| Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
![]() |
| Президент Республики Казахстан | |
Итоги государственного аудита
Кеген ауданы
| Категория: Итоги государственного аудита | |
| Дата: 14.08.2026 | |
| Просмотры: 36 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Кеген ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
Қонаев қаласы
2026 жыл
Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М.Мұсаевқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлім
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Кеген ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Кеген ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:
- «Кеген аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
- Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «Кеген ауданының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы» КММ
- «Кеген ауданының аудандық мәдениет үйі» МКҚК
- «Кеген ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемес
- «Кеген ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының Жалаңаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының Қарқара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының Тұйық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының Тасашы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының Бөлексаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
- «Кеген ауданының Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2025 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау:
2025 жылғы аудандық бюджеттің шығыстары 11 478 808,0 мың теңге болып бекітіліп, нақтылаулар мен түзетулер нәтижесінде 12 482 336,0 мың теңгеге жеткен.
Есепті кезең қорытындылары бойынша Кеген ауданы бюджетінің шығындары 12 471 584,6 мың теңгеге немесе 99,9 пайызға атқарылған. Орындалмаған қаражат 10 752,0 мың теңгені құраған.
Жергілікті бюджет шығындарының атқарылуы бойынша – 2025 жылғы түзетілген бюджет бекітілген бюджетпен салыстырғанда 1 003 528,0 мың теңгеге артқан, немесе 0,87%, құраған. 2024 жылғы түзетілген бюджетпен салыстырғанда 2025 жылғы түзетілген бюджет 12 482 336,0 мың теңге, 3 913 421,0 мың теңгеге немесе 32,3 пайызға артқан.
Аудан бюджетінің шығындары 2025 жылы 15 функционалды топтардан құралды, олар 14 бюджеттік бағдарлама әкімшісімен іске асырылған.
Барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіші 99,9% шығындар бойынша аудан бюджетін орындау кезінде 99,9% мөлшерінде қалыптасқан, бюджеттік бағдарламаларды орындау тиімділігі 99,9 % деңгейінде қалыптасқан.
2025 жылы бойынша ауданға қарасты 2 мемлекеттік кәсіпорындар тіркелген. Соның ішінде: 1 – шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын; 1 – қазыналық коммуналдық кәсіпорын (1-мәдениет үйі).
Квазимемлекеттік сектор субъектілері 2025 жылы жалпы кірістері 61 498,0 мың теңгені құрады. Мәдениет үйін қаржыландыруына бөлінген қаражат 100% игерілген.
2026 жылы ұсынылған есептерге сәйкес 2025 жылы заңды тұлға қызметінің нәтижелері - нөлдік қаржылық нәтижемен 1 ұйым, табыспен - 1 ұйым.
Кеген ауданының аудандық бюджетінің атқарылуын бағалау нәтижелері аудандық бюджеттің атқарылуы негізінен Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына және мемлекеттік және бюджеттік бағдарламаларда көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған бюджет қаражатының нысаналы сипатына сәйкес келетінін көрсеткен.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері:
Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамалары нормалары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің актілері бойынша анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:
Кеген ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитімен барлығы 18 865 957,7 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 9 006 902,2 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:
- қаржылық бұзушылықтар 3 521 813,0 мың теңге, (оның ішінде: бухгалтерлік есептілікте қалпына келтіруге жататыны 3 519 407,0 мың теңге, салықтар бойынша түсуге жататын түсімдер сомасы 650,1 мың теңге, заңды және жеке тұлғалар есебінен бюджет есебіне өтелуге жататыны 1755,9 мың теңге).
- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жағдайларда тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары 5 035 310,8 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары 449 778,4 мың теңге.
Сонымен қатар 13 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу – 5 факт;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу – 6 факт;
Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтамау – 1 факт;
Жөндеу жұмыстарына жұмыстың атқарылуы жөніндегі актілердің рәсімделмеуі – 1 факт.
Анықталған бұзушылықтар аудит объектілері бөлінісінде төмендегідей сипатта:
Жеке аудит объектілері бойынша анықталған бұзушылықтар төмендегідей:
- «Кеген аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік принципі сақталмай, 2024 жылға 001 «Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасына берілген 8039,8 мың теңге қаражаттары өз мақсатында пайдаланылмай, қызметкерлерге сыйақыға төленген, яғни тиімсіз пайдаланылған болып табылады.
- «Кеген ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. Аудит жүргізу барысында Мекеме қызметкерлеріне 2024 жылы іс сапар шығындарын өтеуде өкімде (бұйрықта) белгіленген іс-сапарда болу күндерінен артық күндерге шығындары негізсіз өтеліп, жалпы сомасы 81,2 мың теңге көлемінде бюджет қаражаттары артық төленген.
2 тармақ. Мекемемен аудан бойынша 8 елді мекенде модульдік медициналық пункттерді дайындау және орнату үшін 398 720,0 мың теңге жұмсалып, жұмыстар аяқталып Тапсырыс берушімен 2025 жылдың тамыз айында қабылданған және Аудан әкімі аппаратының теңгерімінде.
