| Токаев Касым-Жомарт Кемелевич |
![]() |
| Президент Республики Казахстан | |
Итоги государственного аудита
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
| Категория: Итоги государственного аудита | |
| Дата: 18.09.2026 | |
| Просмотры: 3 | Печать страницы |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бөлінген жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдалану және мемлекет активтерін басқару тиімділігінің мемлекеттік аудиті
Қонаев қаласы
2026 жыл
Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының м.а. Қ.Есенамановқа
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
I. Кіріспе бөлік.
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бөлінген жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдалану және мемлекет активтерін басқару тиімділігінің мемлекеттік аудиті.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бөлінген жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдалану және мемлекет активтерін басқару тиімділігіне аудит жүргізу.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:
1. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Басқарма);
3. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ң «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ң «Алматы облысының еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ң «Қонаев қаласындағы күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ң «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ң «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ң «Бақанас арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2025 жылдың 31 желтоқсан аралығы.
II. Негізгі (талдамалық) бөлік.
2.1. Аудит нысанасы бойынша жағдайдың қысқаша талдауы.
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2026 жылға арналған тізбесіне сәйкес, 2024-2025 жылдары жергілікті бюджет есебінен 256 - «Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бюджеттік бағарламалар әкімшісінен «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-сі және оған қарасты 11 коммуналдық мемлекеттік мекемелер қаржыландырылған.
Аудит жүргізу мерзіміне, Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасы 2026 жылғы 27-сәуірдегі №2-0407-26-01225 талабына сәйкес 2 коммуналдық мемлекеттік мекемелерде тексерулер жүргізілуде, оның ішінде:
- «Аманат» Есік арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
- «Белсенді ұзақ өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Сонымен қатар, жүргізілген талдау нәтижесіне байланысты 2024-2025 жылдары қаржыландырылған тәуекелдері төмен 2 коммуналдық мемлекеттік мекемелер анықталды, оның ішінде:
- «Еңбек ресурстарын талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру мөлшері 103 950,0 мың теңге қаржыны құраған,
- «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру мөлшері 386 351,0 мың теңге қаржыны құраған.
Қорыта келгенде, Алматы облысы бойынша тексеру комиссияның мемлекеттік аудит объектісінің 2026 арналған тізбесіне сәйкес Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бөлінген жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдалану және мемлекет активтерін басқару мемлекеттік аудитімен 8 объекті қамтылған, оның ішінде: «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен оған қатысты 7 коммуналдық мемлекеттік мекемелер аудитпен қамтылған.
Алматы облысы бойынша тексеру комиссияның мемлекеттік аудит объектісінің 2026 арналған тізбесіне сәйкес аудитпен қамтылған Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен оған қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелерге 2024-2025 жылдары жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражаты мен активтердің жалпы көлемі – 30 883 947,0 мың теңгенің сомасын құраған, оның ішінде: 2024 жылы 13 211 493,0 мың теңге, 2025 жылы 17 712 454,0 мың теңге көлеміндегі қаржылар.
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен оған қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелер Алматы облысының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуды, әлеуметтік бағдарламаларды және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуды жүзеге асырады.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері. Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады.
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бөлінген жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдалану және мемлекет активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 6 122 991,2 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, соның ішінде:
- 703 830,8 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі қаржылық бұзушылықтар (оның 4 963,8 мың теңгесі өтелуге, 698 867,0 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады), аудит барысында өтелгені 2 374,7 мың тенге немесе 47,8% және 698 867,0 мың теңгесі қалпына келтірілді немесе 100%;
- 1 057 409,7 мың теңгеге мәлімденбеген бюджетке түсетін түсімдер сомалары анықталған, алайда аталған сома салық органына мәлімдеу арқылы қалпына келтірілмеді;
- 4 247 852,6 мың теңге тиімсіз жоспарлаулар;
- 113 898,1 мың теңгеге тиімсіз пайдаланулар, - бойынша бұзушылықтары анықталған.
Аудит барысында 11 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға жол берілген.
Бұдан басқа, аталған аудиторлық іс шаралар қорытындысы бойынша:
- 3 жеке тұлғалар тәртіптік жазаға тартылған;
- 7 бірлік әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің:
- 207-бабы 10-2 тармағы бойынша 3 факті,
- 238-бабы бойынша 4 факті, - анықталған.
Сонымен қатар, «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ң 2024 жылдың 7-қарашасындағы №150 бұйрығына сәйкес «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (әрі қараай - Бейімдеу орталығы) жоспарлы сыйымдылығы 101 төсек-орыннан 80 төсек-орынға дейін төмендетілген. Алайда, аудит жүргізу мерзіміне, Бейімдеу орталығы тарапынан Жарғының 1-тарауы 3-тармағына ұйымның жобалық қуаты туралы мәліметтерге «80 адамға есептелген» деген ескертпе енгізілмеген, яғни Бейімдеу орталығымен 2024-2025 жылдары Жарғыға енгізу бөлігіндегі талаптарының сақталмау салдары жүйелік кемшілікке әкеліп соққан.
1. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Басқарма).
Тармақ 1. Басқарма тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы және 4-бабы 12-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылға 001/015 бюджеттік бағдарламасы бойынша 35 853,0 мың теңге көлеміндегі қаржының артық жоспарлау нәтижесінде бюджет қаражаттарының тиімсіз жоспарлауы орын алған.
