Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Жамбыл ауданы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 16.04.2026
Просмотры: 6 Печать страницы

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жамбыл ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қонаев қаласы  

2026 жыл

 

Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М.Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлім

         1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Жамбыл ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

         1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Жамбыл ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:

  1. «Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  2.  «Жамбыл аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;
  3.  «Жамбыл ауданы экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттік мекемесі;
  4.  «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 
  5.  «Жамбыл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;
  6.  «Жамбыл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
  7.  «Жамбыл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  8.  «Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  9.  «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;
  10. «Жамбыл ауданының Шолаққарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  11. «Жамбыл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  12. «Жамбыл ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  13. «Жамбыл ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  14. «Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  15. «Жамбыл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының Дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  16. «Жамбыл ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
  17.  «Жамбыл ауданының Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  18. «Жамбыл ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  19.  «Жамбыл ауданының Дегерес ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  20.  «Жамбыл ауданының Сарытауқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  21.  «Жамбыл ауданының Самсы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  22.  «Жамбыл ауданының Ақтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  23.  «Жамбыл ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  24. «Жамбыл ауданының Үлкен ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  25. «Жамбыл ауданының Шиен ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  26. «Жамбыл ауданының Үңгіртас ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  27. «Жамбыл ауданының Ақсенгір ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  28. «Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  29. «Жамбыл ауданының Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  30. «Жамбыл ауданының Мәтібұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  31. «Жамбыл ауданының Үлгілі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  32. «Жамбыл ауданының Таран ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  33. «Жамбыл ауданының Қаракастек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  34. «Жамбыл ауданының Беріктас ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  35. «Жамбыл ауданының Талап ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  36. «Жамбыл ауданының Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  37. «Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  38. «Жамбыл ауданының Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  39. «Жамбыл ауданының Бозой ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2025 жылдың  31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

         2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

2025 жылы аудандық бюджетке түскен түсімдер 25 908 009,0 мың теңгені немесе түзетілген бюджетке 100,7 % құрады. Олар;

- Кірістер 21 417 929,6 мың теңге;.                                                     

- Бюджет кредиттерін өтеу сомалары 166 697,4 мың теңге;

- Қарыздар түсімі 4 323 382,0 мың теңге.

2025 жылмен салыстырғанда кірістер сомасы 1 359 558,7 мың теңгеге артқан.

-салықтық түсімдер  - 12 788 340,4 мың теңге (2024ж. көрсеткіштен               15,0 %-ға артқан);

-салықтық емес түсімдер – 55 255,2 мың теңге (2024ж. көрсеткіштен -74,9 % кеміген);

-негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 235 183,9,5  мың теңге (2024ж. көрсеткіштен 25,1  %-ға артқан);

трансферттер түсімі – 9 868 240,0 мың теңге (0,2 %-ға артқан), оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер 1 471 297,0 мың теңге, нысаналы даму трансферттері 7 562 815,0 мың теңге, субвенициялар – 831 811,0 мың теңге, заңнаманың қабылдауына байланысты ысырапты өтеуге арналған трансферттер 2317,0 мың теңге.

2025 жылы бюджеттік кредиттерді өтеу 160199,0 мың теңгеге жоспарланып, 164 851,4 мың теңгеге орындалды немесе 102,9 %. 2024 жылмен салыстырғанда 16,6%-ға артқан.

Қарыздар түсімі 4323382,0 мың теңге түсіп, 100 % орындалды. Оның ішінде 304 730,0 мың теңгеге ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру,спорт саласындағы 75 маманға тұрғын үй сатып алуға әлеуметтiк қолдау шарасы көрсетілген.

 

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамалары нормалары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің актілері бойынша анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:

Жамбыл ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудипен барлығы 22 871 318,0  мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 2 719 319,8 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:

- қаржылық бұзушылықтар 120 156,0 мың теңге, (оның ішінде: бухгалтерлік есептілікте қалпына келтіруге жататыны 111 753,4 мың теңге, салықтар бойынша түсуге жататын түсімдер сомасы 190,1 мың теңге, заңды және жеке тұлғалар есебінен бюджет есебіне өтелуге жататыны 8212,5 мың теңге).

- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жағдайларда тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары 2 510 725,8 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары 88 438,0 мың теңге.

Сонымен қатар 9 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

 

Жеке аудит объектілері бойынша анықталған бұзушылықтар төмендегідей:

1.«Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;      

1 тармақ. 2025 жылы Қарғалы, Қастек, Жамбыл ауылдарының шекараларында Шекара қызметі үшін контейнерлік үлгідегі жылыту пункттерін дайындау және орнату жөніндегі жұмыстар бойынша 31 330,8 мың теңгенің жұмыстары Тапсырыс берушіге 2025 жылдың 02 қыркүйегінде, яғни 3 күнге кешіктіріліп өткізілген. Сәйкесінше тұрақсыздық айыппұл мөлшері 94,0 мың теңгені құрайды..Алайда, Мекеме тарапынан «Айд-Строй» ЖШС есебінен тұрақсыздық айыппұл сомасын өндіру жөніндегі шаралар қолданылмаған. өтелуге жатады, Сонымен қатар, өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап сотқа жүгінбегн.  Рәсімдік Адм штраф

2 тармақ. Аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, 2024-2025 жылдары Аудан әкімі аппаратының жүргізушілерімен жасалған еңбек шартына сәйкес, жүргізуші 4 (төрт) жұмыс атқаруға келіседі, соның ішінде автокөліктің тазалығын сақтайды.

2024 жылдың 13 ақпанында Мекеме мен «ЖАМБЫЛ БАЙЛАНЫС» жеке кәсіпкерлігі арасында 836,0 мың теңгеге автокөлік жуу қызметтерін көрсетуге келісім-шарт жасалып, жыл бойы толығымен төленген.

Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану. Демек, 836,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз пайдаланған болып табылады.

2025 жылдың 24 сәуірінде Мекеме мен «QuickGoods» жеке кәсіпкерлігі арасында 1082,4 мың теңгеге автокөлік жуу қызметтерін көрсетуге келісім-шарт жасалып, жыл бойы толығымен төленген.

Демек, жоғарыда төленген 1082,4 мың теңге қаражаттары тиімсіз пайдаланылған болып табылады.

3 тармақ. Бюджеттік өтінімдері негізінде 2024 жылдың қазан айында 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен 3000,0 мың теңге беріліп, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының № 4 ӨСБ өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ғимаратын күрделі жөндеуге ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптама жүргізуге жоспарланған.

Алайда, аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптама жүргізу жұмыстары жүргізілмей, Мәслихат шешімдерімен аталған қаражаттар 2024 жылдың желтоқсан айында толығымен қайтарылған, себебі Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының № 4 ӨСБ өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ғимаратын күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу жұмыстары 2024 жылдың желтоқсаны айында аяқталып қабылданған. Демек, 3000,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.

           2. «Жамбыл ауданы экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. «Жамбыл ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі К.Жазықбаеваның қызметі тоқтатылғанын есепке алмай, 2024 жылдың сәуір айында жұмыс істемеген 15 күн үшін қайта есептеу жүргізбеген. Ұсынылған есеп айырысу парақтарына сәйкес,  жұмыс істемеген 15 күн үшін 142,2 мың теңге негізсіз артық төленген.

Тармақ-2. 2024 жылы Іс сапар шығындарының есептелініп, төленуінің дұрыстығын бақылағанда мекеменің қызметкерлеріне рұқсат етілмеген бір күндік шығыны бойынша сомасы барлығы 110,8 мың теңге артық төленген.

Тармақ-3. Сондай-ақ, 2025 жылы Іс сапар шығындарының есептелініп, төленуінің дұрыстығын бақылағанда сомасы барлығы 102,2 мың теңгеге артық төленген.

Тармақ-4. Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, «Дипломмен  ауылға» бағдарламасымен әлеуметтік  саланың    маманына  бір  жолғы    көтерме  жәрдемақы төлеу 2025 жылы 099-шы бағдарламадан мемлекет тарапынан 56227,6 мың теңге, 143 маманға берілген. 2308,6 мың теңге мамандардың өз жауапкершілігін дұрыс орындамағандары бюджетке қайтарылған. Бұл кемшілік тиімділік қағидаты сақталмауы себебінен бюджет қаражаттарының тиімсіз пайдалануға әкелген.

