| Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
![]() |
| Президент Республики Казахстан | |
Итоги государственного аудита
Ұйғыр ауданы
| Категория: Итоги государственного аудита | |
| Дата: 03.07.2026 | |
| Просмотры: 49 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Ұйғыр ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
Қонаев қаласы
2026 жыл
Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының м.а.
Қ. Есенамановқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлім
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Ұйғыр ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Ұйғыр ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1. 1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:
- «Ұйғыр аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- "Ұйғыр ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ұйғыр ауданының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ұйғыр ауданының әл-Фараби атындағы аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданы Кетпен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданы Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданы Қырғызсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданы Шарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданы Қалжат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданы Дардамты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданы Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданы Ақтам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданы Бахар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданы Тиірмен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданы Кіші Дихан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
- «Ұйғыр ауданы әкімінің аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2025 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру негізгі міндет болып табылады.
«Ұйғыр ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Ұйғыр аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 8-34-172 шешімімен бекітілген және Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 08 қаңтардағы «Ұйғыр ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» № 8-34-172 шешімін іске асыру туралы» № 5 қаулысымен орындауға қабылданған.
2025 жыл ішінде аудандық мәслихаттың сессияларында аудандық бюджет 5 рет нақтыланды, сондай-ақ аудан әкімінің қаулыларымен енгізілген 3 рет түзетулерді ескере отырып, түсімдер бойынша 13 269 357,0 мың теңгеге жоспарланып, жыл бойына өзгертулерге нәтижесінде 11 749 533,0 мың теңгеге түзетілген, орындалуы 11 733 841,7 мың теңгені немесе түзетілген жоспардың 99,9%-ын құраған.
Нақтылаулар мен түзетулер нәтижесінде, бекітілген бюджетпен салыстырғанда, Үкіметтің бюджетті оңтайландыру жөніндегі шараларына сәйкес аудандық бюджеттің кірістері 1 519 824,0 мың теңгеге немесе 11,45%-ға азайған, ал шығындар 702 573,0 мың теңгеге немесе 5,29%-ға қысқартылды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджеттік параметрлердің түзетілуі: түсімдер бойынша – 11 749 533,0 мың теңге немесе жоспардың 88,55%-н, шығыстар бойынша – 12 566 784,0 мың теңге немесе жоспардың 94,71%-н құраған.
2025 жылдың қорытындысы бойынша аудандық бюджет профициті – 150 778,2 мың теңге мөлшерінде қалыптасқан.
Ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 8 қаңтарындағы сессиясының «Ұйғыр ауданының ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 8-35-177 шешімімен бекітілген және тиісті аудан және ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен орындауға қабылданды. 2025 жыл ішінде бюджеттік заңнама нормаларына сәйкес көрсетілген бюджеттерде 4 нақтылау және 1 түзету жүргізілді.
Шонжы, Бахар, Тасқарасу, Шарын, Қырғызсай, Сумбе, Үлкен Ақсу, Ават, Тиірмен, Ақтам, Дардамты, Кетпен, Кіші Дихан, Қалжат ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 08 қаңтардағы «Ұйғыр ауданының ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» №8-35-177 шешімімен бекітілген және тиісті ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен орындауға қабылданған. 2025 жылдың ішінде бюджеттік заңнама нормаларына сәйкес көрсетілген бюджеттерге 4 нақтылау және 1 түзету жүргізілген.
2025 жылдың қорытындысы бойынша бюджет параметрлерінің орындалуы: кірістер бойынша – 11 733 841,7 мың теңге немесе түзетілген жоспардың 99,9%-ы, шығыстар бойынша – 12 395 210,4 мың теңге түзетілген немесе 98,6%-ы.
2025 жылы аудандық бюджетке түсімдер 11 733 841,7 мың теңгені немесе түзетілген бюджетке 99,9 % құрады, ал 2024 жылы аудандық бюджетке түсімдер 9 362 261,2 мың теңгені немесе түзетілген бюджетке 100,8% құраған.
Ұйғыр ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есептің деректеріне сәйкес 2025 жылға кірістер 13 269 357,0 мың теңге көлемінде бекітілген, жыл бойында жоспар 1 519 824,0 мың теңгеге немесе 11,45%-ға азаю жағына түзетілу нәтижесінде 11 749 533,0 мың теңгені құраған (меншікті кірістер бойынша – 4 768 471,0 мың теңге және трансферттік түсімдер – 6 981 062,0 мың теңге).
2025 жылы нақты орындалған кірістер сомасы 11 733 841,7 мың теңгені немесе түзетілген жоспар 99,9% - ға орындалған, оның ішінде:
- меншікті кірістер 4 752 779,7 мың теңгені немесе 40,5%,
- трансферттік түсімдер 6 981 062,0 мың теңгені немесе 59,5%,- құраған.
- салықтық түсімдер 4 639 644,1 мың теңге немесе 97,6%,
- салықтық емес түсімдер 36 276,6 мың теңгені немесе 0,8%,
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 76 859,0 мың теңгені немесе 1,6%, - құрады.
Меншікті кірістер құрылымында ең үлкен үлес салмақты салықтық түсімдер алады – 97,6%, ал негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 0,8% және салықтық емес түсімдер 1,6% құраған.
2025 жылғы аудандық бюджеттің шығыстары 13 269 357,0 мың теңге болып бекітіліп, нақтылаулар мен түзетулер нәтижесінде 12 566 784,0 мың теңгені құраған немесе 702 573,0 мың теңгеге немесе 5,29%-ға азайтылған.
Есепті кезең қорытындылары бойынша Ұйғыр ауданы бюджетінің бюджеттік алуларды есептемегендегі таза шығыны 11 403 551,8 мың теңгеге немесе 99,4 пайызға атқарылды.
2025 жылдың соңында үнемделу себебінен игерілмей қалған қаражаттардың жалпы сомасы 5 566,6 мың теңгені құраған.
Жалпы алғанда, Ұйғыр ауданының аудандық бюджетінің атқарылуын бағалау нәтижелері аудандық бюджеттің атқарылуы негізінен Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына және мемлекеттік және бюджеттік бағдарламаларда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражатының нысаналы сипатына сәйкес келетінін көрсетті.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
Ұйғыр ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен барлығы 21 950 150,0 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 5 920 026,7 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:
-Бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы 87,5 мың теңге.
- Қаржылық бұзушылықтар 3 936 278,6 мың теңге, оның ішінде: бюджет есебіне өтелуге жататыны – 6226,7 мың теңге және қалпына келтірілуге тиіс бұзушылықтар сомасы 3 930 051,9 мың теңге, аудит барысында 915,6 мың теңге бюджетке өтелді немесе 14%, қалпына келтірілуге тиіс сомадан 975678,7 мың теңге қалпына келтірілді немесе 25%;
|
|
- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жағдайларда тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары 1 977 522,6 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары 6 138,0 мың теңге.
Сонымен қатар 11 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.
Бұдан басқа, 14 бірлік (207 бап-7, 238 бап-7 ) әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды.
Өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген мемлекеттік аудит объектілерінің 11 қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жеке аудит объектілері бойынша анықталған бұзушылықтар төмендегідей:
1. «Ұйғыр аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 1. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 4-бабының 6 және 7-тармақшаларының және 70-бабының 1 және 3-тармақтарының талаптары бұзыла отырып 7207,0 мың теңге тиімсіз жоспарлау ( тиімсіз пайдалану) болып табылады.
2. «Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Мекеме 003 бағдарлама 413 «Көлік құралдарын сатып алу»ерекшелігі бойынша «AllurAutoAstana»ЖШС-мен қызметтік көліктер сатып алуға №103 келісім шарты 113260,0 мың теңгеге және 05.04.2024 жылы №69 келісім шарты 29990,0 мың теңгеге жасалынып, қаржы аударылған.
Бұл сатып алулар бойынша бюджеттік өтінім бойынша жоспарланған сома 143250,0 мың теңге. Алайда «Көлік құралдарын сатып алу» ерекшелігі бойынша сатып алуға бюджеттік өтінімді ресімдеу кезінде коммециялық баға ұсынысы берген өнім берушілердің баға ұсыныстары ұсынылмады. Тауарлы-материалдық қорларды және негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлау кезінде калькуляцияға ТМҚ немесе негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша кемінде үш прейскурант қоса беріледі.
1-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 41-тармағы, Бюджет Кодесінің 3 бабының 1 тармағының 12-4 тармақшасы және осы Кодекстің 4 бабының 9 тармақшасын бұза отырып, Мекеме «Көлік құралдарын сатып алу» алуға прайс-парақшасы толықтай тіркелмеген. Яғни, 143250,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны анықталды.
«Құрылыс-Сәулет» ЖШС-мен 25.04.2025 жылы №49 келісім шарты Тигермен ауылдық округі ғимаратына күрделі жүргізу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге 10871,1 мың теңгеге жасалынған, ЖСҚ-ма бухгалтерлік есеп бойынша 10871,1 мың теңге толығымен 2383 «Өзге де негізгі құралдар» шотына қойылған.
2-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі №170 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының 5 тарауы 2 бөлімінің 17 тармағының талабы сақталмай сараптамадан өткен ЖСҚ-ма құны 10871,1 мың теңге 2411 «Аяқталмаған құрылыс» шотына қойылмай, толықтай 2383 «Өзге де негізгі құралдар» шотына қойылған, аудит барысында бухгалтерлік анықтама бойынша қалпына келтірілді.
3.«Ұйғыр ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі; №1428 Қағидалардың 2-тармағына сәйкес мемлекеттік мекемелер қызметкерлерін іссапарға жіберу орталық мемлекеттік орган аппаратының басшысы, ал мұндай лауазым болмаған жағдайда – осы мемлекеттік мекеменің басшысы бұйрықтың (өкімнің) негізінде жүзеге асырылады. Бұйрықта (өкімде) мыналар көрсетілуге тиіс: 1)Баратын жері және ұйымның атауы; 2)Іссапарда болатын мерзімі; 3)Іссапардың мақсаты; 4)Іссапар шығыстарын өтеу шарттары:тәуліктік шығыстарды өтеуге жататын күндер саны;тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын өтеуге жататын күндер саны (бірнеше елді мекенге іссапарға жіберілген жағдайда әрбір елді мекенде болатын күндер саны көрсетіледі);жол жүру шығыстары өтелетін көлік түрі және жүру бағыты.
