Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Білім беруді дамытуға және сапасын артыруға бөлінген қаражатың пайдалану тиімділігінің мемлекеттік а

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 04.12.2025
Просмотры: 126 Печать страницы

Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М.Мұсаевқа

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

           I. Кіріспе бөлім

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Білім беруді дамытуға және сапасын артыруға бөлінген қаражатың пайдаланылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Білім беруді дамытуға және сапасын артыруға бөлінген қаражатың пайдаланылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:

1.  «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

2. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

3. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

         4. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қаракемер кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

5. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алатау қаласы Заречный ауылының көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

6. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талғар жоғары медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

7 «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Көлсай кәсіптік-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

8 «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бақанас аграрлы-индустриялдық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»;

9. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Заречный ауылындағы кәсіптік-техникалық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

10. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Үшқоныр су шаруашылығы колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;

11. «Алматы облысытық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шонжы политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

          12. «Алматы облысытық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Заречный ауылындағы кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

13. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жауғашты ауылындағы кәсіптік-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2023 жылдың 1 қантарынан бастап, 2025 жылдың 30 маусымын аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Алматы облысының білім басқармасында 2023-2025 жылға техникалық және кәсіптік білім беру туралы есебі.

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 40 колледж бар, оның 22-сі мемлекеттік  (4-уі жабық мекемеде орналасқан, 1-уі денсаулық сақтау басқармасы құзырында), 18-і жекеменшік.

2024-2025 оқу жылында колледждерде жалпы 21 413 студент білім алды (11116 – мемлекеттік, 10297 - жекеменшік).

2024-2025 оқу жылында колледждерге мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 4750 адам қабылданып, тапсырыс көлемі 390 студентке артты, 2025-2026 оқу жылына осы деңгейде қабылданды.

Ағымдағы жылы кәсіпорындар өтінімдері бойынша мақсатты даярлық бойынша 300 адам және 2025-2026 оқу жылына 400 адам қабылданды.

2023-2024 оқу жылында эксперименттік білім беру бағдарламаларының пилоттық жобасы негізінде орта мектептің 30 оқушы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде Талғар политехникалық колледжіне «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» және Қонаев көпсалалы колледжіне «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығына қабылданып, бүгінгі күні дипломдарын алды.

2024-2025 оқу жылында Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік, Шонжы политехникалық колледждеріне 30 оқушы «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Дәнекерлеу ісі» мамандықтарына қабылданып білім алуда, 2026 жылғы қаңтар айында дипломдарын алады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді (2024 жылғы 9 желтоқсан).

2025 жылғы 31 қаңтарда «Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында Жұмысшы мамандықтар жылының ашылу салтанаты өтті. Шараға облыстың білім беру ұйымдарынан  500-ден астам адам қатысты.

Облыс колледждері Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия және Өзбекстан республикаларымен халықаралық ынтымақтастықта жұмыс жасау үшін келісімшарттар жасалды.

Түркияның Анталия қаласындағы Мехмет Зеки Балджы жоғары мектеппен (туризм және қонақ үй бизнесі мектебі), Францияның Париж қаласы «Гийома Тирель» қонақ үй лицейімен (Le lycée Hôtelier Guillaume Tirel), Париж қаласындағы «Элиза Лемонье» сұлулық, сән және дизайн лицейімен (Elisa Lemonnier lycée polyvalent);

Финляндияның Оңтүстік Cabо ECEDU кәсіптік колледжімен және Қытай Халық Республикасының Сиань қаласындағы кулинарлық колледжімен;

Қырғыз Республикасының С.Ибраимов агротехникалық колледжімен, Қытай Халық Республикасының Чунцин қаласындағы оқу орындарымен, Кореяның «OFECO.LTD» компаниясымен ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға отырды.

2024-2025 оқу жылында облыстың 8 педагогі шет елде тағылымдамадан өтті (5 - Түркия еліне, 3 - Франция).

Қытай-Орталық Азия елдерімен бірлескен жобалар аясында ауыл шаруашылық, техникалық салада кадрлар даярлайтын 7 колледж басшысы, 1 өндірістік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары 2025 жылғы 14-24 сәуірде Қытайдың Чунцинь қаласында оқу курсынан өтіп, ынтымақтастықты дамыту мақсатында 49 меморандумға отырды.