3. «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 

2025 жылы Тармақ 1. 006 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджет оның ішінде: 414 «Машиналар жабдықтар, өндірістік және шаруашылық құралдарын сатып алу» ерекшелігі бойынша.. Жамбыл ауданы ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің  теңгеріміндегі   2025 жылғы  сатып алынған  1269,0 мың теңге тұратын   DJI Mavic 3 Pro fly more Combo  маркалы   Дрон сұр түсті Жамбыл ауданының әкімінің  2025 жылдың 30 қыркүйегіндегі  № 372 Қаулысымен, Жамбыл ауданының полиция басқармасына пайдалануға  Алматы облысы полиция Департаменті мемлекеттік мекемесінің  теңгеріміне 2025 жылдың 03 қазанында комиссионно өткізіліп берілді. Демек, 2025 жылғы 1269,0  мың тенге қаражат  тиімсіз пайдаланған  болып табылады.

4. «Жамбыл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі;

1-тармақ. 2024 жылы 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының 414 «Машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, өндірістік және шаруашылық қорларды сатып алу» ерекшелігіндегі игерілмеген үнемді  14 000,0 мың теңге алуы туралы мекеме басшысының 2024 жылдың 3 желтоқсанындағы хатында жазылған. Бұл ретте, ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік кодексінің 3 бабы 1 тармағының 12-4) тармақшасының, 4 баптың 1 бөлігі 12) тармақшасының талаптары басшылыққа алынбай 14000,0 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.

2-тармақ.  2024 жылы 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының 421 «Үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, тасымалдау құрылғыларын күрделі жөндеу» ерекшелігіндегі сомма толық игерілмеген. Бұл ретте, ҚР 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік кодексінің 3 бабы 1 тармағының 12-4) тармақшасының, 4 баптың 1 бөлігі 12) тармақшасының талаптары басшылыққа алынбай 220 249,6 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.

 5. «Жамбыл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

 1 -Тармақ. 2025 жылдың 05 мамырында әзірленген Ақсеңгір ауылы,                         Б. Қыдырбекұлы ауылы, Қазбек бек ауылы және Беріктас ауылы мәдениет үйлерін газ тарату желілеріне қосу жұмыстарын жобалауға қосуға техникалық шарттарға сәйкес аталған жұмыстарға сметалық құжаттама даярлау және жобаны іске асыру үшін мердігерлік жұмыстарды жүргізуге қажетті 12 000,0 мың теңге аудит объектісіне 2025 жылдың желтоқсан айында берілген.

Жыл аяғына дейін оның 1490,0 мың теңгесі игеріліп, сметалық құжаттама әзірлеуге жұмсалған. Өз кезегінде, құрылыс-монтаждық жұмыстарына қаралған 10 510,0 мың теңге игерілмей қалған, немесе жоспарланған жұмыстар іске асырылмай, бюджет қаражаттарының тиімсіз жоспарлану салдарынан түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген.

2-Тармақ: 2024 жылдың қаржылық есептілігінің жасалуы мен тапсырылуының Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігін тексеру барысында қаржылық есептiлiкті бұрмалау немесе жылдық бухгалтерлiк есепті қалыптастыруда көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған. Атап айтқанда,  қаржылық есептілікке жауапты тұлғасы бас-есепші тарапынан «Тауекел-газ құбыры» ЖШС-мен аулдыдық мәдениет үйлері бойынша 799 906 теңге көлеміндегі кредиторлық қарыздар және  177 108 теңге көлеміндегі дебиторлық қарыздары 2025 жылдың 1 қаңтарына бухгалтерлік баланста қысқа мерзімді  кредиторлық пен дебиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды. Қаржылық бұзушылық Барлығғы 997,0 мың тенге қалпына келтірілді. Әкімшілік ққ 1.

6. «Жамбыл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ- 1. Мекеменің құралдарының жұмыс істеу дұрыстығын тексергенде, 2019 жылы «Ахметшина» жеке кәсіпкерінен 26.11.2019 жылғы №36 тіркеме құжаты арқылы 1 дана компьютер сомасы 108,0 мың теңгеге сатылып алынып, кірістелінген. Аталған құндылық сол уақыттан бері қолданылмай тұрғаны анықталды, яғни қаражат тиімсіз пайдаланылған.

Тармақ- 2. Күрделі шығыстарға қаражаттың жұмсалуын бақылағанда келесідей кемшілік анықталды: Мекеме мен «Камалова» жеке кәсіпкері арасындағы 14.11.2024 жылы Жамбыл ауданы, Тарғап ауылындағы кітапхана ғимаратына газ жылу қазандығын сатып алу үшін сомасы 298,7 мың теңгеге № 220 келісім шарты жасалынған. Алынған қазандық 22.11.2024 жылғы №86 тіркеме құжаты және тауарды қабылдап алу актісіне сәйкес орнатылған. Кейін мекеменің 03.12.2024 жылғы №4571026/24-363 төлем шотына бойынша қаражат толық аударылған. Алайда, 2024 жылы аталған қазандық іске қосылмаған. Яғни мекеменің 2024 қаржыландыру жоспарында қаралған бұл бағдарлама қаражатының 298,7 мың теңгесі өзінің тікелей және түпкілікті нәтижесіне жетпеген тиімсіз пайдаланылған.

Тармақ- 3. Аудит жүргізу уақыты аралығында 2024 жылы 3540,0 мың теңге сыйақы есептеліп төленген. Сый ақының есептелініп, төлену дұрыстығын бақылағанда келесідей кемшілік анықталды: Жеңіс күні мейрамына орай 2024 жылы үнемделген қаржыдан мекеме қызметкерлеріне сый ақы төлеу кезінде, сый ақы төлеуге негіз болатын басшының бұйрығындағы тізімде болмаса да Г.А.Нусиповаға 31,5 мың теңге және К.Шортамбаеваға 31,5 мың теңге, барлығы 63,0 мың теңге негізсіз төленіп, бюджетке өтелді.

7. «Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1.  Еңбек ақыдан ұсталатын жеке тұлға табыс салығы бойынша 2025 жылы  қыркүйек айында 47,3 мың тенге бюджетке кем төленгені анықталды. Аудит барысында өндірілді.

8. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі»

Тармақ-1. 005/015/322 ерекшелігі бойынша маусым айында 18 369,0 мың теңге, шілде айында 73 476,0 мың теңге, қараша айында 129 163,0 мың теңге, желтоқсан айында 24 524,0 мың теңге, барлығы 245 532,0 мың тенге жоспарланған мақсатта игерілмей, басқа да шығындарға жұмсалған. Бұл, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет Кодексінің (әры қарай – Бюджеттік кодекс) 2-бабы 2-тармағы 3) тармақшасымен Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының негізгі міндеттері белгіленген, соның ішінде бюджет жүйесінің қағидаттары арқылы мемлекеттік қаржы мен бюджетті тиімді басқару үшін құқықтық негіздер құру болып табылады. Демек, 245 532,0 мың теңге қаражат тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2-Тармақ. 2024 жылғы 14 қазанындағы №106-ж/қ бұйрығы негізінде мекеме басшысының орынбасары Гульсара Исабековна Тлеубердиева 2024 жылдың қазан айының 15-18 аралығында 4 күнге Есік қаласына іс-сапарға жіберілген. Г.Тлеубердиеваға тәуліктік шығындарға 5 күнге және тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарына 4 күнге барлығы 40,6 мың теңге (2 күнге) артық есептелініп  төленген.

9. «Жамбыл ауданының Шолаққарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

1–тармақ. Аудит барысында алынбаған тәртіптік жазасы болсада Мекеме қызметкері Б.Манауованың ауылдық округ әкімінің өкімі негізінде 2025 жылдың 22 қаңтар айында №4-ө ж/қ «Ескерту» түрінде берілген тәртіптік жазасы алынбай, 2025 жылдың 07 наурыз айында 161,5 мың тенге және 2025 жылдың 11 маусым айында 200,9 мың тенге көлемінде сыйақы заңнама талаптарына қайшы толенген.

Сонымен қатар, Мекеме қызметкері Н.Бердіқұлдың ауылдық округ әкімінің өкімі негізінде 2025 жылдың 18 наурыз айында №13-ө ж/қ «Ескерту» түрінде берілген тәртіптік жазасы алынбай, 2025 жылдың 11 маусым айында 199,8 мың тенге және 2025 жылдың 22 тамыз айында 160,4 мың тенге көлемінде сыйақы заңнама талаптарына қайшы толенген, ол бюджет есебіне өтелуге жатады.

2–тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы                 № 414-V Еңбек Кодексінің 103-бап 1-тармағын басшылыққа алмай, мекеменің жастар ісі жөніндегі әдіскері А.Рахимжановаға 2024 жылдың мамыр, маусым айларында жалпы сомасы 234,7 мың теңге артық аударылған.

