Токаев
Касым-Жомарт Кемелевич
Токаев<br>Касым-Жомарт Кемелевич
Президент Республики Казахстан

Итоги государственного аудита

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ Туризм саласы

Категория: Итоги государственного аудита
Дата: 26.11.2026
Просмотры: 2 Печать страницы

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

I. Кіріспе бөлім

         1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Туризм саласын дамытуға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдалану және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының активтерін басқару тиімділігінің мемлекеттік аудиті.

         1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Туризм саласын дамытуға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдалану және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының активтерін басқару тиімділігін бағалау.

1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:

1.  «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

2. «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2024-2025 жыл.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік

         2.1. Аудит нысанасы бойынша жағдайдың қысқаша талдауы:

«Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс деңгейінде туризм қызмет нәтижелерін құру, өндіру, көбейту және жаппай тарату үшін туризм индустриясын дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.

Мақсаттары:  туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды;  туристік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды қамтамасыз етеді; мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асырады.

Туристік сала авиаөнеркәсіптен бастап қоғамдық тамақтану орындарына дейінгі экономиканың 30-дан астам саласын біріктіреді және өзара іс-қимыл жасасады. Туризм адамның, жалпы қоғамның мүдделеріне қызмет етіп, микро және макроэкономикалық деңгейде табыс көзі болып табылады. Туризм қосымша жұмыс орындарын құрудың негізгі факторларының біріне айналуда, жол және қонақ үй құрылысын дамытуды жеделдетеді, көлік құралдарының барлық түрлерін өндіруді ынталандырады, халықтық қолөнер мен аймақтар және елдердің ұлттық мәдениетін сақтауға ықпал етеді.

          Туризм экономиканың басым саласы болып табылатын елдерде жалпы өнімінің 80% - на дейін жеткізе алады.

          Басқарма өз қызметінде Алматы облысының 2023-2025 жылдарға арналған даму жоспарын, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын және басқа да стратегиялық құжаттарды басшылыққа алады.

Алматы облысының туристік әлеуетін «Іле-Алатау», «Шарын», «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктері, Қапшағай су қоймасы, Балқаш көлі, Тамғалы петроглифтері, Талхиз қаласы, Алматы тау кластері және басқа да көрнекті орындар құрайды. Алматы облысының «Visit Alatau» жаңа туристік бренді қабылданған және бекітілген.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

Аудит нәтижелері, оның ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы қысқаша нысанда ұсынылады:

«Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында Туризм саласын дамытуға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдалану және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудитпен барлығы 931 801,0 мың теңге қамтылып, жалпы сомасы 31 761,4 мың теңге көлемінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларының талаптарын сақтамау бойынша бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:

- Қаржылық бұзушылықтар 26 965,4 мың теңге, оның ішінде: бюджет есебіне өтелуге жататыны – 1673,2 мың теңге (негізсіз төленген еңбек ақы, сый ақылар мемлекеттік сатып алулар бойынша Орындаушылар есебінен ұсталынбаған тұрақсыздық айып соммалары) және бухгалтерлік есептілікте қалпына келтірілуге тиіс бұзушылықтар сомасы – 25 292,2 мың теңге (сатып алынған негізгі құралдар мен берешектер сомалары бухгалтерлік есепке алынбаған).

- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келмейтін жағдайларда тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары 2466,0 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары 2330,0 мың теңге (Аудитпен қамтылған кезеңде сатып алуға жоспарланған тауарлар мен қызметтерге бөлінген қаражаттардың өз мақсатында игерілмей пайдаланусыз бюджет есебіне қайтарылуы немесе басқа да шығындарға жұмсалуы).

Сонымен қатар 3 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған, олар  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңының талаптарына қайшы міндеттемелерін тиісті түрде орындамағаны үшін Орындаушыларды жосықсыз деп тану туралы сотқа жүгінбеу, тікелей келісім шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды негізсіз жүзеге асыру және Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiкті жүргізу қағидаларын сақтамау фактілері.

