кезінде коммерциялық баға ұсынысы берген өнім берушілердің баға ұсыныстары ұсынылмады, «жағар май» және тауарлы-материалдық қорларды қызметтер алуға прайс-парақшасы тіркелмеген. Яғни 916,4 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны анықталды.
2-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 47-тармағын, Бюджет Кодесінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасы және осы Кодекстің 4 бабының 9 тармақшасын бұза отырып, Мекеме бюджеттік өтінімдерінде ресімдеу кезінде коммерциялық баға ұсынысы берген өнім берушілердің баға ұсыныстары ұсынылмады, «жағар май» және тауарлы-материалдық қорларды қызметтер алуға прайс-парақшасы тіркелмеген. Яғни 687,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны анықталды.
15. «Балқаш ауданы әкімдігінің Қарой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1-тармақ. Аудит жүргізу барысында мекеме қызметкерлеріне іс сапар шығындарын төлену дұрыстығын тексергенде келесідей бұзушылық анықталды: Мекеменің 20.09.2023 жылғы № 48-ө Өкімі негізінде және 27.09.2023 жылғы №6 аванстық есебіне сәйкес, А.Б.Болатовқа астана қаласына іс сапарға бару үшін сомасы 103,5 мың теңге іс сапар шығыны төленген. Алайда, қызметкер белгілі себептерге байланысты іс сапарға бара алмай қалып, аталған қаражат артық шығысталғандығы анықталды. Бұл кемшілік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іс сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» 2-тарау, 3-тармағының талабына қарсы келеді, яғни іс сапар шығындары нақты қызметкердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін төленуі тиіс. Артық төленген қаражат көлемі барлығы 103,5 мың теңге аудит кезінде толық бюджетке өндірілді.
2-тармақ. Орындалған жұмыстардың іске қосылуы мен тиімділігін бақылағанда келесідей кемшілік анықталды: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 13009201-ОК1 Ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде, 124040015-159 ерекшелік бойынша Балқаш ауданы Қарой ауылдық округінің Нарын өзенінен Қарой ауылына құбырлы суару су құбырын орнату, жөндеу жұмыстарына «Балқаш аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігімен 2024 жылдың 01 қазанында сомасы 15000,0 мың теңгеге № 34 келісім шарт жасалынған. Одан әрі, 10.10.2024 жылғы жұмыстың орындалуы туралы актімен 6000,0 мың теңге, 29.10.2024 жылғы жұмыстың орындалуы туралы актімен 1000,0 мың теңге, 14.11.2024 жылғы жұмыстың орындалуы туралы актімен 8000,0 мың теңге жұмыстар істелініп, мекеменің төлем шоттары арқылы қаражат толық төленген. Жұмыстар толығымен аяқталған, бірақта сол 2024 жылы нысан іске қосылмаған, оның жұмыс істеу рәсімі келесі 2025 жылға ауысқан. Яғни бұл 14999,0 мың теңге қаражат 2024 жылы өзінің тікелей және түпкілікті нәтижесіне жетпей тиімсіз пайдаланылғандығы анықталды. Бөлінген бюджет қаражаты Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқарылуы жүзеге асырылмаған.
17. «Балқаш ауданының Құйған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1–тармақ. Мекемемен ұсынылған бюджеттік өтінімдерге сәйкес, 2023 жылдың соңына 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» мемлекеттік қаржылардыруға жалпы 32 224,0,0 мың теңге жоспарланған.
2023 жылы кіші бағдарлама 029 «аудандық трансферт есебінен», ешқандай қажетсіз қосымша 350,0 мың теңге қаралып 2023 жылдың желтоқсан айында сый ақыға пайдаланған.
Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік, яғни бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану принципінің сақталмағандығы болып табылады.
Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жосарлау және (немесе) пайдалану.
Демек, 2023 жылға жоспарланып берілген қаражаттардың 350,0 мың теңгесі тиімсіз жоспарланған болып табылады
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):
Жалпы аудан бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы аудиторлық бақылау кезінде қарастырылып, мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, лауазымды тұлғалардың, мекеме қызметкерлерінің өз лауазымдық қызметтерін атқару барысында жауапкершілікпен қарайды деген пікір қалыптасты.
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Жоғарыда көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін өтелуге тиіс қаражаттардың 5 113,3 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өтелді, 1 108 690,8 мың теңгенің бұзушылықтары бойынша қаржылық есептілікте қалпына келтірулер жасалды.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 6 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
1. «Балқаш ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 16.07.2025 ж. №27 бұйрығымен бөлім басшысының орынбасары Ә.Ө. Өтешбаеваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.
2. «Балқаш ауданының Қарой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімінің 01.08.2025 жылғы №59-ө өкімімен бас маман есепші А.Т. Абдиманаповаға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.
3. «Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балқаш ауданының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының 04.08.2025 жылғы №60-ж/қ бұйрығымен кадр маманы А. Әбдіманаповаға «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.
4. «Балқаш ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 02.07.2025 жылғы №19 н-қ бұйрығымен есепші Н.А. Әбжаппароваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.
5. «Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балқаш аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының 04.07.2025 жылғы №4 бұйрығымен бас есепші А. Омароваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.
6. «Балқаш ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің 15.07.2025 жылғы №88-ө өкімімен жалпы бөлімнің бас маманы Д.К. Тилеужановаға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабы бойынша 3 материал, 238 бабы бойынша 6 материал, барлығы 9 материал әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін жолданып, қазіргі уақытта 6 материал қаралуда, ал тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабымен және 238 бабы бойынша 3 материал қаралып, 314,6 мың теңге айыппұл төленді.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулыларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының талаптарының сақталмауынан орын алған.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.
Балқаш ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Аудит объектілері тарапынан анықталған заңбұзушылықтардың салдарын барынша азайтуға бағытталған шаралар, атап айтқанда өтелуге тиіс қаражаттың 5 113,3 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өтелуі және 1 108 690,8 мың теңгенің бұзушылықтары қаржылық есептілікте қалпына келтірілуі фактілерін назарға алу және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізу.
2. «Балқаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтелмеген 15 680,1 мың теңгені жергілікті бюджет есебіне өндіру және 1 763,2 мың теңгені қалпына келтіру туралы, «Балқаш ауданының Бақанас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне өтелмеген 447,4 мың теңгені жергілікті бюджет есебіне өндіру туралы және кінәлі тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану туралы нұсқамалар жолдау.
3. «Балқаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне «Балқаш ауданының Әкімінің «Аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік комуналдық қазынашылық кәсіпорны бойынша жарғыға өзгеріс енгізу жөнінде ұсыным жолдау.
3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.
Тексеру комиссиясының мүшесі Қ. Есенаманов
Аудит жүргізуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы Б. Орманов
Сапа бақылауына жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы С. Елубаева
Құқықтық сүйемелдеуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы М. Сканов
Аудит тобының жетекшісі Б. Орманов