3–тармақ. Жоғарыда айтылғандай, «Шолаққарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі теңгерімінде барлығы 2 (екі) бірлік жеңіл автокөліктер тіркелген. Демек, Мекеменің лауазымды адамдары тарапынан қызметтік автокөліктер бойынша бекітілген заттай нормалардан асыру фактісіне жол берілген.

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 234-1 бабымен мемлекеттік органдармен бекітілген заттай нормалардан асыру арқылы бюджет қаражатын тиімсіз жоспарланғаны және (немесе) тиімсіз пайдаланғаны үшін әкімшілік-құқықтық жауапкершілік қарастырылған. Осылайша, Мекеменің лауазымды адамдары тарапынан қызметтік автокөліктер бойынша бекітілген заттай нормалардан асыру фактісіне жол берілген.

10. «Жамбыл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;            

1 тармақ. 2024 жылы Аудитпен қамтылған кезеңде Мекемеге жергілікті бюджет есебінен берілген бюджеттің жыл басынан жоспарлануы мен олардың жыл бойы игерілуін (пайдаланылуын) талдау барысында төмендегі кестеге сәйкес өзгерістер енгізілгендігі анықталды:

003 «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкция-лау»  бюджеттік бағдарламалар бойынша жыл аяғында 529410,1 мың тенге.

004 «Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру  бюджеттік бағдарламалар бойынша жыл аяғында 251526,0 мың тенге

005 «Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бюджеттік бағдарламалар бойынша жыл аяғында 92036,0 мың тенге

011 «Мәдениет объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламалар бойынша жыл аяғында 39283,0 мың тенге

017 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламалар бойынша жыл аяғында 400,01 мың тенге Демек, жоғарыда көрсетілгендей, 2024 жылға барлығы 912 655,1 мың теңге  бюджет қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2025 жылы  003 «Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкция-лау»  бюджеттік бағдарламалар бойынша жыл аяғында 310 181,4 мың тенге.

004 «Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру  бюджеттік бағдарламалар бойынша жыл аяғында 190657,0 мың тенге

011 «Мәдениет объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламалар бойынша жыл аяғында 56454,0 мың тенге .

079 «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту»  бюджеттік бағдарламалар бойынша жыл аяғында 439591 мың тенге

Демек, жоғарыда көрсетілгендей, 2025 жылға барлығы 1 005 883,4 мың теңге қаражат тиімсіз жоспарланған болып табылады.

 2-Тармақ. 2024 жылдың басына бюджеттік өтінімдері негізінде 001 «Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы 159 «Өзге де қызметтер мен жұмы  старға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша бюджет есебінен 3000,0 мың теңге беріліп, құрылыс жұмыстары аяқталған техникалық төлқұжаты, мемлекеттік жер пайдалану актісі, жерге орналастыру жобасы құжаттарын әзірлеу жұмыстарына жоспарланған.

Алайда, аудитке ұсынылған Мекеменің жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларына сәйкес, аталған қаражаттар жыл бойы толық өз мақсатында игерілмей, жыл бойы Мекеме қажеттіліктеріне байланысты басқа да шығындарға жылжытылып игерілген.Демек, 3000,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз пайдаланылған болып табылады.

Сондай-ақ, 2025 жылдың басында 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы 149 «Өзге де қорларды сатып алу» ерекшелігі  бойынша 1344,0 мың теңге Мекемеге кеңсе және шаруашылық тауарларын сатып алуға жоспарланып берілген.

Алайда, аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, жыл бойы жоғарыда көрсетілген қаражаттардың қажет болмауына байланысты басқа да шығындарға жұмсалған. Демек, 1344,0 мың теңге қаражат тиімсіз игерілген (пайдаланған) болып табылады.

3- тармақ. Аудитке ұсынылған мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлер санының тарифтеу тізіміне сәйкес Мекеменің есепшісі қызметіндегі инспекторы А.Омирханға 2025 жылдың мамыр-қараша айлары арасында еңбек сіңірген жылдары үшін 30 пайыз көлемінде ай сайын 41,6 мың теңгеден үстемеақы белгіленіп төленген. Яғни, аталған қызметкерге Еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы тағайындау негізсіз болып табылады, сәйкесінше барлығы 291,7 мың теңге төлеу негізсіз болып, бюджет есебіне қайтарылуға жатады.

4- тармақ. Мекемемен, құрылыс-монтаждық жұмыстары 2023 жылы басталған «Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы ардагерлер үйі мен Өлкетану музейін қайта жаңарту» жұмыстарын жүргізуге жасалған келісім-шарт бойынша өз мідеттемелерін тиісті түрде орындамағаны үшін «ГрадСтройСервис» ЖШС-не қатысты Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына тұрақсыздық айыбын өтеу және аталған Мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арыз беріліп, сотпен талабымыз толығымен қанағаттандырылып, «ГрадСтройСервис» ЖШС-нен 735,2 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын мемлекет кірісіне өндіру және оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімі шыққан. Өз кезегінде Мекеме тарапынан «ГрадСтройСервис» ЖШС-не 2026 жылдың 15 қаңтарындағы № 0-26/2 кепілдік хаты негізінде қосымша уақыт беріп, қазіргі уақытта жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудит жүргізілу мерзімінде «ГрадСтройСервис» ЖШС-гі тарапынан сот шешімімен белгіленген 735,2 мың теңге көлеміндегі айыппұл сомасының өтелмегені анықталды.

11. «Жамбыл ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. 2024 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111,136,149,152,159,159 және 161-ші ерекшеліктерінен 112-ші ерекшелігіне 712,7 мың теңге ауыстырылып, мекемем қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. Яғни аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 712,7 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған.

12. «Жамбыл ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі;   

Тармақ-1. 2024 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111,136,149,152,159,159 және 161-ші ерекшеліктерінен 112-ші ерекшелігіне 1 556,0 мың теңге ауыстырылып, мекемем қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. Яғни аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 1556,0 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған.

Тармақ-2. 2025 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111,136,149,152,159,159 және 161-ші ерекшеліктерінен 112-ші ерекшелігіне 2 727,0 мың теңге ауыстырылып, мекемем қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. Яғни аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы     2 727,0 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған.

13. «Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. Мекеме ұсынған бюджет өтінімдеріне сәйкес, 2024 жылғы 1 мамырға дейін, Қазынашылықтың 4-20 нысандары бойынша 001 бағдарламасы бойынша мекемеге 479,0 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлінді. 2024 жылы қосымша қажетсіз түрде 111, 113, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 144, 149, 151, 152, 159, 161 және 169 спецификаларынан 112 «Қосымша ақша төлемдері» спецификациясына 1 960,0 мың теңге мөлшерінде қаражат аударылып, әр мейрам үшін сыйақы есептеліп, мекеме қызметкерлеріне төленді. Сондықтан, 2024 жылға жоспарланған қаражаттың 1481,0 мың теңгесі тиімсіз жоспарланған болып табылады.

Тармақ-2.  Мекеме ұсынған бюджет өтінімдеріне сәйкес, 2025 жылдың басында, Казначействоның 4-20 нысандары бойынша 001112 бағдарламасына сәйкес, мекемеге жалпы сомасы 2 094,0 мың теңге бөлінді. 2025 жылы қосымша қажетсіз түрде 111, 113, 116, 121, 122, 123, 124, 131, 135, 136, 144, 149, 151, 152, 159, 161 және 169 спецификаларынан 112 спецификасына «Қосымша ақшалай төлемдер» сомасында 3 001,1 мың теңге ауыстырылды, әр мейрамға арналған сыйақы есептеліп, мекеме қызметкерлеріне төленді. Сондықтан, 2025 жылға жоспарланған қаражаттан 3 001,1 мың теңге тиімсіз жоспарланған болып табылады.

14. «Жамбыл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының Дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Іс сапар қағидасының     1-тарау, 2-тармағының талабын сақтамау салдарынан 251,6 мың теңге көлеміндегі іс сапар шығындары өкім немесе бұйрықтар шығырылмастан негізсіз төленген. Аудит барысында бюджетке өндірілді

15. «Жамбыл ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. Аудит барысында сый ақы шығындары 2025 жылы мекеменің екі қызметкерлеріне тәртіптік жазасы алынбасада оларға барлығы 218,7 мың теңге негізсіз төленгендігі анықталды. Яғни бас маман Н.Б.Естенге 20.03.2025 жылғы № 12б-ж/қ бұйрығымен ескерту тәртіптік жазасы бола тұра оған 2025 жылдың наурыз мейрамына 153,7 мың теңге, сонымен қатар бас маман С.С.Ибрагимовқа 24.05.2025 жылғы № 14ж/қ бұйрығымен ескерту тәртіптік жазасы бола тұра оған 2025 жылдың Республика күні мейрамына 65,0 мың теңге сый ақы артық төленген. Аудит барысында тәртіптік жазаны алып тастау туралы бұйрықтар табылған жоқ. Анықталған кемшілік толық жергілікті бюджет есебіне өндірілді.

