Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Қонаев қаласы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 25.07.2025
Просмотры: 62 Печать страницы

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

«Қонаев қаласының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қонаев қаласы

2025 жыл

 

Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М.Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлім

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Қонаев қаласының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Қонаев қаласының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:

  1. «Қонаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  2.  «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттік мекемесі;
  3.  «Қонаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  4.  «Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт   бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;
  5.  «Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  6.  «Қонаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;
  7.  «Қонаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  8.  «Қонаев қаласының Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі;
  9.  «Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қонаев қаласының кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  10. «Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің «Дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2024 жылдың  31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

         2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру негізгі міндет болып табылады.

Қала бойынша агроөнеркәсіптік кешен және жеке сектордың инфрақұрылымы дамыған.

Қонаев қаласының коммуналдық меншігінде 27 заңды тұлға ретінде тіркелген, оның ішінде 16 мемлекеттік мекеме: 1 – қала,ауылдық округтер аппараттары, 15 – мемлекеттік орган (аудандық мәслихат аппараты, аудан әкімінің аппараты, бөлімдер), мемлекеттік коммуналдық мекемелер: кітапхана, денешынықтыруды және спортты дамыту орталығы, «Жанұя» коммуналдық мекемесі, 1 – ЖШС, 2- мәдениет үйі, 5 - шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын.

     Қонаев қаласы экономикасының негізгі басым бағыттары – өнеркәсіп, туризм және ауылшаруашылық салалары. 

     2024 жылдың әлеуметтік – экономикалық даму қорытындыларынан қаланың өсу динамикасын байқауға болады.

     Ауыл шаруашылығында  26,5 млрд. теңгенің  жиынтық өнімі өндіріліп,   нақты көлем индексі 100,0 пайызды құраған.

       Өңірде шаруа (фермерлік) қожалықтарының саны: тіркелгені - 475 бірлік; жұмыс атқаратындары - 383 бірлік; белсенді жұмыс істейтіндер - 160 бірлік.

      Ірі қара мал басы 8,0 пайызға, құс саны 2,2 есе, сүт сауу 3,8 пайызға, ет өндірісі 0,9 пайызға, жұмыртқа өндірісі 3,4 пайызға ұлғайған.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамалары нормалары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің актілері бойынша анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:

Қонаев қаласының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен барлығы 7757693,0 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 484 524,5 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:

- Бюджет есебіне түсімдер бойынша – 3 515,0 мың теңге;

- Қаржылық бұзушылықтар 11490,5 мың теңге, оның ішінде: бюджет есебіне өтелуге жататыны – 8796,4 мың теңге және қалпына келтірілуге тиіс бұзушылықтар сомасы – 2694,1 мың теңге;

- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жағдайларда тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары 469 519,0 мың теңге.

Сонымен қатар 8 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған. Оның ішінде мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама бойынша 6 бұзушылық және бухгалтерлік заңнаманың бұрмалануы бойынша 2 бұзушылық.

Жеке аудит объектілері бойынша анықталған бұзушылықтар төмендегідей:

1. «Қонаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1 тармақ. Мекемемен аудитке ұсынылған бюджеттік өтінімдерге сәйкес, 2023 жылы қыркүйек айында Қонаев қаласының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 59 261,0 мың теңге қажет болған. Осы мақсатта қажетті құрылыс материалдарын сатып алуға 149 «Өзге де қорларды сатып алу» ерекшелігі бойынша 30 000,0 мың теңге, құрылыс-монтаждық жұмыстарын жүргізуге 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша 19 730,0 мың теңге қосымша қажет болып, бюджеттік өтінім негізінде берілген. Жұмыстардың құрылыс құнының сметалық есебіне өзгерістер енгізілуіне байланысты аталған қаражаттардың 34 230,0 мың теңгесі басқа да шығындарды өтеуге төленіп игерілген, 15500,0 мың  теңгесі бюджет есебіне қайтарылған.

 Қала әкімдігі ғимаратына үкіметтік байланыс желісін орнатуға бюджеттік өтінім негізінде 152 «Байланыс қызметтерiне ақы төлеу» ерекшелігіне 24 217,0 мың теңге жоспарланып берілген. Өткізілген мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы оңды болмауына байланысты қаражаттар толығымен бюджет есебіне қайтарылған.