Тармақ 2. Басқарма тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің 4-бабы 9)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы 001/015 бюджеттік бағдарламасы бойынша 47 325,0 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражаттарының артық қаржыландыру арқылы сыйақы төлемдеріне төлеу нәтижесінде бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалану орын алған.
Тармақ 3. Басқарма тарапынан №434-V Мемлекеттік сатып алу Заңының 43-бабы 24-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы 5 жеткізуші тарапынан тауарларды жеткізуді кешіктіргені үшін жалпы сомасы 1 595,0 мың теңге көлеміндегі айыппұлды өндіріп алу қамтамасыз етілмегені анықталды.
Тармақ 4. Басқарма №434-V Мемлекеттік сатып алу Заңының 12-бабы 4-тармағы 3-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы 5 жеткізуші тарапынан тауарларды жеткізуді кешіктіргені үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгіну шаралары қабылданбағаны анықталды.
Бұл жерде, 2024 жыл 5 жеткізуші тарапынан тауарларды жеткізуді кешіктіргені үшін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінбегені үшін Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 207 бабы 10-2-тармағы талаптарына сәйкес: Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс берушінің өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі – лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Тармақ 5. Басқарма тарапынан №171-VII Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылға 001/015 бюджеттік бағдарламасы бойынша 47 590,0 мың теңге көлеміндегі қаржыны артық жоспарлау нәтижесінде бюджет қаражаттарының тиімсіз жоспарлауы орын алған.
Тармақ 6. Басқарма тарапынан №171-VII Бюджет кодексінің 4-бабы 4)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы 001/015 бюджеттік бағдарламасы бойынша 45 768,0 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражаттарының артық қаржыландыру арқылы сыйақы төлемдеріне төлеу нәтижесінде бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалану орын алған.
Тармақ 7. Басқарма тарапынан № 106-VIII Мемлекеттік сатып алу Заңының 17-бабы 9-тармағы 2-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан ЖШС "Samruk Tekstil" тарапынан 2025 жылғы 21-сәуірдегі №37 мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт бойынша 510,20 теңге көлеміндегі айыппұлды өндіріп алу қамтамасыз етілмегені анықталды.
Тармақ 8. Басқарма тарапынан № 106-VIII Мемлекеттік сатып алу Заңының 8-бабы 4-тармағы және 17-бабы 9-тармағы 1-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан ЖШС "Samruk Tekstil" тарапынан 2025 жылғы 21-сәуірдегі №37 мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт бойынша 510,20 теңге көлеміндегі айыппұлды өндірілмегендіктен Заңда айқындалған тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу шаралары қабылданбағаны анықталды.
Бұл жерде, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 207 бабы 10-2-тармағы талаптарына сәйкес: Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс берушінің өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі – лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Тармақ 9. Басқарма тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы және 4-бабы 12-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылға 007-015-414 бағдарламасы бойынша 9 123,0 мың теңге көлеміндегі қаржы жоспарланып, жыл соңына қысқартылуы бюджет қаражаттарының тиімсіз жоспарлануы болып табылады.
Тармақ 10. Басқарма тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы және 4-бабы 12-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы 018-015-155 бағдарламасы бойынша 119 208,0 мың теңге көлеміндегі қаржыға артық жоспарлану нәтижесінде бюджет қаражаттарының тиімсіз жоспарлауға әкеліп соққан.
Тармақ 11. Басқарма тарапынан №171-VII Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы 018-015-155 ерекшелігі бойынша 763 947,0 мың теңге көлеміндегі қаржыға артық жоспарлану нәтижесінде бюджет қаражаттарының тиімсіз жоспарлауға әкеліп соққан.
Тармақ 12. Басқарма тарапынан №171-VII Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы 067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бағдарламасы 413 «Көлік құралдарын сатып алу» ерекшелігі бойынша 162 916,0 мың теңге көлеміндегі қаржыға тиімсіз жоспарлануы орын алған.
Тармақ 13. Басқарма тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы 3-тармағы 1-2)-тармақшалары талаптарын сақтамау салдарынан 269,6 мың теңгеге іс сапар шығындары негізсіз төленген, оның ішінде: 2024 жылы – 36,9 мың теңге, 2025 жылы – 232,6 мың теңгені құраған.
2. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ң «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Шарапат орталығы).
Тармақ 1. Шарапат орталығы тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы және 4-бабы 12-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы 123 «Мiндеттi сақтандыру жарналары» ерекшелігі бойынша 153,0 мың теңге көлеміндегі қаржының игерілмей қалу себебінен бюджет қаражаттарының тиімсіз пайдалану орын алған.
Тармақ 2. Шарапат орталығы тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы және 4-бабы 12-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы 002/015 бюджеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 11 955,0 мың теңге көлеміндегі қаржыға артық жоспарлау нәтижесінде тиімсіз жоспарлау орын алған.
Тармақ 3. Шарапат орталығы тарапынан №171-VII Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы 002/015 бюджеттік бағдарламасы бойынша 84 329,0 мың теңге көлеміндегі қаржыға артық жоспарлау нәтижесінде бюджет қаражаттарын тиімсіз жоспарлау орын алған.
Тармақ 4. Шарапат орталығы тарапынан №468 Есептілік қағидасының 27-тармағы 114 «Негізгі құралдар» жолы талаптарын сақтамау салдарынан жалпы қалдық сомасы 7 701,0 мың теңгені құрайтын 147 дана негізгі құралдардың қате шоттарға жіктелу нәтижесінде 2024 жылдың қаржылық есептілігінің бұрмалануына әкеліп соққан.