Алайда, бүгінгі күнге дейін олардың халыққа қызмет көрсетуі үшін аудандық аурухана теңгеріміне өткізіп беру жүзеге асырылмай тұр, себебі аудандық аурухана тарапынан құрылғыларға техникалық паспорттар талап етілген, яғни аталған құрылғылар осы күнге дейін пайдаланылмай тұр. Нәтижесінде 398 720,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз пайдаланылған болып табылады.
- «Кеген ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Кодексінің 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік қағидаты сақталмай, 2024 жылы орташа табысы мен күнкөріс деңгейі төмен отбасыларына тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге берілген қаражаттардың 46 687,0 мың теңгесі пайдаланусыз тиісті бюджет есебіне қайтарылған, яғни тиімсіз жоспарланған.
2 тармақ.Сондай себептермен, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет Кодексінің 4-бабы 7) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін нәтижелілік қағидаты сақталмай, 2025 жылы 55 232,0 мың теңгесі пайдаланусыз тиісті бюджет есебіне қайтарылған, яғни тиімсіз жоспарланған.
3 тармақ. Бюджеттік өтінімдер негізінде 2024 жылдың басында Мекеме автокөліктеріне жанар-жағар май сатып алу үшін 1318,0 мың теңге бөлінген. Алайда, жанар-жағар майдың нақты қажетті көлеміне сәйкес аталған тауарды мемлекеттік сатып алу берілген қаражаттардың 457,0 мың теңгесіне ғана жарияланып жүргізілген.
Қалған қаражаттар Мекеменің қажеттіліктеріне байланысты бюджеттік бағдарлама шеңберінде ерекшеліктер арасында жылжытулар арқылы басқа да шығындарға жұмсалған, соның ішінде, 2024 жылдың мамыр айында 491,0 мың теңгесі 112 ерекшелігіне жылжытылып қызметкерлерге сый ақы ретінде төленіп берілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеу туралы» бірыңғай Ережесінің 13-тармағына сәйкес, сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.
Демек, қызметкерлерге сый ақы ретінде жоғарыда 491,0 қаражаттарын төлеу негізсіз болып табылады және тиісті тұлғалардан жергілікті бюджет есебіне қайтарылуға жатады.
4 тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Кодексінің 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік қағидатына сәйкес, бұл негізсіз төленген 491,0 мың теңге қаражаттары негізсіз пайдаланылған болып табылады.
- «Кеген ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. 2024 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111,113,116,124,152,159 және 161-ші ерекшеліктеріне жоспарланған қаражаттардан 112-ші ерекшелігіне 17 457,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
2 тармақ. 2025 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111,136,149,144,159 және 161-ші ерекшеліктеріне жоспарланған қаражаттардан 112-ші ерекшелігіне 15 441,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. Бұл, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексімен белгіленген Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік, негізділік қағидаттарының талаптарын сақтамау болып табылады, сәйкесінше 32 898,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.
3 тармақ. ҚР 2017 жылғы №120-VI)РЗ Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы салық кодексінің 350-351-355,487-489- баптарына қайшы, еңбекақы төлем қорынан төленетін, әлеуметтік салығы (код 103101) бойынша 2025 жылдың: 1- тоқсанының наурыз айында 225,8 мың тенге, Еңбек ақыдан ұсталатын жеке тұлға табыс салығы (код 101201) бойынша 283,2 мың тенге, жалпы соммасы 509,0 мың тенге салық декларациясында кем көрсетіп, бюджетке төленбегені анықталды.
4 тармақ. 2024 жылы 012 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві" бағдарламасы бойынша 1712,2 мың теңге 2025 жылы 461,5 мың теңге жоспарланып, игерілмеген. Бұл, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексімен белгіленген Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік, негізділік қағидаттарының талаптарын сақтамау болып табылады, сәйкесінше 2 173,7 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.
- «Кеген ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. 2024 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111, 113, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 149, 151, 152, 155, 159, 161 және 169-ші ерекшеліктеріне жоспарланған қаражаттардан 112-ші ерекшелігіне 1 223,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
2 тармақ. 2025 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111, 113, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 149, 151, 152, 155, 159, 161 және 169-ші ерекшеліктеріне жоспарланған қаражаттардан 112-ші ерекшелігіне 3 140,3 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
Бұл, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексімен белгіленген Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік, негізділік қағидаттарының талаптарын сақтамау болып табылады, сәйкесінше 4 363,3 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.
- «Кеген ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4-бабы 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік принципінің сақталмау себебінен Кеген ауданы Қарабұлақ ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарына жоспарланған қаражаттардың 11 000,2 теңгесі игерілмей бюджетке қайтарылған.
