Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 09.07.2026
Просмотры: 22 Печать страницы

 

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына бөлінген жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдалану және мәдениет объектілерінің қызметін қамтамасыз етуге, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға бағытталған қаражатты пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудит.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қонаев қаласы  

2026 жыл

 

Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М.Мұсаевқа

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлім

         1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына бөлінген жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдалану және мәдениет объектілерінің қызметін қамтамасыз етуге, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға бағытталған қаражатты пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

         1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына бөлінген жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдалану және мәдениет объектілерінің қызметін қамтамасыз етуге, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға бағытталған қаражатты пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:

1."Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" ММ

2. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасы» ММ

3. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алатау әуендері» МКҚК

4. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

5. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Жамбыл Жабаев атындағы әдеби мемориалды музейі» МКҚК

6. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облыстық музейлер бірлестігі» МКҚК

7. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі» МКҚК

8. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы» МКҚК;

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2025 жылдың  31 желтоқсан аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

         2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы 2024 - 2025 жылдарға мәдениет және архив мекемелерінің негізгі қорытындылары туралы.

Алматы облысының мәдениет және архив мекемелерінің желісі         296 нысанды құрайды.

Бүгінгі күнде 122 мәдениет үйлері мен клубтар (93 мәдениет үйі, 29 клуб), 144 кітапхана, 15 музей,  11 архив, 4 облыстық мәдениет мекемелері (Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармониясы, «Алатау әуендері» концерттік ұйымы, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы, облыстық халық шығармашылығы орталығы) халыққа қызмет көрсетеді. Мәдениет саласындағы штаттық бірлік саны - 2040.

 Облыста «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар 41 ұжымдар мен                         710 көркемөнерпаздар үйiрмелерi жұмыс iстейдi.

Облысымызда 1197 ескерткіш бар. Оның ішінде Мемлекеттік тізімде - 799, алдына-ала тізімде - 392, халықаралық тізімде - 3, республикалық тізімде – 4.

2025 жылдың мамыр – маусым айларында Алматы облысы, Ұйғыр ауданы Тоғызбұлақ-1, Тоғызбұлақ-2 қорымдарына археологиялық қазба жұмыстары өткізілді. Қазба жұмыстары барысында алтын, былғары, ыдыс және тағы басқа бағалы жәдігерлер табылды.

Облыстың тарихи-мәдени мұрасын таныту, цифрлық форматта жаңғырту мақсатында Алматы облысы бойынша 63 тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-кодтар орнатылды.

2024 жылдан 2025 жылға өткен 7  мәдениет үйінің (Жамбыл ауданы Мәтібұлақ, Шиен, Қарғалы ауылдық МҮ, Кеген ауданы Жылысай, Жалағаш ауылдық МҮ, Іле ауданы Өтеген батыр, Боралдай ауылдық МҮ) құрылыс жұмыстары жүргізіліп, Кеген ауданы Жалағаш, Жылысай ауылдық мәдениет үйлері мен Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі мәдениет үйі, Жамбыл ауданында Мәтібұлақ ауылдық мәдениет үйі пайдалануға берілді.                   3 мәдениет үйінің  (Жамбыл ауданы Шиен, Қарғалы ауылдық МҮ, Іле ауданы Боралдай ауылдық МҮ) құрылыс жұмыстары жалғасуда.

 2025 жылы басталған 2 мәдениет үйінің (Қарасай ауданы Жібек жолы, Әйтей ауылдық МҮ ) құрылыс жұмыстары 2026 жылға өтті.

Сондай-ақ, 5 мәдениет үйінің (Жамбыл ауданы Сарыбай би ауылдық МҮ, Қарасай ауданы Мерей (Ұмтыл) ауылдық МҮ, Кеген ауданы Қарабұлақ ауылдық МҮ, Ұйғыр ауданы Шарын ауылдық МҮ, Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылдық МҮ) күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, облыс аумағындағы 3 кітапхана (Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылдық кітапханасы, Қарасай ауданы Жандосов ауылдық кітапханасы, Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдық кітапханасы) модернизациядан өткізу жұмыстары аяқталуда.

