| Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
![]() |
| Президент Республики Казахстан | |
Итоги государственного аудита
Алматы облысының білім басқармасы
| Категория: Итоги государственного аудита | |
| Дата: 25.07.2025 | |
| Просмотры: 87 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Білім беруді дамытуға және сапасын артыруға бөлінген қаражатың пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті
Қонаев қаласы
2025 жыл
Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М. Мұсаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлім
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Білім беруді дамытуға және сапасын артыруға бөлінген қаражатың пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Білім беруді дамытуға және сапасын артыруға бөлінген қаражатың пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:
1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
2. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
3. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2023 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 2024 жылдың 31-желтоқсан аралығы.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік.
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау
Алматы облысындағы білім беру объектілерінің саны - 1753, оның ішінде 479 жалпы білім беретін мектеп (оның ішінде 46 жекеменшік мектеп), 1 161 мектепке дейінгі мекеме (оның ішінде жекеменшік 982), 40 колледж (оның ішінде жекеменшік 18), 33 қосымша білім беру ұйымы, 4 балалар үйі (оның ішінде 3 жекеменшік), 9 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, 13 коррекциялық түзету кабинеттері, 3 арнайы мектеп-интернат, кешкі ауысым бөлімшесі бар 6 мектеп (оның ішінде 4 түзеу мекемесінде), 5 оқу өндірістік комбинаты.
Білім беру саласының 2024 жылға арналған бюджеті
2024 жылғы бекітілген бюджет бойынша білім беру ұйымдарын ұстауға 339,4 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде еңбекақы төлеу қоры 206,3 млрд. теңгені немесе барлық бюджеттің 61,4% - ын құрайды.
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту
2024 жылы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жабдықтауға 2024 жылы 1 млрд 738 млн теңге бөлінді,
оның ішінде: - мектеп кітапханаларын жаңғырту жергілікті бюджеттен - 50,0 млн. теңге бөлінді,
- білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жабдықтау үшін 509,2 млн. теңге,
- генераторларды, сұйық отын үшін сыйымдылықтарды, пештерді, өртке қарсы, қосалқы бөлшектерді сатып алуға 551,9 млн теңге,
- лизинг автобусы – 392,3 млн.теңге.
- білім беру ұйымдарына материалдық-техникалық базасын жабдықтау үшін 744,5 млн.теңге.
Сондай-ақ оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 2 млрд 869 млн теңге бөлінді.
Компьютерлерді сатып алу – 245,9 млн.теңге.
«Starlink» спутниктік технологияларын пайдалана отырып, ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге облыстың 73 мектебін қосу үшін облыстық бюджеттен 131,2 млн.теңге бөлінді.
Үш ауысымды мектептерді жою бойынша
Қазіргі таңда Алматы облысында 2023-2024 оқу жылының аяғына 39 мектеп үш ауысымда жұмыс жасады (Еңбекшіқазақ ауданында 2 мектеп, Жамбыл ауданында 7 мектеп, Қарасай ауданында 6 мектеп, Іле ауданында 18 мектеп, Талғар ауданында 6 мектеп).
2023 жылдың қаңтар айында облыста 52 мектеп үш ауысымда жұмыс атқарған. Облыс әкімдігімен үшауысымды оқыту мен оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында қадамдық жоспар жасалып, 2023 жылы 14 400 орындық 14 мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.
Бұдан басқа, облыста үш ауысымда оқыту мен оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысымен 2023-2024 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 54 600 орындық 53 мектеп құрылысын салу жоспарланып, бекітілді (Еңбекшіқазақ - 10, Жамбыл - 7, Іле - 13, Қарасай - 10, Талғар - 12, Қонаев - 1).
Осы мақсатта 2023-2025 жылдарға республикалық бюджеттен 311,3 млрд. теңге қарастырылды (2023 ж. – 59,2 млрд. тенге, 2024 ж. – 74,9 млрд. тенге, 2025 ж. – 177,2 млрд. тенге).
Бірінші кезеңде 2023 жылы 24 900 орындық 26 мектептің құрылысын салу жоспарланды. Бірақ, Іле ауданы, Түймебаев ауылындағы мектептің құрылысы ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданғаннан кейін 2024 жылы басталды.
26 мектеп құрылысының жер телімі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның атына аударылды.
Барлығы 26 нысаннан 17-сінде сараптаманың оң қорытындысы бар, 15 нысан бойынша құрылысты бастауға рұқсат алынған және 18 нысан бойынша жиһаз жеткізушілермен шарт жасалынған.
Екінші кезеңдегі 29700 орындық 27 мектептің құрылысы 2024 жылы басталады. 27 нысан бойынша жер телімдері толық шешіліп, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның атына аударылды.
Сонымен қатар, инвесторлар тарту арқылы 5300 орындық 4 мектеп
құрылысы жүргізілуде (2 мектеп ағымдағы жылдың 1 қыркүйегі, 2 мектеп жыл соңына қолданысқа беріледі деп жоспарлануда). Бұл нысандар да үшауысымды мектептер мен оқушы орнының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.
Орта білім
2023-2024 оқу жылының аяғына барлық үлгідегі мектеп саны 479, ондағы оқушы саны – 368 925 (былтырғы жылмен салыстырғанда 12 690 балаға артып отыр ).
