Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 01.10.2026
Просмотры: 4 Печать страницы

                                                                                                                  

 

 

Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражатын талдау және бағалаудың мемлекеттік аудиті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қонаев қаласы

2026 жыл

 

 

Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М. Мұсаевқа

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлім

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: «Мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру  тиімділігін талдау және бағалаудың мемлекеттік аудиті.

        1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: «Мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражатын талдау, бағалау» тиімділігіне мемлекеттік аудитін жүргізу.

1.3. :

1.  «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі қарай - Басқарма);

2. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы көпсалалы клинкалық ауруханасы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі «Кәсіпорын») ;

         3. «ИНТЕРНЭШНЛ АКАДЕМИ ОФ МЕДИЦИН ЭНД САЙНИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі «IAMS» серіктестігі);

1.4.Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 2026 жылдың 31-наурыз аралығы.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік.

         2.1. Аудит нысанасы бойынша жағдайдың қысқаша талдау

Алматы облысы бойынша тексеру комиссияның мемлекеттік аудит объектісінің 2026 арналған тізбесіне сәйкес аудитпен қамтылатын Алматы облысы денсаулық сақтау саласында  «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың» денсаулық сақтау қызметінің тиімділігіне, сондай-ақ, жергілікті бюджет қаражатына мемлекеттік активтерді  сатып алудың жоспарлануына және игерілуінің тиімділігіне талдау, бағлау және зерделеу жүргізілді.

«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан Мемлекеттік әріптес) және  «International Academi of medicine and scienes» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі «IAMS» ЖШС, жеке әріптес) арасында жасалған 05.11.2020 жылғы №6 «Сатып алу құқығынсыз «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын сенімгерлік басқару» жобасын жүзеге асыру үшін жасалған шартымен сенімгерлікке басқаруға 30(отыз) жылға берілген.

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мәні - мемлекеттік әріптес жеке әріптеске МЖӘ объектісін мүліктік кешен ретінде сенімгерлік басқаруға береді, ал жеке әріптес МЖӘ объектісін басқаруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, «Алматы көп салалы клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жарғысында және шартта белгіленген мақсаттарға қол жеткізе отырып, осы Шарт бойынша пайда алушы ретінде әрекет ететін мемлекеттік әріптес мүддесінде жүзеге асыруға міндеттенген.

№6 мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының 65-тармағының 1-тараудың маңызды талабында қуаты кемінде 360 төсек болатын Жаңа емдеу корпустарын салу және МЖӘ объектісін медициналық заманауи жабдықтарымен қамтамасыз ету көрсетілген.

         Жобаны іске асыру мерзімі 05.11.2020-31.12.2050 ж.ж.

         Инвестициялық кезең 13.11.2020ж.-13.11.2024ж.

         Пайдалану кезеңі 13.11.2024-31.12.2050жж.

          Жобаның құны 5 602 279,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде  5 100 000,0 мың теңге инвестициялық шығындар, 502 279,0 мың басқару үшін сыйақы сомасы енгізілген. Атағанда:

 Басқару үшін сый ақысын өтеу мерзімі 4 (төрт) жылға Кестесі  бекітіліп,  2021 жылы 125 570 мың теңге, 2022 жылы 125 570,0 мың теңге, 2023 жылы 125 570,0 мың теңге, 2024 жылы 125 569,0 мың теңге, барлығы 502 279,0 мың теңгені, яғни басқарудың сый ақысын Мемлекеттік әріптес аударуға және 4(төрт) жыл ішінде тең үлестерімен төлемдер кестесіне сәйкес жүзеге асырылуы көзделген.