2024 жылдың маусым айында бюджеттік өтінімдер негізінде Қала әкімдігіне, прокуратураға үкіметтік байланыс желісін орнату үшін 152 «Байланыс қызметтерiне ақы төлеу» ерекшелігіне 101270,0 мың теңге және стендтер жасату, картридждер толтыру жұмыстарына 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігіне 26000,0 мың теңге бөлінген. Аталған қызметтер мен жұмыстар қажеттілігінің болмауына байланысты 152 «Байланыс қызметтерiне ақы төлеу» ерекшелігіне қаралған қаражаттың 100 639,0 мың теңгесі және 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігіне қаражаттар толығымен басқа да ерекшеліктерге жылжыту арқылы қала әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету үшін басқа да шығындарға жұмсалған.

Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген тиімділік – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару қағидатының сақталмағанды болып табылады.

Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.

Демек, жоғарыда көрсетілгендей, 2023 жылға 73 947,0 мың теңге, 2024 жылға 126 639,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2 тармақ. Мекеменің «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» шотында 2024 жылдың аяғына 3515,0 мың теңге көлемінде ақша қаражаттарының тұрғаны анықталған. Бұл 2023 жылы Мәслихат депутаттығына сайлануға үміткерлермен төленген жарналары есебінен қалыптасқан қаражаттар екені анықталды.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес, Сайлау қорытындылары бойынша саяси партия дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаған жағдайларда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда, енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған барлық жағдайда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады.

Демек, Мекемемен тиісті шаралар уақытылы атқарылмаған болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну туралы» қағидаларының 20-тармағына сәйкес, дебиторлық берешек сомаларын өндіріп алу, ал кредиторлық берешек – өтелуі керек. Дебиторлармен және кредиторлармен аяқталмаған есеп айырысулар тексерілуі және расталуы қажет. Алайда, аталған заңнамалар нормаларының талаптары орындалмай, Мекеме тарапынан тиісті шаралар уақытылы атқарылмаған.

3 тармақ. 2024 жылдың 24 шілдесінде Мекеме мен «Девятка» ЖШС арасында барлығы 10 489,9 мың теңгеге металлдан жасалған ақпараттық тақтайшалар (аншлагтар) сатып алу үшін № 88 (веб-порталда № 941240000123/240088/00) келісім-шарты жасалған. Міндеттемелердің орындалу мерзімі келісім шарттың №1 қосымшасына сәйкес Шартқа қол қойылғаннан кейін 14 күн деп белгіленген, немесе тауарларды жеткізу мерзімі 2024 жылдың 07 тамызы күнін білдіреді. Негізгі келісім-шартқа қосымша келісім жасалмаған.

Мекемемен аталған мемлекеттік сатып алу бойынша ұсынылған құжаттарын, яғни тауарларды жеткізу туралы жүкқұжатына сәйкес аталған тауар Өнім берушімен 2024 жылдың 12 қыркүйегінде жеткізілгені, немесе 36 күнге кешіктіріліп тапсырылғандығы анықталды. 

Мемлекеттiк сатып алу Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7.3 тармағына сәйкес Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс.

Алайда, аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты жоғарыда көрсетілген шаралар қолданбағандығы немесе 377,6 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.

4 тармақ. Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге  қатысты Мемлекеттiк сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасына қайшы,  «Қонаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне Өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

2. «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1 тармақ. Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 Қағиданың 2-тарауының 3-тармағы 1 және 2-тармақшаларының талаптары сақталмай: Мекеменің 2023 жылғы 17 қазанындағы №11 өкімі негізінде басшы орынбасары 15-27 қазан күндері қызметтілік қажеттілікке байланысты Жаркент қаласына іс-сапарға жіберілген. Алайда, №4591006/23-406 және №4591006/23-439 төлем шоттарымен Т.Е.Лепесбаевқа тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын және тәуліктік өтемақыны қосқанда 1 күнге 55,2 мың теңгеге артық есептеліп төленгені анықталып, аудит барысында толықтай жергілікті бюджетке қайтарылды.