Жоспарға сәйкес жыл аясында «Мен-кәсіпкер» Гранд турнирі шеңберінде колледждердің талантты студент қыздарын анықтау және қолдау, кәсіпкерлік қызметке қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Бизнес Аруы - 2025» облыстық байқауына 10 колледжден 11 команда (27 студент) қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Алматы экономикалық колледжінің «Тұмар» командасы жеңімпаз атанып, республикалық кезеңнен II орынды иеленді.

Қаракемер кәсіптік колледжінің базасында «Жұмысшы мамандығы: жаңа көзқарас, жаңа мүмкіндік» тақырыбында облыстық форум өткізілді, форумға 200-ден астам адам қатысты (оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері, жұмыс берушілер).

Шамалған ауылындағы Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің базасында мектеп оқушыларының жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Jas Skills Qonaev - 2025» облыстық байқауы өткізілді, байқауға 3 құзыреттілік («Жеңіл автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Шанақ жұмыстары», «Дәнекерлеу ісі») бойынша мектептердің 8-9 сынып оқушыларынан құралған 5 команда (жұмыс берушілер, педагогтар, студенттер) жалпы 100 адам қатысты.

Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің базасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында болашақ мамандарды іс-тәжірибеден өткізіп, жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын басшыларын құрметтеу мақсатында «Қызыл кілем» облыстық марапаттау шарасы өткізілді. Шараға колледж және кәсіпорын басшылары, ЖОО өкілдері, блогерлар, тілшілер қатысып, қызыл кілем бойымен жүріп өтті.

«Innovation» аймақтық хакатоны «Алатау Хаб» IT мамандандырылған орталығында өтті. Жарысқа 5 колледжден 5 команда қатысып, Қонаев көпсалалы колледжі жеңімпаз атанып, республикалық  кезеңнен  «Үздік  техникалық  шешім»  номинациясын  иеленді.

Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру мақсатында Шелек политехникалық колледжінің базасында (маусым айында) 500 адамның қатысуымен облыстық «MamandyqFest» форумы өткізілді.

Сонымен қатар, облыс колледждерінің үздік студенттерін марапаттау мақсатында 2025 жылғы маусым айында «Бірлік, Белсенділік, Болашақ» тақырыбында студенттер слеты өтіп, жылдың үздік студенттері марапатталды.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізіліп жатқан барлық іс-шаралар әлеуметтік желілерде жариялануда.

2025 жылы 2 колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 46,6 млн. теңге қаржы бөлінді (Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжіне - 18 млн.тг., Қонаев қаласындағы көпсалалы колледжіне - 27,6 млн.тг.).

Қонаев қаласында техникалық бағытта 600 орындық жатақханасымен 1250 орындық колледж салынады. Бүгінгі күні 30 млн. теңгеге, эскиздік жобасы дайындалып, жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.

2024-2025 жылдары Қонаев қаласындағы көпсалалы колледжіне жергілікті бюджеттен 621,6 млн.теңге қаржы бөлініп, оқу корпусына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні жұмыстары 100% аяқталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және жұмысшы мамандықтарына сұраныстың артуына байланысты, еңбек нарығы сұраныстарына сәйкес «Гидротехникалық мелиорация», «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар», «Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе», «Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану», «Жиhаз өндірісі» мамандықтарын ашу үшін жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, облыста 2023 жылы жалпы құны 6, 0 млрд.теңгені құрайтын 711 орындық 4 жатақхананың құрылысы жүргізілуде.

Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде  111 орындық жатақхана ретінде қайтадан жаңғырту - 0,8 млрд.теңге және Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіне 200 орындық жатақханаға - 1,9 млрд.теңге бөлінді 2 жатақхана 2025 жылғы қазан айында қолданысқа беріледі.

Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру                         саласындағы инновациялық технология колледжіне    200 орындық жатақханаға - 1,6 млрд.теңге және Талғар политехникалық колледжіне 200 орындық жатақханаға - 1,6 млрд.теңге бұл 2 жатақхана 2026 жылғы қыркүйек                 айында қолданысқа беріледі деп күтілуде.

2023 жылы 4 нысанға 236,403 млн.теңге қаражат, 2024 жылы құрылысы-монтаж жұмыстарына жергілікті бюджеттен 1,7 млрд.теңге қаражат бөлініп, игерілді. Сонымен қатар, 2025 жылға 4,1 млрд.теңге бөлінді. 