Көрсетілген заңбұзушылықтар түрлеріне қарай келесі аудит объектілерінде анықталған:

1. «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша:

 1) 001 «Жергілікті деңгейде туризм саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 149 «Өзге де қорларды сатып алу» ерекшелігіне Мекеме қызметін ұстауға қажетті таурлар сатып алуға 2024 жылдың басында 1598,0 мың теңге бөлініп, толығымен өз мақсатында жұмсалмай, жыл бойын жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу арқылы басқа да шығындарға жұмсалған.

Сондай-ақ, 2025 жылдың басында бюджеттк өтінімдер негізінде аталған ерекшелікке 1598,0 мың теңге қаралып, оның 866,0 мың теңгесіне ғана сатып алулар жүргізіліп, қалған 732,0 мың теңгесі өз мақсатында жұмсалмай, жыл бойы жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу арқылы басқа да шығындарға жұмсалған.

Бұл, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен белгіленген негізділік және тиімділік қағидаттарының сақталмағандығы, яғни барлығы 2330,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз пайдаланылған болып табылады.

2) 001 «Жергілікті деңгейде туризм саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігіне 2024 жылдың басында 1233,0 мың теңге бөлініп, толығымен өз мақсатында жұмсалмай, жыл бойы жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу арқылы басқа да шығындарға жұмсалған. Соның ішінде, 2024 жыл ішінде 531,0 мың теңгесі 112 ерекшелігіне жылжытылып қызметкерлерге сый ақы ретінде төленіп берілген.

Сондай-ақ, 2025 жылдың басында аталған ерекшелікке 1233,0 мың теңге қаралып, 2025 жылдың желтоқсан айында жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу арқылы басқа да шығындарға жұмсалған. Соның ішінде, 326,0 мың теңгесі 112 ерекшелігіне жылжытылып қызметкерлерге сый ақы ретінде төленіп берілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеу туралы» бірыңғай Ережесінің 13-тармағына сәйкес, сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.

Демек, аудитпен қамтылған кезеңде қызметкерлерге сый ақы ретінде аударылған 857,0 мың теңге қаражаттарын төлеу негізсіз болып табылады.

3) Жоғарыда көрсетілгендей, аудитпен қамтылған кезеңде 001 «Жергілікті деңгейде туризм саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 151 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелігіне жыл сайын негізсіз 1233,0 мың теңгеден жоспарлау, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексімен негізділік және тиімділік қағидаттарына қайшы болып келеді, немесе барлығы 2466,0 мың теңге қаражаттары тиімсіз жоспарланған болып табылады.

4) 2024 жылы Интернетке қол жеткізу бойынша қызметтер көрсету үшін «School of elektronics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 123,0 мың теңгеге түзілген келісім-шарт бойынша мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы 3-тармағы 50) тармақшасы негізінде, яғни  шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен негізсіз жүргізілген.

5) 2024 жылы «Параграф» ақпараттық жүйеге қызмет көрсету және техникалық қолдау қызметтерін көрсету үшін ИнфоТех & Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 214,8 мың теңгеге түзілген келісім-шарт бойынша мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы 3-тармағы 3) тармақшасы негізінде, яғни шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен негізсіз жүргізілген.

2. «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бойынша:

1) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V  Еңбек Кодексінің 103-бабы 1-тармағына қайшы Кәсіпорын қызметкерлеріне жұмыс уақытында жұмыста болмаған уақыттары ескерілмей 2024 жылы 305,3 мың теңге, 2025 жылы 116,1 мың теңге көлемінде еңбекақы негізсіз төленген.

2) 2024 жылы Қытай Халық Республикасының Бейжің – COTTM-2024 көрмесіне қатысуды ұйымдастыру үшін «YI GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 16 676,8 мың теңгеге түзілген келісім-шарт бойынша қз міндеттемелерін тиісті түрде орындамай, мерзімінен кешіктіріп орындағаны үшін Орындаушыға қатысты 394 752 теңге көлемінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алу және мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгіну шаралары қолданбаған.

3) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы № 234 Заңының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу туралы» Қағидаларының талаптары сақталмай, төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша 1 273,8 мың теңге дебиторлық берешек, әлеуметтік салық бойынша 3,3 мың теңге кредиторлық берешек, 2025 жылы 6 928,1 мың теңгеге сатып алынған және қазіргі уақытта пайдаланылып отырған 13 дана кресло, 13 дана компьютер, 12 дана көпфункциялы принтер негізгі құралдары, 2025 жылы Қазақстаннан тыс жерлерде көрме іс-шараларын ұйымдастыру (ITB (Қытай) қызметтерін сатып алу бойынша міндеттемелер орындалмастан «LEADER» жеке кәсіпкерлігіне негізсіз аудару себебінен қалыптасқан 17 997,0 мың теңге дебиторлық берешектер сомаларының 2025 жылға әзірленіп өткізілген есептілікте (бухгалтерлік баланста) көрсетілмеген немесе бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру фактісі орын алған.

2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Аудитпен қаралған мәселелер шеңберінде Алматы облысы бойынша туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған қызметінде шығындар тиімділігін және нәтижелілігін талдауда төмендегідей жағдайларға назар аударуды ұсынамыз:

1) «Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы» КМҚК-ның (халықаралық брендтік атауы — Alatau Visit) ашылуы өңірдегі туристік әлеуетті жүйелі түрде дамыту және халықаралық стандарттарға сай ақпараттық экожүйе қалыптастыру қажеттілігінен туындаған.

«Алматы облысының туризм басқармасы» ММ қарамағындағы «Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы» КМҚК (әрі қарай - Орталық) қызметі аймақтағы туризм әлеуетін ілгерілетуге, туристік маршруттарды әзірлеуге және салалық ақпараттық сүйемелдеуге бағытталған.

Жоғарыда көрсетілгендей, 004 «Туристік қызметті реттеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2024 жылдың басында 1 101 634,0 мың теңге бөлінген. Жыл бойы жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларымен өзгерістер енгізіліп, Мәслихат шешімдерімен бөлінген қаражат азайтылып, жыл аяғына түзетілген бюджет 149 068,0 мың теңгені құраған, яғни Алматы облысында туристік қызметті реттеу қызметтерін іске асыруға жоспарланған қажетті қаражаттар 952 566,0 мың теңгеге азайтылған.

Оның ішінде, Мекеме тарапынан Орталыққа 2024 жылдың басында 303 334,0 мың теңге аударылса, жыл бойы оның 156 866,0 мың теңгесі немесе 51,7 пайызы кері қайтарылып алынған.

Бұл, Мекеме қызметкерлерінің түсініктемесіне сәйкес, келесідей жағдайлар себебінен орын алған: Алматы облыстық Мәслихат шешімдерімен 2024 жылға жоспарланған бірқатар іс-шаралардың, атап айтқанда: Алматы облысының туристік саласын цифрландыру әдіснамасын әзірлеу және алдағы уақытта қолдануға енгізу, Шөл чемпионатын ұйымдастыру (Сарытауқұм құмы, Қараой үстірті), Қытайлық туроператорларға арналған ыстық сулар туралы ақпарат туры, Қазақстандық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры, Оңтүстік-Шығыс Азия және Таяу Шығыс бойынша халықаралық туроператорларға арналған ақпараттық тур, KIFT-2024 халықаралық көрмесіне қатысу үшін Алматы облысының стендін ұйымдастыру, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туристік жолдарды абаттандыру жөніндегі қызметтер және басқа да іс-шаралар бойынша бюджеттік тағайындаулар азайтылған, немесе бастапқы қаралған қаражат мөлшері қысқартылған. Бекітілген қаржыландыру жоспарына бюджет қаражатының нақты қажеттілігін ескере отырып түзетулер енгізілген.