2024 жылдың қорытындысы бойынша жасақталған Қаржылық есептілікте бұрмалану жағдайлары орын алған үшін Мобильдік орталықтың есепшісі Ошаганова Гулсара Оразкеновнаға Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабы 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес 2025 жылдың 4-желтоқсанында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, аталған 196,6 мың теңге көлеміндегі айыппұл 2025 жылдың 9-желтоқсанындағы №534394202242 түбіртегімен бюджетке өтелген.
Тармақ 5. Шарапат орталығы тарапынан №223 Есеп қағидасы 5-тармағы және №170 Шоттар жоспарының 16-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылдың 31-желтоқсаны жағдайына жалпы қалдық сомасы 7 199,6 мың теңгені құрайтын 138 дана негізгі құралдарының қате шоттарға жіктелгені анықталды.
Тармақ 6. Шарапат орталығы тарапынан №230 Есептілік қағидасының 26- тармағы 114 «Негізгі құралдар» жолы талаптарын сақтамау салдарынан жалпы қалдық сомасы 7 199,6 мың теңгені құрайтын 138 дана негізгі құралдардың қате шоттарға жіктелу нәтижесінде 2025 жылдың қаржылық есептілігінің бұрмалануына әкеліп соққан.
Бұл жерде, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жасақталған Қаржылық есептілікте бұрмалану орын алған үшін Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабы 1-тармағы 2-тармақшасы талаптарына сәйкес: бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепке алуда көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған ақпаратты енгізу, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2026 жылғы 2-шілдедегі бухгалтерлік анықтама негізінде жалпы сомасы 7 199,6 мың теңгені құрайтын 138 негізгі құралдарды дұрыс шоттарға жіктеу арқылы бухгалтерлік есеп бойынша калпына келтірілді.
Сонымен қатар, аталған бұзушылықтарға жауапты бас есепші Г.Капашева Шарапат орталығының 2026 жылғы 7-шілдесіндегі №53-1-к бұйрығымен ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.
2. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ң «Ақ ниет» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қараай - Ақниет орталығы).
Тармақ 1. Ақниет орталығы тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы және 4-бабы 12-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылы 013/015 бюджеттік бағдарламасы бойынша 57 722,0 мың теңге көлеміндегі қаржыға артық жоспарлау нәтижесінде бюджет қаражаттарын тиімсіз жоспарлау орын алған.
Тармақ 2. Ақниет орталығы тарапынан №171-VII Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы 013/015 бюджеттік бағдарламасы бойынша 10 222,0 мың теңге көлеміндегі қаржыға артық жоспарлау нәтижесінде бюджет қаражаттарын тиімсіз жоспарлау орын алған.
Тармақ 3. Ақниет орталығы тарапынан №171-VII Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы Басқармадан қабылдап алынған жалпы сомасы 3 573,9 мың теңгенің 12 дана кондинционерлердің орнатылмау нәтижесінде тиімсіз пайдалану орын алған.
Тармақ 4. Мекеме тарапынан №223 Есеп қағидасы 5-тармағы және №170 Шоттар жоспарының 16-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылдың 31-желтоқсаны жағдайына жалпы қалдық сомасы 31 833,5 мың теңгені құрайтын 9 дана практикалық пайдаланылатын объектілердің қате шоттарға жіктелгені анықталды.
2026 жылғы 26-маусымдағы бухгалтерлік анықтама негізінде жалпы сомасы 31 833,5 мың теңгені құрайтын 9 дана практикалық пайдаланылатын объектілер дұрыс шоттарға жіктеу арқылы бухгалтерлік есеп бойынша калпына келтірілді.
Сонымен қатар, аталған бұзушылықтарға жауапты бас есепші Н.Сеилтаева Ақниет орталығының 2026 жылғы 1-шілдесіндегі №73-к бұйрығымен ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.
3. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ң «Алматы облысының еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қараай - Мобильдік орталық).
Тармақ 1. Мобильдік орталық тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы және 4-бабы 12-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылға 064/015 бюджеттік бағдарламасы бойынша 91 271,0 мың теңге көлеміндегі қаржының артық жоспарлау нәтижесінде бюджет қаражаттарының тиімсіз жоспарлауы орын алған.
Тармақ 2. Мобильдік орталық тарапынан №171-VII Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы 064/015 бюджеттік бағдарламасы бойынша 94 637,0 мың теңге көлеміндегі қаржыға артық жоспарлау нәтижесінде бюджет қаражаттарын тиімсіз жоспарлау орын алған.
Тармақ 3. Мобильдік орталық тарапынан №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасы және 4-бабы 12-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылға 068/100 кіші бюджеттік бағдарламасы бойынша 854 716,0 мың теңге көлеміндегі қаржының артық жоспарлау нәтижесінде бюджет қаражаттарының тиімсіз жоспарлау орын алған.
Тармақ 4. Мобильдік орталық тарапынан №171-VII Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы 068 бюджеттік бағдарламасы бойынша 1 464 888,0 мың теңге көлеміндегі қаржыға артық жоспарлау нәтижесінде бюджет қаражаттарын тиімсіз жоспарлау орын алған.