2 тармақ. Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қағидасының 243-тармағы, Есептілік қағидасы 3 тарау 27, 79-тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 1308,0 мың тенге құрайтын 3 дана жалюзы, 3 дана кресло және 6 дана орындықтар және 3 дана жиһаз жинағы мекеменің теңгеріміне алынбаганы анықталды.
- «Кеген ауданының аудандық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. 2024 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111, 113, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 149, 151, 152, 155, 159, 161 және 169-ші ерекшеліктеріне жоспарланған қаражаттардан 112-ші ерекшелігіне 3057,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
2 тармақ. 2025 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111, 113, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 149, 151, 152, 155, 159, 161 және 169-ші ерекшеліктеріне жоспарланған қаражаттардан 112-ші ерекшелігіне 10163,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
Бұл, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексімен белгіленген Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік, негізділік қағидаттарының талаптарын сақтамау болып табылады, сәйкесінше 13 220,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.
- Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «Кеген ауданының дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы» КММ:
1 тармақ. 2024 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111, 113, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 149, 151, 152, 155, 159, 161 және 169-ші ерекшеліктеріне жоспарланған қаражаттардан 112-ші ерекшелігіне 4699,3 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
2 тармақ. 2025 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111, 113, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 149, 151, 152, 155, 159, 161 және 169-ші ерекшеліктеріне жоспарланған қаражаттардан 112-ші ерекшелігіне 2014,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
Бұл, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексімен белгіленген Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік, негізділік қағидаттарының талаптарын сақтамау болып табылады, сәйкесінше 6 713,3 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.
3 тармақ. "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, офистік жиһазбен және техникамен, мемлекеттік органдар аппаратын орналастыруға арналған алаңдармен және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 бұйрығына 1-қосымшаның талаптары сақталмай, қызметтік автокөлік бойынша белгіленген заттай нормалардан асып кету фактісі орын алған.
4 тармақ. "Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 Қағидалардың 2-тарауының 3-тармағының 2 және 3-тармақшаларының талаптары сақталмай, 2025 жылы қызметкерлерге 27,5 мың теңге көлемінде іс-сапар шығындары негізсіз артық төленген.
- «Кеген ауданының аудандық мәдениет үйі» МКҚК:
1 тармақ. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпанындағы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» № 234 Заңының 3 тарауының 15 бабының 1,2 тармақтарының және Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 31 наурызындағы «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 241 бұйрығының 1 тарауының 3,4,5 тармақтарының талаптары сақталмай, Кәсіпорында 2024 жылдың қорытындысы бойынша Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпарат көрсетілген бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жасақталмаған.
- «Кеген ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. "Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 Қағидалардың 2-тарауының 3-тармағының 2 және 3-тармақшаларының талаптары сақталмай, 2024 жылы қызметкерлерге 88,6 мың теңге көлемінде іс-сапар шығындары негізсіз артық төленген.
2 тармақ. Мекеме ұсынған құжаттар негізінде қызметкерлердің іссапар шығыстарын төлеу деректерін тексеру кезінде мекеменің 2025 жылы қызметкерлер алдында 542 984 теңге мөлшерінде берешегі бар екені анықталды, алайда бұл сома кредиторлық берешек ретінде жылдық есептілікте көрсетілмеген, яғни бухгалтерлік есепте көрсетілуі керек деректерді жасыру фактісі орын алған.
- «Кеген ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. 2024 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111, 113, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 149, 151, 152, 155, 159, 161 және 169-ші ерекшеліктеріне жоспарланған қаражаттардан 112-ші ерекшелігіне 1863,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
2 тармақ. 2025 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111, 113, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 149, 151, 152, 155, 159, 161 және 169-ші ерекшеліктеріне жоспарланған қаражаттардан 112-ші ерекшелігіне 2591,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
Бұл, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексімен белгіленген Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік, негізділік қағидаттарының талаптарын сақтамау болып табылады, сәйкесінше 4 454,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.
- «Кеген ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеу туралы» бірыңғай Ережесінің 13-тармағына қайшы, 2025 жылы электроэнергия төлемдеріне қаралған қаражаттар есебінен 150,0 мың теңгесі 112 ерекшелікке негізсіз жылжытылып қызметкерлерге сый ақы ретінде төленіп берілген.
2 тармақ. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет Кодексінің 4-бабы 4) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік қағидатына сәйкес жоғарыда негізсіз төленген 150,0 мың теңге негізсіз пайдаланылған болып табылады.
3 тармақ. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жылдық есептілікте 010 «Ақшалай қаражат және олардың баламалары» кодының «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» жолында 390,0 мың теңге тұрғаны анықталды.
Алайда бұл сома «Кеген ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесін бөлу жолымен Кеген ауданының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта құрылған. «Кеген ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің коды, есеп айырысу шоты жабылар алдында «Мұзтау» ЖШС-не 2024 жылдың 12 сәуір айында аударылған.
Ал, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы» Қағидаларының 2 тарауы 15-тармағына сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша жылдық есептілікте жоғарыда көрсетілген берешектер көрсетілмеуге тиіс еді немесе бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау фактісі орын алған.