Оның ішінде мемлекеттік мектептер саны – 433, ондағы оқушылар саны – 352 513, былтырғы жылмен салыстырғанда 9886 (2023 жылдың желтоқсан айына 429 мектепте – 342 627 оқушы) балаға артып отыр.
Қазақ тілінде оқытатын - 239 мектеп (оқушы саны – 139 113), орыс тілінде – 1 (оқушы саны – 2043), аралас тілде – 191 (оқушы саны – 200 718), ұйғыр тілінде-2 мектеп бар (оқушы саны – 753).
Жекеменшік мектептер саны – 46, ондағы бала саны – 16 412, былтырғы жылмен салыстырғанда 2804 (2023 жылдың желтоқсан айына 36 мектепте – 13 608 оқушы) балаға артып отыр.
2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру сапасының деңгейі 67,9 пайызды құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда +1,5 % өсім бар (2022-2023 оқу жылының қорытындысы – 66,4%).
Ағымдағы оқу жылында 36 000 оқушы қабылданады деп жоспарланып отыр. (Өткен оқу жылында бірінші сыныптарға 35 521 оқушы қабылданды). Бүгінгі күнге 1 сыныпқа 25 741 оқушы (жекеменшік мектептерге 1 862 оқушы) қабылданды. Оның ішінде қазақ тілінде – 20 316 (78,9 %) оқушы, орыс тілінде – 5007 (19,5%) оқушы, ұйғыр тілінде – 418 (1,6%) оқушы.
ҰБТ ұйымдастыру және өткізу
Алматы облысы бойынша жалпы мектеп бітіруші түлектер саны – 14 227, оның ішінде 11 сыныптары бар мемлекеттік 377 жалпы орта мектепте 13 608 түлек, 25 жекеменшік жалпы білім беретін мектепте – 619 түлек.
«Алтын белгі» төсбелгісі иегерлері саны – 946 (мемлекеттік мектептерде – 866 түлек, жекеменшік мектепте – 80 түлек), «Үздік аттестат» иегерлері саны- 1210 оқушы.
Бүгінгі таңда облыста 240 орындық Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің 3 пункті жұмыс істейді (Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы Райымбек орта мектебі мен Қарасай ауданында Қаскелең қаласындағы орта мектеп-гимназиясы базасында және Сүлеймен Демирел атындағы университет базасында тест орталығының бөлімшелері).
Ұлттық біріңғай тестілеуіне 11814 оқушы тіркеліп, 11438 бала тапсырды.
Ұлттық бірыңғай тест тапсырған түлектер ішінде 629 түлек 110-нан жоғары балл жинады. Оның ішінде, 110 мен 120 балл аралығында 431 бала, 121 мен 130 балл аралығында 154 бала, 131 мен 140 балл аралығында 44 бала балл жинады. 130 баллдан жоғары 63 түлек (130 балл-19, 131 балл – 10, 132 балл – 10, 133 балл – 10, 134 балл – 6, 135 балл – 3, 136 балл – 2, 137 балл – 1, 138 балл – 1, 140 балл – 1),
1 түлек 138 балл және Талғар ауданы Қарабұлақ ауылындағы №22 жалпы орта білім беретін орта мектеп бітірушісі Еңсебек Жаннұр Абзалұлы рекордтық 140 балл жинады.
ҰБТ кезінде 27 түлек тестілеуден шығарылды (7 – тестілеу, 20 тестілеу басталмай шығарылған).
Сапалы білімді меңгерген білікті маман – қоғам дамуының басты факторы. Бұл бағытта аймағымыздағы білімге құштар, дарынды жастарға ерекше қолдау көрсетілуде.
Облыс әкімінің қолдауымен облысымыздың 30 түлегіне Қытай Халық Республикасының Синьцзян университетіне жолдама беріліп отыр.
Сонымен қатар, биылғы жылғы 68 түлек халықаралық байқауларға қатысып, жоғарғы балл жинап, шет елдік оқу орындарының грант иегерлері атанды (Еңбекшіқазақ ауданы – 2, Жамбыл ауданы – 4, Іле ауданынан – 20, Қарасай ауданынан – 13, Райымбек ауданы – 1, Талғар ауданынан - 10, , Қонаев қаласынан – 13, мамандандырылған білім беру ұйымдарынан - 5 оқушы)
Облыстың білім беру жүйесін цифрландыру
Облыстағы 433 мектептің барлығы 100% компьютерлік техникамен жабдықталған. Компьютерлердің жалпы саны – 77280 (ауылдық 67638, яғни 87,5%) компьютер бар.
1 компьютерге келетін оқушылар саны – 5,1 (планшетті есепке алмағанда) құрайды (ауылдық – 5,1).
2024 жылға 665 компьютерлік техниканы сатып алуға 245,9 млн. теңге бөлінді.
Бүгінгі күнге конкурстық іс-шаралар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда облыстың 432 мектеп 100% интернет желісіне қосылған. 433 мектептің 392-і ауылдық (оның ішінде 368- сі (94%) интернет жылдамдығы 8 Мбит/сек-тен төмен емес), 40 қалалық мектеп (оның ішінде 40-і (100%) - 20 Мбит/сек-тен төмен емес). Яғни, облыс бойынша 408 (94,4%) мектеп 8 Мбит/с төмен емес талшықты-оптикалық байланыс желісі, мыс кабелі, жоғары жылдамдықты радиомост технологиясы арқылы қосылған.