Қонаев қалалық мәдениет үйіне, Еңбекшіқазақ ауданы Космос, Ават, Бәйдібек би, Асысаға ауылдық мәдениет үйлеріне, Сүйінбай Аронұлы атындағы әдеби-мемориалды музейінде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

 Алматы облысы бойынша мәдениет саласында барлығы 7761 шара ұйымдастырылды. Оған 2 297 264 адам тартылды.

Облыс кітапханаларында кітап қоры – 2 694 203 дана, мемлекеттік тілде – 1 188 775 дана,  жаңа түскен әдебиеттер саны – 24 804, мемлекеттік тілде – 21 455, оқырмандар саны – 230 003,  кітап берілімі – 4 877 091, келушілер саны – 2 726 544, электронды  күйге 2037 кітап  көшірілді.

Композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай бекітілген жоспар бойынша 1000 дана облыс әкімінің қолдауымен 15 млн. тг жарық көрді. Шара саны 77, қамтылғандар саны 11 713.

Облыс бойынша музейлерде  486 мәдени іс-шара, 3523 экскурсия, оның ішінде жылжымалы 75 экскурсия, 298 көрме ұйымдастырылды. Келушілер саны 45533. Экосонаттардың жалпы саны 16100. Биылғы жылға қабылданған экспонаттар саны 554. Алматы облысының мемлекеттік архиві және оның филиалдарында  жалпы  2 733 қор, 916 611 (оның ішінде қағаз жүзінде – 906 026) сақтау бірлігі сақталуда, инфрақұрылымдық жобалар белсенді жүзеге асырылуда.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамалары нормалары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің актілері бойынша анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:

Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитпен барлығы 16 598 424,0   мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 574690,8 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:

- қаржылық бұзушылықтар 7926,0 мың теңге, бюджетке өндірілген қаржылық бұзушылықтар 575,2 мың тене, сонымен қатар бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы 6,8 мың тенге, аудит барысында бюджетке өндірілгені 582,0 мың теңге; қалпына келтірілгені 7344,0 мың тенге.

- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жағдайларда тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары 555631,0 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары 11133,8 мың теңге.

Жеке аудит объектілері бойынша анықталған бұзушылықтар төмендегідей:

1."Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" ММ.

Тармақ-1. Бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарланып, бөлінген қаражаттың игерілуін бақылағанда 2024 жылы 001-015 «Жергілікті деңгейде мәдениет және архив ісін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарлама аясында Үмбетәлі Кәрібаевтың 135 жылдығына арналған Республикалық айтыс шарасына бөлінген қаражат 5000,0 мың теңге 2024 қаржы жылы игерілмей басқа ерекшелікке ауыстырылып, қаражат өзінің түпкілікті нәтижесіне жетпеген, тиімсіз пайдаланылған.

Тармақ-2. 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет Кодексінің 4-бабына көрсетілген, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің тиімділік қағидатының талаптары сақталмай – мемлекеттік функцияларды іске асыруды және бюджет қаражатының көлемі аз кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ете отырып, шығыстар мен нәтижелер арасындағы оңтайлы арақатынасқа қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, 2025 жылы Алатау мен Адырна ансамбльінің 40 жылдық мерей тойына байқау жасау іс-шарасы орындалмай, сомасы 6000,0 мың теңге басқа ерекшеліктерге ауыстырылып қаралған қаражат өзінің түпкілікті нәтижесіне жетпеген, Яғни бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдалану тиімсіз жүзеге асқандығы анықталды.

Тармақ-3. Мекеменің 2025 жылғы 21 қазандағы №82-ө-ж/қ өкімі негізінде мекеменің бас мамандары Мукашев Ж.Б. және Ережепов А.С. Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы ҚР-ның Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 Қағиданың 2-тарауының 3-тармағы 2 және 3-тармақшаларының талаптары сақталмағандықтан 60,1 мың тенге артық есептеліп төленген.

2. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасы» ММ.