Алайда, аудит барысында Мекеменің 2 қызметкеріне іссапарға жіберу туралы тиісті бұйрық шығарылмастан жалпы сомасы 51,6 мың теңге көлемінде іссапар шығыстары негізсіз төленгені анықталды, оның ішінде: 2024 жылғы 26 маусымдағы №38 аванстық есеп бойынша Мекеменің бас маманы А. Рошановқа – 25,8 мың теңге;2024 жылғы 26 маусымдағы №37 аванстық есеп бойынша Мекеменің жүргізушісі П. Усеновке – 25,8 мың теңге.
1-тармақ. Осылайша, Мекеме №1428 Қағидалардың 2-тармағының талаптарын бұза отырып, 2024 жылы қызметкерлерді іссапарға жіберу туралы тиісті бұйрық шығармастан, оларға жалпы сомасы 51,6 мың теңге көлемінде іссапар шығыстарын негізсіз төлеген.
4. «Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 1: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3 - бабы 12-4) тармақшасының талаптары бұзыла отырып 25 901,2 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарлау (немесе) тиімсіз пайдалану болып табылады.
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта құру және салу» жобасы бойынша жұмыстарды орындау үшін «СМУ ШЫҒЫС» ЖШС-мен 01.08.2022 жылғы №43 келісімшарт жалпы сомасы 1 052 148,9 мың теңге жасалып игерілген (2022 жылға 38 424,0 мың теңге, 2023 жылға 144 632,0 мың теңге, ал 2024 жылға 844 643,0 мың теңге).
Аталған объект-Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу 19.06.2025 жылғы пайдалануға қабылдау актісіне сәйкес аяқталды және пайдалануға қабылданған.
Тармақ 2: Аудит барысында бухгалтерлік есеп деректері бойынша 01.01.2026 ж. Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмба ауылында жалпы сомасы 1 092 540,2 мың тенгеге құрылыс-монтаждау жұмыстарының, техникалық қадағалау жөніндегі қызметтердің, сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және салу объектісі бойынша авторлық қадағалау қызметтерінің шығындарының сомасы көрсетілгені анықталды.
Алайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен және Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 мамырдағы № 324 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының 282-тармағын бұза отырып, "Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу" жобасы бойынша 1 092 540,2 мың теңге мөлшерінде сома аяқталған және пайдалануға берілген объект бойынша мекеменің балансынан алынбаған және тиесілілігі бойынша берілмеген.
Тармақ 3: 2025 жылғы 26 мамырдағы №6 қосымша келісімге сәйкес аяқталу мерзімі 2026 жылғы 30 мамырдағы жеткізушіге барлығы 24 449,9 мың теңге төленді. Нысанды қабылдау туралы актке 2025 жылдың 19 маусымында қол қойылды, нысанның құрылысы аяқталған күннен бастап 19 күн кешіктірілді.
Қазақстан Республикасы Заңында 8-баптың 4-тармағында және 17-баптың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,1% мөлшерінде 464,5 мың теңге (24 449,9*14) айыппұл есептелмеген. 2026 жылғы 21 мамырдағы №3393 төлем тапсырмасына сәйкес, 464,5 мың теңге айыппұл сомасы бюджетке қайтарылды.
5. «Ұйғыр ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
2025 жылдың 11-қарашасындағы Нысанды пайдалануға беру туралы актісі негізінде «Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылындағы №2-ші 60 пәтерлі тұрғын үйді абаттандыру және инженерлік коммуникациялық желілер салу нысаныны аяқтау» нысаны қабылданған.
№7 келісім шарттың 8.3-тармағына сәйкес: Жұмыстарды орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда Тапсырыс беруші Орындаушы міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда Орындаушыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалады (өндіріп алады) немесе міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалады (өндіріп алады). Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімақының) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 % артық болмауы тиіс.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, аталған нысанның 2025 жылдың 8-тамызынан бастап 31-қазанын қоса алған мерзімге 84 күнтізбелік күнге кешіктірілгені үшін 1 266,3 мың теңге айыппұл есептелініп (15 075,2 мың теңге * 0,1% * 84 к/күн), бюджетке өндіріп алу жөніндегі шаралар қабылдануы керек еді.
Тармақ 1. Мекеме тарапынан №106-VIII Мемлекеттік сатып туралы Заңының 17-бабы 9-тармағы 2)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан №2-ші 60 пәтерлі тұрғын үй желілері құрылысын аяқтау нысаны бойынша жалпы сомасы 15 075,2 мың теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстарын 2025 жылдың 8-тамызынан бастап 31-қазанын қоса алған мерзімге 84 күнтізбелік күнге кешіктірілгені үшін 1 266,3 мың теңге айыппұлды бюджетке өндіріп алу жөніндегі шаралар қабылданғаны анықталды.
Сонымен қатар, №106-VIII Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңының 17-бабы 9-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі. Өнім беруші шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші: осындай өнім берушіні осы Заңда айқындалған тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 2. Мекеме тарапынан №106-VIII Мемлекеттік сатып туралы Заңының 17-бабы 9-тармағы 1)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан №2-ші 60 пәтерлі тұрғын үй желілері құрылысын аяқтау нысаны бойынша жалпы сомасы 15 075,2 мың теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстарын 2025 жылдың 8-тамызынан бастап 31-қазанын қоса алған мерзімге 84 күнтізбелік күнге кешіктірілгені үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу жөнінде шаралар қабылданбағаны анықталды.
Аудит барысында 2026 жылдың 1-қаңтарына жасақталған Мекеменің балансында басқа мекемелерге берілуге жататын 83 дана ұзақ мерзімді негізігі құралдардың жалпы сомасы 1 861 743,0 мың теңгені құраған, оның ішінде:
- «Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты» ММ-не 1 дана 0,0 мың теңге,- «Шонжы ауылдық округы әкімінің аппараты» ММ-не 3 дана 414 204,4 мың теңге,- «Ақтам ауылдық округы әкімінің аппараты» ММ-не 1 дана 38 577,1 мың теңге,- «Үлкен Ақсу ауылдық округы әкімінің аппараты» ММ-не 2 дана 1 704,4 мың теңге,- «Ұйғыр ауданының білім бөлімі» ММ-не 4 дана 782,0 мың теңге,- «Ұйғыр ауданының сәулет және қалақұрылыс бөлімі» ММ-не 11 дана 0,0 мың теңге,- «Ұйғыр ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы қалақұрылыс бөлімі» ММ-не 57 дана 1 406 475,1 мың теңге, - көлеміндегі қалдық құнымен негізгі құралдар.
Тармақ 3. Мекеме тарапынан №223 Есеп қағидасы 39-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2026 жылдың 1-қаңтарына жасақталған Мекеменің балансында басқа мекемелерге берілуге жататын жалпы сомасы 1 861 743,0 мың теңгені құрайтын 83 дана ұзақ мерзімді негізігі құралдардың құралдардың аудит жүргізу мерзіміне басқа мекемелерге берілмегені анықталды.
Сонымен қатар, 2026 жылдың 1-қаңтарына жасақталған баланстың 15-тармағында (Аяқталмаған құрылыс) жалпы сомасы 180 958,4 мың теңгені құрайтын пайдалануға берілген 2 нысанның шығындары баланстың 14-тармағына (Негізгі құралдар) өткізілмегені анықталды.
№223 Есеп қағидасының 312-тармағына сәйкес: Аяқталған және пайдалануға берілген құрылыс объектілері қабылдау актілері негізінде оларға кеткен шығындар толық сомада көрсетіліп, ұзақ мерзімді активтерді есепке алу шотына жатқызылады, бұл ретте мынадай жазба көрсетіледі: Шоттар жоспарының «Негізгі құралдар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының дебеті және 2411 «Аяқталмаған құрылыс» қосалқы шотының кредиті.
Тармақ 4. Мекеме тарапынан №223 Есеп қағидасы 312-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2026 жылдың 1-қаңтарына жасақталған баланстың 15-тармағында (Аяқталмаған құрылыс) жалпы сомасы 180 958,4 мың теңгені құрайтын пайдалануға берілген 2 нысанның шығындары баланстың 14-тармағына 2026 жылғы 24-сәуірдегі бухгалтерлік анықтама негізінде жалпы сомасы 180 958,4 мың теңгенің «Аяқталмаған құрылыс» қосалқы шотындағы аяқталған құрылыс шығындарын «Негізгі құралдар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шоттарына ауыстыру арқылы қалпына келтірілді.
6. «Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Мекеменің 2024 жылға бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес, 169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша 2 003,0 мың теңге жоспарланған. Алайда қаржы-шаруашылық қызметі барысында аталған ерекшелік бойынша небәрі 5,0 мың теңге игерілген, соның салдарынан бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау орын алған.
1-тармақ. №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағының 12-4) тармақшасы мен 4-бабының 12) тармақшасының талаптарын бұза отырып, Мекеме қаржы-шаруашылық қызметі барысында 001-015-169 «Өзге де ағымдағы шығындар» ерекшелігі бойынша 1 998,0 мың теңге көлеміндегі қаражатты қысқартқан, бұл бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға алып келген.
№1428 Қағидалардың 2-тармағына сәйкес мемлекеттік мекемелер қызметкерлерін іссапарға жіберу орталық мемлекеттік орган аппаратының басшысы, ал мұндай лауазым болмаған жағдайда – осы мемлекеттік мекеменің басшысы бұйрықтың (өкімнің) негізінде жүзеге асырады. Бұйрықта (өкімде) мыналар көрсетілуге тиіс: 1)Баратын жері және ұйымның атауы; 2)Іссапарда болатын мерзімі; 3)Іссапардың мақсаты; 4)Іссапар шығыстарын өтеу шарттары: тәуліктік шығыстарды өтеуге жататын күндер саны; тұрғын үй-жайды жалдау шығыстарын өтеуге жататын күндер саны (бірнеше елді мекенге іссапарға жіберілген жағдайда әрбір елді мекенде болатын күндер саны көрсетіледі); жол жүру шығыстары өтелетін көлік түрі және жүру бағыты.
2-тармақ. Осылайша, Мекеме №1428 Қағидалардың 2-тармағының талаптарын бұза отырып, 2025 жылы Мекеменің қызметкері Мирзахметов Д.С.-ны жыл сайынғы еңбек демалысында болған кезеңінде, атап айтқанда 2025 жылғы 1–4 сәуір аралығында іссапарға жіберген. Нәтижесінде оған 102,2 мың теңге сомасында іссапар шығыстары негізсіз төленген.