2 тармақ. «Қонаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бухгалтерлік есеп шоттарында қолма-қол ақшасыз жолмен жүзеге асырылған операцияларды көрсетудің дұрыстығы мен уақытылығына жүргізілген аудитімен есепті кезеңнің басында 1043 «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» шотында 2024 жылдың аяғына 46,1 мың теңге көлемінде ақша қаражаттары қалыптасқан. Мемлекеттік аудит барысында аталған шотта 46,1 мың теңге 2020 жылы Мекемемен өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету мақсаттары үшін сақтандыру шарты ретінде Өнім берушілермен салынған ақша қаражаты екені анықталды.

3 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет кодексінің 20-бабының 6-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді. Демек, қалдық сома 7702,0 мың теңге бюджетке қайтарылуға тиіс.

3.«Қонаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша: 

1 тармақ. Мекемемен ұсынылған бюджеттік өтінімдерге сәйкес, 2024 жылдың соңына 001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» мемлекеттік қаржылардыруға жалпы  93 641,0 мың теңге жоспарланған.  

2024 жылы 149 ерекшелігіне «Басқада тауарларды сатып алу»,159 ерекшелігіне «Басқа жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу», 161 ерекшелігіне «Мемлекет ішіндегі  іс-сапар шығыны», 169 ерекшелігіне  «Өзгеде де шығындар», 111 ерекшелігіне «Зейнетақы қоры», ешқандай қажетсіз қосымша 12554,0 мың теңге қаралып әр мейрамдарға сый ақыға пайдаланған.

       Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік, яғни бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану принципінің сақталмағандығы болып табылады.

Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жосарлау және (немесе) пайдалану. Демек, 2023 жылға жоспарланып берілген қаражаттардың  12554,0 мың теңгесі тиімсіз жоспарланған болып табылады.

4. «Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт   бөлімі»  мемлекеттік мекемесі бойынша:

1 тармақ. 2024 жылы 001 «Жергілікті деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының 149 «Өзге де қорларды сатып алу» ерекшелігі бойынша  жыл басына 912,0 мың теңге жоспарланған. Алайда, қазан және желтоқсан айларында 592,0 мың теңге басқа да ерекшеліктерге жылжыту арқылы басқа да шығындарға жұмсалып, жыл соңында 320,0 мың теңге игерілген.

Бұл ретте, 04.12.2008 ж. №95-IV (кейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 3 бабы 1 тармағының 12-4 тармақшасының, 4 баптың 1 бөлігі 12 тармақшасының талаптары басшылыққа алынбай 592,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.

2 тармақ. 001 «Жергілікті деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша 2024 жылы 7 389,0 мың теңге жоспарланған. Алайда, жыл ішінде 7 184,0 мың теңге басқа да ерекшеліктерге жылжыту арқылы басқа да шығындарға жұмсалып, жыл соңында 205,0 мың теңге игерілген.

Бұл ретте, 04.12.2008 ж. №95-IV (кейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 3 бабы 1 тармағының 12-4 тармақшасының, 4 баптың 1 бөлігі 12 тармақшасының талаптары басшылыққа алынбай 7 184,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.

3-Тармақ. 001 «Жергілікті деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының 161 «Ел iшiндегi iссапарлар мен қызметтiк сапарлар» ерекшелігі бойынша 2024 жылдың басына 600,0 мың теңге жоспарланған. Алайда, жыл ішінде 550,0 мың теңге басқа да ерекшеліктерге жылжыту арқылы басқа да шығындарға жұмсалып, жыл соңында 50,0 мың теңге игерілген. Бұл ретте, 04.12.2008 ж. №95-IV (кейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 3 бабы 1 тармағының 12-4 тармақшасының, 4 баптың 1 бөлігі 12 тармақшасының талаптары басшылыққа алынбай 550,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.

4 тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының  43 бабының 24 тармағы және 2024 жылдың 23 қазандағы келісім шарттың 7.3 тармағының талаптары сақталмай, келісім шарт бойынша 17,8 мың теңге (888,0*0,1*20) тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) қалыптасқан. Мекеме сол келісім шарт бойынша 17,8 мың теңге тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етілмеген.

