| Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
![]() |
| Президент Республики Казахстан | |
Итоги государственного аудита
Еңбекшіқазақ ауданы
| Категория: Итоги государственного аудита | |
| Дата: 17.04.2026 | |
| Просмотры: 8 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
Қонаев қаласы
2026 жыл
Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М.Мұсаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлім
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:
1. «Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2. «Еңбекшіқазақ ауданы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
3. «Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
4. «Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
5. «Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
6. «Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
7. Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
8. Еңбекшіқазақ ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
9. Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
10. Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
11. Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12. Енбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Енбекшіқазақ аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13. Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
14. Еңбекшіқазақ ауданының «Есік қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
15. «Еңбекшіқазақ ауданының Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
16. Еңбекшіқазақ ауданының «Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
17. Еңбекшіқазақ ауданының «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
18. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
19. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің «Көктөбе ауылдық округі әкімінің аппараты;
20. Еңбекшіқазақ ауданы «Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
21. Еңбекшіқазақ ауданының «Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
22. Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
23. Еңбекшіқазақ ауданының «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
24. Енбекшіқазақ ауданының «Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
25. Енбекшіқазақ ауданының «Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
26. Енбекшіқазақ ауданының «Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
27. Еңбекшіқазақ ауданының «Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
28. Енбекшіқазақ ауданының «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
29. Енбекшіқазақ ауданының «Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
30. Еңбекшіқазақ ауданының «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
31.Еңбекшіқазақ ауданының «Бөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
32. Еңбекшіқазақ ауданының «Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
33. Еңбекшіқазақ ауданының «Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
34. Еңбекшіқазақ ауданының «Жаңашар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
35. Еңбекшіқазақ ауданының «Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
36. Еңбекшіқазақ ауданының «Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
37. Еңбекшіқазақ ауданының «Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
38. Еңбекшіқазақ ауданының «Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің аппара ты» мемлекеттік мекемесі;
39. Еңбекшіқазақ ауданының «Масақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2025 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру негізгі міндет болып табылады.
2024 жылға арналған аудандық бюджет Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Еңбекшіқазақ ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» №VIII-13-58 шешімімен бекітілген және Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы «Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Еңбекшіқазақ ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» №VIII-13-58 шешімін жүзеге асыру туралы» аудан әкімдігінің №1676 қаулысымен орындауға қабылданды.
2024 жыл ішінде бюджеттік заңнама нормаларына сәйкес аудандық бюджетке 5 нақтылау және 14 түзету жүргізілді. Оларды ескере отырып, кірістер бойынша түзетілген бюджет 32 503 744,0 мың теңгені немесе бекітілген бюджетінің 89,3%-ын, шығындар бойынша 34 531 106,0 мың теңгені немесе бекітілген бюджетінің 91,2%-ын құрады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттік параметрлердің орындалуы: кірістер бойынша – 30 934 904,9 мың теңге немесе жоспарға 95,2%, шығындар бойынша – 32 923 789,7 мың теңге немесе 95,3% құрады. Таза бюджеттік кредиттеу – 305579,1 мың теңгені құрады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджет тапшылығы (-2 294 463,9) мың теңге мөлшерінде қалыптасқан.
Есік қаласының және 25 ауылдық округтерінің 2024 жылға арналған бюджеттері аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 08 қаңтардағы сессиясының «Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы мен ауылдық округтерінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» №VIII-14-72 шешімімен бекітілген және тиісті қала және ауылдық округтер әкімдерінің тиісті шешімдерімен орындауға қабылданды.
2024 жыл ішінде бюджеттік заңнама нормаларына сәйкес көрсетілген бюджеттерді 5 нақтылау жүргізілді. Оларды ескере отырып, кірістер бойынша түзетілген бюджет 5313189,0 мың теңгені немесе бекітілген бюджетінің 105,8%-ын, шығындар бойынша 6 245 026,0 мың теңгені немесе бекітілген бюджетінің 124,4%-ын құрады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттік параметрлердің орындалуы: түсімдер бойынша – 5 899 802,1 мың теңге немесе жоспарға 111,0%, шығыстар бойынша - 6 189 082,8 мың теңге немесе 99,1% құрады. Таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңгені құрады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қала/ауылдық округтер бюджеттерінің тапшылығы (-289280,8) мың теңге мөлшерінде қалыптасқан.
2024 жылғы жалпы ауданның жиынтық бюджетінің түсімдер бөлігі 97,7%-ға орындалған, жоспар бойынша 42382240,0 мың теңге, орындалғаны 41403007,1 мың теңге, немесе жоспардан аз түскен түсімдер көлемі -979232,9 мың теңгені құрайды.
2024 жылы аудандық бюджеттің нақты түсімдері 34 571 328,7 мың теңгені немесе түзетілген бюджетке 95,7% құрады.
2023 жылға қарағанда түсімдер көлемі 7 207 034,9 мың теңгеге немесе +26,3% көбейді.
Аудандық бюджеттің түсімдерін келесілер құрады:
-кірістер (меншікті кірістер+трансферттер) 30934904,9 мың теңге;
-бюджет кредиттерін өтеу сомалары 143708,7 мың теңге;
-мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер-0 теңге;
-қарыздар 3010288,0 мың теңге;
-бос қалдықтар сомасы 482427,1 мың теңге.
Түсімдердің негізін меншікті кірістер мен басқа деңгейдегі бюджеттен алынған қаражаттар құрады. Оның ішінде: меншікті кірістер (салықтар) аудандық бюджеттің 46,4%-зын, басқа деңгейдегі бюджеттен түскен трансферттер аудандық бюджеттің 43,1%-зын, жоғары бюджеттен алынған қарыздар (бюджеттік кредиттер) 8,7%-зын құрады. 2024 жылы аудандық бюджет түсімдер бойынша 95,7%-ға орындалды (меншікті кірістердің толық түспегені себепті).
Қала/ауылдық округтер бюджеттері:
2024 жылы ауылдық бюджеттердің түсімдері 6831678,5 мың теңгені немесе түзетілген бюджетке 109,4% құрады.
2023 жылға қарағанда түсімдер көлемі 1489194,2 мың теңгеге немесе +27,9% көбейді.
Ауылдық бюджеттердің түсімдерін келесілер құрады:
-кірістер (меншікті кірістер+трансферттер) 5899802,1 мың теңге;
-бос қалдықтар сомасы 931876,4 мың теңге.
Түсімдердің негізін меншікті кірістер мен басқа деңгейдегі бюджеттен алынған қаражаттар құрады. Оның ішінде: меншікті кірістер (салықтар) аудандық бюджеттің 67,6%-ын, басқа деңгейдегі бюджеттен түскен трансферттер мен субвенциялар қала/ауылдық бюджеттерінің 18,7%-зын құрады.
Аудан бюджеттің атқарылуы туралы есептің деректеріне сәйкес 2024 жылға кірістер (меншікті кірістер+трансферттер) 41405591,0 мың теңге көлемінде бекітілді, жыл ішінде жоспар -3588658,0 мың теңгеге немесе -8,7% азаю жағына түзетілді және 37816933,0 мың теңгені құрады (меншікті кірістер бойынша – 21647903,0 мың теңге, трансферттер бойынша – 16169030,0 мың теңге).
Нақты 2024 жылы 36834707,0 мың теңге сомасында кірістер алынды, түзетілген жоспарға 97,4%-ға орындалды, -982226,0 мың теңгеге кем орындалды.
Кірістер құрылымында басым үлесті меншікті кірістер құрайды, олар 2024 жылы жоспарланған кірістердің 51,1% немесе 21647903,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде салықтық түсімдер 45,6% немесе 19334472,0 мың теңгені, салықтық емес түсімдер 0,4% немесе 156538,0 мың теңгені, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 5,1% немесе 2156893,0 мың теңгені құрады.
Жалпы алғанда, Еңбекшіқазақ ауданының аудандық бюджетінің атқарылуын бағалау нәтижелері аудандық бюджеттің атқарылуы негізінен Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына және мемлекеттік және бюджеттік бағдарламаларда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражатының нысаналы сипатына сәйкес келетінін көрсетті.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен барлығы 45 457 392,0 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 9 584 890,5 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:
- қаржылық бұзушылықтар 7 199 244,6 мың теңге, оның ішінде: (бюджет есебіне өтелуге жататыны – 4054,7 мың теңге және қалпына келтірілуге тиіс бұзушылықтар сомасы – 7 195 189,9 мың теңге);
|
|
- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жағдайларда тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары 1 541 234,4 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары 587 192,3 мың теңге, ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда-257 219,3 мың теңге.
Сонымен қатар 3 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
Бұдан басқа, 11 бірлік (207 бап-2, 234-1бап-2, 238 бап-7)әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды.
Өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген мемлекеттік аудит объектілерінің 11 қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Жеке аудит объектілері бойынша анықталған бұзушылықтар төмендегідей:
1.«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
Мекеме 003 бағдарлама 413 «Көлік құралдарын сатып алу»ерекшелігі бойынша «HyndaiAutoAlmaty»ЖШС-мен қызметтік көліктер сатып алуға №102 келісім шарты 61392,9 мың теңгеге жасалынып, қаржы аударылған.
Алайда «Көлік құралдарын сатып алу»ерекшелігі бойынша сатып алуға бюджеттік өтінімді ресімдеу кезінде коммециялық баға ұсынысы берген өнім берушілердің баға ұсыныстары ұсынылмады.
1-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 41-тармағы, Бюджет Кодесінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасы және осы Кодекстің 4 бабының 9 тармақшасын бұза отырып, Мекеме «Көлік құралдарын сатып алу» алуға прайс-парақшасы толықтай тіркелмеген. Яғни 61393,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны анықталды.
«Hyndai Taldykorgan»ЖШС-мен 25.02.2025 жылы №8 келісім шарты 132860,0 мың теңгеге және «Taldykorgan Auto Group»ЖШС -мен 27.02.2025 жылы №9 келісім шарты 21935,2 мың теңгеге, 21.04.2025 жылы №35 келісім шарты 30329,6 мың теңгеге, жалпы 185124,8 мың теңгеге жасалынып, қаржы аударылған.
Алайда «Көлік құралдарын сатып алу»ерекшелігі бойынша сатып алуға бюджеттік өтінімді ресімдеу кезінде коммециялық баға ұсынысы берген өнім берушілердің баға ұсыныстары ұсынылмады.
2-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 41-тармағы, Бюджет Кодесінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасы және осы Кодекстің 4 бабының 9 тармақшасын бұза отырып, Мекеме «Көлік құралдарын сатып алу» алуға прайс-парақшасы толықтай тіркелмеген. Яғни 185125,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны анықталды.
3-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі №170 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының 5 тарауы 2 бөлімінің 16,17 тармақтарының талаптары сақталмай Тескенсу ауылдық округі ғимаратына күрделі жүргізу жұмыстары толығымен 134227,4 мың теңге 2321 – «Тұрғын емес ғимараттар» шотына қойылмай,толықтай 2411 «Аяқталмаған құрылыс» шотына қойылған.
2.«Есік қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
2024-2025 жылдарға әкімшілік ғимаратының бос алаңдарын «Еңбекшіқазақ газет редакциясы»ЖШС, «Алматы облысының білім беру және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі және «Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешені мен мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігімен жалдауға беруге келісім шарттары жасалынған.
1-Тармақ: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға(жалға алу)беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 51 тармағының талаптары сақталмай «Еңбекшіқазақ газет редакциясы»ЖШС-мен 2025 жылға жылу ақысы 129,6 мың теңге төленбеген.
ЖШС «СуҚұрылыс Проект»-қа 10.12.21ж. «Қасбеттер мен шатырларды күрделі жөндеу» объектілері бойынша жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге (ЖСҚ) 67 528 433 теңге төленді,ЖСҚ-на 3 жыл мерзімі ұақыты өтіп кеткен; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»Заңының 6 баптың 7 тармағынын талаптары, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет Кодексінің (әрі қарай - Бюджет Кодексі) 3-бабы 1-тармағының 9 тармақшасы мен 4-бабы 6-7 тармақшаларымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік қағидатының сақталмағаны болып табылады.
2-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»Заңының 6 баптың 7 тармағынын талаптары, Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 9 тармақшасын, 4-бабы 6-7 тармақшалары басшылыққа алынбай, 67528,4 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған болып табылады.
3-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тарау 4,5 тармақтары, 3 тарау 34 тармағы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі №170 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының 4 тарау 1 тармақ 9 тармақшасынын талаптары сақталмай 30380,1 мың теңге алдын- ала төлемі 1231 – «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотында көрсетілмеген.
3.«Еңбекшіқазақ ауданының құрылыс бөлімі» мемелекеттік мекемесі
«Компания Стройтекс»ЖШС-мен Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің әкімшілік ғимаратын салу құрылысының жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуіне 12.04.2021 жылы келісім шарты жалпы 83284,3 мың теңгеге жасалынған, алайда, жобалау-сметалық құжаттаманың мерзімі 3 жыл. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің әкімшілік ғимаратының құрылысына 2023,2024,2025 және 2026 жылдары бюджеттен қаражат қарстырылмаған. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»Заңының 6 баптың 7 тармағынын талаптары, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет Кодексінің (әрі қарай - Бюджет Кодексі) 3-бабы 1-тармағының 9 тармақшасы мен 4-бабы 6-7 тармақшаларымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік қағидатының сақталмағаны болып табылады.
1-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»Заңының 6 баптың 7 тармағынын талаптары, Бюджеттік кодекстің 3-бабы 1-тармағының 9 тармақшасын, 4-бабы 6-7 тармақшалары басшылыққа алынбай, 83284,3 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған болып табылады.
Мекеменің 2024 жылғы айналым-сальдо ведомосының 2383 «Өзге де негізгі құралдар» шотында мемлекеттік сараптаманың оң қортындысын алған 20 дана жобалау-сметалық құжаттары жалпы соммасы 208448,3 мың теңге есепте тур.
2-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі №170 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының 5 тарауы 2 бөлімінің 17 тармағы сақталмай 20 дана жалпы құны 208448,3 мың теңге 2410 «Аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар» шотына қойылмай,толықтай 2383 «Өзге де негізгі құралдар» шотына қойылған.
«А.Р.Т. -Құрылыс»ЖШС-мен 24.06.2023 жылғы №24-22 келісім шарты(қосымша келісімдер 24.01.2025ж.№1, 14.04.2025ж.№2 және 01.07.2025 ж.№3) бойынша Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы үш 60 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, 10.09.2025 жылғы №107 объектіні пайдалануға қабылдау актісімен алынған;
3-Тармақ: Есік қаласында үш қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысына ИКЖ салу және абаттандыру жұмыстары жалпы құны 462 609,8 мың теңге 2330 «Құрылыстар» шотына 2025 жылы балансқа алынбаған.
Сол сияқты, «СПМК-7»ЖШС-мен 28.02.2025 жылы №25-05 келісім шарты бойынша Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында үш қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысына ИКЖ салу және абаттандыру жұмыстары аяқталып 29.12.2025 жылғы №169 объектіні пайдалануға қабылдау актісімен алынған;
4-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2 тарауы 4 тармағы, 3 тарау 34 тармақтарының талаптары сақталмай Есік қаласындағы үш 60 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жалпы құны 4 627 221,0 мың теңге 2322 «Тұрғын үй ғимараттары» шотына 2025 жылы балансқа алынбаған.
4.«Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2025 жылғы 5 наурыздағы № 5 шарты негізінде «Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-мен «Шымгорпроект» ЖШС-гі арасында 032-028 бюджеттік бағдарламасының 421 ерекшелігі бойынша" Түрген ауылының мәдениет үйін күрделі жөндеу" жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлегені үшін 36 043,6 мың теңге сомасына төлем жүргізілген.
Жұмыс толық көлемде және уақтылы орындалған, алайда бұл 2025 жылғы 31 желтоқсандағы ММ балансының 115-жолы бойынша құны «Аяқталмаған құрылыс» ретінде көрсетілмегені анықталды.
1-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 бұйрығы 9-тарау 320-тармағының талаптары сақталмағандықтан, "Түрген ауылының мәдениет үйін күрделі жөндеу" жобасы бойынша ЖСҚ құны 2025 жылғы 31 желтоқсандағы ММ балансының 115-жолы бойынша "аяқталмаған құрылыс" ретінде 36 043,6 мың теңге мөлшерінде көрсетілмеген, тиісінше «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 заңының 4,6-бабын бұза отырып, басқарманың 2025 жылғы қаржылық есептілігі бойынша бұрмаланған.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылының Мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеу аяқталып және ғимарат объектінің сметалық құны 522612,7 мың теңге сомасында объектіні пайдалануға қабылдау актісімен 2025 жылғы 09 желтоқсанда пайдалануға берілген.
2-Тармақ: № 468 Ереженің 27, 79-тармақтарын бұза отырып, "Негізгі құралдар" балансының 114 жолының орнына 560624,9 мың теңге сомасына 115 "аяқталмаған құрылыс және күрделі салымдар" жолы бойынша 2026 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша бухгалтерлік баланста объектіні күрделі жөндеу бойынша шығыстардың дұрыс көрсетілмеуі, қаржылық баланстың бұрмалануына әкелді. "Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ-нің есептілігінде баланстың 115-жолы бойынша 560624,9 мың теңге көрсетілген, яғни күрделі салымдар есебінен объектінің құнын ұлғайту бойынша операциялар жүргізілмеген. Тиісінше «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 заңының 4,6-бабын бұза отырып, басқарманың 2025 жылғы қаржылық есептілігі бұрмаланғаны анықталды.