05.11.2020 ж-ғы №6 келісім шарттың №3 қосымшасына сәйкес Инвестициялық шығындарды өтеу мерзімі 5 (бес) жылға бекітілген, онда : 2025 жылы 400 000,0 мың теңге, 2026 жылы 1 116 250,0 мың теңге, 2027 жылы 1 116 250,0 мың теңге, 2028 жылы 1 116 250,0 мың теңге, 2029 жылы 1 116 250,0 мың теңге, 2030 жылы 235 000,00 мың теңге,  барлығы 5 100 000,00 мың теңгенің  инвестициялық шығыны үшін Жеке әріптеске аудару жоспарланған.

     Өз кезегінде, Мемлекеттік жекелік әріптестік шартына сәйкес Жобаны жүзеге асыруда Жеке әріптес тарапынан Объектіге  5 548 463,00 мың теңгенің инвестициялық қаражатын жұмсалатыны қарастырылып, белгіленген, оның ішінде:

  • 2021 жылы 448 463,0 мың теңгенің кредиторлық берешектің өтелуі;
  • 2021 жылы құны 400 000,0 мың теңгенің Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын ала отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау және әзірлеу шараларын жүргізу;
  • 2022 жылы 1 260 000,0 мың теңге, 2023 жылы 1 570 000,0 мың теңге, 2024 жылы 1 870 000,0 мың теңге, барлығы 4 700 000,0 мың теңгенің
  • қаражатына МЖӘ жобасы шеңберінде жаңа корпустар салу және жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен жарақтандыруды қамтамасыз ету бекітілген;

Аудиторлық шарада «Алматы облысының денсаулық  сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» Кәсіпорнын  сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға    «IAMS» ЖШС-іне берілуіне және мемлекеттік жекешелік әріптестікке қатысты қаржы шаруашылық операциялары қамтылды.

Алматы облысы бойынша тексеру комиссияның мемлекеттік аудит объектісінің 2026 арналған тізбесіне сәйкес «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тарапынан Мемлекеттік жекешелік әріптестік (бұдан әрі МЖӘ) жобасын жүзеге асыру шараларына 2021 жылдың 01 қаңтарынан 2026 жылдың 31 наурыз аралығында жергілікті бюджеттен қаралған қаражат пен активтердің жалпы көлемі – 2 018 529,0 мың теңгенің сомасын құрап, аудиторлық шарада барлығы 1 624 863,3 мың теңгенің бюджет есебінен аударылған қаражат көлемі қамтылды. Атап көрсеткенде:

 Мемлекеттік әріптес тарапынан 2021 жылдың қаңтарынан  2026 жылдың 31 наурызы аралығында, 2021 жылы 125 570,0 мың теңге, 2022 жылы 125 570,0 мың теңге, 2023 жылы 125 570,0 мың теңге, 2024 жылы 125 569,0 мың теңге, 2025 жылы 400 000,0 мың теңге, 2026 жылдың І тоқсанында 279 063,0 мың теңге, барлығы  1 181 342,0 мың теңгенің  бюджет қаражатын 2020 жылдың 05 қарашадағы №6 Шарт міндеттемесін орындау мақсатында «IAMS» ЖШС-іне аударған.

Сонымен қатар, «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ  мен «IAMS»ЖШС арасындағы 05.11.2020 ж. №6 МЖӘ  шартының  міндеттемесінің шеңберінен тыс және құрамына жатпайтын 443 521,3 теңгенің сомасын   «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотының 10.06.2025 жылғы №AIFC-C/CFI/2024/2028 сот шешімі негізінде «IAMS»  ЖШС-іне кредиторлық берешекті өтегені үшін облыс әкімшілінің резерві есебінен  аударылған.