Тармақ 5. Мобильдік орталық тарапынан №468 Есептілік қағидасының 27-тармағы 114 «Негізгі құралдар» жолы талаптарын сақтамау салдарынан 2024 жылдың 31-желтоқсаны жасақталған бухгалтерлік баланстың деректері бойынша жалпы қалдық сомасы 177,7 мың теңгенің 59 дана негізгі құралдары 1300 «Қорлар» кіші бөлімі шоттарына қате жіктелу нәтижесінде 2024 жылдың қаржылық есептілігінің бұрмалануына әкеліп соққан.
Тармақ 6. Мобильдік орталық тарапынан №393 Есеп қағидасының 114, 115, 118-тармақтары және №468 Есептілік қағидасының 25, 79-тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 610 521,7 мың теңгені құрайтын салық төлемдерінің дебиторлық берешек ретінде Бухгалтерлік баланста көрсетілмегені 2024 жылдың қаржылық есептілігінің бұрмалануына әкеліп соққан.
2024 жылдың қорытындысы бойынша жасақталған Қаржылық есептілікте бұрмалану жағдайлары орын алған үшін Мобильдік орталықтың есепшісі Баймұханов Мұқағали Тілеужанұлына Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабы 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес 2025 жылдың 4-желтоқсанында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, аталған 196,6 мың теңге көлеміндегі айыппұл 2025 жылдың 9-желтоқсанындағы №534314789504 түбіртегімен бюджетке өтелген.
Тармақ 7. Мобильдік орталық тарапынан №223 Есеп қағидасы 140, 141, 144 -тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылдың 31-желтоқсаны жағдайына жасақталатын Бухгалтерлік баланста жалпы сомасы 1 123 782,2 мың теңгені құрайтын салық төлемдерінің дебиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды, оның ішінде: аудит жүргізу уақытына есепке алынбаған салық төлемдерінің сомасы 1 057 409,7 мың теңгені құраған.
Тармақ 8. Мобильдік орталық тарапынан №230 Есептілік қағидасының 24, 74 -тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан жалпы сомасы 1 123 782,2 мың теңгені құрайтын салық және басқа да төлемдер Бухгалтерлік баланстың «Қысқа мерзімді активтер» бөлімі бойынша дебиторлық берешекті көрсетілмеу нәтижесінде 2025 жылдың қаржылық есептілігінің бұрмалануына әкеліп соққан.
Тармақ 9. Мобильдік орталық тарапынан Еңбек Кодексінің 103-бабы 1-тармағы және Субсидия қағидасы 39-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2024-2025 жылдары Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға жалпы сомасы 749,9 мың теңге көлеміндегі еңбекақылар негізсіз төленгені анықталды.
Тармақ 10. Мобильдік орталық тарапынан Еңбек Кодексінің 103-бабы 1-тармағы және Субсидия қағидасы 39-тармағы талаптарын сақтамау салдарынан 2024-2025 жылдары «Күміс жас» жобасына қатысушыларға жалпы сомасы 1 839,2 мың теңге көлеміндегі еңбекақылар негізсіз төленгені анықталды, оның ішінде: 2024 жылы – 467,2 мың теңге, 2025 жылы – 1 372,0 мың теңге.
Тармақ 11. Мобильдік орталық тарапынан №171-VII Бюджет кодексінің 4-бабы 6)-тармақшасы талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылы 068-101 кіші бюджеттік бағдарламасы бойынша 5 648,0 мың теңге көлеміндегі қаржының игерілмеу нәтижесінде бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалану орын алған.
Тармақ 12. Мобильдік орталық тарапынан №223 Есеп қағидасы 5-тармағы және №170 Шоттар жоспарының 10, 16, 20 -тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан 2025 жылдың 31-желтоқсаны жағдайына жалпы қалдық сомасы 1 248,5 мың теңгені құрайтын 94 дана құралдардың қате шоттарға жіктелгені анықталды.
Тармақ 13. Мобильдік орталық тарапынан №230 Есептілік қағидасының 24, 26- тармақтары талаптарын сақтамау салдарынан жалпы қалдық сомасы 380,7 мың теңгені құрайтын 47 дана қорлар мен 3 дана бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарының 2300 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі шоттарына қате жіктелу нәтижесінде 2025 жылдың қаржылық есептілігінің бұрмалануына әкеліп соққан.
2026 жылғы 28-шілдедегі бухгалтерлік анықтама негізінде жалпы сомасы 1 248,5 мың теңгені құрайтын 94 дана құралдарды дұрыс шоттарға жіктеу арқылы бухгалтерлік есеп бойынша калпына келтірілді.
Бұл жерде, 2025 жылдың қорытындысы бойынша жасақталған Қаржылық есептілікте бұрмалану жағдайлары орын алған үшін Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабы 1-тармағы 2-тармақшасы талаптарына сәйкес: бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепке алуда көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, бухгалтерлік құжаттамаға ұйымның шаруашылық және қаржылық қызметі туралы көрінеу жалған ақпаратты енгізу, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Мобильдік орталықтың 2026 жылғы 3-тамыздағы №01-17/103-нқ бұйрығымен бас есепшісі А.П.Рахымкулова Ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.
4. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ң «Қонаев қаласындағы күндіз болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қараай - Мекеме).