5 тармақ. Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу заңнының 12 бабы 4 тармағының 3) тармақшасы басшылыққа алынбай, мекеме сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, сотқа «Ташкенова» ЖК-н өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып жүгіну міндеттірін қамтамасыз етілмеген.

4.1. «Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамытту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қонаев қаласының мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына үстеме аудит жүргізу бойынша:

1-тармақ. Қазақстан Республиасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43 бабы, 20 тармағына сәйкес Мемлекеттік сатып алу туралы шарт осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтер көрсеткені үшін толық төлем жасау туралы талаптарды қамтуға тиіс. Бірақ, кәсіпорын мердігерге 27.02.2025 жылы №1 төленетін шот-фактурамен 27 күн кешіктіріп  төлеген.

4.2. «Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шеңгелді ауылының мәдениет үйі»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына үстеме аудит жүргізу бойынша:

1 тармақ. 2024 жылдың қыркүйек айында Кәсіпорын мен «Technology Trade Company» ЖШС арасында барлығы 1036,0 мың теңгеге дизель оттығын сатып алу үшін № 40 келісім шарты жасалған. Міндеттемелердің орындалу мерзімі келісім шарттың №1 қосымшасына сәйкес келісім шартқа қол қойылған күннен 15 күнтізбелік күн деп белгіленген, немесе тауарларды жеткізу мерзімі 2024 жылдың 02 қазаны болып айқындалған. Негізгі келісім-шартқа қосымша келісім жасалмаған. Мекемемен аталған мемлекеттік сатып алу бойынша ұсынылған құжаттарын, яғни тауарларды жеткізу туралы жүкқұжатына сәйкес аталған тауар Өнім берушімен 2024 жылдың 08 қазанында жеткізілгені, немесе 6 күнге кешіктіріліп тапсырылғандығы анықталды.  Мемлекеттiк сатып алу Заңының 43 бабының 24 тармағының және негізгі келісім шарттың 7.3 тармағына сәйкес Қызмет көрсету мерзімдерін өткізіп алған жағдайда, Тапсырыс беруші Өнім берушіден ол міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады) не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) ұстайды (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-нан аспауға тиіс. Алайда, аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты жоғарыда көрсетілген шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған. Өз кезегінде, «Technology Trade Company» ЖШС-не есептелінетін тұрақсыздық айыбы 1 036 000 *0,1%*6 күн = 6,2 мың теңгені құрап отыр.

2 тармақ. Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге  қатысты Мемлекеттiк сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасына қайшы,  «Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шеңгелді ауылының мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өзіне Өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

5. «Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1 тармақ. Мекемемен ұсынылған бюджеттік өтінімдерге сәйкес,  2024 жылдың басында 001 Жергілікті деңгейде экономикалық саясатты қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау,  бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару  саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер бойынша Қазынашылық басқармасының 4-20 нысандарына сәйкес, Мекемемен жыл бойы көрсетілген бюджет қаражаттарының барлығы 73617,0 мың теңгесіне міндеттемелер қабылданып пайдаланған.    2024 жылы 111, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 149, 152, 159 және 161 ерекшеліктерінен 112 «сый ақы» ерекшелігіне ешқандай қажетсіз қосымша 20056,5 мың теңге жылжытылып әр мейрамдарға сый ақыға аударылып, мекеме қызметкерлеріне төленген. Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік, яғни бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану принципінің сақталмағандығы болып табылады.  

Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.  Демек, 2024 жылға жоспарланып берілген қаражаттардың  20056,5 мың теңгесі тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2 тармақ. № 256 Қағиданың 2-тарауының 3-тармағы 2-тармақшасы талаптары сақталмай барлығы 22,1 мың теңге іс сапар шығындары негізсіз төленгендігі анықталды.

3 тармақ. Мекемемен ұсынылған бюджеттік өтінімдерге сәйкес,  2024 жылдың басында 014 Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету бағдарламасы бойынша Қазынашылық басқармасының 4-20 нысандарына сәйкес, Мекемемен жыл бойы көрсетілген бюджет қаражаттарының барлығы 94457,0 мың теңгесіне міндеттемелер қабылданып пайдаланған.