3-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің 4-бабының 6,7-тармақтарын, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңының 6-бабының 4-тармағының қағидалары сақталмауына байланысты, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 146 729,0 мың теңге сомасында орын алған. Осылайша түпкілікті нәтижеде ғимаратты күрделі жөндеу жұмыстарының орнына ведомстволық бағынысты кәсіпорын үшін негізгі құралдар (музыкалық аппаратура, аспаптар және т.б.) сатып алынды.
2024 жылы наурыз айында «Алматы облыстық мәдениет басқармасы» арқылы осы ғимаратты жөндеуге трансферттер бөлінген, ал Алматы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы тендер өткізген, онда "Асыл тау" ЖШС Мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы болып танылған, онымен "Еңбекшіқазақ қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ аудан басшысы А.Кдырбаева «Қаражота ауылының мәдениет үйін күрделі жөндеу» жобасы бойынша күрделі жөндеу жүргізуге 296 226,1 мың теңге сомасына № 101240004736/240036/00 шарт жасалып, ол кейіннен жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты бұзылған.
4-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасына сәйкес, «бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау» 308 426,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау анықталды.
5.«Еңбекшіқазақ ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
1-Тармақ: Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 021 «Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджет қаражаты 12 037,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
2-Тармақ: Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 022 «Көлік инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жоспарланған 1 000,0 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражатының қысқартылу себебінен тиімсіз жоспарланған.
3-Тармақ: Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 023 «Көлік инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджет қаражаты 293 318,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
4-Тармақ: Мекеме тарапынан №223 Есеп қағидасы 34-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылдың 31-желтоқсан жағдайына жалпы сомасы 425 221,5 мың теңгенің ұзақ мерзімді негізігі құралдар есепке алынбаған анықталды. Аудит барысында 2026 жылғы 2-ақпандағы бухгалтерлік анықтама негізінде жалпы сомасы 425 221 453,00 тенгенің ұзақ мерзімді негізгі құралдары Мекеменің есебіне алынды. Сонымен қатар, Мекеменің 2026 жылғы 2-ақпандағы №9 н/қ бұйрығы негізінде орын алған бұзушылықтарға жауапты Г.Байғонырға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданды.
6.«Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі» мемелекеттік мекемесі
1-тармақ: «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігі бойынша 2024 жылға арналған шығыстар жөніндегі жиынтық есептің бюджеттік өтініміне сәйкес жергілікті бюджет есебінен жұмыстарды жүргізуге және қызметтер көрсетуге 10000,0 мың теңге бөлінді. 2024 жылға арналған шығыстар бойынша есептің деректеріне сәйкес (4-20) 31.12.2024 жылғы жағдай бойынша-155 ерекшелігі бойынша барлығы 6549,0 мың теңге пайдаланылды. Аудитпен қамтылған кезеңде аталған ерекшелікте көзделген қаражат өндірілмеген, олардың жалпы сомасы 3451,0 мың теңгені құрайды, демек мекемеге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызмет көрсету қажеттілігі туындамаған.
2-тармақ: 2025 жылға арналған шығыстар бойынша жиынтық есептің бюджеттік өтініміне сәйкес (001-015-159) "өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" ерекшелігі бойынша жергілікті бюджет есебінен жұмыстарды жүргізуге және қызметтер көрсетуге 6171,0 мың теңге бөлінді. 2025 жылға арналған шығыстар бойынша есептің деректеріне сәйкес (4-20) 31.12.2025 жылғы жағдай бойынша-159 ерекшелігі бойынша барлығы 2548,0 мың теңге пайдаланылды. Аудитпен қамтылған кезеңде аталған ерекшелікте көзделген қаражат өндірілмеген, олардың жалпы сомасы 3623,0 мың теңгені құрайды, демек мекемеге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қызмет көрсету қажеттілігі туындамаған.
Немесе Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3 бабы 12-4) тармақшасының талаптары бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін бюджет қаражатын жоспарлауға және (немесе) пайдалануға сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау (немесе) тиімсіз пайдалану. Осылайша, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген көрсетілген қағидаттарды бұза отырып, жоғарыда көрсетілген қаражат негізсіз жоспарланған болып табылады.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 13.03.2025 жылғы № 147 «Аудандық коммуналдық мүлікті баланстан балансқа беру туралы» қаулысына сәйкес және 19.03.2025 жылғы мүлікті қабылдау-беру актісі негізінде Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөліміне KIA CERATO (Керато Киа)маркалы автокөлігі берілген.
3-тармақ: ҚР ҚМ 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 275,282-тармақтарының талаптарын; м. а. бұйрығымен бекітілген қаржылық есептілікті жасау және ұсыну қағидаларының 26-тармағын бұза отырып. ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 "қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысандарын, кезеңділігін және қағидаларын бекіту туралы", бұрмаланған қаржылық есептілікті жасау, онда "KIA CERATO (Kia Cerato) маркалы автомобиль" негізгі құралының сомасы 01.07.2025 жағдай бойынша мекеменің бухгалтерлік балансында 7190,0 мың теңге мөлшерінде көрсетілмеген жыл.
7.«Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
2024 жыл басында 005, 006, 007, 011, 017 бағдарламалар бойынша жыл басында 294 125 мың теңге артық жаспарланған. Яғни Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 9, 12 тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары»-ның 7 тармағының талаптары толық басшылыққа алынбай, бюджет қаражатын жоспарлауда оңтайлы және тиімді принциптері толық сақталмаған.
1-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 9,12 тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары»-ның 7 тармағының талаптары толық басшылыққа алынбай, 005, 006, 007, 011,017 бағдарламалар бойынша жыл басында 294 125 мың теңге тиімсіз жаспарланған. 2025 жылы 005, 006, 007, 010, 011 бағдарламалар бойынша жыл басында 355 269,0 мың теңге артық, 017 бағдарлама бойынша жыл басында 141 642,0 мың теңге кем жаспарланған. Барлығы 496 911,0 мың теңге тиімсіз жаспарланған. Яғни Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 9, 12 тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары»-ның 7 тармағының талаптары толық басшылыққа алынбай, бюджет қаражатын жоспарлауда оңтайлы және тиімді принциптері толық сақталмаған.
2- Тармақ: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 9,12 тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары»-ның 7 тармағының талаптары толық басшылыққа алынбай, 005, 006, 007, 011,017 бағдарламалар бойынша жыл басында 496 911,0 мың теңге тиімсіз жаспарланған.
8.«Еңбекшіқазақ ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«SKODA OCTAVIA», 525 AW05 маркалы қызметтік автокөлігі мекеме теңгерімінде 2 668,7 мың теңге көлемінде қалдық сомамен тұр.
1-Тармақ. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-бабы 4-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 2688,7 мың теңгені құрайтын жол көлік оқиғасына түскен «SKODA OCTAVIA» маркалы 525AW05 қызметтік автокөлігі бүгінгі күнге дейін жөндеу жүргізілмеу себебінен аталған автокөліктер тиімсіз пайдаланылуда.
«Еңбекшіқазақ ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 46-1-тармағы бойынша Қорлар мен негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлаған кезде есепке қорлар немесе негізгі құралдардың әрбір түрлері бойынша кем дегенде үш прайс-парақтар қоса беріледі делінген.
1-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 46-1-тармағын, Қазақстан Республикасы 2008 жылдың 04 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодесінің 4 бабының 12 тармақшасы бұза отырып, Мекеме «моноблок» алуда бюджеттік өтінімдерге прайс-парақшасы тіркелмеген. Яғни 600,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны анықталды.
9.«Еңбекшікшіқазақ ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы»
1-тармақ. Алайда, аудит барысында орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларына 7-тармақ пен қосымшаның талаптары сақталмағаны анықталды, 2025 жылы 5 қызметкердің орташа жалақысын есептеу кезінде (басшы К. Сүлейменов, бухгалтер А. Өміржанова, спорт нұсқаушысы Ө. Қасымбеков, әдіскер К. Алғазиева, инспектор –кадр Т.Нұрлан) негізсіз ескерілді бюджет қаражатын үнемдеу есебінен белгіленген төлемдер, нәтижесінде жалпы сомасы 779,1 мың теңге орташа жалақы негізсіз артық төленген, аудит барысында бюджет есебіне өтелді.
10.«Шелек қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
2024-2025 жылдарға әкімшілік ғимаратының бос алаңдарын «Есик Саулет»ЖШС, ЖК«Дамели» жалдауға беруге келісім шарттары жасалынған.