Тармақ 1. Бюджет қаражатын жоспарлап, бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсанындағы №95-IV Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 4-бабының 9) тармақшасында көзделген бюджеттің негізділік қағидаты сақталуы тиіс. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабының 6-тармағына сәйкес бюджеттік өтінімде жоспарланып отырған шығыстардың есептері мен негіздемелері қамтылуы қажет.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 2-тармағына сәйкес бюджеттік өтінімнің мақсаты сандық және қаржылық ақпарат негізінде шығыстар көлемін негіздеу болғандықтан, шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша есептеулер жасалып, ұсынылған есептердің дұрыстығы мен негізділігі тиісті растайтын құжаттармен қамтамасыз етілуге тиіс.
Алайда, Мекеме Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсанындағы №95-IV Бюджеттік кодексінің 4-бабының 9) тармақшасында көзделген бюджеттің негізділік қағидатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 8-тармағының талаптарының бұзылуына жол берілген.
Атап айтқанда, 2024 жылы бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру кезінде 149, 159, 142 ерекшеліктері бойынша, 2025 жылы 158,159 ерекшеліктері бойынша жоспарланған шығыстардың есептеулері коммерциялық ұсыныстармен және тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын өзге де құжаттармен негізделмеген. Нәтижесінде бюджеттік қаражатқа қажеттілік тиісті деңгейде расталмай, бюджеттік өтінімдер жеткілікті экономикалық негіздемесіз ұсынылған. Бұзушылыққа жол берген жауапты лауазымды тұлға жұмыстан босатылған. Жауапты лауазымды тұлғаның жұмыстан босатылуына байланысты тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралмайды.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсанындағы №95-IV Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағы 12-4)-тармақшасына сәйкес бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану – бюджет қаражатын бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жоспарлау және (немесе) пайдалану болып табылады.
Сонымен қатар, №95-IV Бюджет кодексінің 4-бабы 12-тармақшасына сәйкес тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару деп айқындалған. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің №95-IV 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасының және 4-бабы 12-тармақшасының талаптары сақталмаған.
Атап айтқанда, 2025 жылға арналған ғимаратты жалға алу шығыстары бойынша бюджет өтінімінде 82 255,0 мың теңге көлемінде қаражат жоспарланған. Алайда жасалған шарттың нақты сомасы 60 811,9 мың теңгені құраған. Осылайша, 21 443,0 мың теңге көлеміндегі бюджеттік қаражат шығындары қажеттілікке сәйкес келмей, тиімсіз жоспарланған. Бұзушылыққа жол берген жауапты лауазымды тұлға жұмыстан босатылған. Жауапты лауазымды тұлғаның жұмыстан босатылуына байланысты тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралмайды.
Тармақ 3. Мекеме тарапынан Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің №95-IV 3-бабы 1-тармағы 12-4) тармақшасының және 4-бабы 12-тармақшасының талаптары сақталмаған.
Атап айтқанда, 2025 жылға арналған мүгедектігі бар балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі шығыстары бойынша жоспарланған бюджет өтінімінде 24791,0 мың теңге көлемінде қаражатты құраған. Алайда жасалған шарттың нақты сомасы 14412,6 мың теңгені құраған. Осылайша, 4 587,4 мың теңге көлемінде, ал 2024 жылы тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі шығыстары бойынша бюджет өтінімінде 21 203,0 мың теңге жоспарланып, тамақтандыруға жұмсалған нақты шығыстар 2653,3 мың теңгені құраған, осылайша 18 549,7 мың теңге көлемінде бюджеттік қаражат шығындары қажеттілікке сәйкес келмей, тиімсіз жоспарланған. Бұзушылыққа жол берген жауапты лауазымды тұлға жұмыстан босатылған. Жауапты лауазымды тұлғаның жұмыстан босатылуына байланысты тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралмайды.
Тармақ 4. 2025 жылға Мекемемен автобус сатып алу мақсатында 32 000,0 мың теңге көлемінде бюджеттік қаражаты жоспарланып, бөлінген. Алайда, техникалық ерекшеліктің сапасыз және толық емес әзірленуі салдарынан, мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша жеткізілген автобус ерекше қажеттіліктері бар балаларды тасымалдауға жарамсыз болып шыққан. Осыған байланысты, белгіленген мерзімдерде қажетті нәтижеге қол жеткізілмеу және техникалық сәйкессіздік фактісін негізге ала отырып, мекеме тарапынан уәкілетті органға жоспарланған бюджеттік қаражатты алып тастау туралы хат жолданған.
Аталған жағдай, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабының 3) тармақшасында белгіленген бюджеттік қаражатты тиімді және нәтижелі пайдалану қағидатының сақталмауын көрсетеді, өйткені бюджеттік жоспарлау кезеңінде шығыстардың нақты қажеттілігі мен функционалдық талаптары жеткілікті деңгейде негізделмеген және техникалық спецификация талаптары тиісті түрде айқындалмаған. Нәтижесінде, бюджеттік қаражатты жоспарлау және техникалық тапсырманы (техникалық ерекшелікті) әзірлеу кезеңіндегі кемшіліктер салдарынан 2025 жылы 32 000,0 мың теңге бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануы фактісі орын алған. Бұзушылыққа жол берген жауапты лауазымды тұлға 2025 жылдың наурыз айында жұмыстан босатылған. Жауапты лауазымды тұлғаның жұмыстан босатылуына байланысты тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралмайды.
Тармақ 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 15-тармағы талаптарының сақталмауынан, тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын дұрыс қамтамасыз етпегендіктен, жеткізушіге бір тауар үшін төлемнің екі рет жүргізілгені анықталды. Нәтижесінде 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 233,3 мың теңге сомасындағы бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған.