7.«Ұйғыр ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
2025 жылғы 29 желтоқсандағы №73 "Мемлекеттік мүлік туралы" бұйрық шығарып, ведомстволық бағынысты қазыналық кәсіпорынға жүргізілген күрделі жөндеулер бойынша шығындарды жалпы сомасы 427 623,3 мың теңгеге беру туралы жазбаша хабарлама (күрделі жөндеу бойынша шығындарды беру туралы – бұл ережелер мемлекеттік мекемелер үшін міндетті болғанымен (бұйрықтың орындалуы мемлекеттік мекеменің бас маманы Н. Мәметоваға жүктелген), осыған байланысты МКҚК есеп қызметкерлері бухгалтерлік есепте қажетті өзгерістер енгізбеген, бұл ММ-нің 2025 жылғы қаржылық есептілігінің бұрмалануы болып табылады.
1-тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 мамырдағы №230 "Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының №7 қосымшасының 6-тармағын сақтамау салдарынан жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қаржылық есептілігіне өзгерістер енгізілген мемлекеттік мекемеге ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігіне өзгерістер енгізген кезде "Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну қағидалары" туралы бұйрығына өзгерістер енгізу себептерін көрсете отырып, енгізілген өзгерістер туралы басшының қолы қойылған жазбаша хабарламаны мекеме бухгалтері жібермеген.
№15 келісім шарттың 8.3-тармағына сәйкес: Жұмыстарды орындау мерзімін өткізіп алған жағдайда Тапсырыс беруші Орындаушы міндеттемелерін толық орындамаған жағдайда Орындаушыдан мерзімі өткен әрбір күн үшін шарттың жалпы сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалады (өндіріп алады) немесе міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) жағдайда орындалмаған міндеттемелер сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалады (өндіріп алады).
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, аталған Шарын ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары 2025 жылдың 1-қаңтарынан бастап 23-қыркүйек айын қоса алған мерзімге 266 күнтізбелік күнге кешіктірілгені үшін 4 044,8 мың теңге айыппұл есептелініп (0,1% = 15260 тенге 31 тиын * 266 к/күн), бюджетке өндіріп алу жөніндегі шаралар қабылдануы керек еді.
2-тармақ. Мекеме тарапынан 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII Мемлекеттік сатып туралы Заңының 17-бабы 9-тармағы 2)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан Шарын ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары бойынша жалпы сомасы 15 260,3 мың теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстарын 2025 жылдың 1-қаңтарынан бастап 23-қыркүйек айын қоса алған мерзімге 266 күнтізбелік күнге кешіктірілгені үшін 4 044,8 мың теңге айыппұлды бюджетке өндіріп алу жөніндегі шаралар қабылданбаған.
3-тармақ. Мекеме тарапынан 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII Мемлекеттік сатып туралы Заңының 8-бабы 4-тармағы 4)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан Шарын ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары бойынша жалпы сомасы 15 260,3 мың теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстарын 2025 жылдың 1-қаңтарынан бастап 23-қыркүйек айын қоса алған мерзімге 266 күнтізбелік күнге кешіктірілгені үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу жөнінде шаралар қабылданбағаны анықталды.
8. "Ұйғыр ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ұйғыр ауданының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасына сәйкес (әрі қарай - №95-IV Бюджет кодексі) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.
Тармақ 1. Мекеме тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы 008-015-159 ерекшелігі бойынша қысқарту нәтижесінде бюджет қаражаты 660,0 мың теңгеге тиімсіз жоспарлау орын алған.
9. «Ұйғыр ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ұйғыр ауданының әл-Фараби атындағы аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Мекеме 2024 жылдың 10 желтоқсанында 414 ерекшеліктен 630,0 мың теңгеге "Rich Holding" мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінен №14 келісім-шарт негізінде 20 дана жұрнал үстелін сатып алған. 2024 жылдың 23 желтоқсанында тауар уақытында әкеліп қойған.
Мекеме 2024 жылдың 17 желтоқсанында 414 ерекшеліктен 573,4 мың теңгеге "Имидж Media" ЖШС-нан №16 келісім-шарт 40 дана орындықтар сатып алған. 18 желтоқсанда №828 жүк құжатымен тауар уақытында әкеліп қойған.
Алайда қазіргі уақытта стөлдермен орындықтар контейнерлерде тұрғаны анықталды. Мекеме басшысының түсініктемесі бойынша кітапхана есепшісі бюджеттік жоспар жасауға міндеттік. 2024 жылы біздің мекемеге стөлдермен орындықтар қажет болғандықтан жоспарлағанғой. Модернизациямен стөлдермен орындықтарды түгел жаңалап беретінін білмегеннен болар. Модернизациядан өткен кітапхаға Мекеме 2026 жылдың наурыз айында көшкен екен. Стөлдермен орындықтар қазір контейнерде тұрғанымен Мекемнің басшысы орталық кітапханаға қарасты 17 ауылдық кітапханарға үлестіріп беретіндерін көрсетті. Яғни, қазіргі уақытта барлығы 1203,4 мың теңгенің стөлдері мен орындықтары тиімсіз, пайдаланылмай тұруда.
Тармақ 1: Қазақстан Республикасы 2008 жылдың 04 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодесінің 4 бабының 12 тармақшасы толық сақталмай, 1203,4 мың теңгенің стөлдері мен орындықтары тиімсыз пайдалануда екені анықталды.
10. «Ұйғыр ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
2025 жылыда мекемеде мониторинг, бюджет қаражаты қажеттілігін болжау жан-жақты жүргізілмеу салдырынан, бюджетті жоспарлау кезінде айырмашылықтар жіберілген.
2025 жылы: 004 бағдарлама бойынша 4786,0 мың теңге көлемінде бюджеттік қаражат артық жоспарланған, 007 бағдарлама бойынша 1000,0 мың теңге көлемінде қаражат жеткіліксіз жоспарланған.
Тармақ 1: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 9,12 тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары»-ның 7 тармағының талаптары толық басшылыққа алынбай, 004, 007 бағдарламалар бойынша 2025 жыл басында 5786,0 мың теңге тиімсіз жаспарланған.
2024 жылы 001/112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігі бойынша сыйлық ақы беру шығыстар бойынша төменде көрсетілген өтініштердің негізінде 001/015 бағдарламаның аясында 111,136,149,152,159,159 және 161-ші ерекшеліктерінен үнемдеу есебінен, сонымен қатар мекеме басшысының бұйрығы негізінде – 2401,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
Мекеменің бұл ісәректі ҚР Бюджет Кодексінің 3-бабы 12-4) тармақшаларының талаптары бұзылды-бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін бюджет қаражатын жоспарлауға және (немесе) пайдалануға сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау (немесе) тиімсіз пайдалану, 4-баптың 9) тармақшасы-бюджетті нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттардың негізінде жоспарлау. кез-келген түсімдер мен шығыстардың бюджетінің жобасы және олардың көлемінің негізділігі негізділік қағидаты ретінде, 3 - баптың 12) тармақшасында тиімділік қағидаты да көзделген, оған сәйкес-бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең жақсы тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалана отырып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару болып табылады.
Тармақ-2. Яғни аудитпен қамтылған кезеңде ҚР Бюджет Кодексінің 3-бабы 12-4) тармақшаларының талаптары сақталмай жалпы сомасы 2024 жылы 709,0 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған. Демек, 015 бағдарламасы жоғарыда аталған ерешеліктер бойынша қаражаттың қажеттілігі туындалмаған.
2025 жылы 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігі бойынша сыйлық ақы беру шығыстар бойынша төменде көрсетілген өтініштердің негізінде 001/015 бағдарламаның аясында 111,136,149,152,159, және 161-ші ерекшеліктерінен үнемдеу есебінен, сонымен қатар мекеме басшысының бұйрығы негізінде – 5696,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
Мекеменің бұл ісәректі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет кодексінің 4-бабының 6,7 және 70 бабының 1,3, -тармақтарының қағидаларының сақталмаған -бюджетті нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттардың негізінде жоспарлау. кез-келген түсімдер мен шығыстардың бюджетінің жобасы және олардың көлемінің негізділігі негізділік және тиімділік қағидаты да көзделген, оған сәйкес-бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең жақсы тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалана отырып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару болып табылады.
Тармақ-3. Яғни, аудитпен қамтылған кезеңде Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет кодексінің 4-бабының 6,7 және 70 бабының 1,3, -тармақтарының қағидаларының сақтамай жалпы сомасы 3918,0 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған. Демек, 015 бағдарламасы жоғарыда аталған ерешеліктер бойынша қаражаттың қажеттілігі туындалмаған.
11. «Ұйғыр ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесі;
2024 жылы 004, 005, 006, 007, 010, 011 бағдарламалар бойынша жалпы сомасы 123 886,0 мың теңге көлемінде бюджеттік қаражаттың артық жоспарланғаны, ал 017 бағдарлама бойынша 33 144,0 мың теңге көлемінде қаражаттың жеткіліксіз жоспарланғаны анықталды. Яғни, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 9, 12 тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары»-ның 7 тармағының талаптары толық басшылыққа алынбай, бюджет қаражатын жоспарлауда оңтайлы және тиімді принциптері толық сақталмаған.
Тармақ 1: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 9,12 тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары»-ның 7 тармағының талаптары толық басшылыққа алынбай, 005, 006, 007, 011, 017 бағдарламалар бойынша 2024 жылы басында 157 030,0 мың теңге тиімсіз жаспарланған.
2025 жылы: 004, 005, 006, 007, 010, 011 бағдарламалар бойынша 52 087,0 мың теңге көлемінде бюджеттік қаражат артық жоспарланған; 017 бағдарлама бойынша 84 530,0 мың теңге көлемінде қаражат жеткіліксіз жоспарланған.
Тармақ 2: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 9,12 тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары»-ның 7 тармағының талаптары толық басшылыққа алынбай, 005, 006, 007, 011,017 бағдарламалар бойынша 2025 жыл басында 136 617,0 мың теңге тиімсіз жаспарланған.
2024 жылы 001/112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігі бойынша сыйлық ақы беру шығыстар бойынша төменде көрсетілген өтініштердің негізінде 001/015 бағдарламаның аясында 111,136,149,152,159,159 және 161-ші ерекшеліктерінен үнемдеу есебінен, сонымен қатар мекеме басшысының бұйрығы негізінде – 24428,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. (01.01.2024 жылы 001/015/112 ерекшелігінде 3980,0 мың теңге жоспарланып қарастырылған.)
Тармақ-3. Яғни аудитпен қамтылған кезеңде ҚР Бюджет Кодексінің 3-бабы 12-4) тармақшаларының талаптары сақталмай жалпы сомасы 2024 жылы 20448,0 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған. Демек, 015 бағдарламасы жоғарыда аталған ерешеліктер бойынша қаражаттың қажеттілігі туындалмаған.
