Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

«Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 18.12.2025
Просмотры: 79 Печать страницы

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасының м.а.

Қ. Есенамановқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметінің тиімділігі және оның Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметінің тиімділігіне және оның Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері тиімділігіне аудит жүргізу.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:

1. «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (әрі қарай – Акционерлік қоғам).

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2023 жылдың 1-қаңтарынан бастап 2024 жылдың 31 желтоқсаны аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Акционерлік қоғамның жарғысы Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11-қазандағы № 322 қаулысына сәйкес бекітілген және 2025 жылғы 30-мамырдағы №143, 2025 жылғы 12-маусымдағы №164 қаулыларына сәйкес қайта бекітілген (бұдан қарай - Жарғы).

Акционерлік қоғамның миссиясы - мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарының негізінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

Жарғының 13-тармағына сәйкес Акционерлік қоғамның пайымы – активтерді тиімді басқаратын, өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестицияларды тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастыратын катализатор ретінде әрекет ететін өңірлік даму иниституты.

Ереженің 14.тармағына сәйкес Акционерлік қоғамның мақсаты -  бизнес бастамалады қолдау және өңірдің өсу нүктелерінде экононмикалық белсенділікті ынталандыру болып табылады.

Акционерлік қоғамның қызметі қазіргі заман талабына сай өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң әсерін тигізе отырып активтерді тиімді басқару, өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестицияларды тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастыру барысында елеулі қызметтер атқаруда.

Акционерлік қоғам тарапынан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жүйелі жұмыс атқарылуда. Атап айтқанда, облыс аумағында мал шаруашығы, тұрғын үй саласы, өсімдік шаруашылығы және Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу тетіктерін іске асыру салалары бойынша ұдайы іс шаралар жүргізілуде.

Аудит бағдарламасында көрсетілген сұрақтар бойынша аудитпен қамтылған бюджет қаражаттары мен активтерді пайдалану анықтығы мен дұрыстығына аудит жүргізілді.

Аудит бағдарламасының мәселелері бойынша жоспарланып, жұмсалған қаражаттар мен активтердің, жүргізілген шығыстардың белгіленген күтілетін кезеңге, қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес игерілгені анықталды.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері.

Акционерлік қоғамға бөлінген бюджет қаражаттары мен активтерді пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен  15 055 913,0 мың теңге жұмсалған бюджет қаражаттары мен активтері қамтылды және аудит қорытындысымен Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалары талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 1 500 230,1 мың теңгеге бюджет қаражаттары мен активтерінің тиімсіз пайдаланылғаны түріндегі бұзушылықтар анықталған.

«Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ы бойынша бұзушылықтардың сипаттамасы:

         Тармақ 1. Акционерлік қоғам тарапынан Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 1-наурызындағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-бабы 4)-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы қызметтік пайдалану үшін сатып алынған 2 автокөлікті «Алматы облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы» ММ-не өтеусіз беру арқылы жалпы сомасы 95 990,0 мың теңге көлеміндегі қаржылар тиімсіз пайдаланылған.

         Аталған бұзушылыққа жауапты Акционерлік қоғамның Іс-шараларды қамтамасыз етуді ұйымдастыру департаментінің директоры А.Алишеров Акционерлік қоғамның 2025 жылдың 12-мамырындағы №254 л/с бұйрығына сәйкес қызметкердің бастамасы бойынша жұмыстан босатылған.

Тармақ 2. Акционерлік қоғам тарапынан Қазақстан Республикасының №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы және 4-бабы 12-тармақшасы талаптарында көзделген тиімділік қағидатын сақтамау салдарынан Алматы облысының тұрақтандыру қорын қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге жалпы сомасы 486 040,08 мың теңгеге қол жеткізілмеген, өйткені аталған қаражат 2023-2024 жылдары «Көксу қант зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ағымдағы шотында жинақталуы арқылы тиімсіз жұмсалған.

Тармақ 3. Акционерлік қоғам тарапынан Қазақстан Республикасының №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы және 4-бабы 12-тармақшасы талаптарында көзделген тиімділік қағидатын сақтамау салдарынан 2024 жылдың 1-қазаны жағдайына 2024 жылдың 14-ақпанындағы №1 Қарыз шарты бойынша 485 800,0 мың теңге көлеміндегі несие қаржысының 2024 жылдың 1-қазаннан бастап 2024 жылдың 31-желтоқсанына дейінгі кезеңде игерілмеуі арқылы тиімді пайдаланылмаған.

Тармақ 4. Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 1-наурызындағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-бабы 4)-тармағы  талаптарын сақтамау салдарынан, Акционерлік қоғамнан 3 қарыз алушыға берілген жалпы сомасы 432 400,0 мың теңге көлеміндегі қарыз қаражаттары тиімсіз пайдаланылған, өйткені аталған қарыз қаражаттарының негізгі сомаларының уақтылы өтелмеуі активтерді тиімді басқару қағидатын сақтамауға әкеліп соққан.