Артық аударылған қаражат бухгалтерлік есепте дебиторлық берешек ретінде көрсетілгеніне қарамастан, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабының 9) тармақшасында белгіленген бюджет қаражатын нәтижелілік пен тиімділік қағидаттарына сәйкес пайдалану талаптарының сақталмауы орын алып, жеткізушіге негізсіз төлем жүргізілуі салдарынан 2024 жылы 233,3 мың теңге тиімсіз пайдаланылған. Бұзушылыққа жол берген жауапты лауазымды тұлға 2025 жылдың қаңтарда жұмыстан босатылған. Жауапты лауазымды тұлғаның жұмыстан босатылуына байланысты тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралмайды.
Тармақ 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының 243 тармағына сәйкес негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі дұрыс құжатты ресімдеуді және мемлекеттік мекеме ішінде олардың ауысуының түсімі мен шығуын есепке алу тіркелімдерінде уақытылы көрсетуді, сондай-ақ әрбір объектінің (заттың, жиынтықтың) сақталуы мен дұрыс қолданылуын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 5 тарау 16 тармағына сәйкес 2300 «Негізгі құралдар» кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған.
Алайда, мекеменің ұсынған 2024-2025 жылдың тауар материалдық қорлар қалдықтарының айналым ведомосына сәйкес, ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы № 393 бұйрығының 243 тармағының және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы №281 бұйрығының 5 тарау 12,13,16 тармақтарының талаптары сақталмағаны анықталған, яғни жалпы құны 2024 жылы – 788,0 мың теңге, 2025 жылы – 1777,0 мың теңге негізгі құралдар тауарлық материалдық қорлардың шоттарына жатқызылған.
Аудит барысында 2026 жылдың 23 маусымында бухгалтерлік анықтамамен 2 565,0 мың теңге негізгі құралдар шоттарына қалпына келтірілген.
5. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ң «Аяла» Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 4-бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының (күші жойылған) 4 және 247-тармақтарының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 4 және 286-тармақтарының талаптарын сақтамауына байланысты, Мекеме жер учаскесін ғимараттан бөлек көрсету бойынша шаралар қабылдамаған, себебі жер – активті танудың жеке бірлігі болып табылады.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 4-бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының (күші жойылған) 4 және 243-тармақтарының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 4 және 282-тармақтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарының 16-тармағының (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 170 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) талаптарын сақтамау нәтижесінде аудит барысында Мекемеде негізгі құралдардың бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында есепке алынбағаны анықталды.
Атап айтқанда, 2322 «Тұрғын ғимараттар» шотында техникалық паспортқа сәйкес Талғар қаласы, Латифа Хамиди көшесі, 38-үй мекенжайында орналасқан, жалпы алаңы 1 899,3 шаршы метр болатын емдеу корпусының тұрғын емес ғимараты есепте тұрған. Оның 2024 жылғы баланстық құны – 246 857,8 мың теңге, 2025 жылғы баланстық құны – 246 857,8 мың теңге.
Осыған байланысты, аудит барысында жалпы сомасы 19 269,9 мың теңге мөлшерінде тозу сомасы қосымша есептелді (2024 жыл үшін – 7 707,9 мың теңге; 2025 жыл үшін – 11 561,9 мың теңге).
Осылайша, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну қағидаларының 7-қосымшасының 3 және 16-тармақтарын (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 «Қаржылық есептіліктің нысандарын, мерзімділігін және оны жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) бұза отырып, 2025 жылғы 1 қаңтардағы және 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жоғарыда көрсетілген негізгі құралдар мен материалдардың баланстық құны бухгалтерлік баланста дұрыс көрсетілмеген, ал Қаржылық қызмет нәтижелері туралы есептің 114-жолында жинақталған амортизация сомасы дұрыс көрсетілмеген. Аталған мән-жайлар бухгалтерлік есепте көрсетілген деректердің дәйексіздігін көрсетеді, бұл бұрмаланған қаржылық есептіліктің жасалуына алып келген. Аудит барысында тиісті түзету жүргізіліп, түзету бухгалтерлік жазбасы берілді.
3-тармақ. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 4-бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының (күші жойылған) 4, 114, 115, 116-тармақтарының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 4, 140, 141, 142-тармақтарының талаптарын сақтамау салдарынан, 2025 жылғы 1 қаңтардағы және 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бухгалтерлік баланстың 013 «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» жолында 2024 жыл үшін 288,6 мың теңге, 2025 жыл үшін 9 996,8 мың теңге мөлшеріндегі дебиторлық берешек көрсетілмеген.
Аудит барысында 246 857,8 мың теңге сомасына түзету жүргізіліп, түзету бухгалтерлік жазбасы берілді (2322 «Тұрғын ғимараттар» шотынан 2321 «Тұрғын емес ғимараттар» шотына ауыстыру), сондай-ақ жалпы сомасы 19 269,9 мың теңге мөлшерінде тозу сомасы қосымша есептелді (2024 жыл үшін – 7 707,9 мың теңге; 2025 жыл үшін – 11 561,9 мың теңге).
6. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ң «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) 4-бабының 6), 9), 12) тармақшаларының, 67-бабының 12-тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 7, 8, 51, 52-тармақтарының талаптарын бұза отырып, 028 «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған тәуекел топтарындағы адамдарға қызмет көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығыстар көлемінің дұрыстығы мен негізділігін қамтамасыз етпеу себебінен Мекеме 2024 жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 263 776,0 мың теңге мөлшерінде тиімсіз жоспарлауға жол берген.