Сондай-ақ, 2025 жылға бекітілген бюджет 581 820,0 мың теңге болса, жыл аяғына түзетілген бюджет 455 370,0 мың теңгені құраған. Бұның ішінде: Мекеме тарапынан Орталыққа 2025 жылдың басында 486 891,0 мың теңге аударылса, жыл бойы оның 223 021,0 мың теңгесі немесе 45,8 пайызы кері қайтарылып алынған.

2) 071 «Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу» бюджеттік бағдарламасына аудитпен қамтылған кезеңде барлығы 361 856,0 мың теңге (әр жылға 180 928,0 мың теңгеден) берілген. Алайда субсидиялау үшін тиісті өтінімдердің болмауына байланысты екі жылда көзделген бюджет қаражаттар толығымен игерілмей, Маслихат шешімдерімен басқа да шығындарға бөләнген немесе бюджет есебіне қайтарылған.

III. Қорытынды бөлік.

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Жоғарыда көрсетілген заңбұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін:

«Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне еңбек ақы ретінде негізсіз төленген 857,0 мың теңге қаражаттары 2026 жылдың 09 қарашасындағы № 0001 төлем түбіртегімен жергілікті бюджет есебіне өтелді.

«Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында қаржылық есептілікте жіберілген қателіктер бойынша түзетулер жүргізіліп 2026 жылдың  07 қазанындағы № 1 бухгалтерлік анықтама беріліп, барлығы дебиторлық және кредиторлық берешектер, негізгі құралдар сомалары 25 292,2 мың теңге көлемінде есеп бойынша қалпына келтірілді.

Мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабына сәйкес 1 материал және 207 бабына сәйкес 3 материал жолданып, қазіргі уақытта қаралуда.

Аудит объектілеріне анықталған заңбұзушылықтардың салдарын барынша азайтуға бағытталған шараларды жоспарлап іске асыру, оның ішінде Мекеме (Кәсіпорын) бюджеттерін жоспарлауда ықтимал шығындардың тиімділігі мен негізділігін қамтамасыз ету, қызметтерінде заңбұзушылықтарға жол берілу қаупі жоғары салаларды (мемлекеттік сатып алулар, бухгалтерлік есептілікті жүргізу, енбек ақы төлеу, сыйақылар тағайындау) анықтап, үнемі қатаң бақылауда ұстау керектігі түсіндірілді.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарында қаралған қаржының үнемделуінен сыйақы, материалдық көмек көрсету және қосымша ақы төлеу туралы» бірыңғай Ережесі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V  Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» № 234 Заңы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бухгалтерлік есепті жүргізу туралы» қағидалары талаптарының сақталмауынан орын алған.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.

Туризм саласын дамытуға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдалану және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының активтерін басқару тиімділігіне жүргізілген аудит нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

1. «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қызметкерлер еңбек ақысына негізсіз төленген 421,4 мың теңге қаражаттарының және «YI GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 394,8 мың теңге көлеміндегі тұрақсыздық айыппұл сомасының жергілікті бюджет есебіне өтелуін қамтамасыз ету туралы  Нұсқама жолдау.

2. «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесімен  «Туристік қызметті реттеу» бюджеттік бағдарламасына, оның ішінде «Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметін іске асыруға және «Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу» бюджеттік бағдарламасына бюджет есебінен қаражаттарды жоспарлау мен игеруде орын алған кейбір мәселелерді ескере отырып, бюджетті жоспарлау кезінде бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелерінің облыстың даму жоспарында айқындалған нысаналы индикаторлармен өзара байланыстылығын бақылауға алу туралы «Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ұсыным-хат жолдау.

3.4. Қосымша: Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің жиынтық тізілімі (10 парақ).

 

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                               Қ.Есенаманов

 

Аудит жүргізуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы                           А.Сәді

 

Сапа бақылауына жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы С.Елубаева

 

Құқықтық сүйемелдеуге жауапты

құрылымдық бөлімшенің басшысы М.Сканов

 

Аудит тобының жетекшісі                                            А.Сәді

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