Жыл басынан «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бұқаралық-ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жалпы 15680 ақпарат жарияланып, сілтемелер «Кампании» РК ақпараттық порталына енгізілді. Сонымен қатар, жалпы   87 билбордтар ілініп, 275 іс-шаралар өткізілді.

Теледидар және радио хабарларының шығарылымы, бейнесюжеттер прокаты, мақалалар циклынұйымдастыру, еңбек адамын қоғамда оң имиджін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік роликтер жасау. Қорытындысында еңбек мамандықтары туралы мақалалар жарияланды, бейнероликтер, инфографика мен постерлер таратылды, сюжеттер, посттар, жарияланып, «Еңбек адамы» идеологиясын насихаттау жұмыстары жүргізілді.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:

Алматы облысының білім басқармасына және оған қарасты кәсіптік колледждерінде білім беруді дамытуға және сапасын артыруға бөлінген қаражатың пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 8 743 439,2 мың теңге қамтылды және жалпы сомасы 2 932 758,3 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 476,9 мың. тенге бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылық аудит барысында өтелді;

- 176 457,6 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі бұзушылықтар (оның 1461,6 мың теңгесі өтелуге, 174 996, 0 мың теңгесі қалпына келтірілді немесе 100%, аудит барысында өтелгені 1461,6 мың тенге);

- 2 694 703,6 мың теңге тиімсіз жоспарлаулар;

- 61 120,2 мың теңгеге тиімсіз пайдаланулар.

Сонымен қатар 7 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға жол берілген.

Бұдан басқа, 8 бірлік әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды.

Аудит қортындысы бойынша 5 адам тәртіптік жазаға тартылды.

Жеке аудит объектілері бойынша анықталған бұзушылықтар төмендегідей:

1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4-тармақшасын 4-бабы 12-тармақшасын бұза отырып, 1 806 111,0 мың теңге сомасында бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.

2-тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4-тармақшасын 4-бабы 12-тармақшасын бұза отырып, 477 869,0 мың теңге сомасында бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.

3-тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4-тармақшасын 4-бабы 12-тармақшасын бұза отырып, 280 759,0 мың теңге сомасында бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.

2. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:

1-тармақ:  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 4-бабын бұза отырып, кәсіпорын жер телімі №2025-5677247 жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісімен расталаған, кадастрлық (бағалау) құны 35 866,8 мың теңге бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бойынша 2410 шотына «Негізгі қорлар» алынбаған.

 

3. Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:

1-Тарма: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 41-тармағын, Бюджет Кодесінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасы және осы Кодекстің 4 бабының 12 тармақшасын бұза отырып, Кәсіпорын 2 дана «Жылыту қазанын» сатып алуда бюджеттік өтінімдерге  бір прайс-парақшасы тіркеген. Яғни  17 000,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны анықталды.

2-Тармақ:  Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 04 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодесінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасы және осы Кодекстің 4 бабының 12 тармақшасы толық басшылыққа алынбай, Кәсіпорында 84416,6 мың теңге тиімсіз жобаланған.

4. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қаракемер кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

1-Тармақ: Кәсіпорын тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының(әрі қарай - Заң) 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 7.3 тармағымен қаралған Мердігерге 30 күнге кешіктіріліп орындалғанға тұрақсыздық айыбы 8,6 мың теңге есептелінбеген.

  2-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының 12 бап 4 тармағы 3 тармақшасына сәйкес, Кәсіпорыны «KazPrint»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызын Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінбеген.

Бұл  қателіктер рәсімдік заңбұзушылықтарға жатады. Кәсіпорын келісім-шарттың орындалуы мерзімін кешіктіргенімен, мекеме сотқа уақытында жүгінбеген. Қазақстан Республикасының  2014 жылдың 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10-2 тармағы бойынша мекеменің бірінші басшысына айыппұл салу қарастырылған.

2023 жылы 13 қаңтарында «Platonus» ЖШС-мен ақпараттық қызметтерге қолжетімділікті ұсыну жөніндегі қызметтер(электрондық журнал) ұшін 1737,5 мың теңгеге жасалынып төленген.