2024 жылға жергілікті бюджет есебінен кеңжолақты интернет желісіне қосылуға 609 млн. тенге қаражат бөлінді.
Жалпыға бірдей білім беру қоры
Облыс бойынша бүгінгі күні 1-4 сыныптардағы 142 371 оқушы ыстық тамақпен қамтылған, сонымен қатар, 30 419 (21,02%) аз қамтылған отбасылардан шыққан 5-11 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысына сәйкес).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2022 жылғы 08 тамыздағы №544 бұйрығына сәйкес 2024 жылы мемлекеттік білім беретін 432 мектептің 52 677 жекелеген санаттарындағы білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне жалпыға бірдей білім беру қорынан мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге (әр балаға 43 407 теңге көлемінде ата-аналарының жеке карт-шоттарына аударуға) облыстық бюджеттен 2 млрд. 286,6 мың. теңге сомасында қаражат бөлінді.
2024 жылы жекелеген санаттағы 3 647 бала жазғы сауықтыру лагерімен қамтылып, жалпыға бірдей білім беру қорынан 474,2 млн теңге бөлінді.
Оқушыларды тасымалдау
Облыстағы басты проблемалардың тағы бірі балаларды тасымалдауды сапалы ұйымдастыру. 2023-2024 оқу жылында 95 елді мекеннен 13 111 бала, 155 саяжай учаскесінен 19 585 оқушы, барлығы 32 696 оқушы тасымалданады. 2022 жылы 146 автобус тасымалдаса, 2023 жылы 185 автобус тасымалдау жүргізуде. 2023 жылы лизинг арқылы 36 автобус сатып алынды.
Оқулықтар бойынша
Алматы облысы бойынша білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы білім 2 млрд. 869 мың 389 теңге бөлініп, 16 баспадан (Алматы Кітап, Астана Кітап, Атамұра, Арман ПВ, Мектеп, Көкжиек-Горизонт, "Express Publishing", "Study Inn" (Cambridge University Press & Assessment), Oxford University Press, MM PUBLICATIONS, "Сапалы білім баспасы", "MACMILLAN EDUCATION", "Назарбаев Интеллектуальные школы", САТР, Әл-Наир, Келешек-2030) 836130 дана оқулықтар алуда.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің кезекті отырысында Президент Қ.К. Тоқаевтың «Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру және оқушы сөмкесінің салмағын жеңілдету» жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, «TopIQ» білім беру web-платформасын 2024-2025 оқу жылында облысымыздың 363 мектебін немесе 83% қамтамасыз ету жоспарлануда.
Орта білім беру ұйымдарында кітапхана қорын толықтыру үшін 2024 жылы 100,0 млн. теңгеге көркем әдебиеттер сатып алу жоспарлануда.
Кадрлармен қамтамасыз ету
Қазіргі уақытта Алматы облысының 432 мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерінде 31 751 мұғалім жұмыс істейді (2022-2023 оқу жылында 32758 мұғалім). Мұғалімдердің 54,9% - квал (17 460) біліктілік санаттары бар (педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер). 2023 жылы 7 814 педагог пәндік құзыреттілік бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Педагогикалық кадрларға қажеттілік 103 бірлікті құрайды, бұл Математика, Орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері.
2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымына 2096 педагог қабылданды, оның ішінде 1846 жас маман. (Жыл сайын облыстың білім беру ұйымдарына 1000-нан астам педагог келеді, оның 500-ден астамы жас мамандар).
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша білім беру мекемелеріне 2023-2024 оқу жылында көтерме жәрдемақы 611 маманға, жеңілдетілген несие 192 маманға берілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы №390 қаулысымен бекітілген арнайы бағдарламаға сәйкес білім беру мекемелеріне 7 педагог тартылып, жұмысқа орналастырылды.
Қосымша білім беру және тәрбие жұмысы
Бүгінгі күнге дейін балаларды қосымша біліммен қамтылуы 304 290 бала (88,8%) құрады, оның ішінде мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарында 26152 бала, жалпы білім беру мектептерінде дебаттық қозғалыспен, өзін-өзі басқару ұйымдарында 31010 оқушы, 4054 спорт секцияларында 153462 бала, 3644 үйірмеде 53732 оқушы, спорт мектептерінде 22506 оқушы, «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының 422 әскери-патриоттық клубтары мен патриоттық сыныптарында жалпы – 17428 бала қамтылған, сонымен қатар балалардың қосымша біліммен айналысуы 2024 жылы 90 % және 2025 жылы 93 %-ға көтеру жоспарлануда.
Алматы облысы бойынша 2024-2027 жылдары 5 қосымша білім беру ұйымдары ашылу жоспарлануда:
2024 жылы Қонаев қаласында 600 орындық Оқушылар сарайы жер телімі анықталып, жобалық – сметалық құжаттамасына жергілікті бюджеттен 50 млн. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда жобалық – сметалық құжаттамасы дайындалып, өзгерістер жасауға ұсынылды.
2027 жылы Қарасай ауданында 212 орындық «Өнер мектебі»;
2027 жылы Іле ауданында 140 орындық «Өнер мектебі»;
2027 жылы Талғар ауданында 140 орындық «Өнер мектебі»;
2027 жылы Қарасай ауданында 140 орындық «Өнер мектебі».