Тармақ-2. Бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген қаражаттың игерілуін бақылағанда 2024 жылы 023 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамассыз ету» бағдарлама аясында бөлінген қаражаттың 2001,4 мың теңгесі 2024 қаржы жылы толық игерілмей қаражат өзінің түпкілікті нәтижесіне жетпеген, тиімсіз пайдаланылған.

Тармақ-3. Бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген қаражаттың игерілуін баұылағанда 2024 жылы 052 «Ауыл ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтәк және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру бағдарламасы бойынша 70778,0 мың теңге қаражат 2024 қаржы жылы толық игерілмей қаражат өзінің түпкілікті нәтижесіне жетпеген, тиімсіз пайдаланылған.

Тармақ-4. Аудит барысында мекенің теңгерімінде тұрған қолма қол ақша қаражатын бақылау шотына көңіл бөлінгенде, мекеме есебінде мемлекеттік сатып алу барысында мердігерлермен есеп айырысуда келісім шарттардың орындалу бойынша қуыну мерзімі өтіп кеткен кредиторлық қарыздары көлемі 660,0 мың теңгеге анықталды және аудит барысында бюджетке өндірілді.

16.  «Жамбыл ауданының Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

1 тармақ. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет Кодексінің (әры қарай – Бюджеттік кодекс) 2-бабы 2-тармағы 3) тармақшасымен Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының негізгі міндеттері белгіленген, соның ішінде бюджет жүйесінің қағидаттары арқылы мемлекеттік қаржы мен бюджетті тиімді басқару үшін құқықтық негіздер құру болып табылады.

Жамбыл аудандық Мәслихатының 2025 жылдың 07 қарашасындағы № 39-182 шешімімен Аққайнар ауылдық округі әкімі аппаратына 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты» бюджеттік бағдарламасы бойынша 8963,0 мың теңге беріліген. Алайда аталған қаражаттарды жыл аяғында мақсатты игеру мүмкіндігінің болмауына байланысты оның 1463,0 мың теңгесі Мекеме қажеттілігіне жұмсалып, 7500,0 мың теңгесі 2025 жылдың желтоқсан айында бюджет есебіне Мәслихат шешімімен қайтарыған. Яғни, жыл аяғында берілген 8963,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2 тармақ. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексінің 79-бабы 1-тармағына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті.

Аудитқа ұсынылған Жұмыс уақытын есепке алу табелінде Мекеменің еден жуушысы Қадыкен Жұмагүлдің 2025 жылдың мамыр айында 19 жұмыс көрсетіліп, соның негізінде толық айға 99 459 теңге көлемінде еңбек ақысы төленген.

Округ әкімінің 2025 жылдың 02 маусымындағы «Қадыкен Жұмагүлдің жүктілігіне және босануына байланысты демалысы туралы» өкімі негізінде және еңбекке уақытша жарамсыз парағына сәйкес аталған қызметкерге 2025 жылдың 26 мамырынан бастап 29 қыркүйегіне дейін демалыс берілген, яғни 26 мамырдан бастап аяғына дейінгі мерзімде жұмыс атқармаған.

Еңбек Кодексінің 103-бабы 1-тармағына сәйкес, жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді. Сәйкесінше, Қадыкен Жұмагүлге 6 күндік еңбек ақысы 31,4 мың теңге еңбекақыға негізсіз артық төленген.

3 тармақ. 2024 жылдың 04 сәуірінде Мекеме бас есепшісі Б.К.Қуатоваға Қонаев қаласына біліктілік көтеру үшін барған іс-сапары үшін аванстық есебі негізінде 36,9  мың. тенге көлемінде іс-сапар шығындары негізсіз төленгені анықталды.

17. «Жамбыл ауданының Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

1-тармақ. 2024 жылдың басына бюджеттік өтінімдері негізінде 040 «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджет есебінен 864,0 мың теңге беріліп, Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қызыләскер ауылында мал өлексесін тастайтын қорымын салу үшін жобалық-іздестіру жұмыстарын жүргізуге жоспарланған.

Алайда, аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, жобалық-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер телімін бөлу жөнінде жер учаскесіне арналған актісінің дайын болмауына байланысты, Мәслихат шешімдерімен аталған қаражаттар жыл бойы өз мақсатында игерілмей, 2024 жылдың қараша айында толығымен басқа да шығындарға жылжытылып игерілген. Демек, 864,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2 тармақ. 2025 жылдың 8-12 қыркүйегі күндеріне Еңбекшіқазақ ауданы Есік  қаласына тағылымдамадан өту үшін 5 (бес) күнге барған іс-сапары үшін Мекеменің бас маманы А.Х.Конеевпен өткізілген аванстық есебі негізінде барлығы 31,4 мың теңге көлемінде іссапар шығындары негізсіз артық төленгені анықталды.

Сондай-ақ, 2025 жылдың 17-21 ақпаны күндеріне Қонаев қаласына біліктілігін арттыру үшін 5 (бес) күнге барған іс-сапары үшін ауылдық округ әкімі Д.Е.Мантаевпен өткізілген аванстық есебі негізінде барлығы 47,2 мың теңге көлемінде  негізсіз артық төленгені анықталды. Яғни, жоғарыда аталған қызметкерлерге іс-сапар шығындарына төленген барлығы 78,6 мың теңге қаражаттары негізсіз болып табылады.

3 тармақ. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет Кодексінің (әры қарай – Бюджеттік кодекс) 2-бабы 2-тармағы 3) тармақшасымен Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының негізгі міндеттері белгіленген, соның ішінде бюджет жүйесінің қағидаттары арқылы мемлекеттік қаржы мен бюджетті тиімді басқару үшін құқықтық негіздер құру болып табылады. Жоғарыда көрсетілген негізсіз артық төленген 78,6 мың теңге іс-сапар шығындары қаражаттары тиімсіз орындалған (пайдаланылған) болып табылады.

4 тармақ. «Жамбыл ауылдық округіндегі қауіпті емес қалдықтарды шығару (жинау) бойынша қызметтерді іске асыру үшін баға ұсынымы тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алудың нәтижесі шықпауына байланысты, аталған жұмыстарды істеу үшін бір көзден сатып алу тәсілімен 2024 жылдың 11 наурызында Мекеме мен «AGOOD» жеке кәсіпкерлігі арасында 1 785,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалған.

Алайда, Орындаушы өз міндеттерін орындамағаны үшін, 2024 жылдың 22 мамырында қосымша келісім түзу арқылы аталған келісім шарт бұзылған, төлем жүргізілмеген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 12-бабы 4 тармағына сәйкес, өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған жағдайда тапсырыс беруші өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеген. Рәсімдік Адм штраф.

5 тармақ. Сонымен қатар, Мекеме бас есепшісінің түсініктемесіне сәйкес, жоғарыда көрсетілген қаражаттар алғашқыда жоспарланған мақсатында пайдалану қажеттілігінің болмауына байланысты басқа да шығындарға жұмсалған. Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану. Демек, 1 785,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.

18. «Жамбыл ауданының Дегерес ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Іс сапар қағидасының     1-тарау, 2-тармағының талабын сақтамау салдарынан 708,5 мың теңге көлеміндегі іс сапар шығындары өкім немесе бұйрықтар шығырылмастан негізсіз төленген.

19. «Жамбыл ауданының Сарытауқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Іс сапар қағидасының     1-тарау, 2-тармағының талабын сақтамау салдарынан 206,7 мың теңге көлеміндегі іс сапар шығындары өкім немесе бұйрықтар шығырылмастан негізсіз төленген.

2 тармақ. Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қағидасының 243-тармағы, Есептілік қағидасы 3 тарау 27, 79-тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 250,0 мың тенге құрайтын 2 дана темір сейфтер, 1 дана дезинфекциялау кабинасы және 1 дана мүгедектерге арналған арба мекеменің теңгеріміне алынбаганы анықталды.

Аудит барысында жоғарыда көрсетілген темір сейфтер, дезинфекциялау кабинасы  және  дана мүгедектерге арналған арба бухгалтерлік анықтама бойынша 2340 шотына енгізу арқылы қалпына келтірілді.