4 тармақ. Кеген ауданы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында кезекте тұрған аудан тұрғындарына тұрғын үй сатып алу үішін 2024 жылы 142 930,0 мың теңге қаражаты бөлінген. Жыл бойы аталған бағдарламаға қосымша 1 717 590,0 мың теңге беріліп, нақтыланған бюджет 1 860 520,0 мың теңгені құраған. Алайда, бөлінген қаражаттарға мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы 4 рет хабарлама беріліп, техникалық сипаттамаға сәйкес 2024 жылы аудан көлемінде жаңадан салынып, пайдалануға бірілгеніне 2 жыл болған тұрғын үйлердің болмауына байланысты 1 860 520,0 мың теңге қаражаттары жыл аяғында толығымен пайдаланусыз тиісті бюджет есебіне қайтарылған.
Сондай-ақ, 2025 жылдың маусым айында халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үйлер сатып алуға 2 453 102,0 мың теңге қосымша берілді, алайда аудан көлемінде жаңадан салынып, пайдалануға бірілгеніне 2 жыл болған тұрғын үйлердің болмауына байланысты толығымен пайдаланусыз тиісті бюджет есебіне қайтарылған.
Бұл, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексімен белгіленген Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік, негізділік қағидаттарының талаптарын сақтамау болып табылады, сәйкесінше 4 313 622,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.
- «Кеген ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. 2024 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111,113,116,124,152,159 және 161-ші ерекшеліктеріне жоспарланған қаражаттардан 112-ші ерекшелігіне 1813,0 мың теңге ауыстырылып, Мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
2 тармақ. 2025 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111,136,149,144,159 және 161-ші ерекшеліктеріне жоспарланған қаражаттардан 112-ші ерекшелігіне 1942,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
Бұл, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексімен белгіленген Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік, негізділік қағидаттарының талаптарын сақтамау болып табылады, сәйкесінше 3 755,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.
- «Кеген ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. 2024 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111,136,149,159,159 және 161-ші ерекшеліктерінен 112-ші ерекшелігіне 3526,0 мың теңге ауыстырылып, мекемеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. Бұл, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексімен белгіленген Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік, негізділік қағидаттарының талаптарын сақтамау болып табылады, сәйкесінше аталған қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.
- «Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. Аудитпен қамтылған кезеңде Мекемеге жергілікті бюджет есебінен берілген бюджеттің жыл басынан жоспарлануы мен олардың жыл бойы игерілуін (пайдаланылуын) талдау барысында Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексімен белгіленген Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік, негізділік қағидаттары талаптарының сақталмауы салдарынан бюджеттік бағдарламалар шеңберінде 2024 жылы 451 970,0 мың теңге, 2025 жылы 38 182,0 мың теңге көлеміндегі қаражаттардың тиімсіз жоспарлануы фактісі орын алған.
2 тармақ. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жылдық есептілікте 010 «Ақшалай қаражат және олардың баламалары» кодының «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ» жолында 22 646,5 мың теңге көлемінде ақша қаражаттарының тұрғаны анықталды. Бұл 2023 жылға дейінгі кезеңде өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша Мердігерлер тарапынан түскен әлеуетті өнім берушілердің шарттарға сәйкес міндеттемелерді тиісінше орындауына кепілдік ретінде салған, сонымен қатар кейбір себептермен Мердігерлерге қайтарылмаған соммалардан қалыптасқан сома, яғни кредиторлық берешектер болып табылады.
Аудитке ұсынылған Қазынашылық басқармасының 5-34 нысанына сәйкес, «Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің коды, есеп айырысу шоты жабылар алдында жылдық есептілікте көрсетіліп тұрған 22 646,5 мың теңге толығымен тиісті Мердігерлерге қайтарылған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы» Қағидаларының 2 тарауы 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, қаржыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуі тиіс.
Яғни, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жылдық есептілікте жоғарыда көрсетілген берешектер көрсетілмеуге тиіс еді немесе бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау фактісі орын алған.
3 тармақ. Мекеменің ұсынған төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы төлемдеріне аударымдар жөніндегі салық кабинетінен түсірілген салық төлеушінің дербес шотының деректерін зерделеу барысында 2025 жыл қорытындысы бойынша жеке табыс салығы бойынша 168 271 теңге кредиторлық берешек, әлеуметтік салық бойынша 66 112 теңге дебиторлық берешек болғаны анықталған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы» Қағидаларының 15-тармағына қайшы, жылдық есептілікте (2025 жылға бухгалтерлік баланс) анықталған берешектер көрсетілмеген немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.
- «Кеген ауданының жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. 2024 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111,113,116,124,152,159 және 161-ші ерекшеліктеріне жоспарланған қаражаттардан 112-ші ерекшелігіне 3067,0 мың теңге ауыстырылып, Мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
2 тармақ. 2025 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111,136,149,144,159 және 161-ші ерекшеліктеріне жоспарланған қаражаттардан 112-ші ерекшелігіне 4630,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
Бұл, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексімен белгіленген Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік, негізділік қағидаттарының талаптарын сақтамау болып табылады, сәйкесінше 7 697,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.