1-тармақ: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға(жалға алу)беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 51 тармағының талаптары сақталмай «Есик Саулет»ЖШС-мен 508,4 мың теңге, ЖК «Дамели»-мен 302,6 мың теңге коммуналдық төлемдері жалпы соммасы 811,0 мың теңге төленбеген,аудит барысында, бюджет есебіне 72,6 мың теңге өтелген.
Бухгалтерлік есеп деректері бойынша 01.01.2026 ж. «Қасбетті күрделі жөндеу» объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының, техникалық қадағалау қызметтерінің, авторлық қадағалау қызметтерінің құны, Қайыпов көшесі № 59 көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры мен аула алаңдарын, «Жібек жолы көшесі №8 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетін, шатырын және аула алаңдарын күрделі жөндеу» объектісі бойынша, «Жібек жолы көшесі №10 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетін, шатырын және аула алаңдарын күрделі жөндеу» объектісі бойынша жалпы соммасы 257 219,2 мың теңге мекеменің балансына қабылданбаған.
2-тармақ: Осылайша, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 312-тармағын бұза отырып, жалпы сомасы 257 219,2 мың теңге болатын құрылыс объектілері заңдастырылды және пайдалануға берілді. қабылдау актілерінің негізінде теңге ұзақ мерзімді активтерді есепке алу шотына оларға жұмсалған шығындардың толық сомасында жатқызылмаған, бұл бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректердің толық көрсетілмеуіне әкелді,аудит барысында есеп бойынша қалпына келтірілді.
11.«Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Астана қаласына іс-сапарға шықан кезінде мекеме басшыларға қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстары өтеу нормасы 10 айлық есептік көрсеткіш(АЕК), Қонаев қаласына басшыларға 7 айлық есептік көрсеткіш, қызметкерлерге 6 айлық есептік көрсеткіш болып бекітілген, бірақта:
1-Тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының 2 тарау 3 тармағы 2 тармақшасының талаптары сақталмай округ әкімі М.Исламовқа 25.11.2025 жылғы №31 өкімімен Астана қаласына іссапар кезінде 27,5 мың теңге тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары кем төленген.
Сол сияқты, Қонаев қаласына 13.02.2025 жылы№ 45-к өкімімен 5 күнтізбелік күнге 7 АЕК орнына 4 АЕК төленген,немесе 47184 теңге кем төленген.
Қонаев қаласына 07.03.2025 жылы№ 84-к өкімімен 4 күнтізбелік күнге 7 АЕК орнына 4 АЕК төленген,немесе 35388 теңге кем төленген.
Қонаев қаласына 10.04.2025 жылы№ 112-к өкімімен 5 күнтізбелік күнге 7 АЕК орнына 4 АЕК төленген,немесе 47184 теңге кем төленген, жалпы М.Исламовқа 157,3 мың теңге кем төленген, қалпына келтіру жатады. М.Суимбаева 10.02.2025 жылы №5-к өкімімен Қонаев қаласына 5 күнтізбелік күнге жіберілген, тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары 6 АЕК орнына 4 АЕК төленген,немесе 23592 теңге кем төленген.
Г.Джансейтова 23.05.2025 жылы №19-к өкімімен Қонаев қаласына 3 күнтізбелік күнге жіберілген, тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары 6 АЕК орнына 3 АЕК төленген,немесе 31456 теңге кем төленген.
ЖК«Бірлік»-мен 27.03.2025 жылы №13 келісім шарты Ават ауылында санитарлық тазарту,қоқыстарды шығару жұмыстарына 1549,0 мың теңгеге жасалынып, орындалу мерзімі 2025 жылдың наурыз-қазан айлары, 1174,0 мың теңгеге жұмыс көлемі орындалған Актісі 02.12.2025 жылы тапсырылған, немесе 31 күнге кешіктірілген;
2-тармақ: Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдесіндегі №106-VIII ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 17-бабының 9-тармағы 2-тармақшасының және осы Шарттың 7-бабының 7.3-тармағын бұза отырып, орындалмаған міндеттемелер сомасынан мерзімі өткен әрбір күн үшін 0,1% мөлшерінде 36,4 мың теңге (1174000 теңге*0,1%*31) тұрақсыздық айыбы есептелініп ұсталмаған.
3-тармақ: 2024 жылғы 1 шілдесіндегі №106-VIII ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 4-тармағы талаптарына сәйкес Мекеме өнім берушінің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактісі туралы кәсіпорын сотқа әлеуетті өнім берушінің ЖК «Бірлік» мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген. Қазақстан Республикасының 5.07.2014 жылғы №235-V ҚРЗ Кодексінің 207-бабының 10-тармағына сәйкес Тапсырыс берушінің, Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының не мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпарат ұсынған жағдайда әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоя отырып, сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттарға, лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі №170 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының 5 тарауы 2 бөлімінің 16,19 тармақтарының талаптары сақталмай 1 дана iDC типті модульдік жарықдиодты LED экраны құны 5000,0 мың теңге 2360 «Машиналар мен жабтықтар» шотына, 1-ден 1,5 метрге дейін 200 түп ағаштар мен бұталар жалпы құны 1690,0 мың теңге 2620 «Көпжылдық екпелер» шотына қойылмай,толықтай 2330 «Құрылыстар» шотына қойылған.
12.«Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі1-тармақ: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 114-бабын бұза отырып, 2-тараудың 6-тармағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген Орташа жалақыны есептеу ережесі сақталмай Ақши ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманына Болатықызы Айжанға тамыз айында жармсыз еңбекпарақшасында болған мерзімде 86,4 мың теңге мөлшерінде артық жалақы төленді, аудит барысында бюджет есебіне өтелді.
2-тармақ: Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің 4-бабының 6 және 7-тармақшаларын және 70-бабының 1 және 3-тармақтарын бұза отырып, 86,4 мың теңге мөлшерінде негізсіз төленген жалақы бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына әкелді.
13.«Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
1-тармақ: ҚР ҚМ 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесінің 287 тармағының, ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 170 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттары жоспарының 16-тармағының талаптарын бұза отырып мекеменің балалар варкаут алаңдарын абаттандыру,қақпасы бар биіктігі 2-2, 5 м металл қоршау орнату, жарақат алу үшін қауіпсіз жабынды (құйылған резеңке, қалыңдығы 30-40 мм) орнату, жарықтандыру тіректерін орнату шығындары жасалған шарттарға сәйкес жарық диодты шамдармен, қорғаумен кабель төсеу, жарықтандыру ірге тастарына бұрғылау жұмыстары құны 15 980,0 мың теңге мекеменің бухгалтерлік есебінде көрсетілмеген,аудит барысында есеп бойынша қалпына келтірілді.
14.«Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
1-тармақ: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 114-бабын бұза отырып, 2-тараудың 6-тармағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген Орташа жалақыны есептеу ережесі сақталмай Бартоғай ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Аухадиевқа 159,5 мың теңге мөлшерінде артық жалақы төленген. 15.«Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Жол жүру құжаттары болмаған жағдайда іссапар орнына дейін және тұрақты жұмыс орнына кері қайтуға байланысты шығындар осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген көлік түрімен (әуе көлігін қоспағанда) жол жүрудің ең төменгі құны бойынша өтеледі.
1–Тармақ: Алайда, мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысының 3-тармақтың 3) және 5) тармақшалары басшылыққа алмай, Шелек ауылына тестілеуден өтуге жіберілген бес қызметкерлерге жол жүру шығындары негізсіз төленіп, жалпы сомасы 29,3 мың теңге құрады, олар бюджет есебіне өтелдіү«Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасының ерекшелігі бойынша қысқартылған сома 9000,0 мың теңгені құраған, яғни аталған сомаға тиімсіз жоспарлау орын алған.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасына сәйкес (әрі қарай - №171 Бюджет кодексі) тиімділік қағидаты – мемлекеттік функцияларды іске асыруды және бюджет қаражатының көлемі аз кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ете отырып, шығыстар мен нәтижелер арасындағы оңтайлы арақатынасқа қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджет процесін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын жоспарлау мен пайдалануды жүзеге асыру.
2-Тармақ: Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджет қаражаты 9000,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады. Анықталған бұзушылықтарға жауапты маман «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.
16.«Бөлек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
2024 жылы 136 «ел ішінде іссапарлар және ресми іс-сапарлар» техникалық персоналына 185,0 мың теңгені құраған. Техникалық қызметкерлердің іс-сапарлары болмағандықтан, басқа ерекшеліктерге ішкі аударыммен отырғызылған.