2.2.Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері. Қазақстан Республикасы заңнамасында көрсетілген нормаларына және мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларына бөлінген бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерді тиімді пайдалануды жүзеге асыруда қаржылық шаруашылық операцияларының жүргізілуін талдау және зерделеуде келесі бұзушылық деректері анықталды. Атағанда:

- 443 521,0 мың теңгенің бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған;

- 891 984,3 мың теңгенің қаражаты тиімсіз пайдаланылған;

-37 989,6 мың теңге, 2025 ж-ғы қаржылық есептіліктің қорытындысы бойынша таза табыстың бір бөлігі аударылды;

- 13 бірлік рәсімдік сипатттағы бұзушылықтар, Оның ішінде, атап көрсеткенде:

         1.«Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

1-тармақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 724 бұйрығын және Алматы облысы әкімінің 2020 жылғы 15 маусымдағы № 74 өкіміне қосымшасына, Денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасының 8-қосымшасының 12-тармағын бұзылған,  кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет және қала құрылысы құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы және жер қатынастары басқармасының басшылары  комиссия құрамында енгізілмеген және қатынаспаған;

2-тармақ, ҚР ҰЭМ-нің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 724 бұйрығына денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасының 8-қосымшасының 8-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды сақталмаған, яғни сәйкес конкурстық комиссия МЖӘ жобасын және шарт жобасының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі негізгі міндеттердің бірін бұзды, атап айтқанда 14.10.2020 жылғы Хаттамаға сәйкес комиссия қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, МЖӘ шартының талаптары қабылданды.

Хаттаманың №1 қосымшасында шарттың жобасында баяндалған мазмұны және тараптар қабылдаған редакция жоқ, яғни конкурстық құжаттамаға осы Хаттамаға сәйкес келмейтін құжат қоса берілген бос кесте қоса берілген, бұл жобаны және шарттың талаптарын нақтылау жөніндегі келіссөздер талаптарына сәйкес келмейді;

3-тармақ, ҚР ҰЭМ 25.11.2015ж. №725 бұйрығының 15 тармақша талабы сақталмаған, яғни МЖӘ шартының жобасын жасақтауда "Алматы облысының қаржы басқармасы"ММ,  "Алматы облысының кәіспкерлік және индустриалдық-инновациаялық даму басқармасы, "Алматы облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, Алматы облысының сәулет және қалақұрылысы басқармасы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, жер қатынастары басқармасы және Табиғатты реттеу және табиғи ресурстарды басқармасы келісілмеген. 

         Қаржы басқармасының Шарттың түпкілікті редакциясын келіскенін растайтын құжат ұсынылмаған.

4-тармақ, Мемлекеттік мүлік туралы" ҚР Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес коммуналдық мүлікті мемлекет атынан басқару және оған билік ету құқығын уәкілетті орган ("қаржы басқармасы" ММ) жүзеге

асырады. Денсаулық сақтау басқармасына мүліктік кешендерге жеке-дара билік ету өкілеттігі берілмеген.

Яғни, «Қаржы басқармасы» тарапынан мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау үшін МЖӘ шартына қол қоюшы (тарап) ретінде  әрекет етуге міндетті екені анық.

            Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 7 – бабы, 3-тармағының талаптарын сақталмаған, яғни 05.11.2020 жылғы № 6 Шартты Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасымен және «IAMS» ЖШС арасында жасалған, аталған жағдайда мемлекеттік әріптес ретінде «Алматы облысының қаржы басқармасы» ММ-і қатынасуы қажет болатын;

5-тармақ, «ҚР Мемлекеттік жекешелік әріптестік туралы» Заңының 9 бабының 4 тармағы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі пайдалануға берілгеннен кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес кемінде бес жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлестермен жүзеге асырылуы керек еді.

6-тармақ, МЖӘ шартының 104, 106 тармақ талабы сақталмаған, яғни Жекелік партнер тарапынан Жекеше әріптес соманы ұлғайту жағына қарай түзету бөлігінде өзгеріс енгізілген.  