3 тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу» қағидасының 236-тармағы және «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 15.06.2010 ж. №281 бұйрығының 16,19 тармақтарының талаптары басшылыққа алынбай, 2024 жылы жалпы құны 645 097,5 мың теңгені құрайтын пайдалануға қабылданған объектілер бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде 2340 – «Беру құрылғылары» шотына қойылмаған.
4 тармақ. Сондай-ақ, 2025 жылы жалпы құны 2 656 921,2 мың теңгені құрайтын пайдалануға қабылданған объектілер бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде 2340 – «Беру құрылғылары» шотына қойылмаған.
- «Кеген ауданының Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іс сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» 2-тарау, 3-1 тармағының және 1-тарау, 2-тармағының талабы сақталмай, 2025 жылы Мекеме қызметкерлеріне 98,2 мың теңге көлемінде іс-сапар шығындары негізсіз өтелген.
2 тармақ. Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы № 95-4 Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағының және Қазақстан Республикасының 15.03.2025 жылғы №171-8 Бюджеттік кодекісінің 109-бабының 5-тармағының талаптарына қайшы, ауылдық округте мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуына бөлінген 123 773,0 мың теңгеге жасалынған жөндеу жұмыстарына жұмыстың атқарылуы жөніндегі актілер рәсімделмеген.
3 тармақ. Қазақстан Республикасы № 95-IV Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармақшасына сәйкес негізділік принципі және 12 тармақшасымен белгіленген тиімділік қағидаты сақталмай, 2024 жылы 41 427,6 мың теңгеге жоспарланған Кеген ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтау орнына қоршау орнату жұмыстарына қаражаттары толығымен аударылғанымен, осы күнге дейін тікелей және түпкілікті нәтижесіне жеткізілмеген немесе қаражаттар тиімсіз пайдаланылған.
4 тармақ. Жоғарыда айтылғандай, Кеген ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтау орнына қоршау орнату жұмыстары уақытыл және толық аяқталмаған. Бұл тұрғыда Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу Заңының 17-бабы 9-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес міндеттемелерін толық орындамағаны үшін «InvestStroyGroup» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеген.
- «Кеген ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. 2025 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111, 113, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 149, 151, 152, 155, 159, 161 және 169-ші ерекшеліктеріне жоспарланған қаражаттардан 112-ші ерекшелігіне 239,0 мың теңге ауыстырылып, Мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. Бұл, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексімен белгіленген Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік, негізділік қағидаттарының талаптарын сақтамау болып табылады, сәйкесінше тиімсіз жоспарланған болып табылады.
- «Кеген ауданының Жалаңаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. 2024 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111, 113, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 149, 151, 152, 155, 159, 161 және 169-ші ерекшеліктеріне жоспарланған қаражаттардан 112-ші ерекшелігіне 615,0 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
2 тармақ. 2025 жылы төмен көрсетілген өтініштердің негізінде 015 бағдарманың аясында 111, 113, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 149, 151, 152, 155, 159, 161 және 169-ші ерекшеліктеріне жоспарланған қаражаттардан 112-ші ерекшелігіне 3553,3 мың теңге ауыстырылып, мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды.
Бұл, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексімен белгіленген Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік, негізділік қағидаттарының талаптарын сақтамау болып табылады, сәйкесінше 4 168,3 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.
3 тармақ. "Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 Қағидалардың 2-тарауының 3-тармағының 2 тармақшасының талаптары сақталмай, 2025 жылы қызметкерлерге 43,2 мың теңге көлемінде іс-сапар шығындары негізсіз артық төленген.
- «Кеген ауданының Шырғанақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. 2024 жылдың басына бюджеттік өтінімдері негізінде Шырғанақ ауылдық округінің Кеңсу, Кіші Қарқара, Шырғанақ ауылдарының көшелеріне жарықтандыру орнату жұмыстарына бөлінген 14 400,0 мың теңгенің 8 079,0 мың теңгесі табиғи себептер және жұмыстардың атқарылу орындарының қолайсыздығы салдарынан пайдаланылмай бюджет есебіне қайтарылған.
Сонымен қатар, тұрмыстық қатты қалдықтардың орнын қоршау жұмыстарын жүргізуге жоспарланған 11 778,0 мың теңге аталған жұмыстардың толық атқарылмауына байланысты бюджет есебіне қайтарылған.
Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Кодексінің 4-бабы 12) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін тиімділік қағидатының сақталмағанды болып табылады, яғни барлығы 19 857,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.
2 тармақ. 2025 жылы «Көкпияз елді мекенінде балалар ойын алаңын орнату» жұмыстарына бөлінген 8 000,0 мың теңге құрылыс-монтаждық жұмыстардың толық аяқталмай, объектінің 2026 жылға өтпелі болуына байланысты 2025 жылдың қараша айында игерілмей, толығымен бюджет есебіне қайтарылған.