1-Тармақ: Мекеме тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің (әрі қарай - №95-IV Бюджет кодексі) 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы 001-015-136 ерекшелігі бойынша 185,0 мың теңге бюджет қаражатын қысқарту нәтижесінде бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау орын алған.
2025 жылы 136 «ел ішінде іссапарлар және ресми іс-сапарлар» техникалық персоналына 120,0 мың теңгені құраған. Техникалық қызметкерлердің іс-сапарлары болмағандықтан, басқа ерекшеліктерге ішкі аударыммен отырғызылған.
2-тармақ:Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабының 6,7 тармақтарының және 70 бабының 1,3 тармақтарының талаптары сақтамау салдарынан 2025 жылы 001-015-136 ерекшелігі бойынша 120,0 мың теңге бюджет қаражатын қысқарту нәтижесінде бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау орын алған.
3-Тармақ: №256 Қаулының 2-тарауының 4-тармағын бұза отырып, 2024–2025 жылдары іс-сапарға жіберілген қызметкердің күн сайын тұрақты тұратын жеріне қайтып келу мүмкіндігі бар елді мекендерге іссапарлары кезінде тәуліктік төлемдер 4 жағдайда жалпы сомасы 30,5 мың теңгеге төленген,аудит барысында бюджет есебіне өтелді.
17.«Саймасай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
1-Тармақ: №256 Қаулының 2-тарауының 4-тармағын бұза отырып, 2024–2025 жылдары іс-сапарға жіберілген қызметкердің күн сайын тұрақты тұратын жеріне қайтып келу мүмкіндігі бар елді мекендерге іссапарлары кезінде тәуліктік төлемдер 5 жағдайда жалпы сомасы 39,5 мың теңгеге төленген,аудит барысында бюджет есебіне өтелді.
18.«Көктөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 41-тармағы бойынша 159-нысаны бойынша жоспарланған шығыстарды негiздеу үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған қызметтер көрсету, жұмыстар туралы шарттардың көшiрмелерi беріледі, шарттар болмаған жағдайда сатып алынатын қызметтер мен жұмыстардың әрбір түрі бойынша кем дегенде үш прайс-парақтары, ағымдағы қаржы жылына ағымдағы жөндеу бойынша дефектi актiсi мен сметалық құжаттама қоса беріледі делінген.
1-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 41-тармағын, Қазақстан Республикасы 2008 жылдың 04 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодесінің 4 бабының 12 тармақшасы бұза отырып, Мекеме «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» алуда бюджеттік өтінімдерге прайс-парақшасы тіркелмеген. Яғни 1817,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны анықталды.
19.«Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 Қаулының 2-тарауының 4-тармағына сәйкес, іссапарға жіберілген қызметкер күн сайын тұрақты тұратын жеріне қайтып келу мүмкіндігі бар елді мекенге іссапарға барған жағдайда шығыстар келесі тәртіппен өтеледі: -егер іссапарға жіберілген қызметкер жұмыс күні аяқталғаннан кейін өз еркімен іссапар орнына қалып қойса, тәуліктік шығыстарды өтеу және көлік шығындарын төлеу осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады; -егер іссапарға жіберілген қызметкер күн сайын тұрақты жұмыс орнына қайтып келсе, тәуліктік төлемдер төленбестен, жол жүру құжаттары болған жағдайда тек көлік шығындары ғана өтеледі.
1-тармақ: №256 Қағидалардың 2-тарауының 4-тармағын бұза отырып, 2024–2025 жылдары іссапарға жіберілген қызметкердің күн сайын тұрақты тұратын жеріне қайтып келу мүмкіндігі бар елді мекендерге іссапарлары кезінде тәуліктік төлемдер 8 жағдайда жалпы сомасы 59,1 мың теңгеге төленген,аудит барысында бюджет есебіне өндірілді.
20.«Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Шалқар ауылындағы 26.11.2025 жылы құны 649,3 мың теңгенің демалыс орны (демалыс аймағы) ауылдың орталық көшесінің жол бойында( арақашықтығы 3 метрге толмайтын аралықта), тұрғын үйдің жанында және демалыс орнына сәйкес келмейтін жер участогіне орналасқан.
Яғни, ауыл тұрғындарының емін еркін тыныштықта демалатын орнын тиісінше саябақтың жанынан таңдап, алуы керек еді.
Аталған жағдайда, Қазақстан Республикасы 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VII Бюджет Кодексінің 3 бабы, 9 тармағында «бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз орындалуы – бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге, оның ішінде бюджет қаражаты толық игерілген кезде қол жеткізілмегендігі» туралы көрсетілген.
1-тармақ: Қазақстан Республикасының 15.03.2025ж.№171-VII Бюджет Кодексінің 3 бабы, 1-тармақ, 9 тармақшасы, 4-бабтың 4,6,7, тармақшасы және 70-бабтың 1,3 тармақша талабы толық орындалмай құны 649,3 мың теңгенің сомасы тиімсіз жоспарланған.
21.«Қаражота ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қаражота ауылдық округіне қарасты ауылдардың 4 көшесіне салынған жалпы сомасы 2600,2 мың теңгенің жарықтандыру құрылғысы мен желілері Мекеме теңгеріміне алынбаған.
1-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі №170 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының 5 тарауы 2-бөлімінің 16-тармақ талабы сақталмай, құны 2603,0 мың теңгенің 2340 «Беру құрылғылары» электр, жылу және механикалық энергияны беру, сондай-ақ магистральдық құбырлар, байланыс желілері және энергетикалық (кабельдік) желілер» шотына қойылмағаны анықталды, 2026 жылдың 13-ақпандағы бухгалтерлік анықтамамен Мекеменің теңгеріміне алынды.
22.«Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
2024 жылғы 31 желтоқсандағы салыстыру актісіне сәйкес ауыл әкімдігі қаржы жылының соңында «Алатау Жарық компаниясы» ФАО - Энергосбыт 1349,2 мың теңге сомасында электр энергиясы үшін артық төлем жүргізгені анықталды.
1-Тармақ: «Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бюджеттің атқарылуы және оның кассалық атқарылуы қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 Бұйрығының 178-бабының сақталмауына 2024 қаржы жылының соңында аванстық (151 шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша 1349,2 мың теңге сомасына алдын ала төлем) жол берілгені анықталды.
Сол сияқты, 2025 қаржы жылының 8 желтоқсанында № 1241161/25-378 төлем тапсырмасымен "Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ "Алатау Жарық компаниясы" ФАО - ның электр энергиясы үшін 2916,6 мың теңге сомасында алдын ала төлем жүргізілген.
Алайда, 2025 жылғы 31 желтоқсандағы салыстыру актісіне сәйкес ауыл әкімдігі электр энергиясы үшін 2062,3 мың теңге сомасында артық төлем жүргізілгенін анықталды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығының 196-бабы «2025 қаржы жылына арналған бюджеттің атқарылуы және оның кассалық атқарылуы қағидаларын бекіту туралы» (өзгерістер енгізілді-ҚР ҚМ 2025 жылғы 26 қарашадағы №727 Бұйрығымен), "Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ 2025 жылдың соңына қаржы жылы аванстық (2062,3 мың теңге сомасына 151 шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша) алдын ала төлем жүргізілгені анықталды. Бұл дебиторлық соманы 2025 қаржы жылындағы бухгалтерлік есептілік бойынша көрсету қажет.
Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ берген жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны туралы мәліметтер көрсетіле отырып, жер – кадастрлық жоспарлар талап етілді, соның негізінде бухгалтерлік есепте кәсіпорынның есебінде 2310 «жер» шотында мемлекеттік актіге сәйкес 651,0 мың теңге сомаға жер учаскесі көрсетілді.
2-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 236,243-тармақтары сақталмағандықтан, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 заңының 4,5 және 6-баптарын, 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 Шоттар жоспарының 5-тарауының «негізгі құралдар» 2300-жолы 16-тармағы сақталмай «Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бухгалтерлік есебінде есепті кезеңнің басында «жер» көрсетілмеген. Аудит барысында Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ берген жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актілеріне сәйкес «Қорам ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бухгалтерлік есебінде «Жер» 2310 шотында 651,0 мың теңге сомасына жер учаскелері болып жазылып, түзетілді.
Тапсырыс беруші 4230,0 мың теңге сомаға төлемдер жүргізе отырып, саябақты ішінара (толық емес) қоршаумен шектеліп, саябақты абаттандырудың басталуын қамтамасыз ете алмады, осыған байланысты түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеді, яғни осы факт бойынша бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 4230,0 мың теңгені құрады.