20. «Жамбыл ауданының Самсы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

 1 -Тармақ. 2024 жылдың басына бюджеттік өтінімдері негізінде 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджет есебінен 7 050,0 мың теңге беріліп, Жамбыл ауданы Самсы ауылдық округіне көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына жоспарланған.

Алайда, аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, Мәслихат шешімімен аталған қаражаттар жыл бойы толық өз мақсатында игерілмей, 2024 жылдың желтоқсан айында 4 545,0 басқа да шығындарға жылжытылып игерілген. Демек, 4 545,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2-тармақ. 2025 жылдың басында 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы 159 «Басқа қызметтер мен тауарларға ақы төлеу» ерекшелігі  бойынша 5 198,0 мың теңге және 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасына 7 544,0 мың теңге жоспарланып берілген.

Алайда, аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, жыл бойы жоғарыда көрсетілген қаражаттардың қажет болмауына байланысты желтоқсан  айында 001/159/159 ерекшелігі  бойынша 3 052,6 мың теңге, қараша айында 011 бағдарлама бойынша 2 122,0 мың теңге барлығы 5 174,6 мың тенге жоспарланған мақсатта игерілмей, басқа да шығындарға жұмсалған.  Демек, 5 174,6 мың теңге қаражат тиімсіз жоспарланған болып табылады.

21. «Жамбыл ауданының Ақтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

1-тармақ. 2025 жылдың басында 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы 159 «Басқа қызметтер мен тауарларға ақы төлеу» ерекшелігі  бойынша Жамбыл ауданы Мәслихатының 08 қаңтарындағы                       № 28-140 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Ақтерек ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 21 тамызындағы № 8-12 шешіміне сәйкес 1 278,0 мың теңге және 013 «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы  159 «Басқа қызметтер мен тауарларға ақы төлеу» ерекшелігі  бойынша жоспарланып берілген. Алайда, аудитке ұсынылған құжаттарға сәйкес, жыл бойы жоғарыда көрсетілген қаражаттардың қажет болмауына байланысты тамыз айында 1 278,0 мың теңге, желтоқсан айында 1 000,0 мың теңге барлығы 2 278,0 мың тенге басқа ерекшеліктерге жылжыту арқылы игерілген. Демек, 2 278,0 мың теңге қаражат тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2-тармақ: 2025 жылдың 20 тамызында Мекеме мен «Master engineering» ЖШС-гі арасында 680 000 теңгеге газ тарату желілерін жобалау және қосу бойынша жұмыстардың сметалық құжаттамасын жасауға №26 (веб-порталда № 941240002952/250033/00) келісім-шарты жасалған. Міндеттемелердің орындалу мерзімі келісім шарттың №1 қосымшасына сәйкес келісім шартқа қол қойылғаннан кейін 15 күнде деп, атап айтқанда 2025 жылдың 04 қыркүйегі деп белгіленген. 

Атап айтқанда, 680 000 тенге құрайтын жұмыстар 18  күнге кешіктіріліп 2025 жылдың 22 қыркүйегінде №01 орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) актісімен тапсырылғандығы анықталды. 

Аудит барысында Мекеме тарапынан Орындаушыға қатысты Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № № 106-VIII Заңының (әрі қарай - Заң) 17 бабының 9 тармағымен және негізгі келісім шарттың 7.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе 12,2 мың теңге тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған.

3- Тармақ: Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарттар бойынша тиісті Мердігерлерге  қатысты Мемлекеттiк сатып алу Заңының 17 бабының 9 тармағымен 8 бабының 4 тармағының талабына сәйкес шаралар  қолданбаған,  Жамбыл ауданы әкімдігінің Ақтерек  ауылдық округінің әкім аппараты мемлекеттік мекемесі өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

22. «Жамбыл ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. Аудит жүргізу барысында мекеме қызметкерлеріне іс сапар шығындарын төлену дұрыстығын тексергенде келесідей бұзушылық анықталды: Мекеменің 12.08.2025 жылғы № 12-ө ж/қ Өкімі негізінде бас маман есепші А.Байгабылова Шымкент қаласына семинарға іс сапарға 4 күнге жіберілген. Бірақ күндерді есептеу кезінде түнде жолда пойызда қонатындығы ескерілмей, пәтер ақы 3 күнге қате есептелген. Нәтижесінде 1 күнге пәтер ақы сомасы 27,5 мың теңге артық төленген.

Тармақ–2. Мекеме қаражатының дұрыс игеріліп, жұмсалуына аудит жүргізгенде келесідей кемшілік анықталды: Мекеме мен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы арасында 28.01.2025 жылы интернетке қол жеткізу қызметтері бойынша №6 келісім шарты жалпы сомасы 605,0 мың теңгеге жасалынған. Келісім шарттың қолданылу мерзімі 31.12.2025 жылға дейін көзделген. Жыл бойында қызметтің атқарылғандығы жөніндегі актілерге сәйкес қаражат игеріліп отырған. Алайда 2025 жылдың желтоқсан айында 25.12.2025 жылғы № 1241062/25-521 төлем шотына сәйкес, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қызметтер орындалмаса да және көрсетілген қызметтер актісі болмаса да сомасы 102,7 мың теңге алдын ала қаражат төленген.

Тармақ-3. Мекеме қызметкерлерінің, оның ішінде техникалық қызметкерлер үшін төленетін төлемдердің дұрыстығын тексергенде 2025 жылдың желтоқсан айында 5 техникалық қызметкердің еңбек ақысынан ұсталынып төленетін жеке табыс салығы сомасы 55,0 мың теңгеге 26.12.2025 жылғы № 1241062/25-522 төлем шотымен артық төленгендігі анықталды.

Тармақ-4. «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы  бойынша бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылағанда Еңбекшіарал ауылының көшелерін жарықтандыру үшін Мекеме мен «Qaz Build Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында Жамбыл ауданы Еңбекшіарал ауылына көше жарықтандыру жүйелерін жасау жұмыстары үшін 22.04.2025 жылы № 19 келісім шарты сомасы 108 010,9 мың теңгеге жасалынған. Жұмыстар 2025 жылдың маусым, шілде айларын толық аяқталынып, нысан қолданысқа берілген. Кейін төлем шоттарға сәйкес толық есеп айырысқан. Бірақ 2025 қаржы жылында игерілген бұл қаражатқа салынған қондырғы мекеме есебіне алынбай, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген Қағидасының 9-тарау, 275, 282, 283- тармақтарының талабына қарсы келген. Анықталған кемшілік аудит барысында қондырғыны есепке алу бухгалтерлік анықтамасына сәйкес қалпына келтірілді.

23.«Жамбыл ауданының Үлкен ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. Аудит жүргізу барысында мекеме қызметкерлеріне еңбек ақы, оның ішінде төленетін өтем ақының дұрыстығын бақылағанда келесідей кемшілік анықталды: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 54-бабы, 1- тармағының және Үлкен ауылдық округі әкімінің 15.02.2024 жылғы № 07-ө ж/қ өкімінің талаптары бұзыла отырып, Округ әкімі аппаратының салық жөніндегі бас маманы З.О.Байболоваға 2023 жыл мен 2024 жыл аралығындағы жұмыс кезеңіндегі еңбек демалысы үшін екі лауазымдық айлықақысы мөлшерінде төленетін сауықтыру өтемақысының орнына үш лауазымдық айлықақысы мөлшерінде өтемақы есептелініп, нәтижесінде 220,2 мың теңге артық төленген. Сол кезеңдегі жауапты, кіналы тұлға З.Байболова округ әкімінің 21.04.2025 жылғы № 32-ө ж/қ өкіміне сәйкес жұмыстан босатылған.

Тармақ -2. Мекеменің теңгеріміндегі құндылықтардың жұмыс істеу нәтижелілігін тексергенде «Лотус» электрондық құжат айналым жүйесі материалдық емес активі сомасы 167,2 мың теңгеге сатылып алынып, 2024-2025 жылдары және осы күнге дейін нақты жұмыс істемейтіндігі анықталды. Яғни сол уақытта заң күші бар Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасы тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқарылуы дұрыс жүзеге асырылмай, тиімсіз пайдаланылған.

24. «Жамбыл ауданының Шиен ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;      

1-тармақ. Мекемемен ұсынылған бюджеттік өтінімдерге сәйкес, 2024 -2025 жылдың соңына 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» мемлекеттік қаржылардыруға.  

2024 жылы кіші бағдарлама 029 «аудандық трансферт есебінен», ешқандай қажетсіз қосымша 3100,0 мың теңге қаралып 2024 жылдың желтоқсан айында сый ақыға пайдаланып тиімсіз жоспарланған.