3-Тармақ: Бірақта бүгінгі күнде аталған платформада жұмыс жасауға интернет желісі жылдамдығының тұрақсыздығына байланысты колледж бойынша теориалық оқыту журналы 2022-2023 оқу жылына жазбаша түрде жүргізіліп қолданылып жүр, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің  3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, 1737,5 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану анықталды.

4-Тармақ: Колледж бойынша теориалық оқыту журналы 2023-2024 оқу жылына жазбаша түрде жүргізіліп қолданылып жүр, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің  3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, 1737,5 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану анықталды.

5-Тармақ: Колледж бойынша теориалық оқыту журналы 2024-2025 оқу жылына жазбаша түрде жүргізіліп қолданылып жүр, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің  3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, 672,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану анықталды.

2015 жылғы 400 орындық жатаханасымен 600 оқушы орынға арналған кәсіпорын  колледжі Қаракемер ауылы Орымбетов көшесі 85 орналасқан пайдалануға берілген, жер телімі 66000 ш.м. бағалау құны 42372,0 мың теңге.

6-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 5,15-тармақтарының талаптары толық басшылыққа алынбай, 42372,0 мың теңгенің  жер телімі бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары бойынша 2410 шотына «Негізгі қорлар» алынбаған.

5. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талғар жоғары медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны:

1-тармақ: ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бектілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға  арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» 2 тарау, 4 тармақ 2 тармақшасының талаптары сақталмай 88,6 мың теңге жалпы сомаға тәуліктік шығыстар негізсіз төленген.

2-тармақ: ҚР Бюджет Кодексінің 3-бабы 12-4) тармақшының, және  4- баптың 12) тармақшының талаптары бұза отырып 28 548,0 мың теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны орын алған;

3-тармақ: «Алматы облысының Білім басқармасы» ММ, ҚР Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII «ҚР Азаматтық кодексі» кодекстің 7 бабының 1) тармақшасының талаптарын бұза отырып, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау жөніндегі қызметтерді көрсетуге 199 695,0 мың теңге сомасында қаржыландыруды негізсіз берілген, рәсімдік бұзушылық болып танылады.

4-тармақ: «Алматы облысының Білім басқармасы» ММ, ҚР Кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-ХIII «ҚР Азаматтық кодексі» кодекстің 7 бабының 1) тармақшасының талаптарын бұза отырып, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау жөніндегі қызметтерді көрсетуге 295 860,0 мың теңге сомасында қаржыландыруды негізсіз берілген, рәсімдік бұзушылық болып танылады.

6. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Көлсай кәсіптік-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашасындағы № 414 Еңбек Кодексінің 107-бабының 3- тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы» қаулылысының 6 тармағының 2 тармақшасының талаптары сақталмай төмендегі мекеме қызметкерлеріне сыйақы негізсіз берілген.

1-Тармақ: Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулыларының  талаптары сақталмай, мекеменің бас есепшісі – Е. Буралкиевке 105 425 теңге, директордың ОӨІ жөніндегі орынбасары Е. Бугырбаевқа 168 430 теңге және директордың кәсәптік оқыту іс жөніндегі  А. Турсынға 171395 теңге, барлығы 445,2 мыңтеңге, басшының бұйрығынсыз сыйақы төленген, негізсіз төленген сыйақы бюджет кірісіне қайтарылды.

7. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Бақанас аграрлы-индустриялдық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны»:

 2021 жылдың 07 шілдесіндегі келісім шарт бойынша 30744,5 мың теңге құрайтын жатақхананы күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары  мердігер ұйыммен ЖШС «Энергохолдинг LTD» орындалған. 

Кәзіргі таңда жоба ескірген сол себептен  енді жарамсыз, өйткені «Қазақстан Республикасындағы саулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының  60 бап 7 тармақ бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілгеннен үш және одан да көп  жыл ішінде құрылысы басталмаса  жобалау сметалық құжаттар  ескірген болып есептеледі.

1-Тармақ: Кәсіпорын тарапынан Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 30 744,5 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану орын алған, өйткені Жатақхананы күрделі жөндеуге жасақталған жобалық сметалық құжаттаманың қолдану уақыты 3 жылдан асып кеткен.