2025 жылы 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігі бойынша сыйлық ақы беру шығыстар бойынша төменде көрсетілген өтініштердің негізінде 001/015 бағдарламаның аясында 111,136,149,152,159,159 және 161-ші ерекшеліктерінен үнемдеу есебінен, сонымен қатар мекеме басшысының бұйрығы негізінде – 28223,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. (01.01.2025 жылы 001/015/112 ерекшелігінде 4010,0 мың теңге жоспарланып қарастырылған.)
Тармақ-4. Яғни, аудитпен қамтылған кезеңде Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет кодексінің 4-бабының 6,7 және 70 бабының 1,3, -тармақтарының қағидаларының сақтамай жалпы сомасы 24213,0 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған. Демек, 015 бағдарламасы жоғарыда аталған ерешеліктер бойынша қаражаттың қажеттілігі туындалмаған.
Ұйғыр ауданы бойынша 2024 жылы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы қамтамасыз етілген жалпы сомасы 26 953,6 мың теңгені құрайтын протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және қозғалыс құралдары Мекеменің теңгеріміне алынбаған, оның ішінде: 170 протездік-ортопедиялық құралдар - 10 754,1 мың теңге; 14 сурдотехникалық құралдар-2 367,3 мың теңге; 28 тифлотехникалық құралдар - 3 482,7 мың теңге; 52 қозғалыс құралдары (қол арбаға) - 10 349,5 мың теңге.
Тармақ-5. Мекеме тарапынан №393 Есеп қағидаларының 198,199-тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы қамтамасыз етілген жалпы сомасы 26 953,6 мың теңгені нәтижесінде көрсетілген қорлар есепке алынбағаны анықталды.
№468 Есептілік қағидаларының 25-тармағына сәйкес бухгалтерлік баланстың 020-жолында «Қорлар» баланстық құны бойынша көрсетіледі, және де, аталған Мүгедектердің арнайы құралдары Есептілік қағидасының 79-тармағына сәйкес қаржылық есептіліктің ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанына толтырылады.
Тармақ-6. Мекеме тарапынан №468 Есептілік қағидаларының 25,79- тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 26953,6 мың теңгені құрайтын Мүгедектердің арнайы құралдарының есепке алынбауы 2024 жыл қорытындысы бойынша жасақталатын Бухгалтерлік баланстың 020 «Қорлар» жолының және ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының сомасы бұрмаланғаны анықталды.
Ұйғыр ауданы бойынша 2025 жылы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы қамтамасыз етілген жалпы сомасы 29184,4 мың теңгені құрайтын протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және жүріп тұру құралдары Мекеменің теңгеріміне алынбаған, оның ішінде: 161 протездік-ортопедиялық құралдарға – 13 835,9 мың теңге; 16 сурдотехникалық құралдарға – 1 897,0 мың теңге;53 тифлотехникалық құралдарға – 5 147,9 мың теңге; 50 қозғалыс құралдарына (қол арбаға) – 8 303,6 мың теңгеге.
Тармақ-7. Мекеме тарапынан ҚР ҚМ 12.05.25ж. № 223 бұйрығының 235-236 тармақтарының талабы сақталмағандығының салдарынан 2025 жылы мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы қамтамасыз етілген жалпы сомасы 29184,4 мың теңгені құрайтын протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және жүріп тұру құралдары Мекеменің теңгеріміне алынбаған.
2026 жылғы 21- сәуірдегі Бухгалтерлік анықтамамен 2025 жылы бюджеттен Уйғыр ауданының мүгедектерін қамтамасыз еткен 29184,4 мың теңгенің протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және жүріп тұру құралдары Мекеме теңгеріміне алынды.
2024 жылы 014/112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігі бойынша сыйлық ақы беру шығыстар бойынша төменде көрсетілген өтініштердің негізінде 014/015 бағдарламаның аясында 111,136,149,152,159, және 161-ші ерекшеліктерінен үнемдеу есебінен, сонымен қатар мекеме басшысының бұйрығы негізінде – 11490,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
Тармақ-8. Яғни аудитпен қамтылған кезеңде ҚР Бюджет Кодексінің 3-бабы 12-4) тармақшаларының талаптары сақталмай жалпы сомасы 2024 жылы 11490,0 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған.
2025 жылы 014/112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігі бойынша сыйлық ақы беру шығыстар бойынша төменде көрсетілген өтініштердің негізінде 014/015 бағдарламаның аясында 111,136,149,152,159 және 161-ші ерекшеліктерінен үнемдеу есебінен, сонымен қатар мекеме басшысының бұйрығы негізінде – 14520,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
Тармақ-9. Яғни, аудитпен қамтылған кезеңде Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет кодексінің 4-бабының 6,7 және 70 бабының 1,3, -тармақтарының қағидаларының сақтамай жалпы сомасы 14520,0 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған.
12. «Ұйғыр ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде кемшіліктер анықталған жоқ.
13. «Ұйғыр ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінде кемшіліктер анықталған жоқ.
14. «Ұйғыр ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
2025 жылдың 03 желтоқсанында «компьютер» сатып алулар №15777574-ЗЦП1 қортындысы бойынша бойынша 499,3 мың теңгемен жеңімпаз болған «Затыбекова» ЖК-не № 240440039662/250026/00 келісім-шарт қол қоюға жіберілген. Соңғы версиясы 2025 жылдың 11 желтоқсанынан. Мекеме басшысының түсініктемесі бойынша өнім беруші анық емес ақпаратты беріп, уақытында қол қоймаған. Жыл аяғы болып, жұмыстардың көптігіне байланысты Мекеме «Затыбекова» ЖК-сын жосықсыздар қатарына еңгізу үшін сотқа талап арыз берілмеген.
Тармақ 1: Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8 бабының 4 тармағы 1, 2 тармақшаларның талаптары сақталмай, мекеме ЖК «Затыбекова» жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеген.
2024 жылы 021 «Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша мамыр айында 44569,0 мың теңге қаралып, жыл аяғына маслихат шешімдерімен 18829,0 мың теңге өзгертіліп, игерілген сомасы 15577,4 мың теңгені құраған, оның ішінде:
- 159 «Өзге қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша 15577,4 мың теңге қаралып, 4 мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттары (өзгертулер мен толықтыруларды қоса алғанда) негізінде бағдаршамдар орнатылуға, жол белгілерін әзірлеумен орнату, жол және осыған ұқсас белгілерді салу жөніндегі жұмыстар және техникалық қадағалауға игерілгені 14317,7 мың теңгені құраған.
Аталған бағдарлама бойынша 2024 жылы қысқартылған сома 25 740,0 мың теңгені құраған, яғни тиімсіз жоспарлау орын алған.
Тармақ 2. Мекеме тарапынан №95 Бюджет Кодексінің 4 бабының 9,12 тармақтарының талаптарын сақтамау салдарынан 021 «Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджет қаражаты 25 740,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
2024 жылы 023 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 28710,0 мың теңге жоспарланып, игерілген сомасы 25850,0 мың теңгені құраған, оның ішінде:
159 «Өзге қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша 26510,0 мың теңге жоспарланып, 25850,0 міндеттемелер алынып 5 мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттары (өзгертулер мен толықтыруларды қоса алғанда) негізінде таулы жайылымға апаратын жол/жер төсемін орналастру, автокөлік жолдарын кыс мезгіліне күтіп ұстаулар бойынша игерілгені 25850,0 мың теңге, 660,0 мың теңге сатып алулардан үнемделген қаржы болғанымен, мекеме уақытында жылжытулар жасамағандықтан жыл аяғында йгерілмей қалған.
431 «Жаңа нысандарды салу және жаңғырту» ерекшелігі бойынша 2200,0 мың теңге жоспарланған. Алайда 2200,0 мың теңге йгерілмеген. Игерілмегені төмендегі себептер бойынша: Мекеме 2024 жылдың 10 қазанында «Жобаларды мемлекеттік ведомствадан тыс сатаптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК -мен №16 келісім-шартқа «Алматы облысы Ұйғыр ауданы Жанасай ауылындағы кірме көпірді реконструкциялау жұмыстарының жобасы бойынша ведомствадан тыс кешенді сатаптама жүргізу» қызметтеріне отырған. Мекеме 30% көлемінде аванстық төлемді жібермегеннен кейін, екі жақты келісіммен 2024 жылдың 04 желтоқсанында №16 келісім-шартқы №1 қосымшамен жасалып, №16 келісім-шарт күшін жойған.
Аталған бағдарлама бойынша 2024 жылы игерілмеген сома 2860,0 мың теңгені құраған, яғни тиімсіз пайдалану орын алған.
Тармақ 3. Мекеме тарапынан №95 Бюджет Кодексінің 4 бабының 6,12 тармақтарының талаптарын сақтамау салдарынан 023 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджет қаражаттың 2860,0 мың теңгесі игерлмеуі тиімсіз пайдалану болып саналады.
2025 жылы 023 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жыл басында 109000,0 мың теңге қаралып, жыл аяғына маслихат шешімдерімен 107000,0 мың теңге өзгертіліп, игерілген сомасы 107000,0 мың теңгені құраған, оның ішінде:
- 159 «Өзге қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша 104658,0 мың теңге қаралып, 2 мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттары (өзгертулер мен толықтыруларды қоса алғанда) негізінде ауылындағы көше жолдарын күтіп ұстау, автокөлік жолдарын кыс мезгіліне күтіп ұстаулар бойынша игерілгені 104657,9 мың теңгені құраған.
Аталған бағдарлама бойынша 2025 жылы қысқартылған сома 2000,0 мың теңгені құраған, яғни тиімсіз жоспарлау орын алған.
Тармақ 4. Мекеме тарапынан №95 Бюджет Кодексінің 4 бабының 9,12 тармақтарының талаптарын сақтамау салдарынан 023 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджет қаражаты 2000,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
2024 жылы 045 «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша мамыр айында 1653325,0 мың теңге қаралып, жыл аяғына маслихат шешімдерімен 958099,0 мың теңге өзгертіліп, игерілген сомасы 957900,2 мың теңгені құраған, оның ішінде:
- 159 ерекшелік «Өзге қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» бойынша 938521,0 мың теңге қаралып, түзілген мемлекеттік сатып алу туралы 18 келісім шарттары (өзгертулер мен толықтыруларды қоса алғанда) негізінде көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары, орташа жөндеу жұмыстарына техникалық қадағалау, техникалық құжаттамаларды ведомствалық сараптамадан өткізу қызметтері бойынша игерілгені 938322,4 мың теңге;
Аталған бағдарлама бойынша 2024 жылы қысқартылған сома 695 226,0 мың теңгені құраған, яғни тиімсіз жоспарлау орын алған.