Тармақ 2. Сонымен қатар, аудит барысында «Мекеме: Бюджеттік жоспарлау және қаржыландыру» жүйесінен жүктелген бюджеттік өтінімдерде сұратылған сомалар мен 121 «Әлеуметтік салық» ерекшелігі бойынша бөлінген қаржыландыру сомасы арасында 397,0 мың теңге мөлшерінде, сондай-ақ 159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» ерекшелігі бойынша 1 555,0 мың теңге мөлшерінде сәйкессіздіктер анықталды.
Аталған жағдай Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) 4-бабының 9), 12) тармақшаларының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларының 6-тармағының талаптарына қайшы келеді.
Тармақ 3. Осылайша, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) 4-бабының 9) және 12) тармақшаларында көзделген негізділік және тиімділік қағидаттарының жалпы сомасы 5 735,0 мың теңге мөлшерінде сақталуы қамтамасыз етілмеген.
Тармақ 4. «Қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ Жарғысының 1-тарауының 3-тармағының ұйымның жобалық қуаты туралы мәліметтерді «80 адамға есептелген» деген ескертпемен Жарғыға енгізу бөлігіндегі талаптары сақталмаған.
Тармақ 5. Жалға алынған ғимараттағы жатын бөлмелердің жалпы алаңы 405,5 шаршы метрді құрайды, бұл 18 жастан асқан адамдардың стационар жағдайында тұру нормаларының бұзылуына әкеп соғады.
Себебі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына № 1 қосымшаның 3-тарауы 25-тармағының 2) тармақшасына (өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) сәйкес, әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге тұрғын алаңын ұсыну жатады, оның ішінде 18 жастан асқан бір адамға арналған жатын бөлмеде кемінде 5 шаршы метр алаң қарастырылуы тиіс.
Бұл Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің (өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) 4-бабының 9), 12), 13) тармақшаларында көзделген бюджет жүйесінің негізділік, тиімділік және жауапкершілік қағидаттарының бұзылуы болып табылады және соның салдарынан жалпы сомасы 3 509,9 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлауға және пайдалануға алып келген.
Тармақ 6. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының 4-бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының (күші жойылған) 4, 114, 115, 116-тармақтарының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының 4, 140, 141, 142-тармақтарының талаптарын сақтамау салдарынан, 2024 жылғы 31 желтоқсандағы және 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік баланстың 013 «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» жолында 2024 жыл үшін 216,1 мың теңге, 2025 жыл үшін 811,4 мың теңге мөлшеріндегі дебиторлық берешек көрсетілмеген.
Сонымен қатар, бухгалтерлік баланстың 212 «Бюджетке төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» жолында 2024 жыл үшін 409,4 мың теңге мөлшеріндегі кредиторлық берешек көрсетілмеген.Аталған мән-жайлар бухгалтерлік есепте көрсетілген деректердің дәйексіздігін көрсетеді, бұл бұрмаланған қаржылық есептіліктің жасалуына алып келген.
2025 жылғы бухгалтерлік балансты жасауға және ұсынуға жауапты лауазымды тұлға А. Абдрашева (ЖСН: 910714400830) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 238-бабы 1-бөлігінің 1) тармағында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты, яғни бұрмаланған қаржылық есептілікті жасау, бухгалтерлік есепте көрсетілуге жататын деректерді жасыру (101201 – жеке табыс салығы және 103101 – әлеуметтік салық) бойынша жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Аталған әкімшілік жауаптылық Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген бюджет қаражатының 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 31 қаңтарға дейінгі кезеңде пайдаланылуының сәйкестігін тексеру қорытындылары бойынша 2025 жылдың нәтижелері негізінде қолданылды. (2026 жылғы 5 маусымдағы № 28 аудиторлық есеп, 2025 жылғы 8 маусымдағы № 251900720000236 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама).
7. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ң «Бақанас арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 9,12 тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары»-ның 7 тармағының талаптары толық басшылыққа алынбай, 141,142,149,159 ерекшеліктер бойынша 2024 жыл басында 65254,0 мың теңге тиімсіз жаспарланған.
2-Тармақ. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік кодексінің 69 бабы 1 тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары»-ның 7 тармағының талаптары толық сақталмай 2024 жылы Мекеменің балансында 2 автокөлік тіркелген,бірақта штаттық кестесінде 4,0 бірлік жүргізуші қаралып, 2 жүргізушіге айына 319,3 мың теңге, ал 1 жылға 3831,8 мың теңге еңбек ақылары артық жоспарланған, сонымен бірге 218,8 мың теңге сауықтыру жәрдемақысы артық жоспарланған.
3-Тармақ. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 9,12 тармақтарының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары»-ның 7 тармағының талаптары толық басшылыққа алынбай, 141, 142, 149, 159 ерекшеліктер бойынша 2025 жыл басында 24 353,0 мың теңге тиімсіз жаспарланған.
2025 жылдың 25 шілдесінде Мекеме мен «NIYET construction»ЖШС-ік арасында №32 келісім шарты Газбен жабдықтау / газ тарату желілерінің / жүйелерінің / объектілерінің / станциялардың құрылысы (салу) бойынша жұмыстарна келісім шарттары жасалынып, объектіні пайдалануға қабылдау актісімен 14.11.2025 жылғы мекеменің балансын 2330 – «Құрылыстар» шотына жалпы соммасы 129768,3 мың теңге қойылған.