 1 тармақ. 2024 жылдың маусым айында автоматтандыру бөлімінің инженер-жүйелік технигі қызметіне қабылданған В.Митинге 2025 жылдың наурыз айына дейін еңбек ақысы С3 категориясы бойынша есептелініп төленген. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 17 сәуір 2024 жылғы № 15-НҚ бұйрығының негізінде аталған қызметкердің «Автоматтандыру бөлімінің инженер-жүйелік технигі» лауазымы штаттық кестеде «Кітапханашы-цифрландыру саласындағы IT менеджер» лауазымына ауыстырылып, 2025 жылдың тамызынан бастап жыл аяғына дейін В.Митиннің еңбекақысы В2-4 категориясы бойынша есептелініп төленген.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 419 бұйрығымен бектілген «Мәдениет, мәдениет саласында білім беру, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдары» тізілімінің 1 қосымшасына сәйкес В2-4 категориясына Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың мамандары жатады және де цифрландыру саласындағы IT менеджер маманы қарастырылмаған.

Демек, жоғарыда аталған қызметкерге еңбекақысын В3-4 категориясы бойынша есептеп төлеу негізсіз болып табылады.

Қызметкерлерге еңбекақы есептеп төлеуге қатысты құжаттарға сәйкес В.Митинге еңбекақыға негізсіз артық төленген қаражаттар 133,8 мың теңгені құрап отыр.

2 тармақ. Бюджеттік Кодекстің  4-бабы 4) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік қағидаты – бұл бюджет жобасына қандай да бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттілігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттар негізінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштеріне сәйкес бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын және мемлекеттің активтерін жоспарлау және пайдалану болып табылады.Жоғарыда көрсетілген негізсіз артық төленген 133,7 мың теңге қаражаттары тиімсіз орындалған (пайдаланылған) болып табылады.

3. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алатау әуендері» МКҚК

1 тармақ. 2024 жылы Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмей 10 297,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған

4. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК

Тармақ-1. Қазақстан Республикасы үкіметінің 11.05.2018 жылғы № 256 Бюджет қаражаты есебінен қызметтік сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары туралы Қаулының 2-тарау, 3-тармағының талабыны4 сақтамау салдарынан 162,8 мың теңге көлеміндегі іс сапар шығындары өкім немесе бұйрықтар шығырылмастан негізсіз төленген.

2. Тармақ. Кәсіпорының ұсынылған даму жоспарына сәйкес, 2024 жылдың басында 005 «Жергiлiктi деңгейде мәдениет және архив ісін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»  бағдарлама 159 ерекшелік «басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» (үйірме) бойынша  қаржылардыруға жалпы 5 100 773,0 мың теңге жоспарланған, яғни жоспары жылдың соңына дейін іске асырылмай,  пайдаланбай қалған сомасы 148 885,0  мың тенге қурады,    

            ҚР 2025 жылғы 15 наурыз Бюджет кодексінің №171-VIII ,3 баб 9 тармағы сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жосарлау және (немесе) пайдалану 2024 жылға жоспарланып берілген қаражаттардың  148 885,0 мың теңгесі тиімсіз жоспарланған болып табылады.

3. Тармақ. Кәсіпорының ұсынылған даму жоспарына сәйкес, 2025 жылдың басында 005 «Жергiлiктi деңгейде мәдениет және архив ісін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»  бағдарлама 159 ерекшелік «басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» (үйірме) бойынша  қаржылардыруға жалпы 4 700 000,0 мың теңге жоспарланған, яғни жоспары жылдың соңына дейін іске асырылмай,  пайдаланбай қалған сомасы 380 450,0  мың тенге қурады.    

           ҚР 2025 жылғы 15 наурыз Бюджет кодексінің №171-VIII ,3 баб 9 тармағына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жосарлау және (немесе) пайдалану. Демек, 2024 жылға жоспарланып берілген қаражаттардың  380 450,0 мың теңгесі тиімсіз жоспарланған болып табылады.

5. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Жамбыл Жабаев атындағы әдеби мемориалды музейі» МКҚК. 1-Тармақ. Аудит барысында есепті кезеңнің кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде жер телімі көрсетілмегені анықталды, осыған байланысты Алматы облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ талап беріліпп, жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны туралы жер телімінің – кадастрлық бағалау құнын анықтау актісімен жер телімі 7 344,0 мың теңгеге бағаланды,  соның негізінде аудит барысында кәсіпорынның  бухгалтерлік есебіне 2310 "жер" шотында жалпы сомасы 7 344,0 мың теңгеге жер телімдері кәсіпорын теңгеріміне кірістелді.  Бұл іс-әректі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпанындағы №234 бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңының 6-бабының 3-тармағының талаптары және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 науырызындағы №241 бұйрығымен бекілген бухалтерлік есепті жұргізу қағидасының 1-тарауының 4-ші тармағының қағидалары сақталмаған, яғни Субъектінің бухгалтерлік есеп жүргізуі мен қаржылық есептілік жасауы есептеу және үздіксіздік қағидаттары орындалмаған болып табылады.        

6. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облыстық музейлер бірлестігі» МКҚК

1. Тармақ. Кәсіпорының ұсынылған даму жоспарына сәйкес, 2024 жылдың басында 007 «Тарихи –мәдени мұраны сақтап таныту» бағдарлама 159 ерекшелік «басқа жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу» бойынша  қаржылардыруға жалпы 28 679,0 мың теңге жоспарланған, яғни жоспары жылдың соңына дейін іске асырылмай,  пайдаланбай қалған самасы 3 160, 9 мың тенге қурады.

          Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жосарлау және (немесе) пайдалану. 2024 жылға жоспарланып берілген қаражаттардың  3 161,0 мың теңгесі тиімсіз жоспарланған болып табылады.

2. Тармақ  Кәсіпорының ұсынылған даму жоспарына сәйкес, 2025 жылдың басында 007 «Тарихи –мәдени мұраны сақтап таныту» бағдарлама 111ерекшелік «еңбек ақы төлеу» бойынша  қаржылардыруға жалпы 341 894,0 мың теңге, «Әльмерек абыз мәдени кешенесі» мемлекет қарамағына алу туралы қаулы 2025 жылдың ақпан айында шығып шілде айынан қызметкерлер алу жоспарланған, яғни жоспары жылдың соңына дейін іске асырылмай,  пайдаланбай қалған самасы 12 838,0 мың тенге қурады.

2025 жылдың 15 наурызындағы №171-VIII ҚР Бюджеттік Кодекстің 3-бабы 9 тармақшасына сәйкес, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану. Демек, 2025 жылғы 12 837,9  мың тенге қаражат  тиімсіз пайдаланған  болып табылады.

7. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі» МКҚК

1–тармақ. 2024 жылы Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы ҚР-ның Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 Қағиданың 2-тарауының 2-тармағының талаптары сақталмай, басқарманың іс-сапарға жіберу туралы бұйрығынсыз, кәсіборынның басшысы Дәулет Чокпаровқа 2024 жылы 138,5 мың теңге көлемінде іс-сапар шығындары негізсіз аударылған, аудит барыснда бюджетке өндірілді.

Тармақ-2.  Қоршаған ортаға теріс əсер еткені үшін төлемақы бойынша 2025 жылы 4- тоқсанында жалпы соммасы 6,8 мың тенге бюджетке төленбегені және салық декларациясына кем тапсырылғаны анықталды аудит барысында бюджетке өндірілді.

8. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы» МКҚК.

Тармақ-1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 «Мемлекеттік бюджеттік қаражат есебінен Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерін марапаттау, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар тағайындау ережелерін бекіту туралы» Үкіметтің қаулысының 3-тармағының 4-тармағын орындамай, 2024 жылғы 18 желтоқсандағы №39/н кәсіпорын директорының бұйрығымен, екі айлық сынақ мерзімімен жұмысқа қабылданған ФЭ «Адырна» ансамблінің артисті-аспапшысы Ә.-Жолмағамбетовке, 2024 жылғы 19 желтоқсанда негізсіз 50,0  мың теңге көлемінде сыйақы төленген.