2024 жылы 111, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 149, 152, 159 және 161 ерекшеліктерінен 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігіне ешқандай қажетсіз қосымша 19413,2 мың теңге жылжытылып әр мейрамдарға сый ақыға аударылып, мекеме қызметкерлеріне төленген. Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік, яғни бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану принципінің сақталмағандығы болып табылады.  Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.  Демек, 2024 жылға жоспарланып берілген қаражаттардың 19413,2 мың теңгесі тиімсіз жоспарланған болып табылады.

6. «Қонаев қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»  мемлекеттік мекемесі бойынша:

1 тармақ. Мекемемен ұсынылған бюджеттік өтінімдерге сәйкес, 2024 жылдың басында 001 Жергілікті деңгейде экономикалық саясатты қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау,  бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару  саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер бойынша Қазынашылық басқармасының 4-20 нысандарына сәйкес, Мекемемен жыл бойы көрсетілген бюджет қаражаттарының барлығы 31412,0 мың теңгесіне міндеттемелер қабылданып пайдаланған.  2004 жылы 111, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 149, 152, 159 және 161 ерекшеліктерінен 112 «сый ақы» және 113 «өтемақы төлемдері» ерекшелігіне ешқандай қажетсіз қосымша 13298,0 мың теңге жылжытылып әр мейрамдарға сый ақыға аударылып, мекеме қызметкерлеріне төленген. Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік, яғни бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану принципінің сақталмағандығы болып табылады.

Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану. Демек, 2024 жылға жоспарланып берілген қаражаттардың  13 298,0 мың теңгесі тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2 тармақ. Аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 171 235,3 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған. Демек, мекемеге аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу бағдарламасы бойынша жоғарыда аталған қаражаттың қажеттілігі туындалмаған.

Сонымен ҚР Бюджет Кодексінің 3-бабы 12-4) тармақшаларының талаптары бұзылды-бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін бюджет қаражатын жоспарлауға және (немесе) пайдалануға сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау (немесе) тиімсіз пайдалану, 4-баптың 9) тармақшасы-бюджетті нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттардың негізінде жоспарлау. кез-келген түсімдер мен шығыстардың бюджетінің жобасы және олардың көлемінің негізділігі негізділік қағидаты ретінде. 3 - баптың 12) тармақшасында тиімділік қағидаты да көзделген, оған сәйкес-бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең жақсы тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалана отырып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару болып табылады.

  1. «Қонаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:

1 тармақ. Мекемемен ұсынылған бюджеттік өтінімдерге сәйкес 2024 жылдың қазан айында 001 «Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу» бюджеттік бағдарламасына 25 000,0 мың теңге, оның ішінде қызметтік автомашинаны жөндеу, мөр дайындау, стендтерді, жалаушалар мен плакаттарды дайындау, жеткізу, орнату, монтаждау (бөлшектеу) жұмыстарын жасату мақсатында 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігіне 23 623,0 мың теңге берілген.

Алайда, мемлекеттік сатып алулар веб-порталынан алынған мәліметтерге сәйкес Мекемемен 2024 жылы жүргізілген сатып алуларын қарау нәтижесінде 2024 жылдың қазан айынан жыл аяғына дейінгі мерзімде жоғарыда аталған ерекшелікке қаралған бюджет қаражаттарының 1600,0 мың теңгесі ғана игеріліп, қызметтік автокөлікке техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, стендтерді дайындау жұмыстарына жұмсалғандығы анықталған.

Сонымен қатар, Мекеменің жеке қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтауларға сәйкес, 001 «Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу» бюджеттік бағдарламасы 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігінен қараша айында 11889,0 мың теңге, желтоқсан айында 10 134,0 мың теңге қаражаттары бюджеттік өтінімге сәйкес жоспарланған қызметтер мен жұмыстарға жұмсалынбай, басқа да ерекшеліктерге жылжыту арқылы игерілгендігі анықталған. Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген тиімділік – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару қағидатының сақталмағанды болып табылады. Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану. Демек, 2024 жылға жоғарыда көрсетілген 22 023,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2 тармақ. Аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, 2023 жылдың қараша айында бюджеттік өтінімдер және қосымшаларына сәйкес 001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 152 «Байланыс қызметтерiне ақы төлеу» ерекшелігіне байланыс және интернет қосу қызметтеріне ақы төлеуге 159,0 мың теңге қажет болып, толығымен берілген. Алайда, Мекемемен аудитке ұсынылған қазынашылық басқармасының 4-20 нысанындағы шығындар бойынша жиынтық есепке сәйкес, жоғарыда көрсетілген шығындарға жоспарланған қаражаттар сол жылдың желтоқсан айында толығымен 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігіне қаралып, қызметкерлерге сый ақы ретінде төленген.

Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеу туралы» бірыңғай Ережесінің 13-тармағына сәйкес, сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады. Демек, қызметкерлерге сый ақы ретінде жоғарыда 159,0 мың теңге қаражаттарын төлеу негізсіз болып табылады және тиісті тұлғалардан жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

3 тармақ. 2024 жылдың 07 желтоқсанында «Геодезиялық жерсерік қабылдағыш» құралын сатып алу үшін 2 199,1 мың теңгеге «Евсей» жеке кәсіпкерлігімен №230840032767/240071/00 келісім-шарты түзіліп, қазынашылық басқармасында 2024 жылдың 08 желтосқанында тіркеуден өткен. Мекемемен ұсынылған құжаттарға сәйкес, Өнім берушінің өз міндеттерін тиісті түрде орындамағаны, немесе тауарды Тапсырыс берушінің талап еткен техникалық ерекшелігіне сәйкес әкелмеуіне байланысты 2024 жылдың 30 желтоқсанындағы № 230840032767/240071/01 қосымша келісіммен негізгі келісім-шарт бұзылған. Жоспарланған қаражаттар игерілмеген. Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 4-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын және (немесе) шарттың талаптарын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті.

Алайда, Тапсырыс беруші «Қонаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан «Евсей» жеке кәсіпкеріне қатысты мұндай шаралар қолданбағаны анықталды.

4 тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы» Қағидаларының 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс. Аудит барысында Мекемемен ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2023 жыл қорытындысына сәйкес Мекеме бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша барлығы 99,9 мың теңге көлемінде дебиторлық қарыздар қалыптасқаны анықталды.

Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (2023 жылға бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.

  1. «Қонаев қаласының Шеңгелді ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі бойынша: бойынша:

1 тармақ. 2023 жылдың қараша айында 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы 151 «Коммуналдық қызметке ақы төлеу» ерекшелігі  бойынша Қонаев қаласы Мәслихатының 29 желтоқсанындағы № 36-101 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шеңгелді ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 9 қаңтарындағы № 2 шешіміне сәйкес 2027,0 мың теңге жоспарланып берілген. Алайда, аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, жыл аяғына дейін жоғарыда көрсетілген қаражаттардың қажет болмауына байланысты желтоқсан айында 1 527,0 мың теңгесі басқа ерекшеліктерге жылжыту арқылы игеріліп, 500,0 мың теңгесі бюджет есебіне қайтарылған. Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік – яғни бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару қағидатының сақталмағанды болып табылады. Демек, 1 527,0 мың теңге мен пайдаланусыз қайтарылған 500,0 мың теңге, барлығы 2 027,0 мың теңге қаражат тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2 тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы» Қағидаларының 5-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс. Аудит барысында Мекемемен ұсынылған тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасындағы өзара есеп айырысу актілеріне сәйкес, 2023 жылдың 31 желтоқсанына «Алматы Энерго Сбыт» ЖШС-гіне 1 615 048 теңге дебиторлық, 473 773 теңге кредиторлық берешек және «Казақтелеком» АҚ-на 78 771 теңге артық төленіп дебиторлық қарыз, 72 911,2 теңге кредиторлық берешек  қауыптасқаны анықталды. (100 925,88 теңгенің 28014,67 теңгесі қаржылық есептілікте көрсетілген).

Алайда, жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарына қайшы, Мекеменің 2023 жылдың қорытындысы бойынша әзірленіп, өткізілген қаржылық есептілігін тексеру барысында бухгалтерлік баланстың 014 жолы мен 215 жолында есепті жылдың аяғында «Алматы Энерго Сбыт» ЖШС-гінің  және «Казақтелеком» АҚ-ның алдында қалыптасқан қысқа мерзімді дебиторлық пен кредиторлық берешектер көрсетілмегендігі анықталды, немесе бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактілер орын алған.