Тармақ 5. Мекеме тарапынан №95 Бюджет Кодексінің 4 бабының 9,12 тармақтарының талаптарын сақтамау салдарынан 045 «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджет қаражаты 695 226,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
2025 жылы 045 «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша мамыр айында 1178207,0 мың теңге қаралып, жыл аяғына маслихат шешімдерімен 747356,0 мың теңге өзгертіліп, игерілген сомасы 747308,7 мың теңгені құраған, оның ішінде:
- 159 ерекшелік бойынша 733269,0 мың теңге қаралып, түзілген мемлекеттік сатып алу туралы 21 келісім шарттары (өзгертулер мен толықтыруларды қоса алғанда) негізінде көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары, орташа жөндеу жұмыстарына техникалық қадағалау, техникалық құжаттамаларды ведомствалық сараптамадан өткізу қызметтері бойынша игерілгені 733222,3 мың теңге;
Аталған бағдарлама бойынша 2025 жылы қысқартылған сома 430 851,0 мың теңгені құраған, яғни тиімсіз жоспарлау орын алған.
Тармақ 6. Мекеме тарапынан №95 Бюджет Кодексінің 4 бабының 9,12 тармақтарының талаптарын сақтамау салдарынан 045 «Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджет қаражаты 430 851,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
15. «Ұйғыр ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
001-015-113 «Өтемақы төлемдері» ерекшелігі бойынша 2024 жылға жасақталған Мекеменің жеке қаржы жоспарына сәйкес 768,0 мың теңге жоспарланған, жыл бойы игерілген қаржы 492,0 мың теңгені құраған, яғни аталған ерекшелік бойынша 276,0 мың теңге қаржыны қысқарту орын алған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасына сәйкес (әрі қарай - №95-IV Бюджет кодексі) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану.
Тармақ 1. Мекеме тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы 001-015-113 ерекшелігі бойынша қысқарту нәтижесінде бюджет қаражаты 276,0 мың теңгеге тиімсіз жоспарлау орын алған.
Аудит барысында, iссапарға жiберу туралы бұйрық шығарылмастан Мекеме басшысы Ә. Нурсеитовке 2025 жылдың 3-ақпанындағы №1 аванстық есеп бойынша 43 252,00 теңге көлеміндегі іс сапар шығындары төленгені анықталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 Қаулысы 2-тармағына сәйкес: Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн iссапарға жiберудi:1) баратын жерi мен ұйымның атауы; 2) iссапарда болу мерзiмi; 3) іссапардың мақсаты; 4) іссапар шығыстарын өтеу шарттары:тәулікақыны өтеу үшін күндер саны; тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды өтеу үшін күндер саны (бірнеше елді мекенге іссапарға жіберу кезінде әрбір елді мекенде болатын күндер саны); бағытын көрсете отырып, жол жүру шығыстары өтелетін көлік түрі көрсетілген бұйрықтың (өкімінің) негізінде орталық мемлекеттік органның аппарат басшысы, ал мұндай болмаған жағдайда осы мемлекеттiк мекеменiң басшысы жүргiзедi.
Тармақ- 2. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 Қаулысы 2-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан iссапарға жiберу туралы бұйрық шығарылмастан Мекеме басшысы Ә. Нурсеитовке 2025 жылдың 3-ақпанындағы №1 аванстық есеп бойынша 43,3 мың теңге көлеміндегі іс сапар шығындары төленгені анықталды.
16. «Ұйғыр ауданы Шонжы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Аудит барысында, жетекші маманы А.Ансардиновты Мекеменің 2025 жылдың 31-қазанындағы №79 ж/қ бұйрығымен 02-21 қараша аралығында 20 күнтізбелік күнге Қонаев қаласына қайта даярлау семинарына қатысуға iссапарға жiберу жіберілген. 2025 жылдың 31-қазанындағы №52 аванстық есеп бойынша 646 984,00 теңге көлеміндегі іс сапар шығындары төленген. Жетекші маманы А.Ансардиновқа жалпы сомасы 31 456,00 теңге іс сапар шығындары негізсіз артық төленген, оның ішінде:1 күнтізбелік күнге тәулікақы – 7 864,00 теңге,1 күнтізбелік күнге жатын орынға – 23 592,00 теңге.
Тармақ 1. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі №1428 Қаулысы 1, 2-тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан жетекші маманы А.Ансардиновқа 2025 жылдың 31-қазанындағы №52 аванстық есеп бойынша 31,5 мың теңге көлеміндегі іс сапар шығындары төленгені негізсіз анықталды.
2025 жылы 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 26 620,0 мың теңге қаржының қысқартылуы орын алған.
Тармақ 2. Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджет қаражатының 26 620,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлауға экеліп соққан.
2024 жылға 010 «Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары бойынша 2 695,0 мың теңге бөлініп, игерілмеген.
Тармақ 3. Мекеме тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы 010-015 бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарланған 2 695,0 мың теңге бюджет қаражатының игерілмеуі, аталған сомаға тиімсіз жоспарлауға экеліп соққан
2025 жылға 010-015-159 «Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу» бюджеттік бағдарламасының нақтыланған қаржыландыру жоспары бойынша 2 789,0 мың теңге жоспарланған, жыл бойы қаржы шаруашылық жүргізу барысында аталған қаржының игерілмеуі орын алған.
Тармақ 4. Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 010-015 бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарланған 2 789,0 мың теңге бюджет қаражатының игерілмеуі, аталған сомаға тиімсіз жоспарлауға әкеліп соққан.
2025 жылы 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 108 359,0 мың теңге қаржының қысқартылуы орын алған.
Тармақ 5. Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджет қаражатының 108 359,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлауға экеліп соққан.
Аудит барысында қалдық сомасы 92 383,2 мың теңгені құрайтын 20 дана практикалық пайдаланылатын объектілерді дұрыс шоттарға жіктелмегені анықталды. №223 Есеп қағидасы 5-тармағына сәйкес Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебіндегі операциялар мен оқиғалар Шоттар жоспары негізінде көрсетіледі.
Тармақ 6. Мекеме тарапынан №223 Есеп қағидасы 5-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылдың 31-желтоқсанына жасақталған бухгалтерлік баланста 92 383,2 мың теңгені құрайтын 20 дана практикалық пайдаланылатын объектілер шағын футбол алаңдары қате шотқа жіктелгені анықталды.
2026 жылғы 21-мамырдағы бухгалтерлік анықтама негізінде жалпы сомасы 92 383,2 мың теңгені құрайтын 20 дана практикалық пайдаланылатын объектілерді қажетті шоттарға жіктеу арқылы бухгалтерлік есеп бойынша калпына келтірді.
17. «Ұйғыр ауданы Кетпен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ - 1. 2025 жылғы 19 тамыздағы № 66-Ө ж/қ өкіміне сәйкес ф. Мұхаметова 2025 жылғы 20 тамыз бен 18 қыркүйек аралығында еңбек демалысында болғанын ескерместен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 114-бабын, 2-тараудың 6-тармағын бұза отырып, Кетпен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Фариза Талғатқызы Мұхаметоваға тамыз айына 148 230 теңге мөлшерінде артық жалақы төленді
. Аудит барасында 148230 теңге бюджетке өтелді.
Тармақ 2 Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің 4-бабының 6 және 7-тармақшаларын және 70-бабының 1 және 3-тармақтарын бұза отырып, 148230 теңге мөлшерінде негізсіз төленген жалақы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға әкелді.
18. «Ұйғыр ауданы Тасқарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Тармақ 1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3 - бабы 12-4) тармақшасының талаптары бұзыла отырып 8597,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау (немесе) тиімсіз пайдалану болып табылады.
Ұйғыр ауданы әкімдігінің 11.07.2024 жылғы №259 "Ұйғыр ауданының коммуналдық меншігінің кейбір мәселелері туралы" қаулысының және Ұйғыр ауданы әкімінің аппараты ММ мен "Ұйғыр ауданы Тасқарау ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ арасында жасалған 11.07.2024 жылғы қабылдау тапсыру актісінің № 1 қосымшасына сәйкес Chevrolet Lacetti автокөлігі MXICAAAA1RK657666 2023 жылғы мемлекеттік нөмір-873DKO баланстық құны 8 090,0 мың теңге "Ұйғыр ауданы Тасқарау ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ берілген.
Тармақ 2. ҚРҚМ 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының (2024 жылғы редакцияда) 236,243-тармақтарының және ҚР ҚМ 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттары Жоспарының 16-тармағы (2024 жылғы редакцияда) талаптарын бұза отырып яғни «Chevrolet Lacetti автокөлігі MXICAAAA1RK657666 2023 жылғы мемлекеттік нөмір-873DKO маркалы автомобиль 8090,0 мың теңге бухгалтерлік балансында көрсетілмеген.
Тармақ 3. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171 Бюджет кодексінің 4 - бабының 6 және 7-тармақшаларын және 70-бабының 1 және 3-тармақтарын бұзыла отырып 6948,0 мың теңге бюджет қаражатын мөлшерінде тиімсіз жоспарлау (немесе) тиімсіз пайдалану болып табылады.
19. «Ұйғыр ауданы Қырғызсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2024 жылдың маусым айында №31 келісім шарты жасалынып «Жан Мирас» ЖШС-мен Қырғызсай ауылы Н.Малыбайұлы көшесіне 11 200,0 мың теңгеге трансформатор орнатылып, бухгалтерлік есеп бойынша толығымен 2330 «Құрылыстар» шотына қойылған.
1-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі №170 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының 5 тарауы 2 бөлімінің 16,19 тармақтарының талаптары сақталмай 1 дана трансформатор құны 11200,0 мың теңге 2340 «Беру құрылғылары» шотына қойылмай,толықтай 2330 «Құрылыстар» шотына қойылған, аудит барысында бухгалтерлік анықтама бойынша қалпына келтірілді.
20. «Ұйғыр ауданы Шарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
«Жалынды жандар» мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестігімен спорт алаңдарын қоршау жұмыстарына 06.11.2024 жылы №41 келісім шарты 3194,8 мың теңгеге жасалынған, орындалу мерзімі 30.11.2024 жылы, 12.12.2024 жылғы жұмыс көлемі Актісі бойынша орындалған, немесе 11 күнге кешіктірілген;
1-тармақ: 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 17-бабы 9-тармағы 2 тармақшасы, 2024 жылдың 06 қарашадағы №41 Шарттың 8-бабының 8.3-тармағын бұза отырып, орындалмаған міндеттемелер сомасынан мерзімі өткен әрбір күн үшін 0,1% мөлшерінде 35,1 мың теңге (3194845 теңге*0,1%*11) тұрақсыздық айыбы есептелініп ұсталмаған, аудит барысында бюджет есебіне төленді.