3-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің 4-бабының 6,7-тармақтарын, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңының 139-бабының 5-тармағын сақтамаған жағдайда, Тапсырыс беруші 2025 жылғы 15 шілдедегі № 226 шартты орындау кезінде тиімділік және нәтижелілік көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қағидаттарын сақтамаған. Қаржыландырудың болмауына байланысты саябақты абаттандыру жұмыстары басталған жоқ, аудит кезінде саябаққа бөлінген аумақты ішінара қоршау ғана жүргізілді, осы факт бойынша бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 4230,0 мың теңгені құрады. Тапсырыс беруші 792,3 мың теңге сомаға төлемдер жүргізе отырып, саябақты ішінара (толық емес) қоршаумен шектеліп, саябақты абаттандырудың басталуын қамтамасыз ете алмады, осыған байланысты түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеді, яғни осы факт бойынша бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 792,3 мың теңгені құрады.
4-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің 4-бабының 6,7-тармақтарын, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңының 139-бабының 5-тармағын сақтамаған жағдайда, Тапсырыс беруші 2025 жылғы 15 шілдедегі № 226 шартты орындау кезінде тиімділік және нәтижелілік көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қағидаттарын сақтамаған. Қаржыландырудың болмауына байланысты саябақты абаттандыру жұмыстары басталған жоқ, аудит кезінде саябаққа бөлінген аумақты ішінара қоршау ғана жүргізілді, осы факт бойынша бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 792,3 мың теңгені құрады.
23.«Каракемер ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Әкімнің орынбасары А.Әділхан Аудан әкімінің 2025 жылдың 28-мамырындағы № 13 өкіміне сәйкес ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылған және аталған тәртіптік жаза сыйақы берілетін уақытты алынбаған, №1127 Ережесінің 4-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде сыйлықақы берілмейді.
1-Тармақ: Мекеме тарапынан №1127 Ережесінің 4-тармағы 1)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан алынбаған тәртіптік жазасы бар Әкімнің орынбасары А.Әділханға 2025 жылдың маусым айында 150,0 мың теңге көлемінде негізсіз сыйақы төленгені анықталды.
2024 жылы 009-015-159 ерекшелігі бойынша 6 231,0 мың теңгеге қысқартылған, яғни аталған сомаға тиімсіз жоспарлау орын алған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасына сәйкес (әрі қарай - №95-IV Бюджет кодексі) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.
2-Тармақ: Мекеме тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы 009-015-159 ерекшелігі бойынша жоспарланған бюджет қаражатының 6 231,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
Сол сияқты, 2025 жылы Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасына сәйкес (әрі қарай - №171 Бюджет кодексі) тиімділік қағидаты – мемлекеттік функцияларды іске асыруды және бюджет қаражатының көлемі аз кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ете отырып, шығыстар мен нәтижелер арасындағы оңтайлы арақатынасқа қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджет процесін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын жоспарлау мен пайдалануды жүзеге асыру.
3-Тармақ: Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы 009-015-159 ерекшелігі бойынша жоспарланған соманың 2 244,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
Ал, 011-015-159 бойынша қаржыландыру жоспары 5 340,0 мың теңгеге бекітіліп, аталған сома жыл бойына қаржыландыру жоспарынан алынып тасталған, яғни аталған сомаға тиімсіз жоспарлау орын алған.
4-Тармақ: Мекеме тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы 011-015-159 ерекшелігі бойынша 5 340,0 мың теңге жоспарланған соманың алынып тасталуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
5-Тармақ: Мекеме тарапынан №223 Есеп қағидасы 5-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы орнатылған жалпы сомасы 10 391,6 мың теңгені құрайтын 2 дана практикалық пайдаланылатын объектілерді 2330 шотына қате жіктегені анықталды.
Аудит барысында негізсіз артық төленген 150,0 мың теңге көлеміндегі сыйақы қаржысы бюджетке 2026 жылғы 26-ақпандағы №605709218901 түбіртегімен бюджетке өтелді және қате шоттарға жіктелеген жалпы сомасы 10 391,6 мың теңгені құрайтын 2 дана практикалық пайдаланылатын 2026 жылғы 26-ақпандағы бухгалтерлік анықтамамен дұрыс шоттарға жіктеу арқылы қалпына келтірілді. Жауапты бас маман Н.Елекенов Мекеменің 2026 жылғы 26-ақпандаңғы №3 өкімімен «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды
24.«Масақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
2025 жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларында Еңбек ақы есептеу Тізімдерінде еңбек ақы ретінде есептелгені көрсетілмей қосымша жұмыс атқарғанына үшін келесі төлем тапсырмаларымен айлық еңбек ақысынан тыс барлығы 1 447 999,0 теңгенің сомасы Мекеменің бухгалтерлік міндеттемесін атқаратын бас маман А.Сатыбалдыға негізсіз артық аударылған.
1-тармақ: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек Кодексінің 103 бабының 1 тармағы және 111 бабының 3-тармағы басшылыққа алынбай, 2025 жылдың қазан, қараша және желтоқсан айында мекеменің бас маманы А.Сатыбалдыға еңбек ақыны төлеудегі нақты белгіленген лауазымдық окладтан және еңбек ақы төлеу шарттарынан тыс жалпы сомасы 1 447,9 мың теңгенің еңбек ақысын артық негізсіз аударылғаны анықталды. А.Қуанышбаеваның 1 айлық еңбек ақысына 3590 теңге қосылып, 2025 жылдың мамырынан 2025 жылдың желтоқсанын қоса алғанда 28 720 теңге қосымшасы төленуі керек.
2-тармақ: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агентігі Төрағасының 31.05.2023ж.№125 бұйрығының 8 тармағының талабы мерзімінде орындалмаған, яғни еңбек ақы тағайындау және төлеу туралы сеткасына мерзімінде өзгерту енгізілмей А.Қуанышбаеваға 2025 жылдың мамырынан желтоқсаны айы аралығында 28,7 мың теңгенің еңбек ақысы кемітіліп төленген. Масақ ауылдық округі әкімінің 24.05.2025 жылғы №64-21 Өкімімен қызметкерлер А.Әлім және А.Сатыбалды 2024 жылдың 26-29 маусым аралығында Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылына 4(төрт) күнге іс-сапарға жіберілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іс сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» 1-тарау, 2-тармақта « Мемлекеттік қызметшілерге үй-жайларды жалдау мөлшері ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің 2(екі) еселенген мөлшерінен аспауға тиістігі» аталған.
Аталған жағдайда, мекен жайы Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық округіне жатқызылатындықтан 1 (бір) қызметкерге 7 384х3=22 152 теңге төлену керек болатын, яғни 2 қызметкерге барлығы 44 304 теңгенің іс апардағы үй жалдау жөніндегі шығыны төленуі керек еді.
3-Тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іс сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» 1-тарау, 2-тармағының талабы орындалмай 2 қызметкерге іс-сапар ақысын төлеуде 44,3 мың теңгенің үй-жайды жалдау ақысы артық негізсіз төленген.
Масақ ауылдық округі әкімінің 27.05.2025 жылғы №64-11 Өкімімен 4келесі қызметкерлер А.Әлім, Р.Мансуров және А.Сатыбалды 2025 жылдың 28 мамыр – 01 маусым аралығында Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылына 5 күнге іс-сапарға жіберілген.
4-Тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іс сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» 1-тарау, 2-тармағының талабы орындалмай 3 қызметкерге іс-сапар ақысын төлеуде 94,4 мың теңгенің үй-жайды жалдау ақысы артық негізсіз төленген.
Мекеме мен «ШЫҢҒЫС»ЖК (бұдан әрі Мердігер) арасындағы құны 4 400,0 мың теңгенің 27.11.2025ж. №050340007204/0045/00 шартына және Шарттың №1 қосымшаға сәйкес абаттандыру жұмыстары Келісім жасалған уақыттан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде 27.12.2026 жылы аяқталатыны белгіленген.
Мердігер тарапынан жолданған электрондық счет фактура және 2025 жылдың 15 желтоқсандағы №050340007204/250045/00 жұмыстардың орындалғаны туралы актісі негізінде Масақ ауылдық округіне қарасты Нұрлы ауылындағы балалар ойын алаңын салу, абаттандыру жұмыстары аяқталған және 17.12.2025 жылғы №1241166/25 төлем тапсырмасымен 4 400 000,0 теңгенің сомасы Мердігерге толығымен аударылған.
Алайда, 05.02.2026 жылғы Нұрлы ауылындағы балалар ойын алаңын салу және абаттандыру жұмыстарының толық аяқталғанына көз жеткізу үшін бақылау (қарап, тексеру)өлшемін жүргізіліп, «Мердігер» тарапынан Балалар ойын алаңының құрылыс жұмыстары басталғанымен, тек ірге тасы және қоршауы(толық емес) орнатылғаны көзбен шолу кезінде белгілі болды. Сонымен, «Мекеме» мен «ШЫҢҒЫС»ЖК арасындағы құны 4 400,0 мыңтеңгенің 27.11.2025ж.№0045/00 шартының 8.2 тармағы және №1 Қосымшада белгіленген балалар ойын алаңының жұмыстарының толық аяқталғаны туралы алған міндеттемесінің орындалмағаны анықталды.