3 тармақ. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы бекітілген № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы» Қағидаларының 15-тармағының талаптары сақталмай 2024 жылдың 31 желтоқсанына «Алматы Энерго Сбыт» ЖШС-гіне 214 808 теңге кредиторлық берешек және «Казақтелеком» АҚ-на 138 849 теңге артық төленіп дебиторлық қарыз орын алғаны анықталды. Алайда, жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарына қайшы, Мекеменің 2024 жылдың қорытындысы бойынша әзірленіп, өткізілген қаржылық есептілігін тексеру барысында бухгалтерлік баланстың 014 жолы мен 215 жолында есепті жылдың аяғында «Алматы Энерго Сбыт» ЖШС-гінің  және «Казақтелеком» АҚ-ның алдында қалыптасқан қысқа мерзімді дебиторлық пен кредиторлық берешектер көрсетілмегендігі анықталды, немесе бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактілер орын алған.

4 тармақ. 2024 жылдың 02 мамырында Мекеме мен «Construction Build KZ» жауакершілігі шектеулі серіктестігі арасында 4 368 000 теңгеге Сарыбұлақ ауылында воркаут алаңын орнату жұмыстарына №240010 келісім шарты жасалған. Міндеттемелердің орындалу мерзімі келісім шарттың №1 қосымшасына сәйкес 2024 жылдың сәуір-мамыр айы деп белгіленген. Мекемемен аталған мемлекеттік сатып алу бойынша ұсынылған құжаттарын, немесе орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) актілерін қарау барысында атқарылған жұмыстар  кешіктіріліп орындалғаны анықталды. Атап айтқанда, 4 368 000 тенге құрайтын жұмыстар 9  күнге кешіктіріліп 2024 жылдың 10 маусымындағы №2  орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) актісімен тапсырылғандығы анықталды. 

          Аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының (әрі қарай - Заң) 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған. Өз кезегінде, «Construction Build KZ» ЖШС-ке есептелінетін тұрақсыздық айыбы 39 312 теңгені құрап отыр.

          5 тармақ. Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге  қатысты Мемлекеттiк сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес шаралар  қолданбаған,  «Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

  1. «Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қонаев қаласының кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

1 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысының 5-тармағының 1) тармақшасының талаптары сақталмай, Мекеменің мемлекеттік басқару органы Қонаев қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бола тұрып, 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №01-06/57 бұйрықпен  басшының міндетін уақытша атқарушы А.Актановаға Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне орай сыйақы тағайындалған.

  1. тармақ. 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №01-06/57 бұйрықпен басшының міндетін уақытша атқарушы А.Актановаға Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне орай сыйақы тағайындалған, алайда А.Актанова қаржы қызметкері болып табылмағандықтан, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V 107-бабы 3-тармағының талаптарына қайшы келеді және 148,6 мың теңге мөлшерінде бір лауазымдық еңбекақы көлемінде негізсіз сыйақы төленуіне алып келді.
  1. тармақ. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» №413-IV Заңының 124-бабы 4-тармағының, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (жалпы ережесін) және Мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» №1202 бұйрығымен 9-бөлімінің 38-тармағының, сондай-ақ Қонаев қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 11 шілдедегі №747 қаулысымен бекітілген Мекеменің Жарғысының 9-бөлімінің 37-тармағы сақталмай мекеменің нақты құрылымына сәйкес келмейді, бұл өз кезегінде жүйелі кемшілікке алып келген.

4 тармақ. 2023 жылғы 29 қарашадағы «Дизайн» жарияланбаған туындысының жалғыз авторы жасаған интерьер және сыртқы дизайнға сәйкес «Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-ң «Қонаев қаласының кітапханасы» КММ-не дизайн, кешенді модернизация, эстетикалық ресімдеу жүргізу қызметтеріне 2024 жылдың 05 қазанында «Consulting Company KZ» ЖШС-мен 257 174,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалған. 2024 жылдың 17 желтоқсанында аталған қызметтерге қосымша 91 358,4 мың теңге берілуіне байланысты қосымша келісім жасалып, жалпы сомасы 348 532,4 мың теңгені құраған. Қаражаттар көрсетілген қызметтер актілеріне сәйкес төленген.