«Астана» АХҚО соты 12.05.2026 жылғы шешімді шығару кезінде шарттың 104, 106-тармағының талаптарын назарға алмаған, нәтижесінде жобалық сметалық құжаттамада көзделген инвестициялық шығындар  болып табылатын 11 087 429,7 мың теңге мөлшеріндегі соманы өндіріп алуға, сондай-ақ «Денсаулық сақтау басқармасына» 305 863,3  мың теңге көлемінде және 35 371,9 мың теңге мөлшерінде сот шығыстарын өтеуге үшін айыппұл төлеуге шешім шығарған

7-тармақ, Жеке әріптес тарапынан Шарттың 117-тармағының 4) тармақшасының талаптарын сақтамау кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақтылы аяқтау бөлігінде міндеттемелер орындалмады, өз кезегінде мемлекеттік әріптес тарапынан Шарттың 114,137,148-тармақтарында айқындалған тәртіппен тұрақсыздық айыбын өндіріп алу, шартты бұзу не өзгерту жөнінде уақтылы шаралар қабылданбады.  

Жеке серіктестің міндеті жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, жаңа емдеу корпустарын салуды және 01.01.2025 жылға дейінгі мерзімде кемінде 360 стационарлық төсекке жаңа бөлімшелер ашуды жүзеге асыру көзделген.

8-тармақ, Мемлекеттік әріптес 2021 жылдан 2026 жылға дейінгі кезеңде Шарттың 114-тармағының 5,6,8,9 тармақшаларының талаптарын орындамаған, атағанда:

- шарт бойынша жеке серіктес қабылдаған міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттарды талап ету және жеке серіктестен алу;

- заңнама мен шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру шеңберінде жіберілген бұзушылықтарды жоюды талап ету;

- жеке әріптес міндеттемелерін бұзғаны үшін, оның ішінде МЖӘ

 

объектісінің бейініне және МЖӘ объектісінің пайдалану әзірлігінің толықтығы өлшемшарттарына сәйкес көрсетілетін қызметтер сапасының индикаторларын бұзғаны үшін айыппұл түрінде тұрақсыздық айыбын өндіріп алу;

- жеке әріптес шарттың талаптарын бұзған жағдайда оның бұзылуын талап ету;

9-тармақ, Мемлекеттік әріптес шартты өзгерту, толықтыру, тоқтату және бұзу шарттары айқындалған 23-тараудың талабын орындамаған,

Атап айтқанда: Шарттың 149-тармағына сәйкес МЖӘ жобасы шеңберінде көзделген объектілерді жоспарлы салу күні кешіктірілген жағдайда, мемлекеттік әріптес құрылыс жұмыстарын аяқтау үшін қосымша 3(үш) ай ұсынуға құқылы.

Бұл ретте мемлекеттік әріптес жоспарлы аяқталған күннен бастап 30 (күнтізбелік күн) өткен соң МЖӘ жобасы шеңберінде Құрылысқа жоспарланатын объектінің құнынан әрбір күн үшін 0,1% мөлшерінде, бірақ объектілер құнының 3% - нан аспайтын мөлшерде кешіктіргені үшін айыппұл салынаты көрсетілген.

10-тармақ, Шарттың 150-тармағының талаптары орындалмады, яғни, тараптар 3 үш айға дейін келісім  құрылыс жұмыстары туралы келісімге келмеген және келісімді бұзу туралы шаралары қаралмаған және ұйымдастырылмаған.

11-тармақ, ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 25 қарашадағы № 724 бұйрықтың 18-қосымшаның 200-тармағы сақталмаған, МЖӘ шартының 125-тармағында мемлекеттік әріптес тарапынан жеке әріптестің қызметіне араласпау жөнінде шектеулер белгіленді.

12-тармақ, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы»Заңының 17-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік әріптес жеке әріптестің қаржы-шаруашылық қызметін тексермеген және көзделген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде аудиторлық ұйымды тарту жолымен тексеруді жүзеге асырмаған;

- Қолданыстағы шартта жеке әріптеске дауды сотта шешу үшін "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) сотына жүгінуге бастамашылық жасауға мүмкіндік берілді, ал мемлекеттік әріптеске АХҚО сотына жүгінуде шартта айқындалмады.