2025 жылы кіші бағдарлама 029 «аудандық трансферт есебінен», ешқандай қажетсіз қосымша 2320,0 мың теңге қаралып 2025 жылдың желтоқсан айында сый ақыға пайдаланып тиімсіз жоспарланған.

25. «Жамбыл ауданының Үңгіртас ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

1-тармақ  Мекемемен ұсынылған бюджеттік өтінімдерге сәйкес, 2024 жылдың соңына 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 2024 жылы кіші бағдарлама 029 «аудандық трансферт есебінен», ешқандай қажетсіз қосымша 2432,0 мың теңге қаралып 2024 жылдың желтоқсан айында сый ақыға тиімсіз жоспарланып сиақыға жұмсалған.

 2-тармақ Мекемемен ұсынылған бюджеттік өтінімдерге сәйкес, 2025 жылдың соңына 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 2025 жылы кіші бағдарлама 029 «аудандық трансферт есебінен», ешқандай қажетсіз қосымша 2000,0 мың теңге қаралып 2025 жылдың желтоқсан айында сый ақыға пайдаланған. Демек, 2024-2025 жылдарға жоспарланып берілген қаражаттардың  2000,0 мың теңгесі тиімсіз жоспарланып сиақыға жұмсалған.  

26. «Жамбыл ауданының Ақсенгір ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1.  Қоршаған ортаға теріс əсер еткені үшін төлемақы бойынша 2025 жылы 1-2-4- тоқсанында жалпы соммасы 8,9 мың тенге бюджетке төленбегені және салық декларациясына кем тапсырылғаны анықталып аудит барысында өтелді.

27.«Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. Еңбекақы төлем қорынан төленетін, әлеуметтік салығы (код 103101) бойынша 2025 жылы 1- тоқсаныны наурыз айында 99,5 мың тенге, салық декларациясында кем тапсырылғаны және бюджетке төленбегені анықталып аудит барысында өтелді.

28.«Жамбыл ауданының Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. 2025 жылдың: 1- тоқсанының қаңтар айында еңбекақы төлем қорынан төленетін, әлеуметтік салығы (код 103101) бойынша 15,8 мың тенге, Еңбек ақыдан ұсталатын жеке тұлға табыс салығы (код 101201) бойынша 18,6 тенге, жалпы соммасы 34,4 мың тенге бюджетке кем төленгені және салық декларациясына кем тапсырылғаны анықталып аудит барысында өтелді.

29.«Жамбыл ауданының Мәтібұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. 2024 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111,136,149,152,159,159 және 161-ші ерекшеліктерінен 112-ші ерекшелігіне 1 800,0 мың теңге ауыстырылып, мекемем қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. Яғни аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 1 800,0 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған.

Тармақ-2. 2025 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111,136,149,152,159,159 және 161-ші ерекшеліктерінен 112-ші ерекшелігіне 1 960,0 мың теңге ауыстырылып, мекемем қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.  Яғни аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 1 960,0мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған.

Тармақ-3: Бухгалтерлік есепте есепті кезеңнің басына және соңына (2025 жыл) жер көрсетілмегені анықталды, осыған байланысты Алматы облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ берген жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны туралы мәліметтер көрсетіле отырып, жер – кадастрлық жоспарлар талап етілді, соның негізінде бухгалтерлік есепте кәсіпорынның есебіне 2310 "жер" шотында мемлекеттік актіге сәйкес 408,1 мың теңге сомаға жер учаскесі көрсетілді.  Қаржылық бұзушылық Востановлен.

30.«Жамбыл ауданының Үлгілі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

 1-Тармақ 2024 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111,136,149,152,159,159 және 161-ші ерекшеліктерінен 112-ші ерекшелігіне 2 654,0 мың теңге ауыстырылып, мекемем қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. Яғни аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы

2 654,0 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған.

2-Тармақ. 2025 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111,136,149,152,159,159 және 161-ші ерекшеліктерінен 112-ші ерекшелігіне 2 498,5 мың теңге ауыстырылып, мекемем қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. Яғни аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы

2 498,5 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған.

3-Тармақ: Алайда мекеменің бұл іс әрекеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 10 мамырындағы №223 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы қағидаларының 3 тарауының  34 және 36 –тармақтарының талаптары сақталмағандықтан, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 заңының 4,5 және 6-баптарын, 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 Шоттар жоспарының 5-тарауының «негізгі құралдар» 2300-жолы 16-тармағы сақталмай «Үлгілі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бухгалтерлік есебінде есепті кезеңнің басында 713,2 мың теңге сомаға «жер» көрсетілмеген. 2025 жылдың жылдық  бухгалтерлік баланс бойынша көрсету қажет.

31.«Жамбыл ауданының Таран ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. 2024 жылдың басына мекеме берген бюджет сұрауларына сәйкес, 4-20 Қазынашылық формалары бойынша 001 бағдарламасы бойынша мекемеге 2 790,0 мың теңге көлемінде бюджет қаражаттары бөлінді. 2024 жылы қосымша қажетсіз 111, 113, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 144, 149, 151, 152, 159, 161 және 169 спецификаларынан 112 спецификасына «Қосымша ақшалай төлемдер» ретінде 2 512,6 мың теңге сомасында аударылды, әр мереке үшін сыйақы есептеліп, мекеме қызметкерлеріне төленді. 2024 жылға жоспарланған қаражаттан 2 512,6 мың теңге тиімсіз жоспарланған болып табылады.

Тармақ-2  Мекеме ұсынған бюджет өтінімдеріне сәйкес, 2025 жылдың басында, Казначействоның 4-20 нысандары бойынша 001112 бағдарламасына сәйкес, мекемеге жалпы сомасы 2 844,0 мың теңге бөлінді. 2025 жылы қосымша қажетсіз түрде 111, 113, 116, 121, 122, 123, 124, 131, 135, 136, 144, 149, 151, 152, 159, 161 және 169 спецификаларынан 112 спецификасына «Қосымша ақшалай төлемдер» сомасында 3 764,0 мың теңге ауыстырылды, әр мейрамға арналған сыйақы есептеліп, мекеме қызметкерлеріне төленді. Сондықтан, 2025 жылға жоспарланған қаражаттың 3 764,0 мың теңгесі тиімсіз жоспарланған болып табылады.

Тармақ-3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автокөліктермен, телефон байланысы, кеңсе-жабдықтармен және мемлекеттік органдар аппараты орналастырылатын алаңдармен қамтамасыз етудің натуралдық нормаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес аудан, аудандық мәні бар қала, кент, ауыл әкімдеріне (ауылдық округтерге) 1 (бір) бірлік қызметтік автокөлік беріледі.

Сондықтан, мекеменің лауазымды тұлғалары қызметтік автокөлік бойынша белгіленген натуралдық нормаларды асыра пайдалану фактісі анықталды.

32.«Жамбыл ауданының Қаракастек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына арналған Қазақстан Республикасының аумағында іссапарға байланысты Ережеудің 2020 жылғы 11 мамырдағы №256 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 3-баптың 2-тармағының бұзылуына сәйкес, мекеменің бас-маманы Ташимов А.С.-қа негізсіз (нормадан тыс) 23,5 мың теңге  іс-сапарлық шығындар төленген.

33.«Жамбыл ауданының Беріктас ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. 2024 жылдың басында мекеме ұсынған бюджеттік өтінімдерге сәйкес, Қазынашылықтың 4-20 формалары бойынша 001 бағдарламасы шеңберінде мекеме жыл ішінде бөлінген бюджет қаражатының жалпы сомасы 6 041,4 мың теңгені бөлді және пайдаланды. 2024 жылы қосымша қажетсіз түрде 111, 113, 116, 121, 123, 124, 131, 135, 136, 144, 149, 151, 152, 159, 161 және 169 сипаттамаларынан 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» сипаттамасына 3 219,4 мың теңге сомасында қаражат аударылды, әрбір мереке үшін жалақы есептелді және мекеме қызметкерлеріне төленді. Сондықтан, 2024 жылға жоспарланған қаражаттан 3 219,4 мың теңге тиімсіз жоспарланған болып табылады.

Тармақ-2. Мекемеге берілген бюджет талаптарына сәйкес, 2025 жылдың басына дейін, Қазынашылық формалары 4-20 бойынша 001 бағдарламасы шеңберінде, мекеме бюджет қаражаты есебінен жалпы 665,0 мың тенге бөлді және пайдаланды. 2025 жылы қосымша қажетсіз түрде 111, 131 және 135 ерекшеліктерінен 112 «Қосымша ақша төлемдері» ерекшелігіне 665,0 мың теңге сомасы аударылды, әр мерекеге сыйақы есептеліп, мекеме қызметкерлеріне төленді. Сондықтан 2025 жылға жоспарланған қаражаттың 665,0 мың теңгесі тиімсіз жоспарланған болып табылады.