Алайда, аудит барысында аталған қызметке қатысты ұсынылған құжаттар негізінде және объектіні визуалды қарау нәтижесіне қарай, «Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-ң «Қонаев қаласының кітапханасы» КММ-не құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде орындалатын және құрылыстың ажырамас және маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын іс-шаралар кешенінің толық өткізілгендігін көрсетеді.

10. «Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша:

  1. тармақ. Аудит барысында мекеме теңгеріміндегі құндылықтарға тексеріп қарау жұмыстарын жүргізгенде жалпы сомасы 31,4 мың теңгеге материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі анықталды.Сол себептен материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі, сондай-ақ табиғи азаюдың нормадан артық бүлінуі кінәлі адамдарға жатқызылады. Бұл кемшілік Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы №423 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемлерде түгендеу жүргізу туралы» қағиданың 15-тарау, 58- тармағының талабы сақталмауынан орын алған. Анықталған кемшілік аудит кезінде толық өндірілді. 

2 тармақ. Аудит жүргізу барысындаспорттық жарыстар өткiзу қызметінің ерекшелігіне сәйкес қаржыландырылған бюджеттік бағдарламалары оның ішінде 169-шы ерекшелік бойынша жарыстарға төрешілік ету қызметіне жұмсалған қаражаттыңтөлену дұрыстығын тексергенде келесідей бұзушылық анықталды:Яғни футбол ойынына төрелік ету үшін қатыстырылған төреші Е.Т.Нұрлановқа қызметі үшін 2023 жылдың мамыр айында барлығы 191,1 мың теңге еңбек ақы тиісті келісім шартсыз, еңбек шартсыз төленгендігі анықталды. Бұл кемшілікҚазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексі»-нің 1-бабы, 1-тармағы, 36)- тармақшасының талабына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 24.04.2020 жылғы №100 бұйрығымен бекітілген Ереженің 1-тарау, 4-тармағының талабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулысының 8-қосымшасының талабына қарсы келеді.

 

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Аудит барысында анықталған заңбұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі №409 Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы №120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсанындағы №195 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашасындағы № 72 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығы талаптарының толық сақталмауынан орын алған.

Жалпы аудан бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы аудиторлық бақылау кезінде қарастырылып, мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, лауазымды тұлғалардың, мекеме қызметкерлерінің өз лауазымдық қызметтерін атқару барысында жауапкершілікпен қарайды деген пікір қалыптасты.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейінгі мерзімде өтелуге тиіс қаражаттардың 8796,4 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өтелді, 3515,0 мың теңге көлеміндегі жарналар республикалық бюджет есебіне аударылды және 2694,1 мың теңгенің бұзушылықтары бойынша қалпына келтірулер жасалды.

Құқықтық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшесімен заң сараптамасы жүзеге асырылған соң аудит барысында анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабы бойынша 6 материал, 238 бабы бойынша 2 материал,  барлығы 8 материал әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін жолданды.

Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген мемлекеттік аудит объектілерінің 1 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулыларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының  талаптарының сақталмауынан орын алған.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

Қонаев қаласының жергілікті бюджетін жоспарлау және орындау, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНЫЛАДЫ:

1. Аудит объектілері тарапынан анықталған заң бұзушылықтардың салдарын барынша азайтуға бағытталған шаралар, атап айтқанда өтелуге тиіс қаражаттардың жергілікті бюджет есебіне өтелуі және бұзушылықтарды  қалпына келтірілуі фактілерін назарға алу және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізу.

2. «Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қонаев қаласының кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысына өзгеріс енгізу туралы Ұсыным жіберу.

3. «Қонаев қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-ң «Қонаев қаласының кітапханасы» КММ-не дизайн, кешенді модернизация, эстетикалық ресімдеу жүргізу бойынша атқарылған қызметтер (жұмыстар) фактілері бойынша Алматы облысының Прокуратурасына материалдар жолдау.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                Б.Есжанов

 

Аудит жүргізуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                           А.Сәді

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы М.Сканов

 

 

Аудит тобының жетекшісі                                            А.Сәді

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