- Шарт жобасының редакциясында АХҚО соты туралы мәселе болмаған, яғни шарт жобасындағы 143-тармақ мынадай мазмұнда жазылған «Егер Шартты орындауға, өзгертуге немесе тоқтатуға байланысты дауларды, келіссөздер жолымен реттеу мүмкін болмаса, Тараптар мұндай дауларды Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратфикацияланған шарттарына сәйкес шешуге құқылы екендігі аталған.

ІІ. «ИНТЕРНЭШНЛ АКАДЕМИ ОФ МЕДИЦИН ЭНД САЙНИС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

13-тармақ, №6 Шарттың 76 тармағы, 117-тармақтың 3-тармақша талабы сақталмай 448 463,0 мың теңгенің кредиторлық берешегі «IAMS»

ЖШС тарапынан өндірілмеген, Мердігерлерге "Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы"Кәсіпорыны есебінен аударылған.

          14-тармақ, «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ  мен «IAMS»ЖШС арасындағы 05.11.2020 ж. №6 МЖӘ  шартының  міндеттемесі шеңберінен тыс және құрамына жатпайтын 443 521,3 теңгенің сомасын   «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотының 10.06.2025 жылғы №AIFC-C/CFI/2024/2028 сот шешімімен «ИНТЕРНЭШЛ АКАДЕМИ ОФ МЕДИЦИН ЭНД САЙНИС»  ЖШС-іне кредиторлық берешекті өтегені үшін облыс әкімшілігінің резерві есебінен  тиімсіз пайдаланылған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет кодексінің 147- бабында «Мемлекеттік жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері туралы» аталған, онда:

147-бабтың 2-3 тармақтарында «Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттеме лимиттері республикалық бюджет туралы заңда бекітіледі.

Сондай-ақ, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер тиісті бюджет комиссиясының шешіміне немесе мәслихаттың шешіміне, сондай-ақ ерекше маңызы бар жобалар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, шартта белгіленген сомалар мен мерзімдер шегінде ғана әрбір жеке мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша тіркелуге жататыны және жұмсалатыны аталған.

ҚР Бюджеттік кодексінің 147-бабының 2-3 тармақ талабы  сақталмай, «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-імен «IAMS»ЖШС-і арасындағы 05.11.2020жылғы №6 мемлекеттік жекешелік шарт шеңберінен тыс 443 521,3 мың теңгенің бюджет қаражаты «IAMS» ЖШС тиімсіз пайдаланылған.   

  15-тармақ. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 4-бабының 6 және 7-тармақшалары мен 70-бабының 1 және 3-тармақтарының 76-тармағына талабы сақталмаған, Шарттың №6 Шартының №6 қосымшасы және  117-тармағының 3) тармақша талабы сақталмай, «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК тарапынан 2020 – 2021 жылдары кредиторлық берешегіне аударылған 891 989,0 мың теңгенің  ( 448 463,0 мың теңге + 443 521,3 мың теңге) сомасы тиімсіз  пайдаланылған.

Себебі, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен «Кәсіпорын» қаржыландырылғандықтан 891 989,0 мың теңгенің сомасы тиімсіз жұмсалған деп есептеледі.

 

 

2.3.Мемлекеттік аудиті қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау(өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):_________________________

ІІІ.Қорытынды бөлік

          3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

         -«Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» Кәсіпорнында жүргізілген аудиторлық шара барысында 2025 жылдың қаржылық есептіліктің қорытындысы бойынша таза табыстың бір бөлігі, яғни 37 989,6 мың теңгенің сомасы жергілікті бюджеттің 201102 есебіне 16.07.2026 жылғы №788  төлем тапсырмасымен аудит барысында аударылды. 