5-тармақ: ҚР 01.07.2024 жылғы №106-VIII «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 17 бабы, 9 тармағы және 27.11.2025ж.№0045/00 шарттың №1 қосымшасының талабы сақталмай Масақ ауылдық округіне қарасты Нұрлы ауылындағы құны 4 400,0 мың теңгенің балалар ойын алаңын салу және абаттандыру жұмыстары 06.02.2026 жылғы дейін аяқталмағаны анықталды. Аталған жағдайда, Балалар алаңын орнату жұмыстары 40 (қырық) күнге кешіктірілгені және аяқталмағаны белгілі болды.
27.01.2026 ж-ғы №08-03-36/2.31-75-Т Тапсырмада аудиторлық шарамен қамтылатын кезең 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленгендіктен, тұрақсыздық айыбы 27.12.2025 жылдан 31.12.2025 жыл аралық мерзіміне есептеледі, 22000,0 (4 400 000х0,1%=4 400х5күн) теңгенің тұрақсыздық айып пұлы өтелуге жатады( Бұзушылық тізілімінде 22,00 мың теңге көрсетіледі).
Қазақстан Республикасының 05.07.2014ж. №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабы, 10-2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс берушінің өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі байланысты Мекеме басшысына әкімшіліктік жазаға тартылады, яғни, лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
25.«Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
2025 жылы 008-015-159 бағдарламасы бойынша қысқартылған сома 352,9 мың теңгені құраған, яғни аталған сомаға тиімсіз жоспарлау орын алған.
1-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасына сәйкес (әрі қарай - №171 Бюджет кодексі) тиімділік қағидаты жоспарланған бюджет қаражаты 352,9 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
26.«Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
2025 жылы 009-015-159 ерекшелігі бойынша қысқартылған сома 3 974,0 мың теңгені құраған, яғни аталған сомаға тиімсіз жоспарлау орын алған.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасына сәйкес (әрі қарай - №171 Бюджет кодексі) тиімділік қағидаты – мемлекеттік функцияларды іске асыруды және бюджет қаражатының көлемі аз кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ете отырып, шығыстар мен нәтижелер арасындағы оңтайлы арақатынасқа қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджет процесін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын жоспарлау мен пайдалануды жүзеге асыру.
1-Тармақ: Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджет қаражаты 3 974,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
2-Тармақ: Мекеме тарапынан №223 Есеп қағидасы 34-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы 31 жағдайында сомасы 27745,0 мың теңгені құрайтын ұзақ мерзімді негізгі құралдар есепке алынбаған анықталған.
27.«Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
1-Тармақ: Мекеме тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы 001-015-161 ерекшелігі бойынша жоспарланған бюджет қаражатының 529,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады
2-Тармақ: Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы 001-015-123 ерекшелігі бойынша жоспарланған 42,0 мың теңгеге бюджет қаражаты игерілмеген, яғни аталған сомаға тиімсіз пайдаланған табылады
3-Тармақ: Мекеме тарапынан №223 Есеп қағидасы 5-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы орнатылған қалдық сомасы 8 217,8 мың теңгені құрайтын Минифутбол алаңы 2330 шотына қате жіктегені анықталды.
28.«Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаражоты ауылының Мәдениет үйінің ғимаратын күрделі жөндеу» жобасына ЖСҚ әзірлеу бойынша 10800,0 мың теңге сомасында директор Б. Шаяхметов атынан жасалған МКҚК-ның "Redlinе Рго" ЖШС-мен №2 шартының негізінде жүргізілген шығындар тиімсіз жоспарланған және бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану болып табылады, өйткені бұл ғимарат жеке меншікте.
ҚР ӘҚБтК Кодексінің 234-1-бабына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің теңгерімінде есептелмейтін объектілерді ұстауға бюджет қаражатын жұмсау бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және тиімсіз пайдалану болып табылады.
Бұдан басқа, осы жұмыс жобасы бойынша қорытынды 2022 жылғы 4 қарашада №КАZЕ-0233/22 және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2011 жылғы 16 шілдедегі №242 Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 7-тармағына сәйкес берілді, ол бойынша жобалау-сметалық құжаттама үш және одан да көп жыл ішінде оны бекіту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс басталмаған, ескірген болып есептеледі.
1-Тармақ: Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің 4-бабының 6,7-тармақтарын, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңының 6-бабының 4-тармағының қағидалары сақталмай «Қаражота ауылының мәдениет үйін күрделі жөндеу» ЖСҚ әзірлеуге қаржыландырылған 10800,0 мың теңге сомасындағы бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған, өйткені объект «Аудандық мәдениет үйінің» МКҚК балансында емес (есептелмеген). Одан бөлек ЖСҚ пайдалану мерзімі аяқталған.
Бұл, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Кодексінің (бұдан әрі-ҚР ӘҚБтК) 234-1-бабына сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану.
МКҚК-ың 2025 жылға арналған бухгалтерлік есебінде «жер» көрсетілмегені анықталды, осыған байланысты Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ берген жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны туралы мәліметтерді көрсете отырып, жер – кадастрлық жоспарлар талап етілді, Аудандық мәдениет үйі мен оның филиалдарының жер учаскелері жалпы сомасы 63319,3 мың теңге құрады.
2-Тармақ: «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 заңының 4,5 және 6-баптарын, 2025 жылғы 16 сәуірдегі №170 Шоттар жоспарының 5-тарауының «негізгі құралдар» 16-тармағының 2300-тармақшасының қағидаларын сақтамағандықтан МКҚК-ның бухгалтерлік есебінде «жер» көрсетілмеген, аудит барысында Аудандық мәдениет үйі МКҚК бухгалтерлік есебін 2310 «жер» шотында 63319,3 мың теңге сомасына жер телімдері көрсетілді.
29.«Еңбекшіқазақ ауданының кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1-тармақ: Патенттік Заңның 6-бабы 3-тармағын бұза отырып, "Consulting Company KZ" ЖШС тарапынан Шелек ауылы кітапханасының дизайны объектісі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жалпы сомасы 161 896, мың теңгеге өнертабыс ретінде ұсынылған.
2-тармақ: Бюджет кодексінің 4-бабы 6-тармағының және №151 бұйрықтың 2-қосымшасының талаптарын бұза отырып, мекеме 006-028-159 "басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" спецификациясы бойынша авторлық құқық қызметі түріндегі "дамытуға бағытталған күрделі шығындар" 430 кіші сыныбына жататын С. Н. Шелек кітапханасының дизайны объектісі бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына жалпы төлем жүргізді 161 869,0 мың теңге сомасы, осылайша бұл қаражат тиімсіз пайдаланылған.
3-тармақ. №223 Ереженің 312-тармағын бұза отырып, мекеме 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік баланста 230 403,0 мың теңге сомасында С. Н. Жібек кітапханасының дизайны объектісінің шығыстарының негізгі құралы ретінде көрсетілмеген,аудит барысында есеп бойыншп қалпына келтірілді.
Мекеменің бухгалтері Г. К. Киндикбаеваға «Ескеру» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
30.«Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
2024 жылы 009-029-159 ерекшелігі бойынша қысқартылған сома 1 300,0 мың теңгені құраған, яғни аталған сомаға тиімсіз жоспарлау орын алған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасына сәйкес (әрі қарай - №95-IV Бюджет кодексі) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.
1-Тармақ: Мекеме тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 009-029-159 ерекшелігі бойынша жоспарланған бюджет қаражатының 1 300,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
2-Тармақ: Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджет қаражатының 4 994,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
3-Тармақ: Мекеме тарапынан №223 Есеп қағидасы 34-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы 31 жағдайында сомасы 1125,4 мың теңгені құрайтын 60 дана көшеге арналған жарықдиодты шамдар есепке алынбағаны анықталған.
4-Тармақ: Мекеме тарапынан №223 Есеп қағидасы 5-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы сомасы 46,4 мың теңгені құрайтын 5 дана ұзақ мерзімді активтер қате шоттарға жіктегені анықталды.
31.«Турген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
1-Тармақ: Мекеме тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы 009-015-159 ерекшелігі бойынша қысқарту мен игермеу нәтижесінде бюджет қаражаты 1 000,0 мың теңгеге тиімсіз жоспарлау орын алған.
2025 жылы 009-015-159 ерекшелігі бойынша бюджет қаражатын 2 056,8 мың теңгеге қысқарту нәтижесінде тиімсіз жоспарлаган.