Бұл, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет Кодексінің 4-бабы 7) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін нәтижелілік қағидатының сақталмауы, яғни қаражат тиімсіз жоспарланған болып табылады.
3 тармақ. 2025 жыл қорытындасы бойынша жеке табыс салығы бойынша 209,4 мың теңге дебиторлық берешек, әлеуметтік салық бойынша 125,8 мың теңге кредиторлық берешек анықталған. Сонымен қатар, салыстыру актісі бойынша интернетке қосылу және байланыс қызметтерге «Қазақтелеком» АҚ алдында 111,5 мың теңге кредиторлық берешек және электр қуатымен қамтамасыз ету қызметіне «Алатау жарық компаниясы» АҚ алдында 350,1 мың теңге кредиторлық берешек қалыптасқаны анықталған.
Алайда, «Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығының 1 тарау 3 тармағының және 3 тарау 24,30 тармақтарының талаптары сақталмай 2025 жылдың қаржылық есептілігінің ҚЕ-1 нысаны бойынша есепті кезеңнің бухгалтерлік балансында 587,4 мың теңге сомасына дебиторлық және 209,4 мың теңге кредиторлық берешек көрсетілмеген. Бұл қаржылық есептіліктің бұрмалануына алып келген.
- «Кеген ауданының Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іс сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» 2-тарау, 3-тармағы, 2)-тармақшасының талабына қарсы, 2025 жылы қызметкерлерге 188,7 мың теңге көлемінде іс-сапар шығындары негізсіз өтелген.
2 тармақ. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет Кодексінің 4-бабына көрсетілген, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің тиімділік қағидатының талаптарын сақталмай, 2025 жылы Мекеме тарапынан «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қызметтер орындалмаса да және көрсетілген қызметтер актісі болмаса да 300,0 мың теңге көлемінде қаражат алдын ала төленген, яғни қаражаттар тиімсіз пайдаланылған.
3 тармақ. Мемлекеттік аудитті жүргізу барысында округ бойынша түсімдер мәселесі туындап, аймақтағы салықтың түсу көрсеткіштері қаралды. Округте көлік салығы бойынша 01.01.2026 жылға 2899,4 мың теңгеге негізгі қарыздар және 699,8 мың теңгеге өсім пұл қарыздары тіркелген. Қарыздар уақытылы өндірілмеген. Анықталған бұзушылық Қазақстан Республикасының 25.12.2017 жылғы №120-6 салық кодексінің 5-бабы және 494-бабының талаптарының бұзылуынан туындаған. Қазіргі жүргізіліп жатқан аудиттің ықпалымен 141,1 мың теңге қарыз аудит барысында бюджеттің түсіміне аударылды.
- «Кеген ауданының Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. Шыбышы ауылында балалар ойын алаңын орнату бойынша жұмыстар келісім-шартпен белгіленген уақытынан кешіктіріп атқарылған. Алайда Мекеме тарапынан «АССА DR» ЖШС-не қатысты келісімшарт сомасының әр кешігу күніне 0,1 пайыз көлемінде айыппұл салу және бұзушылық фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жосықсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгіну шаралары қолданбаған. Аудит барысында Мердігерге 211,6 мың теңге көлемінде айыппұл есептелінген.
Сонымен қатар Осы Шарттың 4.1-тармағына сәйкес өнім беруші Шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді 352,8 мың теңгеге тең және Шарттың нысандары бойынша көзделген аванс мөлшерін енгізуге міндетті. Алайда өнім беруші міндетін орындамаған.
2 тармақ. Саябақты қоршау, ағаш отырғызу бойынша жұмыстар келісім-шартпен белгіленген уақытынан кешіктіріп атқарылған. Алайда Мекеме тарапынан «Кәусәр» ЖК-не қатысты келісімшарт сомасының әр кешігу күніне 0,1 пайыз көлемінде айыппұл салу және бұзушылық фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жосықсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгіну шаралары қолданбаған. Аудит барысында Мердігерге 54,0 мың теңге көлемінде айыппұл есептелінген.
- «Кеген ауданының Қарқара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. Ереуіл ауылына тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтайтын уақытша орынды қоршау бойынша «Номад Инновационные Технологии» ЖШС-мен жасалған келісім-шарт бойынша сатып алуды жеңген Мердігер келісім-шартты орындауды қамтамасыз етуді келісім-шарт жасалған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде енгізбеген. Келісім-шарт бұзылған. Алайда Мекеме тарапынан бұзушылық фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жосықсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгіну шаралары қолданбаған.
2 тармақ. Көгалдандыру, жасыл алқаптарды қайта отырғызу бойынша «JTMO» ЖК-мен жасалған келісім-шарт бойынша сатып алуды жеңген Мердігер келісім-шартқа сәйкес өзіне алған міндеттемелерді орындамаған, сәйкесінше келісім-шарт бұзылған. Алайда Мекеме тарапынан бұзушылық фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жосықсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгіну шаралары қолданбаған.