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды инклюзивтік және арнайы біліммен қамту
2024 жылы психологиялық – медициналық - педагогикалық консультациялармен 9944 (2023 жылы – 9044 бала) дамуында мүмкіндігі шектеулі бала есепке алынса, 3-18 жас аралығында балалардың 48,4 %, яғни 4381 бала біліммен қамтылған:
Арнайы білім беру мақсатында облыс бойынша 22 арнайы білім беру ұйымдары жұмыс жасайды:
- 9 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация;
- 13 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті.
Техникалық және кәсіптік білім беру
Облыстың техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында 54 мамандық 98 біліктілік бойынша кәсіптік білім берілуде.
2023-2024 оқу жылында колледждерде 21377 студент оқиды, оның 11625-і мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде.
Жастарды тегін кәсіптік білім берумен қамтамасыз ету мақсатында 2023-2024 оқу жылына техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс негізінде 4360 адам қабылданды.
Колледж студенттерін жатақханамен қамтамасыз етуде 711 орындық 4 жатақхананың жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, құрылыс жұмыстары басталуда.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:
Білім беруді дамытуға және сапасын артыруға бөлінген қаражатың пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 87 224 175,3 мың теңге қамтылды және жалпы сомасы 13 538 146,9 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- 4 715 034,6 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар (оның 4595,6 мың теңгесі өтелуге, 4 710 439,0 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады), аудит барысында өтелгені 4595,6 мың тенге, 4 710 439,0 мың теңгесі қалпына келтірілді немесе 100%;
- 8 753 065,8 мың теңге тиімсіз жоспарлаулар;
- 70 046,5 мың теңгеге тиімсіз пайдаланулар.
Сонымен қатар 15 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға жол берілген.
Бұдан басқа, 7 бірлік әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды.
Аудит қортындысы бойынша 5 адам тәртіптік жазаға тартылды.
1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
1-тармақ: «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз №1127 қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасы талабы бұзылып(Алматы облысының білім басқармасы басшысының 02.05.2023 жылғы №71-НҚ бұйрығымен ескерту берілген), сыйақы беру туралы 2023 жылдың 03 мамырдағы №373-н бұйрықпен алынбаған тәртіптік жазасы бола тұра Г.Исағұловаға 173,5 мың теңге сыйақы төленген, сонымен бірге 23,6 мың теңге міндетті зейнетақы жарнасы(МЗЖ) аударылған, жалпы 197,1 мың теңге негізсіз төленген сыйақы мен МЗЖ жергілікті бюджет есебіне өндірілуі тиіс. Аудит барысында толығымен бюджетке өтелді.
2-Тармақ: «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 шілдедегі №244 қаулысымен бекітілген және Алматы облыстық Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 тамызында енгізілген өзгертулер мен толықтырулар тіркелген Ережесінің 2 тарау 16 тармағынын талаптары толықтай орындалмай 005-015-419 оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді 1 тамызға дейін емес, жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында орын алған.
3-Тармақ: Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, 007-015- ерекшелік бойынша 14777,5 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған болып табылады.
4-Тармақ: Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, 013-015- 414 ерекшелік бойынша 960,0 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған болып табылады.
5-Тармақ: Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, 057-015- 159 ерекшелік бойынша 7427,3 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған болып табылады.
6-Тармақ: Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, 067-015- 414 ерекшелік бойынша 651 178,6 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған болып табылады.
7-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 47-тармағын, Бюджет Кодесінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасы және осы Кодекстің 4 бабының 9 тармақшасын бұза отырып, Мекеме «жағар май» алуға прайс-парақшасы тіркелмеген. Яғни 082-015- 144 ерекшелік бойынша 3 232 476,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны анықталды.
8-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 26 - тармағы орындалмай, 004-015- 414 ерекшелік бойынша тауарды қабылдау-тапсыру актісі веб-порталға салынбаған.
9-Тармақ: «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 шілдедегі №244 қаулысымен бекітілген және Алматы облыстық Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 тамызында енгізілген өзгертулер мен толықтырулар тіркелген Ережесінің 2 тарау 16 тармағынын талаптары толықтай орындалмай 005-015-419 ерекшелік бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді 1 тамызға дейін емес, жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында орын алған.
10-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 43 бабының 26 - тармағы орындалмаған, 013-015-414 ерекшелік бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезіңі тауарларды жеткізу мерзімі техникалық ерекшеліктерімен сәйкес келмейді.
067-015- 414 ерекшелік бойынша «Қазақ соқырлар қоғамы «Жетісулық қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС-мен 10.05.2024 жылы №139 келісім шарты 14477,8 мың теңге Талғар ауданы «Ветерок балабақшасы» МКҚК-ға жихаздар сатып алу, орындалу мерзімі шарт жасалынғанан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде, нақты орындалғаны 10.07.2024 жылы.
11-Тармақ: Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының(әрі қарай - Заң) 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 7.3 тармағымен қаралған Мердігерге 30 күнге кешіктіріліп орындалғанға тұрақсыздық айыбы 434,3 мың теңгені құрайды.
12-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 12 бап 4 тармағы 3 тармақшасына сәйкес, Мекеме «Қазақ соқырлар қоғамы «Жетісулық қоғамдық бірлестігінің оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызын Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінбеген.
Бұл қателіктер рәсімдік заңбұзушылықтарға жатады. Мердігер келісім-шарттың орындалуы мерзімін кешіктіргені мен, мекемебұл туралы сотқа уақытында жүгінбеген. Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10-2 тармағы бойынша мекеменің бірінші басшысына айыппұл салу қарастырылған.