Тармақ-3. Беріктас ауылдық округінің әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Молдағаликова С.-ға негізсіз (нормадан тыс) 7,3 мың теңге сомасында іссапар шығындары негізсіз төленген.

34.«Жамбыл ауданының Талап ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. Аудит барысында Мекеме қызметкерлері Б.Шаханованың ауылдық округ әкімінің өкімі негізінде 2024 жылдың қыркүйек айында «Ескерту» түрінде берілген тәртіптік жазасы алынбай, 2024 жылдың желтоқсан айында барлығы 281,7 мың теңге көлемінде сыйақы заңнама талаптарына қайшы төленген, ол бюджет есебіне өтелуге жатады.

Тармақ-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы                3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу  Қағидаларының 9 - бөлімінің  243, 244 тармақтарының№ талаптары сақталмай, 2024 жылы жалпы сомасы 355,9 мың теңгеге газ есептегіші және шаруашылық мүкәммалы, яғни стенд есепке алынбағаны анықталды. Бухгалтерлік есепке алмағандықтан, қаржылық есептілікте де көрсетілмеген. Бұл қаржылық  есептіліктің бұрмалануына алып келді.

35. «Жамбыл ауданының Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. Мекеменің бас маманы А.Джунусбековқа 2025 жылы 7,9 мың теңге және бас маман А.Шадироваға 23,6 мың теңге   көлемінде, барлығы 31,5 мың теңге  іс-сапар шығындары негізсіз аударылған, ол бюджет есебіне өтелуге жатады.

Тармақ-2. Мекеменің ұсынған төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы төлемдеріне аударымдар жөніндегі салық кабинетінен түсірілген салық төлеушінің дербес шотының деректерін зерделеу барысында 2024 жыл қорытындасы бойынша жеке табыс салығы бойынша 117,0 мың теңге, әлеуметтік салық бойынша 40,4 мың теңге дебиторлық берешек болғаны анықталған. бухгалтерлік балансында бойынша 157,4 мың теңге сомасына дебиторлық берешек көрсетілмеген. Бұл қаржылық  есептіліктің бұрмалануына алып келді.

36.«Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің  2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 1-2 тармағының талабын сақтамай,  бас маман М.Оразханға 2025 жылдың наурыз айында 79,8 мың теңге және мамыр айында 119,6 мың теңге мөлшерінде сыйақы негізсіз аударылған. Жалпы сомасы 199,4 мың теңге бюджет есебіне аудит барысында өтелді.

Тармақ-2. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы                 № 414-V Еңбек Кодексінің 103-бап 1-тармағы мен 113-бап 1-тармағын  басшылыққа алмай, мекеменің бас маманы М.Оразханға 2024 жылдың ақпан, желтоқсан айларында, 2025 жылдың тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айларында  жалақыны төлеу бойынша нақты белгіленген лауазымдық окладтан және еңбекке ақы төлеу шарттарынан жалпы сомасы 1343,7 мың теңге артық аударылған, ол бюджет есебіне аудит барысында өтелді.

Тармақ-3. Мекеменің бас маманы М.Оразханға 2025 жылы 820,5 мың теңге көлемінде іс-сапар шығындары негізсіз аударылған, ол бюджет есебіне аудит барысында өтелді.

Тармақ-4. Мекеменің ұсынған төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы төлемдеріне аударымдар жөніндегі салық кабинетінен түсірілген салық төлеушінің дербес шотының деректерін зерделеу барысында 2024 жыл қорытындасы бойынша жеке табыс салығы бойынша 307,4 мың теңге кредиторлық берешек, әлеуметтік салық бойынша 190,8 мың теңге дебиторлық берешек болғаны анықталған. Сонымен қатар, салыстыру актісі бойынша АҚ «Казпочта» бойынша 262,8 мың теңге дебиторлық берешек болғаны анықталған.

Сонда-ақ, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығының 3 тарау 25,31 тармақтарының талаптары сақталмай 2025 жылдың  01 қаңтарындағы қаржылық есептілігінің ҚЕ-1 нысаны бойынша есепті кезеңнің бухгалтерлік балансында бойынша 453,6 мың теңге сомасына дебиторлық және 307,4 мың теңге кредиторлық берешек көрсетілмеген. Бұл қаржылық  есептіліктің бұрмалануына алып келді. Жалпы 761,0 мың тенге берешек қаржылық бұзушылық.

Тармақ-5. Іріктеу әдісі бойынша қаралған келісім-шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуы бойынша келесі бұзушылықтар анықталды.

Мекеме Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 106-VIII Заңының 17-бап  9-тармақтың 2) тармақшасын сәйкес және 2023-2024 жылдардағы келісім шарттардың 7.2. тармақтары басшылыққа алынбай, «Өнім беруші»-лерден жұмыстарды орындау мерзімін  кешіктіріп орындағаны үшін, жалпы тұрақсыздық айыбы 364,9 мың теңгені өндіріп алу қамтамасыз етілмеген.

Тармақ-6. Сонымен қатар, Мекеме Қазақстан Республикасының  2024 жылғы  1 шілдедегі «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 106-VIII Заңының 8-бап  4-тармақ 4) тармақшасы басшылыққа алынбай, мекеме сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, өнім берушілер, ЖШС «Сантех-Строй проект» пен ЖШС «KAZEN  Building»-ті мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеген.

37. «Жамбыл ауданының Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. Бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардын жоспарлауын, мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізудің негізділігі мәселесі Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 27.06.2014 жылғы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» ережесінің 40 тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылдың 37988,0 мың теңге.

Тармақ-2. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» бұйрығының 43 тармағын бұза отырып, 2025 жылы жалпы сомма 19508,0 мың теңге.

Тармақ-3. 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы 4-20 нысандарының деректеріне сәйкес: 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», 008 «Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру», 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету», 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік  бағдарламалары бойынша қаржыларды басқа да ерекшеліктерге Мекеме тарапынан Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 12-4)-тармақшасы және 4-бабы 9)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы қаржы-шаруашылық жүргізу барысында жалпы сомасы 16266,1 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау орын алған

         Тармақ-4. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет кодексінің 4-бабы 4)-тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік яғни негізділік қағидаты – бюджет жобасына қандай да бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттілігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттар негізінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштеріне сәйкес бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын және мемлекеттің активтерін жоспарлау және пайдалану.

Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VII Бюджет кодексінің 4-бабы 4)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы қаржы-шаруашылық жүргізу барысында жалпы сомасы 22 802,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау орын алған.

Тармақ-5. 2024 жылы келесі қызметкерлерге негізсіз жалпы сомасы 36,9 мың теңге негізсіз іс сапар шығындары төленген. Камитова М. 7384 теңге, Ибраимов Б. 14768 теңге. Кондыбаева А. 7384 мың теңге, Батырбаев К. 7384 теңге. Бюджетке өндірілді

Тармақ-6. 2025 жылы келесі қызметкерлерге негізсіз жалпы сомасы 15,7 мың теңге іс сапар шығындары негізсіз төленген, оның ішінде:  Наметов Қ. 7864, Керимкулова А. 7864 теңге.

38.«Жамбыл ауданының Бозой ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Тармақ-1. 2024 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111, 136, 149, 152, 159 және 161-ші ерекшеліктерінен 112-ші ерекшелігіне 1 633,0 мың теңге ауыстырылып, мекемем қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. Яғни аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы

1 633,0 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған. Демек, 015 бағдарламасы жоғарыда аталған ерешеліктер бойынша қаражаттың қажеттілігі болмаған.

Тармақ-2 2025 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111, 136, 149, 152, 159 және 161-ші ерекшеліктерінен 112-ші ерекшелігіне 1 177,4 мың теңге ауыстырылып, мекемем қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. Яғни аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 1 177,4 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған. Демек, 015 бағдарламасы жоғарыда аталған ерешеліктер бойынша қаражаттың қажеттілігі болмаған.

Тармақ-3: 2025 жылдың 28 қаңтарында ауылдық округ әкімінің 1-ө ж/қ өкімімен бас маман Әлихан Султан Есілұлын 2025 жылдың 30 қаңтар күні Қонаев қаласына «FSM Social» мобильді қосымшасын енгізу бойынша оқуға 1 күнтізбелік күнге жіберіліп тәуліктік 7864 тенге және тұрғын үй жалдау шығындарын соммасы 23,6 мың тенге төленген. Анықталған кемшілік аудит барысында 2026 жылдың 19 ақпанында №0004 төлем түбіртегімен бюджетке 23,6 мың  тенге бюджетке қайтарылды.