Тармақ-2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 «Мемлекеттік бюджеттік қаражат есебінен Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерін марапаттау, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар тағайындау ережелерін бекіту туралы» Үкіметтің қаулысының 3-тармағының 4-тармағын орындамай, 2025 жылғы 22 мамырындағы №14/н кәсіпорын директорының бұйрығымен, екі айлық сынақ мерзімімен жұмысқа қабылданған ФЭ «Сазген» ансамблінің артисті-аспапшысы М. Усенге, 2025 жылғы 25 мамырында негізсіз 30,0  мың теңге көлемінде сыйақы төленген.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Жалпы Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" ММ-і және оған бағынышты мемлекеттік мекемелер мен кәсіборнындар бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы аудиторлық бақылау кезінде қарастырылып, мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, лауазымды тұлғалардың, мекеме қызметкерлерінің өз лауазымдық қызметтерін атқару барысында жауапкершілікпен қарайды деген пікір қалыптасты.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Жоғарыда көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін өтелуге тиіс қаражаттардың 582,0 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өтелді, 7344,0 мың теңгенің бұзушылықтары бойынша қаржылық есептілікте қалпына келтірулер жасалды.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 7 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:

1."Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" ММ-нің «13.05.2026 ж. №09ж-қ бұйрығымен кәсіборын бас-есепшісі  К.Боранбаеваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

2. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасы» КММ нің «13.05.2026 ж. №31ж-қ бұйрығымен кәсіборын бас маман-есепшісі  М.Мукашеваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

3. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алатау әуендері» МКҚК-де 06.05.2026 ж. №28ж-қ бұйрығымен мекеменің бас маман-есепшісі  А.Шариповаға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

4. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК де 21.05.2026ж. №031н-қ бұйрығымен кәсіборын директорының орынбасары О.Смайлов және бас маман-есепшісі  Б.Болатоваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

5. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Жамбыл Жабаев атындағы әдеби мемориалды музейі» МКҚК-де 06.05.2026ж. №29н-қ бұйрығымен кәсіборын бас маман-есепшісі  У.Уайысханқызына «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

6. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейі» МКҚК-де 06.05.2026 ж. №6н-қ бұйрығымен кәсіборын бас маман-есепшісі  Н.Байгужаеваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

7. Алматы облысының «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы» МКҚК де 08.05.2026ж. №112н-қ бұйрығымен кәсіборын бас-есепшісі  Г.Ерниязоваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды. 

 

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін  материал жолданбады:

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулыларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының  талаптарының сақталмауынан орын алған.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына бөлінген жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдалану және мәдениет объектілерінің қызметін қамтамасыз етуге, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға бағытталған қаражатты пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

Аудит объектісі қызметкерлеріне еңбекақыларының есептелуінің дұрыстығына тексеру барысында келесідей жағдай анықталды, атап айтқанда: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. «Мәдениет, мәдениет саласында білім беру, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 419 бұйрығына сәйкес 1 қосымшасында «В» блогының «Мәдениет» саласында В2 звеносы 4 сатысының «Лауазымдар атауы» бағанында қазақша және орысша мәтіндерінде екі түрлі көрсетілген:

Қазақша мәтінінде «ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты ЖОҚ мамандар», ал орысша мәтінінде «Специалисты высшего уровня квалификации второй категории ГУ и ГКП» делінген.

Ал заңнамалық мәтіндерді, атап айтқанда қазақ тілінен орыс тіліне немесе керісінше, дұрыс редакцияда аудару — құқықтық нормалардың дәлдігі мен бірізділігін қамтамасыз ететін жауапты процесс.

Себебі, Заң мәтініндегі қателіктер немесе мағыналық ауытқулар құқық қолдану тәжірибесінде түсініспеушіліктерге әкелуі мүмкін.

Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 419 бұйрығымен бекітілген «Мәдениет, мәдениет саласында білім беру, тілдерді дамыту, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спорт салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдары» тізілімін қайта қарап, сәйкесінше тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыным жіберілсін.

 

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                              А.Қондыбаева

 

Аудит жүргізуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                           А. Сәді

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                          С. Елубаева

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                         М. Сканов

 

Аудит тобының жетекшісі                                            А. Сәді

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