13-Тармақ. Кәсіпорын тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы 28–тармағы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы 27, 79 – тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы жихаздар жалпы сомасы 14477,8 мың теңгені құрайтын кәсіпорнының теңгеріміне алынбағаны анықталды. Бұл қателіктер қаржылық бұзушылықтарға жатады, аудит барысында кіріске алынды.
14-Тармақ: Кәсіпорын тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы 28–тармағы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы»
бұйрығы 27, 79 –тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы жихаздар жалпы сомасы 14444,3 мың теңгені құрайтын кәсіпорнының теңгеріміне алынбағаны анықталды. Бұл қателіктер қаржылық бұзушылықтарға жатады, аудит барысында кіріске алынды.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабы 1-тармағы 2-тармақшасы талаптарына сәйкес: бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепке алуда көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған ақпаратты енгізу, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою – 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
15-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 27, 79 – тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі арқылы ведомстволық бағынысты мекемелерге таратып берілген ұзақ мерзімді активтерді анықтау және тауарлардың нақтылығын растау мақсатында Талғар ауданы «Ветерок балабақшасы» МКҚК-да сатып алынған жихаздары 4155,4 мың теңгеге кем болып шықты, аудит барысында орнына қойылды
16-Тармақ: Қонаев қаласындағы Қ.Қайсенов атындағы №4 орта мектебіне 7777,4 мың теңгеге ұзақ мерзімді активтер(стелаж, шкаф) сатып алып берілген, бірақта бүгінгі күнге дейін пайдаланусыз тұр бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану анықталды.
17-Тармақ: Қонаев қаласындағы Қ.Қайсенов атындағы №4 орта мектебіне 11119,9 мың теңгеге ұзақ мерзімді активтер(интерактивтік тақталар) сатып алып берілген, бірақта бүгінгі күнге дейін пайдаланусыз тұр бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану анықталды.
18-Тармақ: Қонаев қаласындағы Қ.Қайсенов атындағы №4 орта мектебіне 11119,9 мың теңгеге ұзақ мерзімді активтер(интерактивтік тақталар) сатып алып берілген, бірақта бүгінгі күнге дейін пайдаланусыз тұр бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану анықталды.
19-Тармақ: Қонаев қаласындағы Қ.Қайсенов атындағы №4 орта мектебіне 11119,9 мың теңгеге ұзақ мерзімді активтер(интерактивтік тақталар) сатып алып берілген, бірақта бүгінгі күнге дейін пайдаланусыз тұр бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану анықталды.
20-Тармақ: Қонаев қаласындағы Қ.Қайсенов атындағы №4 орта мектебіне 12148,9 мың теңгеге ұзақ мерзімді активтер (2 орынды оқушылар партасы) сатып алып берілген, бірақта бүгінгі күнге дейін пайдаланусыз тұр бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану анықталды.
21-Тармақ: Қонаев қаласындағы Қ.Қайсенов атындағы №4 орта мектебіне 8774,2 мың теңгеге ұзақ мерзімді активтер(2 орынды оқушылар партасы) сатып алып берілген, бірақта бүгінгі күнге дейін пайдаланусыз тұр бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану анықталды.
22-Тармақ: Қонаев қаласындағы Қ.Қайсенов атындағы №4 орта мектебінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» Бұйрығының 243, 244 - тармақтары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы 27, 79 – тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы асхана жихаздары жалпы сомасы 3024,0 мың теңгені құрайтын мекеменің теңгеріміне алынбағаны анықталды.
23-Тармақ: Қонаев қаласындағы Қ.Қайсенов атындағы №4 орта мектебіне 3024,0 мың теңгеге ұзақ мерзімді активтер(асхана үстел мен орындықтары) сатып алып берілген, бірақта бүгінгі күнге дейін пайдаланусыз тұр бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану анықталды
24-Тармақ: Қонаев қаласындағы Қ.Қайсенов атындағы №4 орта мектебіне 899,9 мың теңгеге ұзақ мерзімді активтер(офистік үтелдер) сатып алып берілген, бірақта бүгінгі күнге дейін пайдаланусыз тұр бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану анықталды.
25-Тармақ: Қонаев қаласындағы Қ.Қайсенов атындағы №4 орта мектебіне 2099,8 мың теңгеге ұзақ мерзімді активтер(үш жапырақты мектеп тақтасы) сатып алып берілген, бірақта бүгінгі күнге дейін пайдаланусыз тұр бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану анықталды.
26-Тармақ: Қонаев қаласындағы Қ.Қайсенов атындағы №4 орта мектебіне 1626,2 мың теңгеге ұзақ мерзімді активтер(түрлі-түсті принтерлер) сатып алып берілген, бірақта бүгінгі күнге дейін пайдаланусыз тұр бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану анықталды.
27-Тармақ: Қонаев қаласындағы Қ.Қайсенов атындағы №4 орта мектебіне 336,0 мың теңгеге ұзақ мерзімді активтер(түрлі-түсті принтерлер) сатып алып берілген, бірақта бүгінгі күнге дейін пайдаланусыз тұр бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану анықталды.