         3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

Мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражатының тиімділігін талдау, бағалау және мемлекеттік активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген  мемлекеттік аудиті негізінде келесі деректер анықталды, атағанда:

     - Алматы облысы әкімі  атынан «Алматы облысының қаржы басқармасы» ММ-і 05.11.2020ж. №6 МЖӘ шартына қол қоюға қатынаспаған;

     - МЖӘ шартының 125-тармағында мемлекеттік әріптес тарапынан жеке әріптестің қызметіне араласпау жөнінде шектеулер белгіленген;

     - Мемлекеттік әріптес жеке әріптестің қаржы-шаруашылық қызметін тексермеген және көзделген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде аудиторлық ұйымды тарту жолымен тексеру жүргізілмеген;

   - 01.01.2025 ж. дейін 360 төсектік жаңа емдеу корпустарын салу жұмыстары аяқталмаған және МЖӘ жобасы шеңберінде Құрылысқа жоспарланатын объектінің құнынан әрбір күн үшін 0,1% мөлшерінде, бірақ объектілер құнының 3% - нан аспайтын мөлшерде кешіктіргені үшін тұрақсыздық айыбы есептелінбеген және айып пұлды салу туралы ескерту берілмеген;

  - мемлекеттік жекешелік жобаларын жүзеге асыруда 443 521,3 мың теңгенің бюджет қаражаты №6 МЖӘ шартынан тыс аударылған, яғни, 443 521,3 мың теңгенің сомасы тиімсіз пайдаланылған;

   - 2020-2021ж.ж. «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» Кәсіпорны (әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан ) есебінен  891 989,0 мың теңгенің қаражаты Мердігерлердің кредиторлық берешегін өтеу үшін  жұмсалған, яғни  891 989,0 мың теңгенің қаражаты тиімсіз жұмсалған;

- №6 қосымшада көрсетілген 448 463,0 мың теңгенің кредиторлық берешегі  Шарттың талабы бойынша жекеше әріптес тарапынан өтелуге тиіс болатын, алайда, 448 463,0 мың теңгенің берешегі «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» Кәсіпорнын, яғни Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен Мердігерлерге аударылған.

2. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VII Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы №379-V «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №724 бұйрығының (03.10.2024ж. №84 бұйрықпен күші жойылған), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығының (16.06.2025ж №52 бұйрығымен күші жойылған) және «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ мен «IAMS» ЖШС арасындағы Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқару» жобасын жүзеге асырудың  05.11.2020ж. №6 мемлекеттік-жекешелік-әріптестік шартының тармақтарының талаптары сақталмаған.

Қорыта келгенде, «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «IAMS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 05.11.2020 ж.№6 шартының талаптары мерзімінде орындалмағаны және сақталмағаны жүргізілген аудиторлық шарада анықталды.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы арқылы мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану және мемлекет активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі арқылы мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану және мемлекет активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелері Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.

2.2020 жылғы 5 қарашадағы № 6 «Сатып алу құқығынсыз "Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК сенімгерлік басқару» жобасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында жіберілген кемшіліктер заңнамада белгіленген тәртіппен қаралып, тиісті шаралар қабылдансын.

3. Бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына байланысты, алдағы уақытта осы тектес заңбұзушылықтар мен кемшіліктерге жол бермеу мақсатында тиісті алдын алу шаралары қамтамасыз етілсін. Нұсқама жолдансын.

3.4. Қосымша: анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі ( парақта).

 

 

 

 

 

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                                    А.Қондыбаева

Талдау, жоспарлау және сапаны бақылау

бөлімінің басшысы мемлекеттік аудитор                                     С. Елубаева

 

Әкімшілік-құқықтық

бөлімінің басшысы -мемлекеттік аудитор                                     М.Сканов

 

Талдау, жоспарлау және сапаны бақылау

бөлімінің бас маман - мемлекеттік аудитор                                    Т.Абишев 

 

№1 мемлекеттік аудит бөлімінің бас маман

 – мемлекеттік аудиторы                                                      Г.Назырова

 

                                                              

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