2, 3, 4-тармақтарда баяндалған бұзушылықтарға жауапты Акционерлік қоғамның төрағасының орынбасары Н.Аманксиев Акционерлік қоғамның 2025 жылдың 1-қаңтарындағы №18л/с бұйрығына сәйкес қызметкердің бастамасы бойынша жұмыстан босатылған.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Акционерлік қоғамның аудитпен қамтылған 2023-2024 жылдары атқарған қызметтерінің нәтижелері бойынша Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң  әсерін тигізгендігі байқалады.

2023 жылы Акционерлік қоғам тарапынан 3 даму бағдарламасы жүзеге асырды, оның ішінде:

- Мал шаруашылығын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 2023 жылға жалпы сомасы 5 000 000,0 мың теңгеге 5693 бас мүйізді ірі қара, 1351 бас ұсақ мал бөлініп, жоспарланып, сатып алынған,

- Азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша Алматы облысында бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруға 4 439 400,0 мың теңге бөлініп, игерілген;

- «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 3 532 700,0 мың теңгеге 486 өтініштер қаралып, несиелер берілген.

2024 жылы Акционерлік қоғам тарапынан 6 даму бағдарламасын жүзеге асырды, оның ішінде:

- инвестициялық сала бойынша жалпы сомасы 5 000 000,0 мың теңге игерілген,

- «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 5 868 000,0 мың теңгеге 722 өтініштер қаралып, несиелер берілген,

- «Агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды несиелендіру» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 15 000 000,0 мың теңгеге 6 276 өтінімдер қаралып, несиелер берілген;

- Тұрғын үй құрылысы саласын дамыту бағдарламасы бойынша 1 500 000,0 мың теңге бөлініп, игерілген;

- «Өсімдік шаруашылығын дамыту» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 1 500 000,0 мың теңгеге 9 серіктеспен 10 бірлескен қызмет шарты бөлініп, жүзеге асырылған,

- Азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша Алматы облысында бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруға 6 484 20,0 мың теңге бөлініп, игерілген.

2024 жыл Акционерлік қоғам үшін тұрақты өсу және елеулі жетістіктер уақыты болды. Акционерлік қоғам қызметінің негізгі көрсеткіштері жоғары тиімділік пен тұрақты дамуды көрсетеді, бұл ұжымның кәсіби жұмысы мен ресурстарды сарабдал басқарудың нәтижесі болып табылады.

Акционерлік қоғамның 2023-2024 жылдарға арналған қаржылық жағдайы оң динамикасын көрсетуді жалғастыруда, яғни акционерлік қоғам екінші жыл қатарынан есепті кезеңді кіріспен аяқтады, оның ішінде:

- 2023 жылдың қорытындысы бойынша таза қаржылық нәтиже 114 694,0 мың теңгені,

- 2024 жылдың қорытындысы бойынша таза қаржылық нәтиже 1 121 489 мың теңгені, - құрады.

Қол жеткізілген нәтижелер Акционерлік қоғамның ресурстарды тиімді басқаруының және жедел тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауының нәтижесі болып табылады.

Сонымен қатар, жалпы Акционерлік қоғамға жүктелген функциялар орындалуда, штат жасақталған және бөлінген бюджет қаражаттары мен активтері толыққанды жұмыс істеуі үшін жеткілікті.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде бөлінген бюджет қаражаттары мен активтері және теңгеріміндегі мүлік жалпы алғанда қанағаттанарлық дәрежеде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес игерілген және пайдаланылған деп бағалауға болады.

III. Қорытынды бөлік.

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар

«Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметінің тиімділігі және оның Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері тиімділігі сұрақтары бойынша шаралар қабылданбады.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1. Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша жалпы сомасы 1 500 230,1 мың теңгеге бюджет қаражаттары мен активтерді тиімсіз пайдалану түріндегі бұзушылықтар анықталды.

2. Анықталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 1-наурызындағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-бабы 4)-тармағы талаптарының сақталмауынан орын алған.

3. Бюджет қаражаты мен активтерді пайдалану кезінде тиімділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражаты мен активтердің тиімсіз пайдалануына жол берілген.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

«Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметінің тиімділігі және оның Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. «Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметінің тиімділігі және оның Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері тиімділігі аудитінің нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралуын.

2. Мемлекеттік аудит объектісі басшыларымен бюджет және өзге де заңнама талаптарының бұрын жол берген бұзушылықтарының салдарын барынша азайтуға бағытталған және тиімсіз пайдаланылған 1 500 230,1 мың теңге көлеміндегі бұзушылықтар назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізілуін.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі А. Қондыбаева

 

№1 мемлекеттік аудит

бөлімінің басшысы Б. Орманов

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы М. Сканов 

 

Аудит тобының жетекшісі  Б. Молдабеков

 

№1 мемлекеттік аудит бөлімінің

бас маман -мемлекеттік аудиторы                           Б. Молдабеков

 

№1 мемлекеттік аудит бөлімінің

бас маман -мемлекеттік аудиторы                            А. Турсунбекова

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