28-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 47-тармағын, Бюджет Кодесінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасы және осы Кодекстің 4 бабының 9 тармақшасын бұза отырып, Мекеме «жағар май» алуға прайс-парақшасы тіркелмеген. Яғни 082-015-144 ерекшелік бойынша 3 308 146,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны анықталды.
29-Тармақ: Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасын, 4-бабы 12) тармақшасын басшылыққа алынбай, 096-015-815 ерекшелік бойынша 14239,4 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған болып табылады.
Сонымен бірге, мекеменің бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржылық есептілікті жасаудың дұрыстығы мен анықтығын тексеруде төмендегілер анықталғаны:
30-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары»-ның 16 тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің 243,244-тармақтарының талаптары толық басшылыққа алынбай, 2404,5 мың теңгенің ұзақ мерзімді активтері алғашқы тануда дұрыс шотта көрсетілмеген («Генератор диз. Р165Е1» және « Ас бөлме жабдықтары» 2370 шотына «Аспаптар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалы» есепке алынған, ал мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бойынша 2360 шотына «Машиналар мен жабдықтар» көрсетілуі керек).
Алматы облысы білім басқармасының тәртіптік жазаға тартылғаны туралы 2025 жылдың 22 мамырдағы бұйрығымен экономика және бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы И.Шахзадаеваға, бас маман-бас бухгалтеры А.Сейткуловаға, бас маманы О.Онгарбековаға «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Сонымен қатар, Алматы облысы білім басқармасы бойынша ҚР Әкімшілік кодексінің 207-238-баптары бойынша 2 әкімшілік іс қаралу үшін Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне аудит материалдары жолданды.
2. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1-тармақ. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4-тармақшасы, 4-бабы 12-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан Мекеме 004-015-414 ерекшелік бойынша 14 000,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.
2-тармақ. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4-тармақшасы, 4-бабы 12-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан Мекеме 067-015-421 ерекшелік бойынша 1 317 487,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған.
3-тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2-тарауының 3-тармағының 2-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2023 жылы Кеген ауданы мектептерінің 21 қызметкеріне 1487,4 мың теңге сомасында, 2024 жылы Кеген ауданы мектептерінің 14 қызметкеріне 587,0 мың теңге сомасында іссапар шығындары артық төленген.
4-тармақ. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 104-1-бабын сақтамау салдарынан 2024 жылы мекеменің балансында болмаған Кеген ауылының өнер мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді, сол арқылы осы мектеп бойынша капиталға бөлінген бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылды.
5-тармақ. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу ережесінің (әрі қарай - №393 Бухгалтерлік есеп қағидасы) 243, 272-тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан Мекеме 31.12.2024 жылғы жағдай бойынша 1С кәсіпорын бухгалтерлік бағдарламасында «Алматы облысы, Кеген ауданы, Тасашы ауылының Тасашы мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу» объектісін күрделі жөндеуге жұмсалған 1 025 132,9 мың теңге сомасына шығындар көрсетілмеген (игерілген сома 2023 жылы – 101 636,9 мың теңге, 2024 жылы- 923 496,0 мың теңге), яғни негізгі құралдар объектісінің баланстық құны ұлғайтылмаған және ұзақ мерзімді активтерді есепке алу шоттарына жатқызылмаған.
6-тармақ. Мекеме тарапынан №393 Бухгалтерлік есеп қағидасының 243-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікті жасау кезінде 18 383 211,93 теңге сомасындағы қалдық құнымен Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылының өнер мектебінің ғимараты 2023 жылдың 31-желтоқсан жағдайына жасақталатын балансқа қабылдамаған және көрсетілмеген, сондай-ақ Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылындағы өнер мектебінің Кәсіпорын ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған 261 786 676,05 теңге көлеміндегі шығындар 2024 жылдың 31-желтоқсан жағдайына жасақталатын қаржылық есептілікті жасау кезінде балансқа қабылданбаған және 1С бухгалтерлік есеп бағдарламасында көрсетілмеген.
7-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №468 бұйрығының (әрі қарай - №468 қағида) 27, 79-тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша 18 383 211,93 теңге сомасындағы құнымен Алматы облысы Кеген ауданы Кеген Өнер мектебі ғимараты балансқа қабылданбауы және бухгалтерлік баланста көрсетілмеуі қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкелді.
8-тармақ. №468 қағидасының 27, 79 тармақтарын сақтамау салдарынан 2 нысанды («Алматы облысы, Кеген ауданы, Тасашы ауылы, Тасашы мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу» және «Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, өнер мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу») күрделі жөндеуге жұмсалған 1 286 919 583,19 теңге көлеміндегі шығыстарды 1С-Кәсіпорын бухгалтерлік бағдарламасына есепке алмауы және Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылындағы Өнер мектебі ғимаратының 18 383 211,93 теңге баланстық құнын көрсетпеуі 31.12.2024 жылдың 31-желтоқсаны жағдайына жасақталатын 1С-Кәсіпорын бухгалтерлік есеп бағдарламасының деректерінің бұрмалануына әкеп соқты.