2-Тармақ: Кәсіпорының тарапынан Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағы және 15-бабы 1-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылдың 31-желтоқсанына жасақталатын бухгалтерлік баланстың «Аяқталмағағн құрылыс» жолына 60 602,3 мың теңгенің орындалмаған жұмыс шығындарын енгізген, яғни бұл әрекет аяқталмаған құрылыс сомасын 60 602,3 мың теңгеге жалған арттыру арқылы рәсімдік бұзушылық болып танылады.

3-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағы және 15-бабы 1-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылғы 25-ақпанда пайдалануға берілген Колледжді газдандыру нысанына жұмсалған 91 812,5 мың теңге көлеміндегі шығындар сомасы 2025 жылдың 1-шілдесіне жасақталған жартыжылдық Бухгалтерлік баланстың «Аяқталмаған құрылыс» жолына есепке

 

алу арқылы қаржылық есептілікті бұрмалауға әкелген.

4-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексі 3-бабы 12-тармағының 4-тармақшасы және  4-бабы 9)-тармақшасына талаптарын сақтамау салдарынан 2023 жылы 109-000 «Ағымдағы іс-шараларды резерв есебінен өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 22 567,0 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану орын алған, өйткені Бюджеттік бағдарлама әкімшісімен 024-015 бағдарламасы 159 ерекшелігінен 22 567,0 мың теңгеге азайту арқылы өзгерістер еңгізілмеген.

         2023 жылы «Platonus» ЖШС-мен ақпараттық қызметтерге қолжетімділікті ұсыну жөніндегі қызметтер (электрондық журнал) үшін 2023 жылдың 2-ақпанындағы № 05 келісім шарт бойынша 551,1 мың теңгеге жасалынып төленген.

5-Тармақ: Кәсіпорын тарапынан Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2022-2023 оқу жылына түзілген келісім шарт негізінде тұрақсыз жұмыс істейтін интернет желісіне 551,1 мың теңге төлеу арқылы бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған, өйткені аталған интернет желісінің жылдамдығының тұрақсыздығына байланысты осы платформада жұмыс істеу мүмкін болмауы себебінен колледж бойынша 2022-2023 оқу жылының Теориялық оқыту журналы жазбаша нысанда жүргізілген.          2024 жылы «Platonus» ЖШС-мен ақпараттық қызметтерге қолжетімділікті ұсыну жөніндегі қызметтер (электрондық журнал) үшін 2024 ж. 26 наурызындағы № 21 келісім шарт бойынша 711,120 мың теңгеге жасалынып төленген.

6-Тармақ: Кәсіпорын тарапынан Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2023-2024 оқу жылына түзілген келісім шарт негізінде тұрақсыз жұмыс істейтін интернет желісіне 711,1 мың теңге төлеу арқылы бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған, өйткені аталған интернет желісінің жылдамдығының тұрақсыздығына байланысты осы платформада жұмыс істеу мүмкін болмауы себебінен колледж бойынша 2023-2024 оқу жылының Теориялық оқыту журналы жазбаша нысанда жүргізілген.

8. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Үшқоныр су шаруашылығы колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны:

1-Тармақ: 2024 жылдың 05 қарашасында Кәсіпорны мен «ALeke» ЖК арасында 1 698 765 теңгеге жалюзи жасау бойынша жұмыстар үшін №146 (веб-порталда №990540002315/240147/00) келісім-шарты жасалған. Міндеттемелердің орындалу мерзімі келісім шарттың №1 қосымшасына сәйкес шартқа қол қойған сәттен бастап 20 жұмыс күннің ішінде деп белгіленген, атап айтқанда 2024 жылдың 03 желтоқсанына дейін деп белгіленген.

Атап айтқанда, 1 698,7 мың тенге құрайтын жұмыстар 27 күнге кешіктіріліп 2024 жылдың 30 желтоқсанында №240147/00/1  орындалған жұмыстар актісімен тапсырылғандығы анықталды.  Аудит барысында Кәсіпорын тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының (әрі қарай - Заң) 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе 45,8  мың теңге тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.     

  2- Тармақ: Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге  қатысты Мемлекеттiк сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес шаралар  қолданбаған,  «Үшқоныр су шаруашылығы колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

3- Тармақ: «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығының 7 қосымшасы «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну» қағидаларының 2 тарау 20-тармағына сәйкес, Дебиторлық берешек сомаларын өндіріп алу, ал кредиторлық берешек – өтелуі керек. Дебиторлармен және кредиторлармен аяқталмаған есеп айырысулар тексерілуі және расталуы қажет және де 3 тарау 25,31-тармақтарына сәйкес, «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» (1220 шоты) жолы бойынша қайтарылуға тиісті артық аударылған төлемдер нәтижесінде пайда болған бюджет берешегінің сомасы көрсетіледі және  «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» (3210 шоты) жолы бойынша олар берген қорлар, ұзақ мерзімді активтер, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін өнім берушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек сомасы көрсетіледі.