2-тармақ: 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 4-тармағы негізінде тапсырыс беруші өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын және (немесе) шарттың талаптарын бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мұндай өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті, бірақта Мекеме тарапынан Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арызбен жүгінбеген.
«ЖАҢА ҒАСЫР С.Х."» ЖШС-мен Мұсылман зиратының қоршау жұмыстарына 20.03.2025 жылы №27 келісім шарты 15400,0 мың теңгеге жасалынып, бухгалтерлік есеп бойынша толығымен 2383 «Өзге де негізгі құралдар» шотына қойылған.
3-Тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі №170 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының 5 тарауы 2 бөлімінің 16 тармағының талабы сақталмай стадион алаңы құны 20500,0 мың теңге және Мұсылман зиратының қоршауы құны 15400,0 мың теңге 2330 «Құрылыстар» шотына, Шарын ауылдарында көше жарықтандыру тіректері құны 8780,0 мың теңге 2340 «Беру құрылғылары» шотына, Шарын ауылында балалар алаңында орнатылған карусель құны 4247,0 мың теңге 2383 «Өзге де негізгі құралдар» шотына қойылмаған, аудит барысында бухгалтерлік анықтама бойынша қалпына келтірілді.
21. «Ұйғыр ауданы Қалжат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2024 жылы 040 бағдарлама бойынша бюджет қаражатын жоспарлауда оңтайлы және тиімді принциптері толық сақталмаған, 1 792,0 мың теңге көлемінде артық жоспарланған.
Тармақ 1: Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 9,12 тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары»-ның 7 тармағының талаптары толық басшылыққа алынбай, 040 бағдарламасы бойынша 2024 жыл басында 1 792,0 мың теңге артық тиімсіз жаспарланған.
2024 жылы 001/112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігі бойынша сыйлық ақы беру шығыстар бойынша төменде көрсетілген өтініштердің негізінде 001/015 бағдарламаның аясында 111,136,149,152,159,159 және 161-ші ерекшеліктерінен үнемдеу есебінен, сонымен қатар мекеме басшысының бұйрығы негізінде – 9575,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. (01.01.2024 жылы 001/015/112 ерекшелігінде 2500,0 мың теңге жоспарланып қарастырылған.)
Тармақ-2. Яғни, аудитпен қамтылған кезеңде ҚР Бюджет Кодексінің 3-бабы 12-4) тармақшаларының талаптары сақталмай жалпы сомасы 2024 жылы 7075,0 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған. Демек, 015 бағдарламасы жоғарыда аталған ерешеліктер бойынша қаражаттың қажеттілігі туындалмаған.
2025 жылы 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігі бойынша сыйлық ақы беру шығыстар бойынша төменде көрсетілген өтініштердің негізінде 001/015 бағдарламаның аясында 111,136,149,152,159, және 161-ші ерекшеліктерінен үнемдеу есебінен, сонымен қатар мекеме басшысының бұйрығы негізінде – 10018,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. (01.01.2025 жылы 001/015/112 ерекшелігінде 2478,0 мың теңге жоспарланып қарастырылған.)
Тармақ-3. Яғни, аудитпен қамтылған кезеңде Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет кодексінің 4-бабының 6,7 және 70 бабының 1,3, -тармақтарының қағидаларының сақтамай 2025 жылы жалпы сомасы 7540,0 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған. Демек, 015 бағдарламасы жоғарыда аталған ерешеліктер бойынша қаражаттың қажеттілігі туындалмаған.
«Тапсырыс беруші» "Ұйғыр ауданының Қалжат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімен «Өнім беруші» "Garant Stroy Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және 2023-07-03 № 10059011-ОК1 Ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде осы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы 2024 жылдың 16 тамызында №26 келісім шартқа 10 416,0 мың теңгеге рәсімдеген Қазынашылықтың аумақтық органында Шарт 011/015/ерекшелігі бойынша - 5 000 000.00 тенге оның ішінде ҚҚС 2023 жылы тіркеуге жатады 011/015/ - 5 416 000.00 тенге оның ішінде ҚҚС 2024 жылы тіркеуге жатады.Орындалатын жұмыстардың көлемі Шартқа 1-қосымшада белгіленген.Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы 16.08.2023 жылы № 26 шартқа 27.02.2024 жылы №1 қосымша келісім шарт 5 416 000 тенгеге жасалынған.Шарт бойынша тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі 2024 жылдың тамыз айына дейін болған. "Garant Stroy Group" ЖШС жұмыстарды орындау мерзімін кешіктіріп 2024 жылдың 22 қазан күні № 00000000044 орындалған жұмыстар актісіне қол қойылған."Garant Stroy Group" ЖШС жұмыстарды орындауды 65 күнге кешіктірген. Айыппұл 5416000 *0,1%=5416, 5416*65=352040 теңгеге "Garant Stroy Group" ЖШС 27 қараша 2024 жылы Ұйғыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының KZ24070105KSN0000000 есеп шотына аударылған. Тапсырыс беруші 17.12.2024 жылы төлеуге берілген шотпен №1241180/24-527 мердігерге 5416,0 мың теңге сомасында қаражат төленген (КБК 206109).
Тармақ-4. Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарт бойынша аталған тауар жеткізушіге қатысты Заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасымен белгіленген шаралар қолданбаған немесе өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
22. «Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2024 жылы 001/112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігі бойынша сыйлық ақы беру шығыстар бойынша төменде көрсетілген өтініштердің негізінде 001/015 бағдарламаның аясында 111,136,149,152,159,159 және 161-ші ерекшеліктерінен үнемдеу есебінен, сонымен қатар мекеме басшысының бұйрығы негізінде – 8581,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. (01.01.2024 жылы 001/015/112 ерекшелігінде 3352,0 мың теңге жоспарланып қарастырылған.)
Тармақ-1. Яғни, аудитпен қамтылған кезеңде ҚР Бюджет Кодексінің 3-бабы 12-4) тармақшаларының талаптары сақталмай жалпы сомасы 2024 жылы 5229,0 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған.
2025 жылы 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігі бойынша сыйлық ақы беру шығыстар бойынша төменде көрсетілген өтініштердің негізінде 001/015 бағдарламаның аясында 111,136,149,152,159, және 161-ші ерекшеліктерінен үнемдеу есебінен, сонымен қатар мекеме басшысының бұйрығы негізінде – 11724,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. (01.01.2025 жылы 001/015/112 ерекшелігінде 3352,0 мың теңге жоспарланып қарастырылған.)
Тармақ-2. Яғни, аудитпен қамтылған кезеңде Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет кодексінің 4-бабының 6,7 және 70 бабының 1,3, -тармақтарының қағидаларының сақтамай 2025 жылы жалпы сомасы 8372,0 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған.
Мекеме мен «Жаркынбеков» ЖК арасында 2025 жылдың 12 маусымда Сүмбе ауылдық округінің Сүмбе ауылында балалар ойын алаңын жайластыру бойынша жұмыстарға сомасы 8 380,0 мың теңгені құрайтын № 23 келісім шарты жасалып, орындалған жұмыстар актісімен қаражат аударылған. Шарт бойынша тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі 2025 жылдың 30 маусым айына дейін болған. «Мердігер/Орындаушы» ЖАРКЫНБЕКОВ КУАТБЕК САКЕНОВИЧ жұмыстарды орындау мерзімін кешіктіріп 2025 жылдың 31 қазан күні № 250025/00/1 орындалған жұмыстар актісіне қол қойылған. Мердігер жұмыстарды орындауды 95 күнге кешіктірген. Айыппұл 8380000 *0,1%=8380, 5416*65=796100 теңгеге "Куспанова" ЖК 31 қазанда 2025 жылы Ұйғыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының KZ24070105KSN0000000 есеп шотына аударылған.Тапсырыс беруші Мекеме 31.10.2025 жылы төлеуге берілген шотпен №1185/25-386 Мердігерге 8 380,0 мың теңге сомасында қаражат төленген.
Тармақ-3. Сонымен қатар, Тапсырыс беруші тарапынан жоғарыда аталған келісім-шарт бойынша аталған тауар жеткізушіге қатысты №-106 Заңның 17 бабының 9 тармағының 1,2 тармақшасымен белгіленген шаралар қолданбаған немесе өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген. Бұл жағдай, Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабы 10-2 тармағы бойынша айыппұл салу қарастырылған.
23. «Ұйғыр ауданы Дардамты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2025 жылы 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша қысқартылған сома 530,0 мың теңгені құраған, яғни аталған сомаға тиімсіз жоспарлау орын алған.
Тармақ 1. Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 009 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджет қаражатының 530,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
2025 жылы 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша қысқартылған сома 10 000,0 мың теңгені құраған, яғни аталған сомаға тиімсіз жоспарлау орын алған.
Тармақ 2. Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджет қаражатының 10 000,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
24. «Ұйғыр ауданы Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Аудит барысында, 2025 жылы жалпы сомасы 15 728,00 теңгеге жатын орындарына төленетін іс сапар шығындарының артық төленгені анықталды, оның ішінде: №256 қаулының 3-тармағы 2)-тармақшасына сәйкес тұрғын үй-жайды жалдау бойынша: Округ әкімі Р.Анадуллаевқа 3 932,00 тенге (Талғар қаласына 1 күнге барғанда 19 660,00 тенгенің орнына 23 592,00 теңге),Қызметкер М.Саутоваға 11 796,00 теңге (Қонаев қаласына 3 күнге барғанда 70 776,00 тенгенің орнына 82 572,00 теңге) қаржылар жатын орындары бойынша артық төленген.
Тармақ 1. Мекеме тарапынан №256 қаулының 3-тармағы 2)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан қызметкерлерге жалпы сомасы 15 728,0 теңгеге жатын орындарына артық төлегені анықталды.
2025 жылы 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 19 754,0 мың теңге қаржының қысқартылуы орын алған.
Тармақ 2. Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджет қаражатының 19 754,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
Аудит барысында жалпы сомасы 12 417,5 мың теңгені құрайтын 2383 «Өзге де негізгі құралдар» шотына жіктелеті 2 дана практикалық пайдаланылатын объектілерді 2330 «Машиналар мен жабдықтар» шотына қате жіктелгені анықталды, оның ішінде: шағын футбол алаңы 10 951,1 мың теңге; спорт алаңы 1 466,4 мың теңге, - көлеміндегі қалдық құнымен.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 170 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының 16-тармағында 2300 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған.