2-Тармақ: Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы 009-015-159 ерекшелігі бойынша қысқарту мен игермеу нәтижесінде бюджет қаражаты 2 056,8 мың теңгеге тиімсіз жоспарлау орын алған.
Мекемеде жоспарланған түрлі-түсті принтердің орнына ЛЭД экран алу арқылы тиімсіз пайдалану орын алған.
3-Тармақ: Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы 022-015-414 ерекшелігі бойынша жоспарланған 1 дана түрлі-түсті принтердің орнына 1 дана ЛЭД экран алу нәтижесінде бюджет қаражаты 349,0 мың теңгеге тиімсіз пайдалану орын алған.
4-Тармақ: Мекеме тарапынан №223 Есеп қағидасы 5-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы орнатылған жалпы сомасы 33 932,0 мың теңгені құрайтын 4 дана практикалық пайдаланылатын объектілерді қате шоттарға жіктегені анықталды.
32.«Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
Мекеменің 2016 жылдың 15 тамыздағы Еңбекшіқазақ аудан әкімінің №815 қаулысымен бекітілген ережесі бойынша «Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаратұрық аулы, Жібек Жолы көшесі, құрылыс №86 мекен жайында заңды тұлға ретінде тіркелген. 2021 жылдың 10 қыркүйегінде Еңбекшіқазақ аудан әкімідігінің №597 қаулысымен Ащысай ауылы, Жібек Жолы көшесі, құрылыс №56А мекенжайда алаңы 0,1165 га жер учаскесімен кадастрлік нөмері 03-044-230-038 «Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне өткізіп берілген. Қазіргі уақытта «Қаратұрық ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі нақты Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ащысай ауылы, Жібек Жолы көшесі, құрылыс №56А мекен жайындағы ғимаратта орналасқан. Алайда осы уақытқа дейін Мекеменің ережелеріне өзгерістер еңгізілмегені анықталды.
33.«Балтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
1-Тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іс сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» 1-тарау, 2-тармағының талабы орындалмай 3 қызметкерге іс-сапар ақысын төлеуде 22,2 мың теңгенің үй-жайды жалдау ақысы артық негізсіз төленген.
2-Тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысыынын талабы орындалмай жұмыс істемеітің адамға 60,0 мың теңге сый ақысы төленген, аудит барысында 82,0 мың теңге бюджет есебіне өтелінді.
34.«Жанашар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
1-Тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іс сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» 1-тарау, 2-тармағының талабы орындалмай маман С.Алиге іс-сапар ақысын төлеуде 7,9 мың теңгенің үй-жайды жалдау ақысы артық негізсіз төленіп,аудит барысында өндірілген.
35.«Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
1-Тармақ: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іс сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» 1-тарау, 2-тармағының талабы орындалмай 2025 жылы маусым айында Астана қ. іс-сапар барғанда маман Г.Садыроваға 7,9 мың теңгенің үй-жайды жалдау ақысы артық негізсіз төленіп,аудит барысында өндірілген.
36.«Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
2024 жылғы 31 желтоқсандағы салыстыру актісіне сәйкес ауыл әкімдігі қаржы жылының соңында "Алатау Жарық компаниясы" ФАО - Энергосбыт 603,4 мың теңге сомасында электр энергиясы үшін артық төлем жүргізгені анықталды.
1-Тармақ: "Асы ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бюджеттің атқарылуы және оның кассалық атқарылуы қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 Бұйрығының 178-бабының сақталмай 2024 қаржы жылының соңында аванстық (шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша 603,4 мың теңге сомаға 151 алдын ала төлем) жол берілгені анықталды.
2-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 236,243-тармақтары сақталмағандықтан, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 заңының 4,5 және 6-баптарын, 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 Шоттар жоспарының 5-тарауының «негізгі құралдар» 2300-жолы 16-тармағы сақталмай «Асы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бухгалтерлік есебінде есепті кезеңнің басында 553,6 мың теңге сомаға «жер» көрсетілмеген.
2025 жылғы 31 желтоқсандағы салыстыру актісіне сәйкес ауыл әкімдігінің "Алатау Жарық компаниясы" ФАО алдындағы электр энергиясы үшін берешегі - Энергосбыт 1 708,8 мың теңгені құрады, алайда 2025 қаржы жылындағы бухгалтерлік баланс бойынша бұл сома дебиторық берешек ретінде көрсетілмеген, бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануы болып табылады.
3-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 бұйрығы 6-тарау 142-тармағының талаптары сақталмағандықтан, мекемемен есепті кезеңнің соңында жалпы сомасы 1708,8 мың теңгеге дебиторлық берешек көрсетпеген, тиісінше, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 заңының 4,6-бабын бұза отырып, басқарманың және оның компоненттерінің 2025 жылғы қаржылық есептілігінің деректері «қысқа мерзімді дебиторлық берешек» бойынша бұрмаланған.
37.Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемеснде кемшіліктер анықталған жоқ.
38.Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде кемшіліктер анықталған жоқ.
39.Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде кемшіліктер анықталған жоқ.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):
Жалпы аудан бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы аудиторлық бақылау кезінде қарастырылып, мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, лауазымды тұлғалардың, мекеме қызметкерлерінің өз лауазымдық қызметтерін атқару барысында жауапкершілікпен қарайды деген пікір қалыптасты.
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Жоғарыда көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін өтелуге тиіс қаражаттардың 4054,4 мың теңгенің жергілікті бюджет есебіне 1868,0 мың теңгесі өтелді, 7 190 761,2 мың теңгенің бұзушылықтары бойынша қаржылық есептілікте қалпына келтірулер жасалды.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 11 қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
1.«Еңбекшіқазақ ауданының Масақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімінің 23.02..2026 жылғы №64-05 өкімімен бас маман А.Б.Сатыбалдыға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.
2. «Еңбекшіқазақ ауданының Қаракемер ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысының 2026 жылғы 26-ақпандаңғы №3 өкімімен бас маман Н.Елекенов «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
3.«Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысының 2026 жылғы 12-ақпандаңғы №01-43/10 бұйрығымен жетекші маман Б.Рақымжановаға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
4.«Еңбекшіқазақ ауданының Тескенсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысының 2026 жылғы 19-ақпандағы №01-46/4 өкімімен жауапты бас маман Ф.Молдабекова «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
5.«Еңбекшіқазақ ауданының Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысының өкімімен жауапты тулғаға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
6.«Еңбекшіқазақ ауданының Ақши ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысының 19.02.2026 жылғы №5 өкімімен бас маман Д.Молдабаеваға «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
7.«Еңбекшіқазақ ауданының Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысының 12.02.2026 жылғы №3 өкімімен бас маман Мырха Ш. «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
8.«Еңбекшіқазақ ауданының Сөгеті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысының 26.02.2026 жылғы №9 өкімімен бас маман Г.Адылхановаға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
9.«Еңбекшіқазақ ауданының Турген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысының 20.02.2026 жылғы №11 өкімімен бас маман Н.Иминоваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
10.«Еңбекшіқазақ ауданының Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысының 27.03.2026 жылғы №6-к өкімімен бас маман Э.Сагидуллаеваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
11.«Еңбекшіқазақ аудандық кітәпханасы» мемлекеттік мекеме басшысының 2026 жылғы 05-ақпандағы №7 бұйрығымен жауапты тулға есепші Г.Киндикбаеваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабы бойынша 2 материал, 234-1 бабы бойынша 2 материал 238 бабы бойынша 7 материал, барлығы 11 материал әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін жолданып, толықтай қанағатырылды.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулыларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының талаптарының сақталмауынан орын алған.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.
Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Аудит объектілері тарапынан анықталған заңбұзушылықтардың салдарын барынша азайтуға бағытталған шаралар, атап айтқанда өтелуге тиіс қаражаттың 2186,7 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өтелуі және 4400,0 мың теңгенің бұзушылықтары қаржылық есептілікте қалпына келтірілуі фактілерін назарға алу және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізу.
2. «Масақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне өтелмеген 1447,9 мың теңгені жергілікті бюджет есебіне өндіру және 4400,0 мың теңгені қалпына келтіру туралы, «Шелек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне өтелмеген 738,4 мың теңгені жергілікті бюджет есебіне өндіру туралы және кінәлі тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану туралы нұсқамалар жолдау.
3. «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Мекеменің мекен-жайының өзгеруі бойынша мекеменің ережелеріне өзгерістер еңгізіп, уәкілетті әділет органдарында қайта тіркеу жүргізуді ұсыным жолданады.
3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.
Тексеру комиссиясының мүшесі А.Қондыбаева
Аудит жүргізуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы Б. Орманов
Құқықтық сүйемелдеуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы М. Сканов
Аудит тобының жетекшісі Б. Орманов