2024 жылдың 31 желтоқсанына «Сигма-Газ» ЖШС-гіне 974 698,51 теңге кредиторлық берешек және «Казақтелеком» АҚ-на 324,5 теңге артық төленіп дебиторлық қарыз орын алғаны анықталды.

Алайда, жоғарыда көрсетілген заңнама талаптарына қайшы, Мекеменің 2024 жылдың қорытындысы бойынша әзірленіп, өткізілген қаржылық есептілігін тексеру барысында бухгалтерлік баланстың 016 жолы мен 219 жолдарында есепті жылдың аяғында «Сигма-Газ» ЖШС-гінің  және «Казақтелеком» АҚ-ның алдында қалыптасқан қысқа мерзімді дебиторлық пен кредиторлық берешектер барлығы 1 299,3 мың.теңге көрсетілмегендігі анықталды, немесе бухгалтерлік есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактілер орын алған.

4-Тармақ. «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығының 7 қосымшасы «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну» қағидаларының 2 тарау 20-тармағына сәйкес, Дебиторлық берешек сомаларын өндіріп алу, ал кредиторлық берешек – өтелуі керек. Дебиторлармен және кредиторлармен аяқталмаған есеп айырысулар тексерілуі және расталуы қажет және де 3 тарау 31-тармағына сәйкес, «Бюджетке төленетін төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» (3120 шоты) жолы бойынша бюджетке енгізілуі тиіс, бірақ есепті кезеңнің соңында қандай да бір себептермен аударылмаған салықтар бойынша берешек сомасы, сондай-ақ бюджетке аударуға жататын басқа да сомалар көрсетіледі. Аудитке ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2024 жыл қорытындысы бойынша Кәсіпорны бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 114, 8 мың теңге және әлеуметтік салық бойынша 131, 2 теңге көлемінде кредиторлық берешектер қалыптасқаны анықталды.

Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған барлығы 246,0 мың теңге құрайтын берешектер көрсетілмегені немесе бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған

9. «Алматы облысытық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шонжы политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:

1-Тармақ: Кәсіпорынның қаражатының ішінде еңбек ақыға бөлінген қаражатының жұмсалуының дұрыстығына аудит жүргізгенде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Ереженің 18-қосымшасының талабы сақталмай кәсіпорын қызметкерлеріне барлығы 697,3 мың теңге артық есептелініп, төленген. Яғни еңбек ақы есептеу кезінде ерекше жағдай үшін қосылатын үстеме ақы көлемі 10 пайыз қызметкердің лауазымдық еңбек ақысынан есептелмей, ауылдық қосымша ақымен қоса есептелген. Анықталған кемшілік аудит барысында кәсіпорынның 10.10.2025 жылғы № 169-ж/қ бұйрығы негізінде, қызметкерлердің келісімімен кәсіпорынның 10.10.2025 жылғы № 585 төлем тапсырмасына сәйкес бюджетке өндірілді.

            2-Тармақ: Кәсіпорын қызметкерлеріне сый ақы шығынының төлену дұрыстығын тексергенде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.08.2001 жылғы №1127 «Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға арналған мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Ереженің 4-тармағы, 2) тармақшасының талабы бұзыла келе қызметкердің жұмысқа қабылданғанына бір ай мерзімі толмаса да, С.Турдыбакиеваға 2023 жылдың желтоқсан айында барлығы 45,0 мың теңге негізсіз төленгендігі анықталды. Анықталған кемшілік аудит барысында 10.10.2025 жылғы № 0001 төлем түбіртегі бойынша бюджетке өндірілді.