Тармақ-4: 2025 жылдардың қорытындылары бойынша бухгалтерлік есепте кәсіпорынның есебінде 2310 «Жер» шотында мемлекеттік актіге сәйкес 119,9 мың теңге сомаға жер учаскесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 5-тарауының «Негізгі құралдар» 2300-жолы 16-тармағы сақталмай «Бозой ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің бухгалтерлік есебінде есепті кезеңнің басында 119,9 мың теңге сомаға «Жер» көрсетілмеген. 2025 жылдың жылдық бухгалтерлік баланс бойынша көрсету қажет. Қаржылық бұзушылық қалпына келтірілді

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Жалпы аудан бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы аудиторлық бақылау кезінде қарастырылып, мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, лауазымды тұлғалардың, мекеме қызметкерлерінің өз лауазымдық қызметтерін атқару барысында жауапкершілікпен қарайды деген пікір қалыптасты.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Жоғарыда көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін қалпына келтіруге тиіс соммалар толығымен бухгалтерлік есептілікте қалпына келтірілді.

Салықтар бойынша түсуге жататын түсімдер толығымен аударылды.

Заңды және жеке тұлғалар есебінен бюджет есебіне өтелуге жататын 8212,5 мың теңгенің 6154,9 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өтелді.

Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 31 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

  1.  «Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; 16.03.2026 ж. №67т-ж- бұйрығымен мекеме статист есепшісі  Баубекова Н. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды

  2.  «Жамбыл ауданы экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттік мекемесі; 16.02.2026 ж. №11қ-ж- бұйрығымен мекеме статист есепшісі  Баубекова Н. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды

3. «Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;13.02.2026 ж. №4жқ-ж- бұйрығымен мекеме инспекторы Сиргебаева Г. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

 4. «Жамбыл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»  мемлекеттік мекемесі; 05.02.2026 ж. №6жқ-ж- бұйрығымен мекеме инспекторы Сиргебаева Г. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

5. «Жамбыл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны; 24.02.2026 ж. №6 ө жқ- бұйрығымен кәсіборын бас -есепшісі  Желеуова М. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды

6. «Жамбыл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 13.02.2026 ж. №5- бұйрығымен мекеме кітапханашысы  Керімқұлова А. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

7. «Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 24.02.2026 ж. №6 ө жқ- бұрығымен мекеме статист -есепшісі  Келдібаева Г. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.

8. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі»  мемлекеттік мекемесі; 04.03.2026 ж. № 18- ө, бұйрығымен бас маман -есепші Мухамеджанова Д. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды

 9. «Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 12.02.2026 ж. № 07- жқ бұйрығымен мекеме есепшісі Дүйсен Т.Д.«ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

10. «Жамбыл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының Дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 12.02.2026 ж. №8 жқ- бұйрығымен мекеме есепші   Серғазы Н. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

11.«Жамбыл ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі; 25.02.2026ж. № 4б-ж-қ бұйрығымен инспектор есепшісі  Қойшыбекова М. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

12. «Жамбыл ауданының Аққайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 04.03.2026 ж. №01ө- жқ өкімімен мекеме бас маман-есепшісі  Қуатова Б.К. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

13.«Жамбыл ауданының Сарытауқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 06.02.2026 ж. №3- жқ өкімімен мекеме бас маман-есепшісі  Нүсіпова Ұ. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

14.«Жамбыл ауданының Самсы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 23.02.2026 ж. №4 ө жқ- өкімімен мекеме бас маман -есепшісі  Қасенова Г. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды

15. «Жамбыл ауданының Ақтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 24.02.2026 ж. №6 ө жқ- өкімімен мекеме бас маман -есепшісі  Сейдахнова Э. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

16. «Жамбыл ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 30.01.2026 ж. №1-ө жқ өкімімен мекеме бас маман- есепші есепшісі  Байғабылова А. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

17.«Жамбыл ауданының Шиен ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 29.01.2026 ж. №-3Ө жқ өкімімен мекеме бас маман- Арынова Г. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

18.«Жамбыл ауданының Ақсенгір ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 30.01.2026 ж. №-Ө 5 жқ өкімімен мекеме бас маман- есепші есепшісі  Қарымсақова Т. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

19.«Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 06.02.2026 ж. №5-ө жқ өкімімен мекеме бас маман- есепші есепшісі  Қапарова А. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

20.«Жамбыл ауданының Теміржол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 20.02.2026 ж. №7-ө жқ өкімімен мекеме бас маман- есепші есепшісі  Жазықбаева К. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

21.«Жамбыл ауданының Мәтібұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 13.02.2026 ж. №4-ө жқ өкімімен мекеме бас маман-есепшісі  Калиев А. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

22.«Жамбыл ауданының Үлгілі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 25.02.2026 ж. №03-ө жқ өкімімен бас маман-есепшісі  Искакова К.Ж.«ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.

23.«Жамбыл ауданының Таран ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 19.02.2026 ж. №4-ө жқ өкімімен бас маман-есепшісі  Мухатаева К.М.«ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.

24.«Жамбыл ауданының Қаракастек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 30.01.2026 ж. №3-ө жқ өкімімен мекеме есепшісі  Арғымбаев Г.М.«ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.    

25.«Жамбыл ауданының Беріктас ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 06.02.2026 ж. №2-ө  өкімімен мекеме есепшісі  Қасымжанова А.А.«ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

26.«Жамбыл ауданының Таран ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 19.02.2026 ж. №04-ө ж-қ  өкімімен мекеме бас маман-есепшісі  Мұқатаева К.М.«ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.

27.«Жамбыл ауданының Талап ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 04.03.2026 ж. №04-ө ж-қ  өкімімен мекеме бас маман-есепшісі  Мусанова А.А.«ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.    

28. «Жамбыл ауданының Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 24.02.2026 ж. №03-ө ж-қ  өкімімен мекеме бас маман-есепшісі  Шадирова А. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.    

29. «Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 04.03.2026 ж. №08-Ө  Өкімімен мекеме бас маман-есепшісі  Оразхан М. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.  

30.«Жамбыл ауданының Қарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; «Жамбыл ауданының Талап ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 26.01.2026 ж. №06-ө ж-қ  өкімімен мекеме бас маман-есепшісі  Камитова М. «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

31.«Жамбыл ауданының Бозой ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 23.02.2026 ж. №02-ө ж-қ  өкімімен мекеме бас маман-есепшісі  Акбаева Е.«ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін 8 материал жолданды атап айтқанда:

1. Жамбыл ауданы әкімдігінің Ақтерек  ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабы бойынша айыбпұл салынды.

2.«Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабы бойынша айыбпұл салынды.      

3. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабы бойынша айыбпұл салынды.

4.«Жамбыл ауданы Сарытауқым әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабы бойынша айыбпұл салынды.

5.«Жамбыл ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл ауданының мәдениет үйі»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабы бойынша айыбпұл салынды.

6. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабы бойынша айыбпұл салынды.

7. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Талап ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабы бойынша айыбпұл салынды.

8. Жамбыл ауданы әкімдігінің «Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабы бойынша айыбпұл салынды.

Тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 234-1 бабымен төменде көрсетілгендерге айыпбпұл салынды.

1. «Жамбыл ауданының Таран ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімі Ч.Б.  Бабагельдиевқа 1 материал қаралып, 216250  теңге айыппұл салынып төленді.

2. «Жамбыл ауданының Шолаққарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімі Т.Т.  Бағашарғаа 1 материал қаралып, 216250  теңге айыппұл салынып төленді.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулыларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының  талаптарының сақталмауынан орын алған.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

Жамбыл ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

Аудит объектілері тарапынан анықталған заңбұзушылықтардың салдарын барынша азайтуға бағытталған шаралар қолдануға, атап айтқанда:

1. «Жамбыл ауданының Шолаққарғалы ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бюджетке қаражатты өтеу мақсатында 957,5 мың теңгені өтеу туралы нұсқама жолдау,

2. Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бюджетке қаражатты өтеу мақсатында 364,9  мың теңгені өтеу туралы нұсқама жолдау,

       3. «Жамбыл ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бюджетке қаражатты өтеу мақсатында 735,2 мың теңгені өтеу туралы нұсқама жолдау. 

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                              Қ. Есенаманов

 

Аудит жүргізуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                           А. Сәді

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                         М. Сканов

 

Аудит тобының жетекшісі                                            А. Сәді

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