3 тармақ. Қаңғыбас малға арналған қора орнату бойынша «Kostoprav_msh» ЖК-мен жасалған келісім-шарт бойынша сатып алуды жеңген Мердігер келісім-шартқа сәйкес өзіне алған міндеттемелерді орындамаған, сәйкесінше келісім-шарт бұзылған. Алайда Мекеме тарапынан бұзушылық фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жосықсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгіну шаралары қолданбаған.
4 тармақ. Тапсырыс беруші Кеген ауданының «Қарқара ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ң басшысы Е.Сатыбалдиев және Өнім беруші ЖК «КЕНЖЕНОВА» Мыңжылқы ауылындағы атшабар алаңына трибуна орнату бойынша құрылыс жұмыстары 011-029-159 ерекшелігі бойынша 30.05.2025 жылы №25 келісім-шартқа отырған.
№ 2-1-1 Жергілікті сметалық есеп бөлімінде сатып алу заты бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкес 2578,5 мың теңге, ҚҚС-12% есебімен 2991,1 мың теңгені құрайды.
Осыған қарамастан тапсырыс беруші жеткізушілерден 2857,1 мың теңге сомасына коммерциялық ұсыныс қабылдайды және 20.10.2025 жылғы 250028/00/1 актісіне сәйкес ҚҚС сомасы 3199,9 мың теңге сомасына жұмыстар қабылданады. Сметалық құжаттамамен бекітілген: 2 991,1 мың теңге (базалық құны 2 578,5 + ҚҚС 412,6). Іс жүзінде қабылданған және акт бойынша төленген: 3 199,9 мың теңге (базалық құны 2 857,1 + ҚҚС 342,8). Өсіру сомасы (таза шығын): 3 199,9 - 2 991,1 = 208,8 мың теңге.
Тапсырыс беруші, ЖК «КЕНЖЕНОВАҒА» бюджет қаражатынан 208,8 мың теңгені негізсіз артық төленген.
- «Кеген ауданының Тұйық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. 2024 жылы кіші бағдарлама 029 «Аудандық трансферт есебінен», ешқандай қажетсіз қосымша 4 972,0 мың теңге қаралып 2024 жылдың мамыр айынан желтоқсан айына дейін сыйақы берілген. Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1 тармағы 12-4) тармақшасымен 4 баптың 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік, принципінің сақталмағандығы болып табылады. Демек, 2024 жылға берілген қаражаттар тиімсіз жоспарланған болып табылады.
- «Кеген ауданының Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. 2024 жылы бюджеттік өтініштердің негізінде 001 бағдарламасының аясында 111,159 ерекшеліктерінен 112-ші ерекшелігіне 356,0 мың теңге ауыстырылып, Мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. Бұл, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 3-бабы 1 тармағы 12-4) тармақшасымен 4 баптың 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік, принципінің сақталмағандығы болып табылады. Демек, 2024 жылға берілген қаражаттар тиімсіз жоспарланған болып табылады.
2 тармақ. 2025 жылы бюджеттік өтініштердің негізінде 001 бағдарламасының аясында 149,159,169 ерекшеліктерінен 112-ші ерекшелігіне 1725,0 мың теңге ауыстырылып, Мекеме қызметкерлеріне сыйақы төленгені анықталды. Бұл Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің 4-бабының 6,7-тармақтарын, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңының 6-бабының 4-тармағы қағидаларының сақталмағандығын білдіреді. Демек, 2025 жылға берілген қаражаттар тиімсіз жоспарланған болып табылады.
- «Кеген ауданының Тасашы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабы 9) тармақшасымен белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі негізделетін негізділік принципі сақталмай, 2024 жылы Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет қаражаты есебінен әкімшілік ғимаратын ұстау, оны жөндеу жұмыстарына 650,0 мың теңге бөлініп, жыл бойы өз мақсатында пайдаланылмай, желтоқсан айында өзге де ағымдағы шығындар үшін жұмсалған, яғни тиімсіз пайдаланылған.
- «Кеген ауданының Бөлексаз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. Бюджеттік өтінімдерге сәйкес 2025 жылдың басында 4-20 Қазынашылық нысандарына сәйкес 001112 бағдарламасы бойынша қаражат бөлінбеген. Сәйкесінше 2025 жылы 111, 113, 116, 121, 122, 123, 124, 131, 135, 136, 149, 152, 155, 159, 161 және 169 ерекшіліктерінен 112 «Қосымша ақшалай төлемдер» ерекшелігіне 500,0 мың теңге мөлшерінде сома қосымша қажетсіз аударылып, мереке күндеріне сыйақы ретінде есептеліп, мекеме қызметкерлеріне төленген. Бұл Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 15 наурыздағы №171-VII Бюджет кодексінің 4-бабының 4,6,7-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің негізділігі, тиімділігі қағидаттарына сәйкес келмейді, немесе 2025 жылға жоспарланған және игерілген 500,0 мың теңге қаражаты тиімсіз жоспарланған.