3-Тармақ: Аудит жүргізу барысында кәсіпорын қызметкерлеріне іс сапар шығындарын төлену дұрыстығын тексергенде келесідей бұзушылық анықталды:

1. Кәсіпорынның 06.11.2023 жылғы № 76 бұйрығы негізінде Г.Сайдахметоваға Талғар қаласына 2 күнге іс сапарға бару үшін сомасы 17,2 мың теңге іссапар шығыны төленген. Алайда, нақты 1 күн іс сапарда болып 6,9 мың теңге жұмсалған. Яғни қызметкер іс сапарға барғандығы жөнінде аванстық есеп бергенде 10,3 мың теңгеге қаражат артық шығысталғандығы анықталды. Кемшілік есепті тұлғадан кәсіпорынға қайтарылған.

2. Кәсіпорынның 02.06.2023 жылғы № 33-і бұйрығы негізінде А.Асатоваға Алматы қаласына іс сапарға бару үшін сомасы 100,0 мың теңге және 10,3 мың теңге төлем тапсырмалармен іс сапар шығыны төленген. Алайда, қызметкер іс сапарда нақты болған күніне сомасы 100,0 мың теңгеге аванстық есеп берілген, ал қалған 10,3 мың теңге негізсіз артық шығысталғандығы анықталды. Кемшілік есепті тұлғадан кәсіпорынға қайтарылған.

3. Кәсіпорынның 15.09.2023 жылғы № 49 бұйрығы негізінде Ш.Якуповқа Алматы қаласына іс сапарға бару үшін сомасы 103,5 мың теңге іс сапар шығыны төленген. Алайда, қызметкер іс сапарға барғандығы жөнінде аванстық есеп бойынша нақты 100,0 мың теңгеге есеп берген, ал қалған 3,5 мың теңгесі артық шығысталғандығы анықталды. Кемшілік есепті тұлғадан кәсіпорынға қайтарылған.

4. Кәсіпорынның 08.08.2024 жылғы № 34-і бұйрығы негізінде Ж.Койшыбаеваға Талғар қаласына іс сапарға бару үшін сомасы 36,9 мың теңге іс сапар шығыны төленген. Алайда, қызметкер арқылы іс сапарға барғандығы жөнінде нақты аванстық есепті 18,4 мың теңгеге өткізген, ал қалған 18,5 мың теңге қаражат артық шығысталғандығы анықталды. Кемшілік есепті тұлғадан кәсіпорынға қайтарылған.

5. Кәсіпорынның 19.02.2025 жылғы № 11 бұйрығы негізінде С.Максимоваға Есік қаласына іссапарға бару үшін сомасы 31,4 мың теңге іс сапар шығыны төленген. Алайда, қызметкер іссапарға жанұялық себептермен бара алмай қалғандығы жөнінде аудит барысында түсінік берді. Яғни артық төленген қаражат есепті тұлғадан кәсіпорынға қайтарылған.

Бұл кемшіліктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іс сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының»  2-тарау, 3-тармағы)1-тармақшасы және 6-тармағының талабына қарсы келеді, яғни іс сапар шығындары қызметкердің нақты іс сапарға барғандығы үшін және іс сапар шығындары үшін төленген қаржыға толық аванстық есептер толық өткізілуі тиіс. Артық төленген қаражат көлемі барлығы 74,0 мың теңге аудит кезінде толық бюджетке өндірілді.

4-Тармақ: Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну тәртібін бағалау, қаржыландыру көлемінің қажеттілігіне аудит жүргізу кезінде келесідей кемшілік анықталды: Кәсіпорын, Мемлекеттік сатып алу Заңының 43-бабының  талаптарын сақтамау салдарынан, 12.07.2023 жылғы «ASB Stars» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы монитор сатып алу үшін сомасы 406,2 мың теңгеге жасалынған №7 келісім шарт бойынша  2023 жылдың 12-шілдесінен бастап 2023 жылдың 03-тамызын қоса алған мерзімде 406,2 мың теңгенің тауары 20 күн ішінде  кешіктірмей алынуы тиіс еді.  Алайда ол тауар алынбаған, бірақ ол тауар үшін бюджет қаражаты аударылмаған.

Сонымен қатар, Мемлекеттік сатып алу Заңының 12-бабы 4-тармағы 3-тармақшасы талаптарына сәйкес: өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өздеріне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып луға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті.

Кәсіпорын тарапынан Мемлекеттік сатып алу Заңының 12-бабы 4-тармағы 3-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан №72 келісім шарт бойынша тауарларды уақытында тапсырмағандығы үшін «ASB Stars» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеген.

10. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Заречный ауылындағы кәсіптік-техникалық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:

1 -Тармақ: Бұл ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық кодексінің 350-351-355  бабтары орындалмай еңбек ақы және басқада табыстардан ұсталатын жеке тұлға табыс салығы бойынша 2024 жылдың қазан айында 476,9 мың тенге бюджетке төленбегені анықталды.

11. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алатау қаласы Заречный ауылының көпсалалы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:

1-тармақ: ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бектілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға  арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» қаулысының 3-тармағын бұза отырып, кәсіпорынның бухгалтері Л.Ілиясоваға жалпы сомасы 57,1 мың теңге құрайтын іссапар шығыстарын артық төленген.

12. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жауғашты ауылындағы кәсіптік-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны:

1-тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 7 қосымшасы «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну» қағидаларының 2 тарау 20-тармағына сәйкес, Дебиторлық берешек сомаларын өндіріп алу, ал кредиторлық берешек – өтелуі керек. Дебиторлармен және кредиторлармен аяқталмаған есеп айырысулар тексерілуі және расталуы қажет және де 3 тарау 25-тармағына сәйкес, 013 «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» (1220 шоты) жолы бойынша қайтарылуға тиісті артық аударылған төлемдер нәтижесінде пайда болған бюджет берешегінің сомасы көрсетіледі.

Аудит барысында Мекемемен ұсынылған салықтар бойынша жеке шоттардағы мәліметтерді қарау барысында 2024 жыл қорытындысына сәйкес Кәсіпорын бойынша төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы бойынша 2 100 907 теңге және әлеуметтік салық бойынша 1 298 505 теңге, барлығы 3 399,4 мың теңге көлемінде дебиторлық қарыздар қалыптасқаны анықталды.

Алайда, аудитке ұсынылған жылдық есептілікте (2024 жылға бухгалтерлік баланс) аудит барысында анықталған берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Жалпы білім  бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы аудиторлық бақылау кезінде қарастырылып, мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, лауазымды тұлғалардың, мекеме қызметкерлерінің өз лауазымдық қызметтерін атқару барысында жауапкершілікпен қарайды деген пікір қалыптасты.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Жоғарыда көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін өтелуге тиіс қаражаттардың 1 461,6 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өтелді, 174 996,0 мың теңгенің бұзушылықтары бойынша қаржылық есептілікте қалпына келтірулер жасалды.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 5 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

1. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Көлсай кәсіптік-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысының 15.10.2025 ж. бұйрығымен Тексеріс  кезінде  анықталған кемшіліктерді  жіберген бас есепші Ернат Мукашович Буралкиевке «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

2. «Алматы облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Заречный ауылындағы кәсіптік-техникалық колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысының 16.10.2025 жылғы №78-ж-қ бұйрығымен  есепшісі А. Орынбасарға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.

3. «Алматы облысытық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шонжы политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысының 10.10.2025 жылғы №170 ж/қ бұйрығымен бас есепшісі                                      Д. Абдуллаеваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза берілді.

4. «Алматы облысытық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қаракемер кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны басшысының 12.11.2025 жылғы №149 ж/қ бұйрығымен бас есепшісі                                      А.Кумашеваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза берілді.

5. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талғар жоғары медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысының 13.10.2025 жылғы №125 н/қ бұйрығымен бас есепшісі А. Есимоваға «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза берілді.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабы бойынша 3 материал, 238 бабы бойынша 5 материал,  барлығы 8 материал әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін жолданып, қазіргі уақытта қаралуда.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексі,  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашасындағы № 414 Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.08.2001 жылғы №1127 «Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға арналған мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 желтоқсан 2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесін бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іс сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» қаулысы,  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарының сақталмауынан орын алған.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

Білім беруді дамытуға және сапасын арттыруға бөлінген қаражаттың пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін өтелуге тиіс қаражаттардың 1 461,6 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өтелді, 174 996,0 мың теңгенің бұзушылықтары бойынша қаржылық есептілікте қалпына келтірілді.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

Тексеру комиссиясының мүшесі                                 Е.Бақытов

 

Аудит жүргізуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                            Б. Орманов

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы С. Елубаева

 

Әкімшілік құқықтық бөлімінің басшысы                  М. Сканов

 

Аудит тобының жетекшісі                                               Б. Орманов

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