9-тармақ. №393 Бухгалтерлік есеп қағидасының 243, 272-тармақтарын бұза отырып, Мекеме 31.12.2024 жылғы жағдай бойынша 1С Кәсіпорын бухгалтерлік бағдарламасына 2 нысанды күрделі жөндеуге жұмсалған жалпы сомасы 2 023 884 58,45 теңгеге шығындар сомасы енгізілмеген, оның ішінде: «Алматы облысы Кеген ауданы, О. Жаңабаев С. Кеген орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу» (игерілген сома2023 жылы -670 299,7 мың теңге, 2024 жылы-477 573,6 мың теңге) және 2023 жылы «Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында № 3 ОМ ғимаратын күрделі жөндеуге» игерілген сома -876 011,2 мың теңге, яғни негізгі құралдар объектісінің баланстық құны ұлғайтылмаған және ұзақ мерзімді активтерді есепке алу шоттарына жатқызылмаған.
10-тармақ. №468 қағидасының 27, 79-тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан «Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында №3 ОМ ғимаратын күрделі жөндеу» нысанын күрделі жөндеу бойынша 876 011 232, 99 теңге сомасындағы шығыстарды 31.12.2023 жылғы жағдай бойынша бухгалтерлік баланстың 115 «Аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар» жолы бойынша қате көрсетілген.
11-тармақ. №468 қағидасының 27, 79-тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан 2 нысандарды күрделі жөндеуге жұмсалған 2 023 884 548,45 теңге көлеміндегі шығыстарды 1С Кәсіпорын бухгалтерлік бағдарламасының енгізілмегені 31.12.2024 жылғы жағдайына жасақталған қаржылық есептілік деректерін бұрмалауға әкелген, оның ішінде: «Алматы облысы, Кеген ауданы, О. Жаңабаев с.Кеген орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу» және «Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылындағы №3ОМ ғимаратын күрделі жөндеу» нысандары бойынша.
Лауазымды тұлғаға, атап айтқанда «Алматы облысы Білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Мәсімханов Мұратжан Қожанұлына қатысты ҚР ӘҚБтК 234-1-бабы бойынша 2025 жылы 20-мамырда №251900670000005 әкімшілік хаттама толтырылды және аталған әкімшілік іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 196,6 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл бюджетке өтелді.
Кеген ауданының білім бөлімінің 2025 жылғы 21-мамырдағы №14 бұйрығына сәйкес аудиторлық есепте орын алған бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлға - мекеменің бухгалтері Ә.Мұхтарға «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Сонымен қатар, Кеген ауданы білім бөлімі бойынша ҚР Әкімшілік кодексінің 238-бабы 1-тармағы 2-тармақшасы бойынша 3 әкімшілік іс қаралу үшін Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне аудит материалдары жолданды.
3. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақ 1. Мекеменің Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 3-бабы 12-4) және 4-бабы 12)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2023 жылға 004 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім беру жүйесін ақпараттандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру 14 000,0 мың теңгеге бекітіліп, 2023 жыл бойы игерілмегені бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға әкеліп соққан.
Тармақ 2. Мекеменің Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 3-бабы 12-4) және 4-бабы 12)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2023 жылға 067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру 100,0 мың теңгеге бекітіліп, 2023 жыл бойы игерілмегені бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға әкеліп соққанын білдіреді.
Тармақ 3. Мекеменің Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 3-бабы 12-4) және 4-бабы 12)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылға 067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру 1 391 300,0 мың теңгеге бекітіліп, 1 342 846,00 мың теңгеге түзетілгені 48 354,0 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға әкеліп соққан.
Тармақ 4. Мекеме Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (әрі қарай - Мемлекеттік сатып алу Заңы) 17-бабы 9-тармағы 2-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан «Дәулет-Серпин 603» ЖШС-і тарапынан 2023 жылдың 8-желтоқсанындағы №2301317 мемлекеттік сатып алу туралы келісім шартының міндеттемелерін 2024 жылдың 19-қарашасынан бастап 27-желтоқсан аралығында 39 күнтізбелік күнге кешіктірілгені үшін 904,7 мың теңгенің турақсыздық айыппұлы есептелмеген және өндірілмеген.
Тармақ 6. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы» Ереженiң 1-тармағына және 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен (ары қарай – № 256 Қаулы) бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» қағидаларының 2-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2023 жылы 5 қызметкерге жалпы сомасы 492,9 мың теңге көлеміндегі іс сапар шығындарының негізсіз төленгені анықталды.
7-тармақ. Мекеменің Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 3-бабы 12-4) және 4-бабы 12)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2023 жылға 202 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға» бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру 1 442 744,0 мың теңгеге бекітіліп, 1 312 824,0 мың теңгеге түзетілуі бюджет қаражатын 129 920,0 мың теңгеге тиімсіз жоспарлауға әкеліп соққан.
8-тармақ. «Бәйтерек» МКҚК-ы тарапынан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (әрі қарай – №381 Тапсырыс қағидасы) 30 және 33-тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан 2023 жылдың тамыз айы табеліне ҰБДҚ-да (НОБД) тіркелмеген мектеп жасына дейінгі 5 баланы енгізу арқылы 251,7 мың теңге көлеміндегі қаржыны негізсіз пайдаланған.
9-тармақ. «Бәйтерек» МКҚК-ы тарапынан №381 Тапсырыс қағидасының 30 және 33-тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылдың тамыз айы табеліне ҰБДҚ-да (НОБД) тіркелмеген мектеп жасына дейінгі 4 баланы енгізу арқылы 240,5 мың теңге көлеміндегі қаржы негізсіз жұмсалған.