4-Тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі №170 «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығының 5 тарауы 2 бөлімінің 16 тармағының талабы сақталмай газбен жабдықтау / газ тарату желілерінің / жүйелерінің жалпы құны 129 768,3 мың теңге 2340 «Беру құрылғылары» шотына қойылмай 2330 – «Құрылыстар» шотына қойылған.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): болмаған.
III. Қорытынды бөлік.
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін бюджет қаражатын пайдалану және мемлекет активтерін басқару кезіндегі қаржылық бұзушылықтар бойынша аудит объектілерімен жүргізілген іс шарамен жалпы сомасы 701 241,7 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары бюджетке өтелді және қалпына келтіру жолдарымен түзетілді, оның ішінде:
- 2 374,7 мың теңге көлеміндегі қаржылар бюджетке өтелді,
- 698 867,0 мың теңге сомасындағы активтердің бухгалтерлік есепке алу арқылы қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабы 10-2-тармағына сәйкес 3 факті негізінде Басқарманың бұрынғы басшысына және 238-бабы 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес 4 факті негізінде аудит объектісінің есепші қызметкерлеріне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шара қолдануға, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне хаттар жолданды.
Қазіргі уақытта Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде 7 әкімшілік іс қаралуда.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бөлінген жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдалану және мемлекет активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 30 883 947,0 мың теңге қамтылды және жалпы сомасы 6 122 991,2 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- 703 830,8 мың теңге бюджет қаражатын пайдалану кезіндегі қаржылық бұзушылықтар (оның 4 963,8 мың теңгесі өтелуге, 698 867,0 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады), аудит барысында өтелгені 2 374,7 мың тенге немесе 47,8% және 698 867,0 мың теңгесі қалпына келтірілді немесе 100%;
- 1 057 409,7 мың теңгеге мәлімденбеген бюджетке түсетін түсімдер сомалары анықталған, алайда аталған сома салық органына мәлімдеу арқылы қалпына келтірілмеді;
- 4 247 852,6 мың теңге тиімсіз жоспарлаулар;
- 113 898,1 мың теңгеге тиімсіз пайдаланулар, - бойынша бұзушылықтар анықталған.
Аудит барысында 11 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға жол берілген.
Бұдан басқа, аталған аудиторлық іс шаралар қорытындысы бойынша:
- 3 жеке тұлғалар тәртіптік жазаға тартылған;
- 7 бірлік әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің:
- 207-бабы 10-2 тармағы бойынша 3 факті,
- 238-бабы бойынша 4 факті, - анықталған.
Сонымен қатар, «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ң 2024 жылдың 7-қарашасындағы №150 бұйрығына сәйкес «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоспарлы сыйымдылығы 101 төсек-орыннан 80 төсек-орынға дейін төмендетілген. Алайда, аудит жүргізу мерзіміне, Бейімдеу орталығы тарапынан Жарғының 1-тарауы 3-тармағына ұйымның жобалық қуаты туралы мәліметтерге «80 адамға есептелген» деген ескертпе енгізілмеген, яғни Бейімдеу орталығымен 2024-2025 жылдары Жарғыға енгізу бөлігіндегі талаптарының сақталмау салдары жүйелік кемшілікке әкеліп соққан.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бөлінген жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдалану және мемлекет активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1. Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бөлінген жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдалану және мемлекет активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
2. Аудит объектілері тарапынан тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін анықталған қаржылық бұзушылықтар бойынша бюджет есебіне 2 347,7 мың теңгенің бюджетке өтелуі және 698 867,0 мың теңге сомасындағы активтердің бухгалтерлік есепке алынуы жолымен қалпына келтіру шаралары бойынша кемшіліктер назарға алынсын және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарды болдырмау мен алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілсін.
3. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемелекеттік мекемесінде анықталған қаржылық бұзушылықтар бойынша 2 589,1 мың теңгенің бюджет есебіне өтелуі және 1 057 409,7 мың теңге сомасындағы бюджетке түсетін түсімдерді салық органдарында мәлімдеу жолымен қалпына келтіру шараларын қабылдау үшін нұсқама жіберілсін.
4. «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-ң «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жарғысының 1-тарауы 3-тармағына ұйымның жобалық қуаты туралы мәліметтерге «80 адамға есептелген» деген ескертпені енгізу шараларын жүргізу туралы ұсынымы жіберілсін.
3.4. Қосымша: (20 парақ) аудит барысында анықталған бұзушылықтардың жиынтық тізілімі, анықталған жүйелі кемшіліктер бойынша жиынтық кесте.
Тексеру комиссиясының мүшесі Е. Бақытов
Аудит жүргізуге жауапты
№1 мемлекеттік аудит бөлімінің
басшысы - мемлекеттік аудитор Б. Орманов
Аудит тобының жетекшісі,
№1 мемлекеттік аудит бөлімінің
бас маманы - мемлекеттік аудиторБ. Молдабеков
Аудиторлық іс-шараны жүргізген
мемлекеттік аудиторларА.Құлмұханбетова
Б. Молдабеков
А. Турсунбекова
Талдау, сапаны жоспарлау және
бақылау бөлімінің бас маманы
-мемлекеттік аудитор Т. Әбішев
Әкімшілік-құқықтық
бөлімінің басшысы
-мемлекеттік аудитор М. Сканов