Сонымен қатар, №223 Есеп қағидасы 5-тармағына сәйкес Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебіндегі операциялар мен оқиғалар Шоттар жоспары негізінде көрсетіледі.
Тармақ 3. Мекеме тарапынан №223 Есеп қағидасы 5-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы орнатылған жалпы сомасы 12 417,5 мың теңгені құрайтын 2 дана практикалық пайдаланылатын объектілерді қате шоттарға жіктегені анықталды.
25. «Ұйғыр ауданы Ақтам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2025 жылы 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 7 061,0 мың теңге қаржының қысқартылуы орын алған.
Тармақ-1. Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджет қаражатының 7 061,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлауға әкеліп соққан.
2025 жылы 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша 7 681,0 мың теңге қаржының қысқартылуы орын алған.
Тармақ-2. Мекеме тарапынан №171 Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы, 015 «Жергілікті бюджет есебінен» кіші бағдарламасы бойынша жоспарланған бюджет қаражатының 7 681,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлауға әкеліп соққан.
Аудит барысында жалпы сомасы 19 487,0 мың теңгені құрайтын 2383 «Өзге де негізгі құралдар» шотына жіктелетін 5 дана практикалық пайдаланылатын объектілерді 2330 «Машиналар мен жабдықтар» шотына қате жіктелгені анықталды, оның ішінде: Ақтам ауылындағы көше сахнасы – 3 438,7 мың теңге; Темір тұғырдағы Мемлекеттік Ту – 1 855,6 мың теңге; Стрит воркаут алаңшасы – 1 768,8 мың теңге; Спорт алаңы 2 767,4 мың теңге;Ақтам ауылындағы шағын футбол алаңы 9 656,5 мың теңге, көлеміндегі қалдық құнымен.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 170 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының 16-тармағында 2300 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған №223 Есеп қағидасы 5-тармағына сәйкес Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебіндегі операциялар мен оқиғалар Шоттар жоспары негізінде көрсетіледі.
Тармақ 3. Мекеме тарапынан №223 Есеп қағидасы 5-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылдың 31-желтоқсаны жағдайына жалпы сомасы 19 487,0 мың теңгені құрайтын 5 дана практикалық пайдаланылатын объектілердің қате шоттарға жіктегені анықталды
26. «Ұйғыр ауданы Бахар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Аталған 008,009 бағдарламалары бойынша 2024 жылы қысқартылған сома 1591,0 мың теңгені құраған, яғни тиімсіз жоспарлау орын алған.
Тармақ 1. Мекеме тарапынан №95 Бюджет Кодексінің 4 бабының 9,12 тармақтарының талаптарын сақтамау салдарынан 008,009 бағдарламалары бойынша жоспарланған бюджет қаражаты 1591,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
Аталған 008,009,011 бағдарламалары бойынша 2025 жылы қысқартылған сома 3754,0 мың теңгені құраған, яғни тиімсіз жоспарлау орын алған.
Тармақ 2. Мекеме тарапынан №95 Бюджет Кодексінің 4 бабының 9,12 тармақтарының талаптарын сақтамау салдарынан 008,009,011 бағдарламалары бойынша жоспарланған бюджет қаражаты 3754,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады.
Іссапарлар шығындарына кеткен қаржы аудитінде төменгегілер анықталды: 2025 жылдың 05 мамырында №08-ө ж/қ бұйрығы негізінде Қ.Мукаджанов 1 күнге Қонаев қаласына іс-сапарға жіберілген. Аванстық отчет 24 шілдеде жасалған. Алайда аванстық отчет бойынша Қ.Мукаджановқа 2 күнге пәтер ақысы 47184 теңге және 1 күн артық 7864 теңге тәуліктік шығыны артық төленгені анықталды. Яғни барлығы 55048 теңге қаржы негізсіз төленген.
Тармақ 3: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қағидаларының 2 тарауының 3 тармақтарының талаптары толық сақталмай, 55,0 мың теңге негізсіз төленген. Аудит барысында 55,0 мың теңге 2025 жылдың 18 мамырда №2060050736, №2060135339 операция коды түбіршегімен бюджетке қайтарылды.
27. «Ұйғыр ауданы Тиірмен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Аталған 008,011 бағдарламалары бойынша 2025 жылы қысқартылған сома 20611,0 мың теңгені құраған, яғни тиімсіз жоспарлау орын алған.
Тармақ -1. Мекеме тарапынан №95 Бюджет Кодексінің 4 бабының 9,12 тармақтарының талаптарын сақтамау салдарынан 008,011 бағдарламалары бойынша жоспарланған бюджет қаражаты 20611,0 мың теңгеге қысқартылуы, аталған сомаға тиімсіз жоспарлау болып саналады. Аудит барысында мекемнің есепшісі Б.Миталипов 2026 жылдың 20 мамырында №60-Ө негізінде тәртіптік жазағаа тартылды.
28. «Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Мекеме тарапынан 2024 жылы 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасынан жалпы сомасы 2 023,0 мың теңгеге Үлкен Ақсу ауылының көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жүргізген.
Тармақ-1. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» бұйрығы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасынан Үлкен Ақсу ауылының көшелерін жарықтандыру жұмыстарын жүргізу арқылы 2 023,0 мың теңге қаржыны тиімсіз жұмсаған.
29. «Ұйғыр ауданы Кіші Дихан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
Мекемелер мен ұйымдармен есеп айырысу дұрыстығын бақылағанда және бөлінген бюджет қаражатының жұмсалу дұрыстығын тексергенде келесідей кемшілік анықталды: 2024 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 111, 136, 149, 152, 159 және 161-ші ерекшеліктерінен 112-ші ерекшелігіне 532,4 мың теңге ауыстырылған.
1-тармақ. Яғни, Мекеменің бұл ісәректі ҚР 2008 жылдың 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 12-4) тармақшаларының талаптары, 4-баптың 9) тармақшалары бұзылынып, аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 532,4 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған. Демек, жоғарыда аталған ерешеліктер бойынша қаражаттың қажеттілігі туындалмаған.
2025 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111, 136, 149, 152, 159 және 161-ші ерекшеліктерінен 112-ші ерекшелігіне 7706,0 мың теңге ауыстырылы.
2-тармақ. Яғни, ҚР 2025 жылғы 15 наурызындағы №171-VII «Бюджет Кодексі» 4-бабы 6-7 тармақшаларының талаптары бұзылып аудитпен қамтылған кезеңде жалпы сомасы 7706,0 мың теңгені құрайтын қаражат тиімсіз жоспарланған. Демек, жоғарыда аталған ерешеліктер бойынша қаражаттың қажеттілігі туындалмаған.
2025 жылдардың қорытындылары бойынша Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жүргізілгені Есептілік қағидасына сәйкес жасақталғаны бухгалтерлік баланс және оның қосымшаларымен расталады. Аудит барысында ММ-нің бухгалтерлік есепте, есепті кезеңнің басына және соңына (2025 жыл) жер көрсетілмегені анықталды, осыған байланысты Алматы облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ берген жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны туралы мәліметтер көрсетіле отырып, жер – кадастрлық жоспарлар талап етілді, соның негізінде бухгалтерлік есепте кәсіпорынның есебінде 2310 «Жер» шотында мемлекеттік актіге сәйкес сомаға жер учаскесі көрсетілді.
3-тармақ: Алайда мекеменің бұл іс әрекеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3 тарау 34 және 36 тармақтарының талаптары сақталмағандықтан, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 заңының 4,5 және 6-баптарын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 5-тарауының «Негізгі құралдар» 2300-жолы 16-тармағы сақталмай «Кіші Дихан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бухгалтерлік есебінде есепті кезеңнің басында «Жер» көрсетілмеген. 2025 жылдың жылдық бухгалтерлік баланс бойынша көрсету қажет.
30. «Ұйғыр ауданы әкімінің аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын.
МКҚК Жарғысының 6.1-тармағында кәсіпорын қызметін қаржыландыру бекітілген мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік тапсырысын бөле отырып, смета бойынша өз табысы есебінен жүзеге асырылатыны және кәсіпорын сметадан тыс алған кірістер жергілікті бюджетке аударылуға жататыны айтылған.
1-тармақ: алайда, (41-баптың 2-тармағы) "мемлекеттік кәсіпорындар туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының күші жойылды - "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңымен, осыған байланысты: "Ұйғыр ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі" МКҚК Жарғысына 6.1-тармақты алып тастаумен өзгерістер енгізуді ұсынамыз, қазыналық кәсіпорынға қойылатын осы талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтамағаны үшін тіркелгендіктен.
"Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III Заңының 4-бабына сәйкес, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты мүдделі тұлғаларды ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
2-тармақ: "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III Заңының 15-бабының 1,2-тармақтарын сақтамау кезінде МКҚК аудитпен қамтылған кезеңде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөнінде шаралар толық көлемде қабылданған жоқ.
2025 жылдың аяғында көрсетілмеген шығыстар жалпы сомасы 16 994,4 мың теңгені құрады, олар бойынша аудит барысында демалыстар бойынша есептелген резерв сомасына есеп айырысулар жүргізілді және бухгалтерлік түзету жолдамалары берілді, өйткені бухгалтерлік есепті есептеу әдісі бойынша шығыстар олардың нақты төленуіне қарамастан орын алған фактісі бойынша танылады.
3-тармақ: "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы 27 № 234 заңының 6-бабын сақтамау, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының 19-бөлімін сақтамау, "Ұйғыр ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі" МКҚК есепті кезеңнің соңында жұмыскерлердің пайдаланылмаған демалыс күндері бойынша резервті жалпы қаржылық есептілікке есептемеген сомасы 16994,4 мың теңге, тиісінше, "бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 заңының 4,6-бабын бұза отырып, "қызметкерлер мен өзге де Есеп беретін тұлғалар алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек"218-жолы бойынша 2025 жылғы МКҚК қаржылық есептілігінің деректері бұрмаланған. Аудит барысында жалпы сомасы 16994,4 мың теңгеге есеп жүргізілді.
Есепті кезеңде қазыналық кәсіпорынның бухгалтерлік есебі бойынша жер көрсетілмеген, МКҚК аудиті барысында Алматы облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ берген жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құны туралы мәліметтерді көрсете отырып, жер – кадастрлық жоспарлар сұратылған және оларды бухгалтерлік есепте алғаннан кейін 2310 "жер" шотында қазыналық кәсіпорынның жер учаскелерін көрсету қажет кәсіпорындар.