2 тармақ. Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы ҚР-ның Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 Қағидасының 2-тарауының 3-тармағы 2 және 3-тармақшаларының талаптары сақталмай, 2025 жылы Мекеме қызметкерлеріне 31,5 мың теңге көлемінде іс-сапар шығындары негізсіз өтелген.
- «Кеген ауданының Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1 тармақ. Мекеменің 07.08.2025 жылғы № 98 аванстық есеп бойынша мекеменің салық жөніндегі бас маманы М.М.Ыдырысовқа 81,6 мың теңге қаржы төленген, алайда мекеменің іс сапарға жіберу туралы өкімі шығарылмаған. Бұл кемшілік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іс сапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының» 1-тарау, 2-тармағының талабына қарсы келеді, яғни негізсіз төленген болып табылады.
2 тармақ. Мекеме орналасқан ғимаратты салуда Кеген ауданының «Құрылыс, сәулет және қалақұрылысы» мемлекеттік мекемесі тапсырушы болып табылған. Құрылыс 2022 жылы жүзеге асқан. Кейін Кеген ауданының әкімдігінің 04.01.2023 жылғы коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екінші деңгейіне беру туралы №1 қаулысы негізінде, ғимарат сомасы 225 231,1 мың теңгеге Кеген ауданының «Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне өткізіліп берілуі тиіс еді. Алайда ол ғимарат тиісті тозу құнынан кейін сомасы 217 506,1 мың теңгеге Мекеме есебіне алынбай, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген Қағидасының 9-тарау, 275, 282, 283- тармақтарының талабына қарсы келген.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):
Жалпы аудан бойынша белгіленген міндеттердің іске асырылу деңгейі және тиісті қызметтің жоспарлы (тікелей, түпкілікті) және нақты нәтижелерінің арақатынасы аудиторлық бақылау кезінде қарастырылып, мемлекеттік аудит объектісі қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, лауазымды тұлғалардың, мекеме қызметкерлерінің өз лауазымдық қызметтерін атқару барысында жауапкершілікпен қарайды деген пікір қалыптасты.
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Жоғарыда көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін қалпына келтіруге тиіс соммалар толығымен бухгалтерлік есептілікте қалпына келтірілді.
Салықтар бойынша түсуге жататын түсімдер толығымен аударылды.
Заңды және жеке тұлғалар есебінен бюджет есебіне өтелуге жататын 1755,9 мың теңгенің 1281,5 мың теңгесі жергілікті бюджет есебіне өтелді.
Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 17 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін 11 материал жолданды, оның ішінде Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабына сәйкес 6 материал және 238 бабына сәйкес 5 материал.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 234-1 бабына сәйкес "Кеген ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Кеген ауданының дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы" КММ басшысы Г.Мұқанқожаеваға қатысты қысқартылған өндіріс тәртібімен әкімшілік хаттама толтырылып, 216 250 теңге көлемінде айыппұл салынды.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы қаулыларының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметтік іс-сапарларға арналған шығыстарды өтеу «Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы, «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен және кеңсе керек-жарақтармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (енгізілген өзгерістер және толықтауларымен) талаптарының сақталмауынан орын алған.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.
Кеген ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Кеген ауданының «Қарқара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2025 жылы Өнім беруші «КЕНЖЕНОВА» жеке кәсіпкерлігімен атқарылған Мыңжылқы ауылындағы атшабар алаңына трибуна орнату бойынша құрылыс жұмыстарына негізсіз төленген 208,8 мың теңгенің қаражаттарын жергілікті бюджет есебіне өтелуін қамтамасыз ету туралы Нұсқама жолдау.
2. Кеген ауданының «Жылысай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Өнім беруші ЖШС «АССА DR» ЖШС-нен Шыбышы ауылында балалар ойын алаңын орнату жұмыстарын кешіктіргені үшін 211,6 мың теңге және Өнім беруші жеке кәсіпкер «Кәусәр» ЖК-нен Жылысай ауылында саябақты қоршау, ағаш отырғызу жұмыстарын кешіктіргені үшін 54,0 мың теңге көлемінде айыппұл сомасын жергілікті бюджет есебіне өтелуін қамтамасыз ету туралы Нұсқама жолдау.
3. Алматы облысының Әкіміне Кеген ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін талдауда орын алған кейбір мәселелер жөнінде ұсыным-хат жолдау.
3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі.
Тексеру комиссиясының мүшесі Е.Бақытов
Аудит жүргізуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы А.Сәді
Құқықтық сүйемелдеуге жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы М.Сканов
Сапа бақылауына жауапты
құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева
Аудит тобының жетекшісі А.Сәді