10 тармақ. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу ережесінің (әрі қарай - №393 Бухгалтерлік есеп қағидасы) 272-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылғы 27 желтоқсанда объектіні пайдалануға қабылдау актісіне сәйкес пайдалануға берілген «Илья Молутов атындағы № 3 ОМ (Бақтия)» КММ ғимаратын күрделі жөндеуге жұмсалған 1 342 745,7 мың теңге көлеміндегі шығындар сомасы 2024 жылдың 31-желтоқсанына жасақталған Бухгалтерлік баланстың 115-«Аяқталмаған құрылыс» жолына есепке алынған.
11-тармақ. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №468 бұйрығының (әрі қарай - №468 қағида) 27, 79-тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылғы 27 желтоқсанда пайдалануға берілген «Илья Молутов атындағы № 3 ОМ (Бақтия)» КММ ғимаратын күрделі жөндеуге жұмсалған 1 342 745,7 мың теңге көлеміндегі шығындар сомасы 2024 жылдың 31-желтоқсанына жасақталған Бухгалтерлік баланстың 115-«Аяқталмаған құрылыс» жолына есепке алынуы Бухгалтерлік баланстың 114-жолы мен 5-қосымшасының деректерін бұрмалауға әкелген.
Қабылданған шаралар: Аудит барысында 2025 жылғы 16-мамырдағы №1 бухгалтерлік анықтама негізінде «Илья Молутов атындағы № 3 ОМ (Бақтия)» КММ ғимаратын күрделі жөндеуге жұмсалған 1 342 745,7 мың теңге көлеміндегі шығындар сомасы 2321 «Тұрғын емес үй ғимараттары» шотына қою арқылы бухгалтерлік баланстың 114 «Негізгі құралдар» жолына енгізілді.
«AS Karasay» ЖШС-і (бұрынғы «Дәулет-Серпин 603» ЖШС-і) 2025 жылғы 21-мамырдағы №492 төлем тапсырмасымен 904,7 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбы 206109 бюджеттік кодына өндірілді.
Сонымен қатар, орын алған бұзушылықтар үшін бас есепші А.Алдабекова Мекеменің 2025 жылғы 21-мамырдағы №89-ж/қ бұйрығымен «Ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.
Сонымен қатар, Ұйғыр ауданы білім бөлімі бойынша ҚР Әкімшілік кодексінің 207-бабы 10-2 тармағы бойынша 1 әкімшілік іс және 238-бабы 1-тармағы 2-тармақшасы бойынша 2 әкімшілік іс қаралу үшін алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне аудит материалдары жолданды.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): _______________________________________________________ (болған жағдайда)
III. Қорытынды бөлім.
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар бойынша аудит объектілерімен 4 710 439,0 мың теңгеге тиісті бухгалтерлік жазбалармен түзетілді, 4595,6 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өтелді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің
234-1-бабы негізінде 1 аудит объектісінің басшысына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл қысқартылған түрде бюджетке өтелген.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабы негізінде 2 аудит объектілерінің басшыларына және 238-бабы негізінде 4 аудит объектілерінің есепші қызметкерлеріне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хаттар жолданды.
Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде 6 әкімшілік іс қаралды.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
1. Жоғарыда көрсетілгендей, мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 87 224 175,3 мың теңге қамтылды және жалпы сомасы 13 538 146,9 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- 4 715 034,6 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар (оның 4595,6 мың теңгесі өтелуге, 4 710 439,0 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады), аудит барысында өтелгені 4595,6 мың тенге, 4710439,0 мың теңгесі қалпына келтірілді;
- 8 753 065,8 мың теңге тиімсіз жоспарлаулар;
- 70 046,5 мың теңгеге тиімсіз пайдаланулар.
Сонымен қатар 15 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға жол берілген.
Бұдан басқа, 7 бірлік әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды.
Аудит қортындысы бойынша 5 адам тәртіптік жазаға тартылды.
2. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы заңының, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының, «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз №1127 қаулысының 4 тармағының 1 тармақшасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу» Ережесінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының, Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 шілдедегі №244 қаулысымен бекітілген және Алматы облыстық Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 тамызында енгізілген өзгертулер мен толықтырулар тіркелген Ережесінің 2 тарау 16 тармағынын талаптарын сақтамау салдарынан орын алған.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.
Білім беруді дамытуға және сапасын артыруға бөлінген қаражатың пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Білім беруді дамытуға және сапасын артыруға бөлінген қаражатың пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
2. Аудит объектілері тарапынан тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін анықталған қаржылық бұзушылықтар бойынша бюджет есебіне 4595,6 мың теңгенің өтелуі мен бухгалтерлік есепке алу жолымен 4 710 439,0 мың теңгеге қалпына келтіру шаралары назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілсін.
3. Алматы облысының білім басқармасына Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 шілдедегі №244 қаулысымен бекітілген Мекеме Ережесінің 2 тарау 16 тармағына өзгерту еңгізу туралы ұсынымы жіберілсін.
3.4. Қосымша: анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (12 парақта).
Тексеру комиссиясының мүшесі Е.Бақытов
Аудит тобының жетекшісі,
№1 мемлекеттік аудит бөлімінің
басшысы-мемлекеттік аудитор Б.Орманов
Талдау, сапаны жоспарлау және
бақылау бөлімінің басшысы
-мемлекеттік аудитор С. Елубаева
Әкімшілік-құқықтық
бөлімінің басшысы
-мемлекеттік аудитор М.Сканов