4-тармақ: "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 заңының 4,5 және 6-баптарын, "Мемлекеттік бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы" ҚР ҚМ 2025 жылғы 16 мамырдағы № 170 бұйрығының 5-тарауының "негізгі құралдар" 2300-тармағының 16-тармағын сақтамау (ҚР ҚМ 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына енгізілген өзгерістермен), есепті кезеңде МКҚК бухгалтерлік есебінде жер көрсетілмеген. Алматы облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ берген жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін алғаннан кейін МКҚК бухгалтерлік есебінде 2310 "жер" шотында жер учаскелерін (бас бухгалтердің түсіндірмелі) көрсету қажет.
Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 179 "облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, "Ұйғыр ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі" МКҚК 2024 жылы 2023 қаржы жылының қорытындысы бойынша 47,1 мың теңге сомаға таза табыстың бір бөлігін аударуды (пайдадан Ұйғыр ауданына дейінгі 5% мөлшерінде 3 млн. теңге).
Алайда, кәсіпорын 2024 жылы осы факт бойынша аударым жасаған жоқ, аудит барысында 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 148 төлем тапсырмасымен 2023 қаржы жылының қорытындысы бойынша таза табыстың бір бөлігі аударылды "Алматы облысы бойынша МКД" РММ 47,1 мың теңге сомасына жыл.
5-тармақ: "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңының (енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен), "облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 179 қаулысының 140-бабы 4-тармағының сақталмауына, МКҚК "Ұйғыр ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі" 2024 жылы 2023 қаржы жылының қорытындысы бойынша 47,1 мың теңге сомасына таза кірістің бір бөлігін аударған жоқ, аудит барысында бұл сома тиісті бюджетке аударылды.
Бұдан басқа, "мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңының 140-бабының 4-тармағына сәйкес (енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен), мемлекеттік кәсіпорын таза кірістің бір бөлігін тиісті бюджетке аудару мерзімін бұзған кезде таза кірістің бір бөлігінің мерзімінде төленбеген сомасына 2,5-мөлшерінде өсімпұл есептеледі –ҚР Ұлттық Банкінің әрбір мерзімі өткен күнгі базалық мөлшерлемесінің еселігі.
6-тармақ: "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңының 140-бабының 4-тармағына сәйкес (енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен), мемлекеттік кәсіпорынның таза кірістің тиісті бюджетке бір бөлігін аудару мерзімін бұзғаны үшін таза кірістің бір бөлігінің мерзімінде төленбеген сомасына 2,5-мөлшерінде есептелген өсімпұл –ҚР Ұлттық Банкінің әрбір кешіктірілген күніне 40,4 теңге мөлшеріндегі базалық мөлшерлемесінің еселігі (47100 теңге х 16,5% х 2,5 х 528 күн): 365х100 + (47100 теңге х 18% х2, 5 х 212 күн): 365 х 100 - 2024 жылғы қазанға дейін ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі- 16,5%, 2024 жылғы қазаннан бастап б.з. д.-18%) тиісті бюджеттің кірісіне аударылды.
Бухгалтерлік есепті жасау кезінде бухгалтерлік есепті есепте көрсетудің дұрыстығы мен толықтығын жүргізу кезінде бухгалтерлік қызметтің есепті кезеңде алынған тауарлық қызмет өтеусіз (аудандық мәдениет бөлімі арқылы орталықтандырылған) кіріс бөлігінде толық көрсетілмегені анықталды- материалдық құндылықтар жалпы сомасы 62566,0 мың теңге және ақылы қызметтер сомасы 612,0 мың теңге (ұялы байланыс антеннасын орнатқаны үшін), осылайша 2025 қаржы жылында МКҚК-ның алынған табысы төмендетілді, бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануы болып табылады, өйткені өтеусіз алынған тауарлар кірісті танумен нарықтық құны бойынша келеді, бұл жылдық жиынтық табысты ұлғайтады.
7-тармақ: "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 заңының 6-бабы 3-тармағының 1,3-тармақтарын, "бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы" ҚХРҚ-ның 2015 жылғы 31 наурыздағы №241 Бұйрығының 3,4,5,23-тармақтарын, әкімшіден өтеусіз алынған тауар-материалдық құндылықтар МКҚК-ны сақтамау жалпы сомасы 62566,0 мың теңге болатын бюджеттік бағдарламалар және 2025 жылғы 31 желтоқсандағы бухгалтерлік баланс бойынша 612,0 мың теңге сомасындағы ақылы қызметтер кіріс бөлігінде көрсетілмеген, осылайша, МКҚК-ның алынған табысы жалпы сомасы 63178,0 мың теңгеге төмендетілді, бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануы болып табылады. Аудит барысында ББӘ мен оның ведомстволық бағынысты ұйымы - МКҚК арасында тиісті бухгалтерлік операциялар жүргізілді.
2025 жылғы 29 желтоқсандағы №73 "Мемлекеттік мүлік туралы" бұйрық шығарып, ведомстволық бағынысты қазыналық кәсіпорынға жүргізілген күрделі жөндеулер бойынша шығындарды жалпы сомасы 427623,3 мың теңгеге беру туралы жазбаша хабарлама (күрделі жөндеу бойынша шығындарды беру туралы – бұл ережелер мемлекеттік мекемелер үшін міндетті болғанымен (бұйрықтың орындалуы ММ бас маманы Н. Мәметоваға жүктелген), осыған байланысты МКҚК есеп қызметкерлері бухгалтерлік есепте қажетті өзгерістер енгізбеді, бұл ММ-нің 2025 жылғы қаржылық есептілігінің бұрмалануы болып табылады.
Аудит барысында 2026 жылғы 29 сәуірдегі №73 Ұйғыр ауданының мәдениет үйі "МКҚК жұмсалған шығындарды беру туралы бұйрық талап етілді (бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі). МКҚК осы өзгерістерді 2026 жылғы 30 маусымдағы жартыжылдық бухгалтерлік баланста көрсету қажет.
8-тармақ: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрықтың №7 қосымшасының 6-тармағын сақтамау Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қаржылық есептілігіне өзгерістер енгізілген мемлекеттік мекемеге ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігіне өзгерістер енгізген кезде "қаржылық есептілікті жасау және ұсыну қағидалары" өзгерістерді енгізу себептерін көрсете отырып, Енгізілген өзгерістер туралы басшының қолы қойылған жазбаша хабарламаны бухгалтер жібермеген.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):
Жалпы аудан бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы аудиторлық бақылау кезінде қарастырылып, мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, лауазымды тұлғалардың, мекеме қызметкерлерінің өз лауазымдық қызметтерін атқару барысында жауапкершілікпен қарайды деген пікір қалыптасты.
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Жоғарыда көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін бюджет есебіне өтелуге жататыны –6226,7 мың теңгенің 915,6 мың теңге бюджетке өтелді немесе 14% және қалпына келтірілуге жататын 3 930 051,9 мың теңгеден барлығы 975678,7 мың теңге қалпына келтірілді немесе 25%;
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 11 қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
1.«Ұйғыр ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшының 06.05.2026 жылғы №42 ж/қ бұйрығымен бас маман З.Анаятоваға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.
2. «Ұйғыр ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының06.05.2026 жылғы №11 бұйрығымен бас маман Д.Мирзахметовке «ескерту» түрінде тәртіптік жаза жарияланды.
3. «Ұйғыр ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының 2026 жылғы 29 сәуірдегі №8 бұйрығымен бас маман Х.Б.Турсуновқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
4. «Ұйғыр ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының 08.05. 2026 жылғы №4-ж/қ бұйрығымен бөлімнің жауапты есепші Р.В.Юсуповқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
5.«Ұйғыр ауданының Шонжы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысының 21.05.2026 жылғы № 32 ж/қ өкімімен бөлімнің жауапты есепші М.А.Даутоваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
6.«Ұйғыр ауданының Дардамты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысының 30.04.2026 жылғы №16 ж/қ өкімімен бөлімнің жауапты есепші бас маман А.Мадиновқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
7. «Ұйғыр ауданының Ақтам ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысының 21.05.2026 жылғы №14 ж/қ өкімімен бөлімнің жауапты есепші бас маман Ш.Е.Айсаеваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
8. «Ұйғыр ауданының Тиірмен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысының 20.05.2026 жылғы №16 -Ө өкімімен бөлімнің жауапты есепші бас маман Б.М.Миталиповқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
9. «Ұйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысының 18.05.2026 жылғы №36 -Ө өкімімен бөлімнің жауапты есепші И.И.Исмаиловаға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
10. «Ұйғыр ауданының Кіші Дихан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысының 13.05.2026 жылғы №25 өкімімен бөлімнің жауапты есепші бас маманы А.З.Масимовқа «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
11. «Ұйғыр ауданының Қырғызсай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме басшысының 14.05.2026 жылғы №16-ө ж/қ өкімімен бөлімнің жауапты есепші жетекші маманы Г.Бекбатыроваға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза жарияланды.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабы бойынша 7 материал, 238 бабы бойынша 7 материал, барлығы 14 материал әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін жолданып, толықтай қанағатырылды.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулыларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының талаптарының сақталмауынан орын алған.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.
Ұйғыр ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Аудит объектілері тарапынан анықталған заңбұзушылықтардың салдарын барынша азайтуға бағытталған шаралар, атап айтқанда өтелуге тиіс қаражаттың 5311,1 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өтелуі және 2 954 283,2 мың теңгенің бұзушылықтары қаржылық есептілікте қалпына келтірілуі фактілерін назарға алу және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу үшін жұмыстар жүргізу.
2. «Ұйғыр ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтелмеген 4044,8 мың теңгені және «Ұйғыр ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтелмеген 1266,3 мың теңгені жергілікті бюджет есебіне өндіру туралы сонымен бірге басқа мекемелерге берілуге жататын жалпы сомасы 1 861 743,0 мың теңгені құрайтын 83 дана ұзақ мерзімді негізігі құралдарды және «Ұйғыр ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде Сүмбе ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу жобасы бойынша 1 092 540,2 мың теңге мөлшерінде сома аяқталған және пайдалануға берілген объект тиесілілігі бойынша тиісті мекемелерге өткізіп беру арқылы қалпына келтіру туралы нұсқамалар жолдау.
3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.
Тексеру комиссиясының мүшесі А.Қондыбаева
Аудит жүргізуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы Б. Орманов
Сапа бақылауына жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы С. Елубаева
Құқықтық сүйемелдеуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы М. Сканов
Аудит тобының жетекшісі Б. Орманов























